Наурызбай батыр (1706-1781)



Дата15.06.2016
өлшемі93 Kb.
#136320


Наурызбай батыр

(1706-1781)

Құттымбет (Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Мекені Алматы қаласы маңындағы Жалпақтөс, Серіктас деген жерлер.


Ел басына түскен ауыртпалық өзге замандастары сияқты Наурызбайды да ерте есейтеді. Оның ересектер қатарына қосылуына нар тұлғалы алып денесі де септігін тигізген сияқты. Халық жадында оның «Торы ала тұлпарды, түйе тұрпатты» батыр бейнесінде қалуы да содан.
Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы күресте өтеді. Ол атақты Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында қалмақ батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе жекте өлтіріп, батыр атанады. Батырдың ерлігіне риза болған елі: «Наурызбайдың екпіні таудан асқан тасқындай. Қалмақты қойдай қырады, оттан судан тартынбай. Тор ала тұлпар астында, шойын шоқпар қолында. Түйе тұрпатты тұтқыр ер, оңды солды ұрады» деп, оның атын жырға қосып, мақтан тұтады.
Аңырақай шайқасы қазақ қауымы біріксе, жоңғарларды жеңетінін, жау қолында қалған жерді азат етуге болатынын анық көрсетіп береді. Абылай Арқаға барғаннан кейін тұс тұсқа жаушы жіберіп, жаңа күш топтайды. Осыған Ұлы жүзден Өтеген, Райымбек, Наурызбай секілді батырларды шақырады. Райымбек бара алмай қалады, Өтеген мен Наурызбай жауынгерлерін ертіп, мерзімді уақытында жетеді. Бірақ кейін Өтеген батыр Абылайдың Қытаймен жасаған қарым қатынасының саяси мәніне түсінбей, оған қарсы болып, еліне қайтып кетеді. Ал Наурызбай Абылайдың қасында болып, оның сенім артар атақты батырлардың біріне айналды.
Қол бастап талай шайқасқа қатысқан Наурызбай батыр 1750-1752 жылдары Бәсентиін Малайсары, Қыстық Малай, Шапырашты Қасқары батырлармен бірге тізе қоса қимылдап, қазақ қолының жеңісті жолын жалғастырып, жоңғарларды Тұрпаннан асыра қуып тастайды.
Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық соғысына Наурызбайдың өзімен бірге Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген бауырлары да қатысады. Бірақ олардың бәрі де жау қолынан қаза табады.
Наурызбай батыр 1822 жылы (жылқы) Бурабай баурайында дүниеге келген. Мүсіні қолмен құйғандай. Жауырыны қақпақтай, күпшек кеуде, биік бойлы, денесі тіп-тік, белі жіңішке. Сол сұлулықтың үстіне Абылай атасына тартқызып, өнерді де шексіз жомарттықпен үйіп-төгіп мол беруі тіпті қайран қалдырарлық. Өзі ақын, өзі әнші, өзі композитор-күйші. «Төрелер күйі» деп аталатын көп күйлер бар, осы төрелер күйлерінің бір өкілі – Наурызбай еді. Тума талант өнер шеберлігімен қоса, тапқыр сері мінезді болған. Соның бәрінен де Наурызбайдың батырлығы басым еді.
Кенесары жауына шабуыл саларда әрдайым Наурызбайдың ақыл-кеңесіне ден қойып отырған, қысылтаяң, қиын жерлерге көбіне соны ғана жұмсаған. Өйткені туған інісі, әрі үзеңгілесі болған.
Наурызбай орыстарға, Қоқан әскерлеріне қарсы ұлт-азаттық көтерілістің бел ортасында жүрді. Қазақ мемлекетінің мүддесін қорғауда асқан батылдық танытты және Кенесары ханның адал да абыройлы қолбасшыларының бірі еді. Наурызбайдың теңдесі жоқ батырлығын жаулары да мойындаған. Оның «оң қолында төрт жігіттің күші бар» деген сөз бекер айтылмаса керек. Ішіне қорғасын құйылған найзасы бар ол жансерігі Ақауызға мініп, «Абылай!» деп ұрандап шапқанда, дұшпандары оны алыстан таниды екен. Наурызбай жасағы қазақ әскерінің алдыңғы сапында, аса жауапты тапсырмаларды орындап отырған. Жасқану дегенді білмеген нағыз жаужүрек болған, оны кейде кереметтің күші сақтап қалатындай екен. Кенесары ханмен бірге Ақмола қамалында және полковник Бизоновтың жақсы қаруланған жасағымен шайқастарда көрсеткен батыл әрекеті оның баһадүрлігінің көрнекті үлгісі іспетті.
Бір күні Наурызбай қасына жолдастарын ертіп, көп жасаған дана қарт Абызға өзін сынатпаққа келеді. Сонда Абыз: «Е, Наурызбай, менің жасым 120 ға келіп отыр, осы жастың ішінде сенен артық ер көрмедім. Үш нәрсенің сырттаны бар еді: иттің, қасқырдың, жігіттің. Сен жігіттің сырттаны екенсің. Бірақ адам баласына мейірімің жоқ екен, бағың маңдайыңда ғана екен, ғұмырың қысқа 20-25 тен аспассың, дүниеден арманда қалма!» деген екен.
Кенесары қолы аз ғана күшпен қоршауда қалғанда, Наурызбай жанған оттай лапылдап: «Кене аға, маған Ағыбай мен Құрманды бас қылып жүз жігіт беріңіз. Мен қырғыз шебін жарып өтіп, жол ашамын. Сол жерден сіздер де шығасыздар. Бұл бірден-бір дұрыс жол болатын. Бірақ Кенесары:
- Жау шебін жарып өтіп, аты жүйріктеріміз қашып құтылармыз, ал қалғандар қайтеді? Бәрі түгел қырылмай ма? Маған сеніп соңыма ерген елімді жауға тастап, өз басымды сақтасам, сонда менің кім болғаным? Жоқ, өлсек бәріміз бірге өлеміз, құтылсақ бірге құтыламыз!» - дейді.
Көптің аты көп, топырақ шаша алмайсың. Орыс, қазақ, қырғыз манаптарының қолы үшеулеп қоршаған соң қол қырылды. Иман (Аманкелдінің әкесі), Бұғыбай, Бұқарбай, Құрман сияқты батырлар опат болды. Кенесары хан тұтқында қалады. Наурызбай, Ағыбай, Жекебатыр үшеуі тізе қосып, соңына ерген азғана топпен жау шебін бұзып өтіп кетеді. Алайда сыңарынан айрылған аққудай алысқа ұзай алмай, маңайда төңіректеп жүреді.
Қырғыз манаптары болса, Кенесарыны қайтерлерін білмей қалды. Өлтірейін десе – қорқады. Наурызбай тірі жүргенде тыныштық бермеуі хақ, қан құстырып кек алмай қоймайды. Бәрі ойласа келе ақыры Кенесарыны босатып жіберуден басқа жол таппады. Ол жайды Наурызбай қайдан білсін, кеудедегі жаны ғана бөлек жүретін аяулы ағасының жау қолында қалып, қор болған күйігі шыдатпай қайғыланып, ақыры Ағыбай батырға «- Ей, Ағеке, бұрынғының сөзі бар ғой – екі қатынның баласы екі рулы ел деген, мен Кене ағамды не жаудан арашалап алайын, не бірге өлейін, ағамнан жаным артық емес» - деп басын өлімге берік байлайды да, есіл ерлермен қоштасып, Кенесары хан тұтқынға түскен жерге бет алып, жау жатағына жалғыз барып кіреді. Асыл ер Кекілік тауындағы ұрыста қырғыздар қолынан Кенесары хан ағасы екеуі қаза болды.
Наурызбай батыр – халқының тәуелсіздігі, бостандығы мен болашағы үшін, ұрпақтардың бақыты үшін құрбан болған батырлардың бірі еді.
Ерлігі Наурызбайдың ерек еді,

Хан Кене ақылы асқақ зерек еді.

Біреуі оба болған ағаштай терек еді,

Біреуі намыс десе өлер еді,

Екеуі қапылыста қаза тапты,

Қазақтың баласына керек еді...


Әдебиеттер:
Құттымбетұлы Наурызбай (1706-1781) // Елтұтқа: Ел тарихының әйгілі тұлғалары.- Астана,2001.- Б.161-162

Наурызбай батыр // Қазақтар: Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық.- Алматы, 1998.- Т.2. Тарихи тұлғалар.- Б.110

Наурызбай Құтпанбетұлы, Шапырашты Наурызбай // Түркістан: Халықаралық энциклопедия.- Алматы, 2000.- Б.503

Байғазыұлы Ш.Ә. Шапырашты Наурызбай // Алдаспан.- 2000.- №9-10.- Б.5-7

Байжан К. Ала ат мінген Наурызбай // Жетісу.- 2003.- 15 қараша.- Б.20

Бекмаханов Е. Кенесары-Наурызбай немесе Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан оның туысқандары жайлы кейбір деректер // Қазақстан әйелдері.- 1998.- №4.- Б.4-6

Бірімқұлов Т. Шапырашты Наурызбай // Қазақ батырлары.- 2003.- наурыз (№3).- Б.5

Дәдебаев Ж. Халқымыздың хас батыры // Егемен Қазақстан.- 2003.- 14 қараша.- Б.3

Қойгелді М. «Асылы еді асылдың...» // Жас алаш.- 2003.- 15 қараша.- Б.4

Мәуленов С. Наурызбай атты сұр перен // Қазақ әдебиеті.- 1992.- 5 маусым (№23).- Б.7

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Наурызбай мен Ағыбай // Халық кеңесі.- 1992.- 11 маусым.- Б.3

Мұқанов С. Кенесары – Наурызбай туралы // Жұлдыз.- 1991.- №6.- Б.146-163

Мырзахметов Е. Хан кененің оң қолы // Қазақ әдебиеті.- 1992.- 5 маусым (№23).- Б.7

Нысанбай, Кенесары, Наурызбай: Жыр шежіре // Қазақ әдебиеті.- 1991.- 18 қаңтар.- Б.8-9



Сәрсенбайұлы М. Кенесары-Наурызбайдың қысқаша тарихы // Қазақ әдебиеті.- 1999.- 3 желтоқ. (№49).- Б.2-3

Тұрлыбайұлы Ж. Наурызбай батыр // Ұлан.- 1993.- 24 ақпан (№8).- Б.6

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет