Не спорт факультеті


кесте Мектеп жасына дейінгі балаларды жас кезеңдеріне бөлу



бет60/108
Дата03.12.2023
өлшемі0.71 Mb.
#485246
түріЛекция
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   108
Лекция Дене шынық теор мен презид сынама 2022-2023 Турыскулов

1 кесте
Мектеп жасына дейінгі балаларды жас кезеңдеріне бөлу

Тіршілік ету жылдары

Кезеңдер

Топтар

Биологиялық белгілер бойынша

Педагогикалық түсінік бойынша

Туғанға дейін

Іштегі кезең







1-10 күндер

Нәресте

Мектепке дейінгі жас

Мектепке дейінгі ерте жас

Бірінші бөбек

1 жас

Емшек жасы







  1. жас

  2. жас

Балалық шақ

Мектепке дейінгі кіші жас

Бірінші кіші

4 жас







Екінші кіші

5 жас

Бірінші балалық

Мектепке дейінгі орта жас

Орта

6 жас

Мектепке дейінгі үлкен жасы

Үлкендер

7 жас




Дайындық

6 (7) — 9 жас

Мектеп жасы

Кіші мектеп жасы

1-3(4) сынып

10-15 жас




Мектеп жасы

Орта мектеп жасы

5-9 сынып

16-17 жас




Мектеп жасы

Үлкен мектеп жасы

10-11 сынып

3. Қозғалыс белсенділігін ұйымдастырудың сауықтыру бағытындағы қағидасы. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың қозғалыс белсенділігін ұйымдастырудың сауықтыру бағытындағы қағидасы дене тәрбиесінің қоғамдағы адамгершілік бағытын бейнелейді. Осы қағиданың мағынасы дене тәрбиесі денсаулықты нығайтуға көмектесуі тиіс деген ұғымға келіп саяды.
Сауықтыру бағытындағы қағидалардың талаптары:

  1. Қозғалыс қызметі ағзаның жыныс-жас ерекшеліктерін және дене дамуының деңгейі мен адамның дайындығын ескере отырып құрылуы керек.

  2. Қозғалыс қызметі денсаулықты нығайтуға ғылыми негізделген тұрғыға сәйкес жоспарланып, реттелуі тиіс. Бұл ретте дене тәрбиесінің әдістемелік қағидалары, сондай-ақ бақылаудың әр түрінің (педагогикалық, дәрігерлік-биологиялық, биомеханикалық, психо-логиялық және басқа) нақты мәліметтері бірінші кезектегі мәнге ие.

  3. Кез келген педагогикалық әсер етуді жаттығуда пайдалану мүмкіндігі оның сауықтыру бағалылығымен анықталуы тиіс, яғни қолданудың алдында кез келген құрал немесе әдіс адамның денсаулық жағдайына олардың әсер етуіне қарай бағалануы керек.

Жеке тұлғаның дене тәрбиесін қалыптастырудың барлық жоғарыда айтылған қағидалары табиғи өзара байланысты және мазмұны жөнінен бір-біріне өте жақын. Оларды жүзеге асыру шұғылданушылар құрамына байланыссыз қатар жүреді.
Мектепке денінгі және мектеп жасындағы балалардың дене жаттығуларымен шұылдану әдістері төмендегілермен бағаланады:
Баланың жеке тұлғасын дамыту, үйрету мен тәрбиелеудің қойылған мақсаттары және міндеттерімен;
Қолданылатын құралдардың оқу материалдары мазмұнының сипатымен:

  • Шұғылданушылардың мүмкіндіктері мен олардың жасымен, денсаулық жағдайымен, жұмысымен, дайындық деңгейімен, қозғалыс дарындылығымен, дене және ақыл-ойының дамуымен, психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен;

  • Оқытушылардың өздерінің мүмкіндіктерімен, олардың бұрынғы тәжірибесімен, теориялық және практикалық дайындық деңгейімен, белгілі бір әдістерді, құралдарды қолданудағы қабілеттіліктерімен, жұмыс стилімен және жеке қасиеттерімен;

  • Оқытушының қарауындағы уақытпен;

  • Жекелеген жаттығулардың түрімен және құрылымымен;

  • Жаттығу өткізілетін сыртқы жағдайлардың ерекшеліктерімен (ауа температурасы, ылғалдылығы, желдің күші, құрал-жабдықтардың жағдайы), - анықталады.

Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері
Адам баласының өмірге келуі мен мектепке оқуға баруы арасындағы алғашқы жеті жыл уақыты оның келешек өмірінде өте үлкен маңызы бар. Өйткені осы кезеңде адамның денсаулығы, әр түрлі қабілеттері, адамгершілік қасиеттері, мінез-құлқы қалыптаса бастайды. Баланың денесін шынықтыру, өмірге керек қозғалыс шеберлігін қалыптастыру, гигиеналық әдеттерді бойларына сіңіру үшін осы бір балалық балғын шақ өте бір қолайлы кезең.
Баланың ағзасының жан-жақты дамуының негізі, тәрбие көзі дене тәрбиесі болып табылады. Табиғи, дұрыс өсіп келе жатқан бала тұрақты түрде қозғалғысы келіп тұрады. Оның осы қозғалыс әрекетін жанұяда, бала бақшасында дұрыс ұйымдастыру оның жүрек-қан тамырлары, дем алу, жүйке жүйесі, зат алмасу жүйесі қызметтерін жақсартады, қозғалыс-тірек аппараттарын нығайтады. Баланың ауруға қарсылық күшін, ағзаның қорғаныс күшін күшейтеді. Қозғалыс арқылы бала өмірді, табиғатты тани бастайды, оның психологиясы, ерік-күші, өзіндік қасиеттері дамиды. Бала көбірек қозғалыстарды білген сайын оның таным, түйсік, қабылдау, сезім, қабілет және басқа да әр түрлі психикалық мүмкіншіліктері кең көлемде дамиды. Сондықтан да осы кезеңде дене тәрбиесі сауатты, дұрыс жүргізілмесе, өткізіп алған уақытты қуып жету, жіберілген қателіктерді түзету қиын болады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі міндеттері үш үлкен топқа бөлінеді:
Сауықтыру міндеттері:
1. Бала ағзасын шынықтыру арқылы, сыртқы ортаның зиянды әсерлеріне қарсы тұра алу қабілеттіктерін жетілдіру. Табиғаттың табиғи күштерін, ауаны, суды, күн қызуын дұрыс пайдалану арқылы бала денесі шынығады. Оның әр түрлі суық тию арқылы болатын тұмау, жөтелу, тамақ ауруларына қарсылық күштері көбейеді.
2. Қозғалыс тірек аппараттарын нығайту және дұрыс мүсінді қалыптастыру. Қозғалыс белсенділігі көлеміне әсер ететін жалпақ табан болмауы үшін, табан және сирақ бұлшық еттеріне арналған жаттығуларға көңіл бөлу. Бала денесі үйлесімді дамуы үшін денесінің екі жағындағы бұлшық еттерге бірдей мөлшерде жаттығулар беру. Күнделікті өмірде аз жұмыс істейтін бұлшық еттер топтарына көбірек жаттығулар беру.
Жас кезінен балаға дұрыс мүсін туралы мағлұмат беру қажет. Еңкіштік, бір иықтың екіншісінен биіктігі, омыртқаның қисаюы және т.б. мүсін қисаюларын дұрыстаудың ең бір әрекетті амалы дене жаттығулары екені олардың әрқашанда ойларында болу керек.
3. Вегетативтік мүшелердің қызмет мүмкіншіліктерін жоғарылату. Баланың белсенді қозғалыстары жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелерінің, тамақ қорыту, дене температурасын реттеу жүйелерінің, ағзадағы зат алмасу үрдістерінің қызметтерін жақсартады. Зәр шығару органдарында зәр шықпай қалу үрдістерін болдырмайды.
4. Жылдамдық, үйлесімділік, төзімділік секілді дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу. Мектепке дейінгі жастарда дене мүмкіншіліктерінің бірін ғана және дамытуға арнайы көңіл бөлуге болмайды. Қозғалыстарды әр түрлі етіп құрастыру, амалдарын ауыстыру, әр түрлі бағыттау арқылы дене қасиеттерін кешенді, үйлесімді дамытуға көп көңіл бөлген дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет