Не журналистика кафедрасы


Дәріс 14 Классицизм - өнер эстетикасы



бет44/69
Дата12.12.2023
өлшемі0.98 Mb.
#486228
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ. КЕШЕН

Дәріс 14
Классицизм - өнер эстетикасы.
Дәрістің мақсаты: XVII ғасырдағы классицизм өнерінің тууы, қалыптасуы жайлы түсінік беру, классицизм өкілдерінің еңбектеріне талдау жасау.
Жоспары:
1.Классицизм өнерінің туып, қалыптасуы.
2. Н. Буалоның «Поэтикалық өнер» трактаты..
Пайдаланылатын әдебиеттер:




1.Ривкин Д., Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 1-том / ауд. М.Ибрайымова, О.Кенжебаев, Ж.Қожабекова, "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 568 б




2.Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 2-том / ауд. А.Исембердиева, Н.Құдайберген, Ә.Құранбек [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 372 б.
3.Ривкин Д.,Райан М..Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 3-том / ауд. Ж.Жұмашева, Ә.Исембердиева, М.Төлеген [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 440 б

4. Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 4-том / ауд. А.Шәріп; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 452 б.
5.А.Қалшабек. Әдебиеттану ғылымына кіріспе. - Астана, Фолиант, 2016
6.Ғазиз Райыс. Сөз өнері теориясы. ­-Алматы, Таңбалы баспасы, 2010.
7.Г.Пірәлиева. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттануы. –Алматы, 2010
8.Ж.Камалқызы. Қазақ әдебиетінің теориялық және әдістемелік мәселелері. – Алматы, 2017
9.С.Мақпыров. Адамтану өнері. – Алматы,Арыс, 2009
10.А.Ісмақова Асыл сөздің теориясы.- Алматы, Таңбалы баспасы,2009
11. Т.О.Есембеков. Көркем мәтін теориясы:оқу құралы.-Алматы: Қазақ университеті, 2015.-186 б.
12.Т.У. Есембеков. Көркем мәтін поэтикасы Оқу құралы. -228 б. 2012; 2020 А. Қазақ университеті
13.Әдебиет теориясы. Нұсқалық. Астана, Фолиант, 2003.


Әдебиет пен өнер жайлы ой-пікірлердің тууы мен ғылымға айналу тарихы ұзақ тарих. Ол тарихты адамзат қоғамының даму тарихымен сабақтастыра қарау жөн. Өнер, әдебиет жайлы алғашқы ой-пікірлердің бастамасы көне шығыс елдерінде, б.э.д. көне дэуірлерде туғаны белгілі.
Бұрын мәдениет, ғылым, өнердің тууы мен ғылыми ойлардың қалыптасу тарихын тек Еуропамен, көне грек дәуірімен байланысты қарастыру дәстүрі басым болып келгені рас. Бұны біржақты көзқарас екенін тарих-ана дэлелдеп отыр. Біз бүгін адамзаттың рухани- мәдени дамуы мен өнер тарихьшда, эстетикалық ой тарихында өзіндік орны бар екі кезеңдегі - XVII ғ. классицизм мен XVIII ғ. ағартушылық дәуірдегі эстетика жайына тоқтальш өтпекпіз. Классицизм өнердің өзгеше бір типі ретінде XVII ғасырда Францияда пайда болды. Ол өз кезеңінде өнердің басқа түрлеріне де (сәулет, сурет т.б.) ықпалын тигізді.
Классицизм өнері Францияда абсолюттік монархия (елді жеке адамның билеуі, яғни корольдік билік) билеген кезде күшті мемлекеттік идеясын насихаттау мақсатынан туындады. Мемлекет күшті болу үшін оның басшысының шексіз билігі, беделі болуы керек деп саналды. Жаңа өнер билік басындағылардың іс-әрекетін ардақтау, сарай маңьшдағылардың өмірін көрсету, өзгелерғе үлгі ету - мемлекетке қызмет ету деп түсінді. Бұл бағыттың алғаш негізін қалаушы ақын Ф.Малерб болды, ол одалар жазып корольді, жоғары қауым өкілдерін мадақтады. Ал француз ақыны, сыншы, эстет Н.Буало классицизмнің теоретигі саналады. Ол «Поэтикалық өнер» деген өлеңмен жазған трактатында жаңа өнердің мақсат-міндетін айқындап, жанрларды жіктеп, оларға сипаттама берді.
Н.Буало бүл өнердің обьектісі - сарай, билеуші жоғары қауым өмірі мен тіршілігі, өнер туындысы осы шындықты бейнелеп, жоғары қауымның талап-тілегінен шығьш отыруы керек деп есептеді. Бүл өнер негізінен көне гректің классикалық өнерін үлгі тұтып, соған еліктегендіктен классицизм деп аталды. Буало әйгілі үш бірлік (орын, уақыт, оқиға) заңцылығын қаламгерлердің қатаң сақтауын талап етті. Ол жанрларды өнердің мақсатына қарай жоғары және төменгі деп екіге бөлді. Жоғарғы жанрларға мемлекет адамьшың, үлгілі азаматтардың өнегелі ісін, ой-сезімдерін танытатын Ода мен трагедияны жатқызса, жеке адамдардың күнделікті өмірін бейнелейтін төменгі жанрларға комедия, сатира, элегияны жатқызды, олардың тіліне дейін (қарапайым) мән берді.
Буало өнер жоғары қауым шындығын бейнелеуі керек дегендіктен, өнерде тек жағымды құбылыстар көрініс табуы қажет деп білді. Кейіпкер классицизм туындыларында негізінен статикалық сипатта көрінді. Қоғамдық жағдай мен ортаны кейіпкер мінезіне ықпалы ескерілмеді. Кейіпкерлерді король, патша, батыр, ақсүйектер болғандықтан олар сахнада мемлекеттік мэселелерді толғады, мемлекет, ұлт бірлігі. мәселелерін жоғары көтерді, сұлу, әдемі сөйлей білді. Көне грек дәуірі өнерін үлгі тұтқандықтан классикгерді негізінен грек мифологиясынан, грек әдебиетінен сюжетті алып, соларды қайта жырлауға, жазуға құштар болды. Грек өнерінде бейнелілік, әсемдік, сұлулық ұғымы қашан да болсын өзге халықтар, ұлттар үшін әсемдікті бейнелеудің өлшемі, нормасы болады деді Н.Буало. Буало эстетикасы осы себепті де нормативтік деп аталды. Бүл біржақты, теріс түсінік.
Буало эстетикасының озық, прогресшіл жақтары да болды. Мәселен, ол өлеңде мағынаға (бізше мазмұн) мән берді, ұйқас сол мағынамен байланысты болуы керек деген. Ұйқас пішін десек, пішін мен мазмұн бірлігінде Буалоның мазмұнға айрықша мән бергенін көреміз. Ол жанрларды қарастырып, әрқайсысына өте байыпты оң сипаттама берген (Ода, элегия, сатира, эпопея т.б). Мэселен, Н.Буало сатираға Не злоби, а добро стремясь посеять в Мире Являет истина свой чистый лик в сатире,- деп өте орнықты анықтама берген.
Алайда классицизм өнерінің оңды сипаттарынан гөрі шарттылықтары мен шектеулілігі көп болды (Үш бірлік заңдылығы, тек жоғары қауым шындығын және оны ардақтап жазу, ұсқынсыз құбылыстарды елемеу, жанрларды «жоғарғың, «төменгі деп бөлу, кейіпкерді жасанды бейнелеу т.б). Сондықтан да оны алдымен сынаушылар осы ағымның өз қаламгерлері болды. Классицизмнің белгілі өкілдері - драматургтер Мольер, Расин, Корнель десек, әсіресе, Мольер ағымның шарггылықтарьіна қарсы болды, өз шығармашьшығьшда өмір шындығына сәйкес суреттеуге ұмтылды.
Ал орыс классицизмі (ХУІІ ғ. аяғы - ХУІІІ ғасыр) болса, керісінше қоғам өміріне жақын болды, сыншылдық сипаты күшті болды (Грибоедовтың «Ақылдың азабы» комедиясын т.б. еске алайық).
Сонымен Батыс классицизмі алдымен қаламгерлері тарапынан сынға ұшырады, ХУІІІ ғасыр басында басталған Ағартушьшық дәуір өкілдері (француз, неміс т.б.) де классицизм принциптерін қатты сынап, оның догмалық, сословиелік т.б. шектеулілік сипттарьш әшкере етті.
Олар классицизмнің шарттылық-шектеулерін сынады. Осыдан кейін жаңа бағыт-сентиментализм келді. Ол классицизмге қарсы ағым, бағыт ретінде пайда болды. Ол ірі тұлғалар емес қарапайым жандардың бейнесін сомдады, ірі тарихи оқиғаларды емес отбасындағы қарапайым тіршілікті де суреттеді. Сыртқы оқиғалардан гөрі адамдардың ішкі жан сезім, толғаныстарын ашып көрсетті.
Тапсырма: Синтементализм бағыты ның негізін салушы ағылшындық жазушы- Лоуренс Стерн. Лоуренс Стерн туралы мәлімет жинаңыздар, шығармаларын, не мәселе көтерілгенін біліңіздер.
Тапсырма: «Әдебиет теориясы» жүз оқулық аясындағы еңбектерден дәріс тақырыбына қатысты ұғымдарды түсіндіріңіз.




1.Ривкин Д., Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 1-том / ауд. М.Ибрайымова, О.Кенжебаев, Ж.Қожабекова, "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 568 б




2.Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 2-том / ауд. А.Исембердиева, Н.Құдайберген, Ә.Құранбек [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 372 б.
3.Ривкин Д.,Райан М..Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 3-том / ауд. Ж.Жұмашева, Ә.Исембердиева, М.Төлеген [ж.т.б.]; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 440 б

4. Ривкин Д.,Райан М.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін]: 4-том / ауд. А.Шәріп; "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры.- Алматы, 2019.- 452 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет