118
119
Вестник ПГУ, ISSN 1811-1831
Серия Педагогическая № 1. 2018
ПМУ Хабаршысы, ISSN 1811-1831
Педагогикалық сериясы № 1. 2018
зақымдануы немесе мүлдем жойылуы). Бұл балаларда тірек-қимыл аппаратының
кемістіктері көбінесе психикалық бұзылулармен, тіл мүкістіктермен тіркесе
жүреді, сондықтан олардың көпшілігі тек қана медициналық-әлеуметтік
жәрдемді емес, сонымен қатар психологиялық -педагогикалық және логопедтік
көмектерді де қажет етеді. Әдетте, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың
ішінде танымдық қабілеті сақталған, арнайы оқыту мен тәрбиені қажет етпейтін
балалар да кездеседі. Дегенмен тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларлың
физикалық даму жағдайы бірден назар аудартады.
Физикалық даму термині клиникалық
педиатрияда бала бойының,
салмағының, бас, кеуде айналымының өсуімен бірге бөлек мүшелердің дамуымен
және биологиялық жетілумен байланысады. Физикалық даму – адам ағзасының
морфологиялық және физиологиялық қасиеттерінің өзгеру процесі.
Физикалық дамудың негізгі белгілері мен параметрлері (А. З. Белоусова,
1972):
– антропометриялық – адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене
құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты
анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі.
Адамның дене салмағы, бойы және т.б. түрлі өлшемдер.
– физиометриялық – организмнің функционалдық көрсеткіштерін анықтау
тәсілі. Физиометриялық көрсеткіштерге өкпенің тіршілік сыйымдылығы, қолдың
бұлшық ет күші, бел күші (динамометрия) жатады.
– соматоскопиялық – тірек-қимыл аппаратының күйін, омыртқа, кеуде
қуысының пішіні, жыныстық жетілу дәрежесі мен сүт бездерінің өсу деңгейін
бағалау тәсілдерінің бірі [1].
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Дене бітімінің дамуының көрсеткіштері, балалар организміне қоршаған
ортаның тигізетін әсерінің деңгейін анықтаумен бірге, салауаттандыру
шараларының тиімділігі туралы пікір айтуға да мүмкіндік береді. Жеке баланың
немесе ұжымның дене бітімінің даму дәрежесі, бағалы гигиеналық көрсеткіш
болғандықтан, балалар мен жасөспірімдердің морфологиясы ішкі факторлардың
да, сыртқы факторлардың да әсерін көрсетеді. Қолданылып жүрген тәсілдердің
қарапайымдылығына байланысты, балалар мен жасөспірімдерге дүниеге келген
күннен бастап, жыныстық ер жету кезеңіне дейін антропометриялық байқауларды
міндетті түрде жүргізу керек. Сондықтан, дене бітімінің дамуын бағалағанда бой
ұзындығын, дене салмағын және кеуде шеңберін міндетті түрде зерттеу керек.
Арнаулы, терең жүргізілетін зерттеулерде дененің әртүрлі бөліктерінің ұзындық
диаметрі, сан, иық, жіліншіктерінің шеңбері т.б. қосымша өлшенеді. Ұжымның
дене бітімінің дамуын, жеке жас мөлшері топтарының негізгі антропометриялық
белгілерінің және олардың өзгерістерінің орташа арифметикалық өлшемдерін
есептеп шығару арқылы бағалайды [2].
Дамуында ауытқуы бар балалар физикалық даму деңгейі бойынша төрт
топқа бөлінеді (А. А.
Дмитриев, 1987):
Орташа үйлесушілік даму тобына дене салмағы және кеуде қуысы көлемінің
орташа және орташадан жоғары көрсеткіш кезіндегі бой көрсеткіштері орташа,
орташадан жоғары, орташадан төмен және жоғары болып келетін балалар жатады
(егер дене салмағында және денсаулық күйінде ауытқулар болмаса).
Шамадан тыс үйлеспеушілік даму тобына бой көрсеткіштері алдыңғы
топтағы балалардай, бірақ дене салмағы және кеуде қуысы көлемінің
көрсеткіштері (немесе екеуінің біреуі ғана) артық болып келетін балалар жатады.
Физикалық даму деңгейі орташадан төмен балалар тобына бой көрсеткіштері
орташа, орташадан жоғары және жоғары болатын, бірақ дене салмағы және кеуде
қуысы көлемінің көрсеткіштері кем болып келетін балалар жатады.
Физикалық даму деңгейі нашар балалар тобын төмендегідей көрсеткіштер
құрайды:
1) Бой көрсеткіштері орташа, орташадан жоғары және жоғары болатын,
бірақ дене салмағы немесе кеуде қуысы көлемінің көрсеткіштері күрт кем;
2) барлық көрсеткіштер деңгейі орташадан төмен;
3) бой көрсеткіштері төмен, дене салмағы және кеуде қуысы көлемінің
көрсеткіштері
орташа немесе төмен;
4) дене бітімі бұзылған [3].
Н. Н. Ефименко (1987) мектеп жасына дейінгі церебралды сал ауруымен
зардап шегетін балалардағы қозғалыс аймағының түзілуін бірнеше деңгейге
бөлді:
I – деңгей – тіршілікке қажетті статолокомоторлы қызметтерді (басын
вертикальды жағдайда ұстау; заттарды қолдарымен ұстау, отыру, еңбектеу, тұру,
жүру) атқару – 12 айға дейін.
II – деңгей – негізгі қозғалыс кешенін игеру – еңбектеу, жорғалау, жүру,
жүгіру, заттарды лақтыру және қағып алу, секіру (3 жасқа дейін).
III – деңгей – бағытты қозғалыстар (әлеуметтік негізделген), ойын, оқу және
өндірістік практика бойынша күрделі қозғалыс әрекеттері [4].
Қозғалыс бұзылыстарын ауырлық дәрежесі бойынша жіктеу кезінде ең
алдымен бұл бұзылыстардың деңгейін анықтау қажет (Э. П. Бебриш, 1976):
• III – деңгейдің зақымдалуы жеңіл дәрежеге сәйкес келеді;
• I және III – деңгейлердің зақымдалуы орташа дәрежеге сәйкес келеді;
• I, II және III – деңгейлердің біруақытта зақымдалуы ауыр дәрежеге сәйкес
келеді [5].