Нақты тиімді айырбас бағамы индексін есептеу әдістемесі



Дата16.06.2016
өлшемі30.5 Kb.
#139645
Нақты тиімді айырбас бағамы индексін есептеу әдістемесі
Теңгенің нақты тиімді айырбас бағамының индексі (REER - Real effective exchange rate) теңгенің 24 елдің (ТМД-ның 4 елі және 20 алыс шет ел) – Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің валюталары корзинасына қатысты айырбас бағамының орта есеппен алғандағы өзгеруін білдіреді.

Индекстің өсуі/азаюы теңгенің Қазақстан сауда операцияларын жүзеге асыратын елдер валютасының корзинасына қатысты нақты қымбаттайтынын/арзандайтынын көрсетеді, олай болса, басқа тең жағдайларда отандық өндірушілер ішкі және сыртқы рыноктарда азырақ/көбірек жағымды бәсеке жағдайын бастан кешіреді.


Нақты тиімді айырбас бағамы (НТАБ) индексін есептеу алгоритмі
Бастапқы өлшемдер

  1. Республиканың жалпы тауар айналымындағы Қазақстанның сауда әріптестерінің үлес салмағы елдерді іріктеу индексінде ұсынылған республиканың ресми тауар айналымының орта есеппен 90%-ін қамтиды.

  2. Елдердің – сауда әріптестерінің долларға қатысты номиналды айырбас бағамы.

  3. Елдердің – сауда әріптестерінің ТБИ өзгеруі.

  4. Теңгенің долларға айырбас бағамы.

  5. Қазақстанның ТБИ өзгеруі.

  6. Индекс есептелетін қатынас бойынша базалық кезеңді таңдау


Деректерді қайта құру

Сауда әріптестерінің жеке салмағын қалыпқа келтіру, әріптес елдердің - wi тауарлардың сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі сауданың үлес салмағын алу:

Ағымдағы жылғы индексті есептеу үшін үлес салмағы осы елдің өткен үш жылда елдер тобының жиынтық тауар айналымындағы үлес салмағын орташаландыру арқылы есептеледі.

г
де



wji

- осы елдің ағымдағы жылда елдер тобының жиынтық тауар айналымындағы үлес салмағы

Ti-1…i-3

- өткен үш жылда елдер тобының тауар айналымы

tj(i-1)…tj(i-3)

- өткен үш жылда осы ел бойынша тауар айналымы

Осылайша, 1999 жылы НТАБ индексін есептеу үшін 1996-98 жж., 2000 ж. – 1997-99 жж. және т.б. сыртқы сауда деректерінде есептелген үлес салмағы пайдаланылады. 1995-1997 алдындағы үш жылғы кезеңнің деректері болмауы себепті НТАБ индексін есептеуде осы жылдар үшін 1995-1997 жж сыртқы сауда деректері бойынша орта есеппен алынған үлес салмағы пайдаланылады.



  • Негізгі кезеңге қатысты ТБИ қайта құру

  • Әрбір есепті кезеңдегі теңгенің сауда әріптестері елдерінің - Si T шетел валютасы бірлігімен кросс-бағамының есебі:

Теңгенің кросс-бағамы = Шетел валютасының АҚШ долларына бағамы/ теңгенің долларға бағамы
Нақты тиімді айырбас бағамы индексін есептеу (НТАБ)
I. Есепті кезеңде негізгімен салыстырғанда теңгенің айырбас бағамының өзгеру индексін есептеу:

Si=SiT/Si0,

мұндағы

Si -

шетел валютасы бірлігімен көрсетілген есепті кезеңдегі теңгенің айырбас бағамының өзгеру индексі (теңгені тікелей бағалау);

SiT -

есепті кезеңдегі теңгенің бағамы;

Si0 -

негізгі кезеңдегі теңгенің бағамы.

II. Номиналды тиімді айырбас бағамының индексін есептеу (NEER)

NEER=100*i(Si) w

мұндағы


wi -

i-ші елдің республика тауар айналымындағы үлес салмағы;

i -

Елдер тобы бойынша республиканың тауар айналымындағы елдердің қалыптандырылған үлес салмағын ескере отырып сауда әріптестерінің валюталарына теңгенің айырбас бағамы өзгеруінің индекстерін шығару.

III. Нақты тиімді айырбас бағамының индексін есептеу (REER)

REER=100*i(Si * (Pd/Pi f))w

мұндағы


Pi f -

і – Қазақстанның сауда әріптесі - i-ші елдег баға деңгейі;

Pd -

Қазақстандағы баға деңгейі;

i -

Елдер тобы бойынша республиканың тауар айналымындағы елдің қалыптандырылған үлес салмағын ескере отырып сауда әріптесіне қатысы бойынша салыстыра алғандағы баға индексіне түзетілген теңгенің айырбас бағамының өзгеру индекстерінің көбейтіндісі.

Республиканың тауар айналымындағы сауда әріптесінің үлес салмағын анықтау кезінде үш жылғы кезеңді пайдалану неғұрлым ымыраға келу нұсқасы болып табылады. Мұндай тәсіл әр түрлі қысқа мерзімді факторлардың сауда ағындарына тигізетін ықпалын білдірмеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар сауданың ескі құрылымы салмақтау схемасы бойынша көрсетілу тәуекелі айтарлықтай емес. Сауда ағындарын географиялық бөлу кезінде болатын өзгерістер, белгілі бір кезеңде ақпаратты алу бойынша үлесті актуалдандыру арқылы ескеріледі. Қазақстанның Ұлттық Банкі үлес салмағын жыл сайынғы негізде анықтайды.


Қазақстанның Ұлттық Банкі талдау мақсатымен, сонымен қатар мұнаймен және газ конденсатымен сауда операцияларын қоспай есептелген сауданың үлес салмағы негізінде нақты тиімді айырбас бағамы индексін де есептейді. (ТН ВЭД коды - 2709). Айырбас бағамының тауарлардың осы тобының экспортерлері мен импортерлерінің бәсекелестік артықшылығына ықпалы айтарлықтай болмағандықтан (бұл жағдайда айқындаушы фактор энергия көздеріне әлемдік бағаның өзгеруі болып табылады), осы индексті есептеу айырбас бағамы өзгеруінің сыртқы сауда көлеміне және құрылымына тигізетін ықпалына мейлінше нақты баға бере алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет