Научный журнал



Pdf көрінісі
бет65/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   202
Г. А. Бейсембаева
1
, М. А. Кененбаева
2
, Қ. К. Әмірбекова
3
 
1
әдіскер, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік 
орталығы, Павлодар қ., 140000, Қазақстан Республикасы;
2
п.ғ.к.,профессор, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті
Павлодар қ., 140000, Қазақстан Республикасы;
3
студент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті, Павлодар қ., 
140000, Қазақстан Республикасы 
e-mail: 
1
gulshatbejsembaeva@mail.ru; 
2
nurshatello@mail.ru;
3
karligaw.amirbekova.96@mail.ru
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СЫНЫПТАН
ТЫС ЖҰМЫС ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бұл мақалада қазіргі заманда жан-жақты дамыған тұлғаны 
қалыптастыру үшін мектепте оқушыларды тек сабақта немесе 
сыныпта ғана тәрбиелеп және қалыптастырып қана қоймай
сыныптан тыс жұмыстарды пайдаланып, оқушыларды да тәрбиелеу 
қажет екені айтылған. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны 
– оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және 
оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. Оқушылардың сыныптағы 
және сыныптан тыс әрекеттерінің бірігуі қоршаған орта туралы 
біртұтас түсінік қалыптастыруға, теория мен практика арасындағы 
байланысты қамтамасыз етуге, оқу-тәрбие үрдісін құруда және оқушы 
тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып 
жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер 
мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.
Оқушыларды шығармашылыққа жан-жақты дамытудың тиімді 
жолы – сыныптан тыс жұмыстарды тиімді пайдалану деп есептей 
келе, бастауыш сынып оқушыларына нәтижеге жету үшін білім беруге 
болатындығы зерттеліп, талдау жасалған.
Кілтті сөздер: бастауыш мектеп, математика сабағы, сыныптан 
тыс жұмыстар, үйірме, олимпиада.
КІРІСПЕ
Әрбір оқушының білімге, жалпы білуге ынтасын, құштарлығын дамыту, 
танымдық қарекеттерге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу мектеп пен мұғалім 
алдында тұрған маңызды міндет болып табылады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте
оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз 
Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. 
Орта мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім 
негізі оқушының болашағына жол ашады [1]», – деп атап көрсеткен болатын. 
Сыныптан тыс жұмыстар әрдайым мектеп өмірінінде ұйымдастырылатын болса, 
ол оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып білім сапасын көтереді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын
қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен
ұйымдастырылған сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін
тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы 
ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. 
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін 
болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу 
баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат
құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі 
мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің 
әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген 
құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген 
тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, 
онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады [2].
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. 
Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүрлі жұмыстар арқылы жүзеге асады.
Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, 
өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын 
кеңейтеді.
Бастауыш мектептерде сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері, 
оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете 
түсуі, логикалық ойлауды, тапқырлықты математикалық қырағылықты дамыту, 
неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсету білу олардың ой-өрісінің 
әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға тарту, соның арқасында тәртіпке 
күшейте түсу, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа 
және ұжымдыққа тәрбиелеу.
Сыныптан тыс жұмыстың күнделікті сабақтан айырмашылығы: еріктілік 
принципінде құрылуында; баға қойылмайды, ойын жарыс түрінде өтеді. 


112
113
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны математиканың негізгі курсын оқып үйренуде 
толықтырушы болып табылатын және сынып жұмысы мен үйлесімді болатындай 
таңдап алыну керек.
Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс деп мұғалімнің 
оқушылармен сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмыстарының жүйесін 
айтамыз. Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды екі түрге 
бөлуге болады.
1) Бағдарламадағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен 
жүргізілетін жұмыстар.
2) Математикалық қабілеттері жоғары математика пәніне асқан 
қызығушылықпен қарайтын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
Біріншісі әртүрлі себептермен (оқушының ұзақ ауруына байланысты, бір 
мектептен басқа мектепке ауысуына байланысты т.б. білім деңгейі, біліктілігі 
төмен оқушылармен жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім деңгейлері бірдей 
болатын оқушыларды 3–4-тен топтастыра бөліп алып сабақтан тыс уақытта 
қосымша дәріс беру арқылы жүргізіледі. Алыс қалған оқушылармен дайындық, 
мүмкіндігінше жүйелі түрде (аптасына 1 немесе 2 рет). Әр оқушыға нақты 
көмек ретінде болуы керек. Қайталау жасалғаннан соң, оқушыларды білім 
деңгейі дәрежесіне толық көз жеткізу үшін қорытынды бақылау жүргізіліп, әр 
тақырып бойынша оқушылардың қалыс қалу себептерін анықтап, жиі жіберетін 
қателіктерге талдау жасауы керек [3].
Математикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар жалпы білім беретін 
мектептердегі оқу тәрбие процесесінің маңызды құрамдас бөлігі.
2 Математика пәнінен сабақтан тыс жұмыс ұйымдастырудың ерекшеліктері 
төмендегіше:
1 Оның мазмұны қатаң түрде мемлекеттік бағдарламаға сүйенбейді. 
Бірақ сыныптан тыс сабақта математикалық материал оқушының білімі мен 
мүмкіндігіне сәйкес ұсынылады. Бұдан математика пәнінен сыныптан тыс 
сабағында тапсырманы бағдарлама материалына сәйкес, сонымен қатар 
оқушының математикалық білім және мүмкіндік деңгейі бойынша берілуі 
керектігін байқаймыз. Ал сол тапсырмалар формасы жағынан дәлме-дәл болуы 
қажет емес.
2 Егер сабақ барлық уақытта 45 минутқа жоспарланса, сыныптан тыс 
жұмыстар мазмұнымен формасына байланысты 2–3 минутқа да, 1 сағатқа да 
есептелуі мүмкін.
3 Егер сыныптық – сабақ оқушылардың жас ерекшелігімен топтасқан, түгел 
құрамын талап етсе, сыныптан тыс жұмысқа оқушылар бір сыныптада болуы 
мүмкін, әр сыныптан жиналуы мүмкін.
4 Сыныптан тыс сабақтың әртүрлі түрлері мен формалары бар:
– топтық сабақтар, үйірмелер, математикалық бұрыштар, викториналар мен 
олимпиадалар, саяхаттар, КВН және т.б. [4].
5 Математика пәнінен сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігі берілген 
материалдың не мазмұны, не формасы түрінде беріледі. Сыныптан тыс жұмысты 
ұйымдастыруда өтілетін түріне қарай көрнекіліктер пайдаланылады. 
Біз Павлодар қаласы № 2 жалпы білім беру мектебінде бастауыш 
сыныптарда «XXI – ғасыр көшбасшысы» сайысын өткіздік. Сыныптан тыс 
жұмыстардың тиімділігін зерттеу нәтижесі мектептегі 4 «А», «Ә», «Б», «В»
сыныптарда қолданылды. Әр сыныптан 2 оқушыдан қатысты.Сынып жетекшім 
Айгүл Молдаш Тұрсынқызы. Ең алдымен оқушылардың білім деңгейін анықтап 
алдық. Соған қарай арнайы сұрақтар және әр түрлі тақырыптарда тапсырмалар 
дайындадық.
Жарыс 4 кезеңнен тұрды. 
1 кезең
Бәйге
2 кезең
Тіл өнері
3 кезең
Жорға
4 кезең
Дода
Жарыстың шарты:
1 Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды.
2 Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
3 Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар 
қабылданбайды.
4 Ең аз балл жинаған 2 оқушы сайыстың келесі турына өтпейді.
Жарыста көрермендерге де арнайы ойындар ұйымдастырылды.
Көрермендермен ойын: «Еселік» ойыны.
Шарты: 6–7 оқушы шығып шеңбер жасай айнала тұрады. Оқушылар бірден 
бастап санай береді. Тек 3-ке бөлінетін сандарды атамай «еселік» деп айтулары 
керек. (1, 2, еселік, 4, 5, еселік, 7.........)
Жаңылысқан оқушы ойыннан шығып қалады да, қалған оқушылар 
жалғастыра береді. Соңында қателеспеген оқушы жеңімпаз атанады.
Жарыс өте тартысты және қызықты өтті. 
№ 2 жалпы білім беру мектебінде бастауыш сыныптарда математикалық 
үйірмелер өткізіледі. Үйірме сыныптан тыс жұмыстардың ең негізгі түрі. Үйірме 
әр аптаның сенбі күні болады. Үйірме аты «Қызықты математика». 
Үйірме тақырыптары 2 бөлімнен тұрады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет