«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Үлгі
ФМБ- ғы жоғарғы сынып оқушыларын қорытынды аттестатциялауға арналған бақылау жұмысы
Физика
1. Бақылау жұмысының құрылымы
Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан тұрады ж2не практикалық жұмыстан құрылған, ол Назарбаев Зияткерлік мектептері 7-12 сыныптарға арналған «Физикаа» пәнінің эксперименттік оқу бағдарламасына сәйкес келеді.
-
Бақылау жұмысын бағалау критерилері
Тапсырма №
|
Бағалау критерилері
|
Тексерілетін элементтерді орындауға қойылатын ұпай саны
|
Тапсырманы орындауға қойылатын
ұпай саны
|
1
|
Есеп шарты талданып, сызбасы дұрыс сызылған
|
1б
|
4б
|
Ньютонның ІІ заңының формуласы векторлық түрде дұрыс жазылып, белгісіз шаманы жалпы түрде шығаруға арналған теңдеулер жүйесі дұрыс құрылған.
|
1б
|
Ізделінді шама жалпы түрде дұрыс өрнектелген.
|
1б
|
Есептеулер дұрыс орындалып, нәтижесі шаманың нақты мәндерімен сәйкестендірілген.
|
1б
|
2
|
Есептің шарты талданып, Эйнштейннің фотоэффектіге арналған теңдеуі дұрыс жазылған.
|
1б
|
4б
|
Ізделінді шаманың формуласы жалпы түрде өрнектеп шығарылған.
|
1б
|
Есептеулер дұрыс жүргізілген және дұрыс жауап алынған.
|
1б
|
Ізделінді шаманың өлшем бірлігіне тексеру жүргізілген.
|
1б
|
3
|
Есептің шешімі дұрыс құрастырылған.
|
1б
|
5б
|
Белгісіз шаманы анықтау үшін қажетті формулалар жинақталған.
|
1б
|
Ізделінді шама жалпы түрде дұрыс өрнектелген
|
1б
|
Ізделінді шаманың өлшем бірлігіне тексеру жүргізілген.
|
1б
|
Есептеулер дұрыс жүргізілген және дұрыс жауап алынған.
|
1б
|
4
|
Есептің берілгенін дұрыс құрған
|
1б
|
5б
|
Сызбасы дұрыс салынған.
|
1б
|
Есепті шығаруға арналған негізгі формула дұрыс жазылған.
|
1б
|
Ізделінді шаманың формуласы жалпы түрде өрнектеп шығарылған.
|
1б
|
Есептеулер дұрыс жүргізілген және дұрыс жауап алынған.
|
1б
|
5
|
Есептің шарты талданып.
|
1б
|
6 б
|
Сызбасы дұрыс салынған, әсер етуші күштердің бағыттары дұрыс кескінделген.
|
1б
|
Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгіштің немесе бөлшектердің қозғалысын сипаттайтын негізгі формулалар дұрыс жазылған.
|
1б
|
Теңдеулер жүйесі дұрыс шешілген, ізделінді шаманың формуласы жалпы түрде өрнектелген.
|
1б
|
Ізделінді шаманың өлшем бірлігіне тексеру жүргізілген.
|
1б
|
Есептеулер дұрыс жүргізілген және дұрыс жауап алынған.
|
1б
|
Бақылау жұмысын орындау уақыты -3 сағат (180 минут)
-
Бақылау жұмысының үлгісі
1 нұсқа
-
Горизонталь бетте жатқан массасы 2 кг дене 0,2 м/с2 үдеумен қозғала бастауы үшін қандай горизонталь күш қажет? Дене мен беттің арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,02.
Берілгені:
|
Шешуі :
|
m=2 кг
α=900
a=0,2 м/с2
µ=0,02
|
Ньютонның ІІ заңын пайдаланып тең әсерлі күштің формуласын жазамыз:
Ньютонның ІІІ заңы бойынша ауырлық күші мен тіреудің реакция күші бірін-бірі теңгереді, сондықтан векторлық және скаляр түрде теңдеуді жазамыз:
Жауабы: Fт=0,8 Н
|
т/к:
|
Fт
|
-
Толқын ұзындығы 4*10-7 м болатын фотондар массасын анықтаңдар. Ізделінді шаманың өлшем бірлігіне тексеру жүргізіңдер. (һ=6.63*10-34Дж*с, с=3*108 м/с)
-
27 0С температурадағы және 1МПа қысымдағы, көлемі 100 литр ауаны сұйыққа айналдырады. Сұйық күйде ол қандай көлемге ие болады? Сұйық ауаның тығыздығы 861 кг/м3, оның кез келген күйдегі молярлық массасы 0,0028 кг/моль. Ізделінді шаманың өлшем бірлігіне тексеру жүргізіңдер.
Берілгені:
|
Шешуі:
|
t=27 0C
V1=100л=10-1м3
p=1МПа=106Па
ρс.а.=861 кг/м3
М=0,0028 кг/моль
|
Сұйық ауаның көлемін анықтау үшін, оның массасын білу қажет. Оны идеал газ күйінің теңдеуінен табуға болады.
осыдан
Сұйық ауа тығыздығы екені белгілі болса,
онда
нәтижесінде соңғы өрнекті аламыз
Есептеу жүргіземіз:
Жауабы:
|
т/к:
|
V2
|
-
Егер жарық көздерінің арасындағы қашықтық d=0,1 мм, толқын ұзындығы λ=500 нм, ал экран жарық көздерінен l=1 м қашықтықта орналасса, онда экрандағы интерференциялық жолақтардың арасындағы қашықтықты анықтаңдар.
-
Катодтан ұшып шыққан электрон магнит индукция сызықтарына 300 бұрыш жасай біртекті магнит өрісіне енеді. Егер ол анодқа түспей тұрып 120 айналым жасаған болса, электронның ұшып шыққан жылдамдығын анықтаңдар. Катод пен анодтың ара қашықтығы 30 см. Магнит өрісінің индукциясы 10-4Тл. Есеп шығарғанда сызбасы міндетті түрде қажет. (электрон заряды -1,6 электрон массасы 9,1 кг) Ізделінді шаманың өлшем бірлігіне тексеру жүргізіңдер.
Берілгені: ХБЖ
Кл
α=30°
N=120
L=30 см 0,3м
В=1*10-4Тл
V0-?
Шешуі:
Магнит индукция сызықтарына бұрышпен ұшып кірген электрон бұрандалы сызық бойымен қозғалады.
Шеңбер бойымен қозғалыс үшін Ньютонның ІІ заңын жазамыз:
;
Жылдамдық векторы мен магнит индукция векторы арасындағы бұрыш болғандықтан, sin=1. ,
Центрге тартқыш үдеуді табамыз: =;
Ньютонның ІІзаңына қойып, төмендегі өрнекті аламыз;
=;=R=;
Электронның айналу периодын анықтаймыз:
T===; T=
Бұранда қадамын анықтаймыз (ОХ осі бойынша);
(т.к. қозғалыс бірқалыпты).
Егер N – айналым саны болса, онда h=N
Периодтың орнына () формуласын қоямыз
L=N
Өлшем бірлігін тексереміз:
=
Есептеу жүргіземіз:
.
Жауабы: .
Зертханалық жұмыс пен бақылау жұмысының жалпы ұпай саны -34
-
Тапсырманы орындау пайызы
|
Ұпай саны
|
Баға
|
89-100%
|
26-30
|
«5»
|
72-88%
|
22-25
|
«4»
|
55-71%
|
17-21
|
«3»
|
0-54%
|
0-16
|
«2»
|
Практикалық жұмыстар тақырыбы
-
Математикалық маятник тербелісін оқып үйрену
-
Серіппелі маятник тербелісін оқып үйрену
-
Дененің ұшу алыстығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу
-
Ауырлық және серпімділік күшінің әсерінен дененің шеңбер бойымен қозғалысын зерттеу
-
Әр түрлі тәсілдермен үйкеліс коэффициентін анықтау
-
Созылу деформациясы кезіндегі серпімділік модулін анықтау
-
Еркін түсу үдеуін анықтау
-
Шардың инерция моментін анықтау
-
Серпімді соқтығысу кезіндегі импульстің сақталу заңын оқып үйрену
-
Изобаралық процесті зерттеу
-
Қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығын анықтау
-
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау
-
Бірнеше әдістермен беттік керілуді анықтау
-
Өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу
-
Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісін анықтау
-
Айнымалы ток тізбегіндегі катушканың индуктивтілігін өлшеу
-
Трансформатор өзегіндегі орам сандарын анықтау
-
Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау
-
Шынының сыну көрсеткішін анықтау
-
Жинағыш линзаның фокус аралығын және оптикалық күшін өлшеу
Практикалық жұмыстың үлгісі
Тақырыбы: Математикалық маятниктің тербелісін үйрену
Жұмыстың мақсаты: Математикалық маятник тербелісі периодының маятниктің ұзындығына, амплитудасына және массасына тәуелділігін эксперимент арқылы тексеру.
Құрал-жабдықтар: штатив, жібі бар шар, таразы, өлшеуіш сызғыш, транспортир, пластилин, магнит.
Теориялық түсінік.
Математикалық маятник тербеліс периодының формуласын қорытып шығарайық .
Есепті жеңілдету үшін маятникті бір жазықтықта тербелтпей, жүк шеңбер бойымен қозғалатындай етіп, оны конус сызуға мәжбүр етеміз.
Маятниктің айналу периоды оның тербеліс периодына тең болады. Тайн.=Ттер=Т.
Конустық маятниктің айналу периоды жүк сызатын шеңбердің ұзындығын сызықтық жылдамдыққа бөлгенге тең:
Ал маятник вертикаль күйінен шамалы ғана ауытқитын болса, амплитуда аз болғанда, қорытқы күш шеңбердің ВС радиусы бойымен бағытталады деп есептеуге болады. Бұл жағдайда қорытқы күш центрге тартқыш күшке тең:
ОВС және ВDE үшбұрыштарының ұқсастығынан: ВЕ:ВD = СВ:ОС немесе Ғ:mg = R:l, бұдан
Ғ күшінің осы екі өрнегін теңестіре отырып алатынымыз:
Осыны Т периодтың өрнегіне қойып, мынаны аламыз:
Гипотеза:
-
Математикалық маятниктің периоды маятник ұзындығына тәуелді ме?
-
Математикалық маятниктің периоды жүктің массасына тәуелді ме?
-
Математикалық маятниктің периоды тербеліс амплитудасына тәуелді ме?
-
Математикалық маятниктің периоды еркін түсу үдеуіне тәуелді ме?
Аспаптың бөлік құны және аспаптық қателік:
Аспап шкаласындағы бөліктің құны өлшенетін шаманың шкаладағы кез келген екі мәнінің айырымын сол мәндердің арасындағы бөліктердің санына бөлу арқылы анықталады.
Аспаптық қателік аспап бөлігі құнының жартысына тең.
Жұмыстың барысы.
-
Тұрғыны үстелдің шетіне орнатыңдар.
-
Жіптің ұзындығын l1 өлшеңдер.
-
Маятникті тепе -теңдік күйінен ауытқытып, N тербеліс жасауға кеткен t1 уақытты секундомер көмегімен өлшеңдер.
-
Маятниктің тербеліс периодын анықтаңдар
-
Ауытқу бұрышын өзгерте отырып, 3-4 пунттерді қайталаңдар.
-
Математикалық маятниктің периоды тербеліс амплитудасына тәуелділігі туралы қорытынды жасаңдар.
-
Матниктің ұзындығын l1 өзгертпестен, оның массасын m2 арттырып, 3-4 пунттерді қайталап орындаңдар.
-
Математикалық маятниктің периоды жүктің массасына тәуелділігі туралы қорытынды жасаңдар.
-
Бастапқы m1 шардың массасын өзгертпей маятниктің ұзындығын l2 өзгерте отырып, 3-4 пунттерді қайталаңдар.
-
Тербеліс периодының маятник ұзындығына тәуелділігі туралы қорытынды жасаңдар.
-
Абсолют және салыстырмалы қателікті анықтаңдар
-
Матниктің ұзындығын l1 өзгертпестен, маятник астына магнит қойып, 3-4 пунттерді қайталаңдар.
-
Тербеліс периодының еркін түсу үдеуіне тәуелділігі туралы қорытынды жасаңдар.
-
Тәжірибе №
|
m, кг
|
l, м
|
n
|
t, с
|
, 0
|
1
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
|
8
|
|
|
|
|
|
Қорытынды.
Практикалық турдың бағалау критерилері
Бағалау критерилері
|
Ұпайлар
| -
Жұмыстың мақсаты тұжырымдалған.
|
1
| -
Экспериментті жүргізу жоспары құрылған.
|
1
| -
Тапсырманы орындауға ұсынылған тәсілі теория жүзінде негізделген.
|
1
| -
Өлшеулер жүргізген және нәтижесін кесте түрінде(график) берген.
|
1
| -
Өлшеу қателігі есептелген және нәтижесі қателікті ескере отырып жазылған.
|
1
| -
Алынған нәтижелер талданған және жұмыстың мақсатына сәйкес қорытынды жасалған.
|
1
|
Барлығы
|
6 ұпай
|
Практикалық жұмыстың орындалу уақыты —1сағат(60 минут)
Достарыңызбен бөлісу: |