Экономикалық теория - сан алуан тарихи кезеңдерде және түрлі деңгейде шаруашылықты жүргізетін тұлғалардың қызметі мен шаруашылықты ұтымды басқару заңдарын зерттейтін ғылым.
Экономикалық теория дегеніміз – адамның шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қоғам өндірісінің сирек шектелген ресурстарын бөлу, айырбастау және тұтыну туралы ғылым.
Микроэкономикада - шаруашылықтың бастапқы буындары: жекелеген фирмалар, бірлестіктер, үй шаруашылығы және т.б. зерттеледі.
Макроэкономикада - тұтас алғандағы елдің экономикасы зерттеледі. Макроэкономиканың объектілеріне: қоғамның байлығы мен табыстары, экономикалық өсудің қарқыны мен факторлары және т.б. жатады. Макрозерттеулер инфляциямен күресу, іскерлікті күшейтуді ынталандыру және т.б. сияқты халык шаруашылығының өзекті мәселелерін шешуге арналады
Экономика мынандай үш сұрақты қарастырады:
Қандай өнімдер мен қызметтерді өндіру керек?
Ол өнімдер мен қызметтерді қалай өндіру қажет?
Өнімдер мен қызметтерді кім тұтынады?
Қысқаша:
Не өндіру?
Қалай өндіру?
Кімге өндіру?
Өндірістің 4 факторы:
Жер
Достарыңызбен бөлісу: |