С. Т. Онаев
1
, Ш. Т. Тулегенов
2
, Ж. А. Тулегенова
3
1
мед.ғ.д., доцент, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті,
Қарағанды қ., 100000, Қазақстан Республикасы;
2
п.ғ.к., кафедра меңгерушісі, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау
университеті, Көкшетау қ., 020000, Қазақстан Республикасы;
3
оқытушы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті,
Көкшетау қ., 020000, Қазақстан Республикасы
е-mail:
1
ncgt.ergo@gmail.com;
2
shakharbek@inbox.ru;
3
shaharbektulegenov@yandex.kz
СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАРДЫҢ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАТЫН
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ПСИХОЭМОЦИОНАЛЬДЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕРІ
Ғылыми мақала жасөспірім және жастар арасында білім,
тәрбие жұмыстарын жүргізетін ұстаздар мен тәрбиешілерге,
әсіресе спорттағы бапкерлер мен ұйымдастырушыларға
арналған. Мақала құрамында спорттық жарыстан кейін және
жарысқа дейінгі тіркелген спортқа қатысатын оқушылардың,
психоэмоционалдық деңгейлері мен психикалық бейімделу дәрежесі
және ағзаға ықпал ететін кешенді фактор жиынтығына жас
ағзаның бейімделу ерекшелігі зерттеліп нақтылы нәтижелер негізінде
ғылыми тұжырымдар берілген. Зерттеу жұмыстары күрделі
психофизиологиялық және психоэмоциональдық әдістерді қолданып
салыстырмалы педагогикалық эксперимент түрінде жүргізілген.
Мақаланың тиімді сәттерінің түрінде психофизиологиялық дәреже
жағдайын дифференциалды бағалайтын «САН» әдісін қолдануды
айтуға болады. Сонымен бірге, зерттеу барысында Айзенка тесті,
Ч. Д. Спилбергер мен Ю. Л. Ханиннің парақтау әдісі, А. Басса және
А. Дарки парақ-сауалнама әдістері тиімді қолданылған. Спорттық
жарыс әдістері арқылы балаларды қорғау, оқушылар өмірінде әртірлі
деңгейдегі жүйке-психикалық ауытқулар болуын алғашқы кезеңде
табуға мүмкіндік беретіні дәлелденген.
Кілтті сөздер: жасөспірімдер, спорттық жаттығу,
психоэмоция, жүйке-психикалық өзгеру, кері эмоция жауап,
қорқыныш, күйзеліс, түршігу, агрессия.
КІРІСПЕ
Психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша спорттың бір түріне
байланысты кәсіби жарамдылықтың болуы, сол спорт түрін сәтті игеруге
мүмкіндік беретіні белгілі. Бірақ, жасөспірімдер психофизиологиясының
спорт түріне сәйкес келуі оған мамандануды сәтті өткізумен шектелмейді.
Сонымен қоса спорт түрімен айналысу барысында ағзаға ықпал ететін
кешенді фактор жиынтығына жас ағзаның бейімделу ерекшелігіне де
байланысты [1].
Ғылыми зерттеу барысында спорттық іріктеу жүйесімен спорттық
нәтижеге жетуге қажетті биомеханикалық және психобиологиялық талаптар
әсеріне жоғары тұрақтылығы бар балалар ғана қарқынды жаттықтануға
жіберілді. Жас спортшылар ағзасының функционалды жағдайы үшін
спорт шектен тыс жүктеме екені белгілі, cондықтан қарқынды жүктемеге
құрылымдық және функционалдық дайындық ретінде біртіндеп жаттығу
қағидасы ұсынылды [2].
Спорттық жаттығуды тиімді орындауға бейімделу мүмкіншілігінің
әртүрлі деңгейі сол жасөспірімдердің типологиялық ерекшеліктері мен
жекебасының ерекшеліктерінеде тікелей байланысты [3, 4].
Сондықтан спортпен айналысатын жасөспірімдердің спорттық
жарыс кезіндегі психофизиологиялық өзгерістерін зерделеу зерттеу біздің
мақсатымыз болды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Алға қойған мақсатқа жету үшін психофизиологиялық дәреже
жағдайын дифференциалды бағалайтын «САН» әдісі жүргізілді. Ал
психоэмоционалдық дәрежені зерттеуде Айзенка тесті қолданылды [4, 5].
2 Үрей дәрежесі, ішкі ширығуды сезіну, жүріп-тұру механизмінің
белсенділігімен байланысты психикалық бейімделу механизмдерінің
ширығу дәрежесі Ч. Д. Спилбергер – Ю. Л. Ханиннің парақтау әдісі
бойынша анықталды. Жасөспірімдердің агрессиялық қалыптары мен оның
көрсеткіштерін зерделеу А. Басса және А. Дарки парақ-сауалнама әдісімен
жүргізілді [6, 7, 8].
3 Алынған мәліметтер вариациялық статистикалық, корреляциялық,
регрессиондық, факторлық және бейпараметрлік сараптау тәсілін қолдана
отырып өңделді. Статистикалық растау Стьюдент пен Фишер бойынша
бағаланды [9].
Спорттық жарыстан кейінгі оқушылардың психоэмоционалдық
жағдайын сараптау барысында ең жоғарғы көрсеткішке 64,0 баллмен көңіл
308
309
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831
Достарыңызбен бөлісу: |