Научный журнал



Pdf көрінісі
бет57/202
Дата13.04.2024
өлшемі3.75 Mb.
#498565
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   202
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
дамуы мен өзгеруі рухтың ілгерілемелі қозғалысының шексіздігін тануға 
сүйенеді, ал руханилық құрылымдардың иерархиясы ретінде мойындалады: 
трансцендентті – өзінің «мен» шекарасын кеңейтуге ұмтылу; аксиологиялық – 
адам болмысының абсолютті құндылығын мойындау; уақытша – уақыт ішінде 
тіршілік етудің үздіксіздігін мойындау; холисттік – жеке даралық тұтастықты, 
тұлғаның психикалық өмірінің бірлігін қамтамасыз ету [8]. Трансценденция 
қандай рухани қызмет (ал «функция» ұғымының мәні – латынның – жөнелту, 
қызмет сөзінен шығады) жүргізеді? Өз Менінің шегінен шығу стагнациялық 
тұлғадан үнемі кеңейе түсетін және шексіз трансформацияланатын тұлғаға 
ауысуға мүмкіндік береді. Трансценденция өзін шексіз жетілдіру жолымен 
алға жылжуға мүмкіндік жасайтын жаңа кеңістіктерді, жаңа әлемдерді, жаңа 
ақпараттық қатпарларды, болмыстың жаңа пайымдарын игеру тетігі болып
табылады. 
Руханилықтың аксиологиялық құрылымы адам болмысының абсолютті 
құндылығын айқындаушы қағида ретінде меңзейді, бірақ мұнымен қатар 
аксиологиялық құрылымға, Э. В. Соколовтың айтуынша, айрықша рухани 
әлеуметтік-шартты құндылықтарды интимдік-жеке экзистенциалды бастан кешу 
жатады: бостандық, ар-намыс, ақыл, махаббат, үміт, сұлулық, жақсылық, күдік, 
қамқорлық, сенім, кінә, өкініш, жанашырлық, парыз, азаматшылық, патриотизм 
және т.б. Құндылықтың көпвекторлы бағыты болғандықтан, жалпыадами, жеке, 
қоғамдық және мемлекеттік құндылықтардың тепе-теңдігі қажеттігін мойындау 
керек, ол рухани тұлғаның орнауы мен дамуының нормасына айналуы тиіс. 
Уақыт ішінде тіршілік етудің үздіксіздігін ұғыну, субъективті уақыттың 
экзистенциалдық құндылығын мойындау адамға сағат сайын және минут 
сайын шынайы әлеммен өзінің қатынасын құрып, оны әртүрлі қызметтерде 
игеруге мүмкіндік береді. Жеке тұтастық пен психикалық өмірдің бірлігін 
қамтамасыз ету – руханилықтың холисттік функциясы – тұлға үшін де, қоғам 
үшін де объективті және субъективті экзистенциалды құндылықты білдіреді. 
Нақ руханилық адамның өз-өзімен, басқа адамдармен, табиғатпен, қызметпен, 
мәдениетпен өзара қатынасының барлық аспектілерін тұлға мен қоғам үшін ең 
аз жоғалтулар арқылы өзектендіруге қабілетті.
Осыдан келіп, руханилық функциясын іске асыру адамның ішкі әлемін де, 
оны қоршаған ақиқатты да өзгертеді, ал тұлғаның рухани дамуы мен жетілуі 
өркениеттің әрі қарай ілгерілеп дамуына объективті қажеттілік болып табылады. 
Енді даму құндылық қатегориясының талдауына тоқтаймыз, ол музыкант-
педагогтың қызметінде айқындаушы болып табылады.
Қазіргі философия дамуды өрлемелі сызықпен жаңаның пайда болуына 
алып келетін төменнен жоғарыға қарай өзін өзі жылжыту үдерісі деп түсінеді. 
Даму барысында сапалық түбірлі өзгерістер болады. Егер орнау – пайда болу, 
ғайыптан болмысқа ауысу болса, ал даму – бұл болмыс, тіршілік шеңберіндегі 
өзгерістер. Өзін өзі дамыту проблемасы адам болмысын, оның табиғатын, оның 
қалыптасу және даму детерминантын, оның ішкі өзгерістерінің негізін түсінумен 
тығыз байланысты. Қоғам әрбір адамның әлеуетін дамытуға мүдделі болуы тиіс. 
Тұлғаның музыкалық қалыптасуы мен дамуы психикалық функцияларды 
сапалық өзгерту негізінде онтогенез үдерісінде жүргізіледі. Оқушының 
онтогентикалық эволюциясының тетіктері ішкі және сыртқы болады, ішкілері 
айқындаушы рольде болған кезде. Ал, қалыптасу сыртқы әсер етулермен 
айқындалып, болмыстық даму мен өзін өзі дамыту қалпын беруді қамтамасыз 
етеді. Музыкалық даму музыкалық-білімдік ортада жүзеге асады. Музыкалық-
педагогикалық процестің аксиологиялық негізі музыкант-оқушының тиісті 
маңызы бар ақпаратты (музыканы) қабылдамайынша дұрыс жұмыс істей 
алмайтын дамыған эмоциялық өрісімен байланысты.
Жалпыадами құндылық ретінде бостандық пен жауапкершілік заманауи 
музыкалық-педагогикалық процесс негізінде жатыр. «Ізгілендіру ...адамды 
құндылық ретінде тануды, оның бостандыққа құқықтарын, әлеуметтік қорғауды, 
қабілеттері мен даралығын дамытуды, жауапкершілік сезімдерін қалыптастыруды 
қамтамасыз етеді...», – деп жазады белгілі ғалым А. П. Сманцер [9].
Осы ойды музыкалық білім саласына экстраполяциялай отырып, оның 
маңызды сипаттамасын атап өтеміз – еркіндік деңгейін кеңейту, ол музыкалық-
педагогикалық процесс субъектілерінің эмоционалдық-энергетикалық және 
темпоралдық ресурстарын арттырады. Балаларды музыкалық өнерге баулу 
олар үшін өзін өзі көрсету еркіндігін кеңейтеді: олар «дыбыстық бейнелермен»
(А. Коплендтің айтуынша) әрекеттер жасауға, дыбыстық кеңістікте бағдарлана 
алуға, өзін музыкалық бейне арқылы білдіруге үйренеді. Таңдау еркіндігі 
балаларды шығармашылық процеске қатыстырудың негізіне айналады, ол 
өзбетінше ізденумен айналысуға және жеке дара таңдап алынған музыкалық 
қызмет түрінде прогреске қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Оқушыны дамыту үшін оны рухани өзін өзі айқындауға арналған еркіндік 
кеңістігімен қамтамасыз етудің үлкен маңызы бар. Музыкалық қабылдау, 
композиторлық шығармашылық, музыкалық орындаушылық, музыкалық-
теориялық және музыкалық-сыни қызмет, және ең соңында музыкалық-
педагогикалық қызмет саналы құндылыққа ие бола алады. Құндылықтарды 
таңдаудағы еркіндік тұлғаның дамуына бара-бар жағдайлармен қамтамасыз 
етеді. Тұлғаның құндылықтарды еркін таңдауы болмауы конформизмге әкеледі 
және даралықпен дамуға кедергі болады. Дегенмен, адамның өзін өзі, өзінің 
болмысын тануы да мәдениет контекстіне енбейінше, нақты мәдениеттің 
құндылықтарын қабылдамайынша мүмкін емес [10]. Музыкалық қызметті 
жүргізу кезінде білім алушылар қызмет үдерісіне байланысты құндылықтарды 


96
97
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831 
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831 Педагогикалық сериясы № 1. 2018
және музыка саласындағы нысандық қызметтің нәтижелеріне байланысты 
көркем-эстетикалық құндылықтарды иеленеді. Жеке құндылықтар мен мәдениет 
құндылықтарының интеграциясы адамға өз әлеуметтік-мәдени тәжірибесін 
адамзаттың жалпымәдени тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл мақалада музыкалық-педагогикалық қызметтің мәнін түсінуге арналған 
ғылыми тұрғыдан мағлумат берілді. Осыған орай айту керек, музыкалық-
педагогикалық қызмет тағы еркіндік және жауапкершілік құндылықтарымен 
де байланысты. Егер әу баста педагог оқыта және тәрбиелей отырып, білім 
алушының жеке тұлғасын қалыптастыруы, не болмаса «дамуын қадағалап 
отыруы» тиіс болса, ал қазіргі уақытты алдыңғы қатарға фасилитация – үнемі 
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі шығарылады (М. В. Кларин, 
К. Роджерс). Бұл жағдайда білім үдерісі субъектілерінің еркіндік деңгейі де 
өзгереді. Білім алушы оқыту және тәрбилеу үдерісінде императивтерінен 
бостандық, өзін өзі жасау және оған жауапкершілік бостандығын, кәсіби таңдау 
және өзінің өмірлік стартегиясын іске асыру бостандығын алады. Оқытушы 
болса «игеру, қол жеткізу еркіндігінен» «қызмет ету бостандығына» дейін
еркіндік сатылары бойынша өрлеп, сол арқылы заманауи музыкалық-білім 
үдерісінің миссиялық беталысын көрсетеді. 
Сонымен, музыкалық білімнің жалпыға ортақтығы мен тізбектілігі 
әрбір адамды музыкалық мәдениет контекстіне енгізуге мүмкіндік береді, 
ал музыкант-педагогқа өз қызметінің сапасы үшін қоғам алдында зор 
жауапкершілік түседі. Музыкалық білім қаншалықты тиімді болады – бұл 
оның сүйенетін құндылық негіздеріне байланысты. 
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ
1 Ресей педагогикалық энциклопедиясы: Т. 2. – М., 1993. – Т. 3. – 17 б.
2 Библер, В. С. Целостная концепция школы диалога культур. 
Теоретические основы программы // Психологическая наука и образование. 
– 1996. – № 4. – С. 66–73.
Тугаринов, В. П. О ценностах жизни и культуры . – ЛГУ. – 1960. – 157 с.
Дробницкий, О. Г. Критика методологического позитивизма в этике: 
философия марксизма и неопозитивизма. – МГУ. – 1963. – 520 с. 
Гессен, С. И. Основы педагогики. Введение в прикладную философию 
С. И. Гессен. – М. : Школа-Пресс, 1995. – С. 35.
Зубра, А. С. Культура личности как духовная ценность: пособие для 
педагогов, воспитателей, студентов А. С. Зубра. – Минск : Университетское, 
2001.
7 Бахтин, М. М. как философ / отв. ред. Л. А. Гогогтишвили,
П. С. Гуревич. – М. : Наука, 1992. – С. 190.
Соколов, Э. В. Культура и личность Э. В. Соколов. – Л. : Наука, 1972.
9 Сманцер, А. П. Методология гуманизации и демократизации 
педагогического процесса в условиях университетского образования.
А. П. Сманцер Хуманизация и демократизация на педагогическия процесс 
в условията на университетското образование: сборник с научни стати. – 
Софийский университет «Св. Климент Охридски». – Факультет педагогика. 
– Издателство «ЭКС-ПРЕС», 2006. – С. 11–16.
10 Байулов, Б. Г. Педагогические возможности воспитания молодежи с 
помощью материалов казахской музыкальной педагогики/ Международный 
научный журнал «Путь науки». – № 8 (30). – 2016. – С. 71–73.
Материал 12.02.18 баспаға түсті.
Г. Б. Байулов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет