Не топография негіздері


-сурет. Картада пункттің орналасу орнын жуықтап көрсету



Pdf көрінісі
бет27/94
Дата09.12.2022
өлшемі5.58 Mb.
#466931
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94
7261 (1)

4-сурет. Картада пункттің орналасу орнын жуықтап көрсету. 


36 
Километрлік тордың мәнін жазу үлгісі. Картаға тікбұрышты 
координаталардың толық және қысқартылған нүктелерін түсірудің 
мысалы. 
Квадраттың оңтүстік-батыс (сол жақ төменгі) бұрышының пункт 
орналасқан қысқартылған координаталарын атау керек, алдымен 
х координатасы, ал сонан соң у координатасы аталады. Мысалы, 
А белгісінің орналасу орнын көрсету керек болса, «Квадрат жетпіс 
төрт он бес, нысана» деп айтылуы тиіс. 
Карта бойынша координата нүктесін анықтау. Масштаб 
көмегімен берілген нүктеде ол орналасқан квадраттың көлденең 
жағының сол жақтағы (батыстағы) тік және төменгі (оңтүстіктегі ) 
нүктесіне дейінгі қашықтық метрмен (перпендикуляр бойынша) 
өлшенеді. х мәні экватордан квадраттың оңтүстік жағына дейінгі тұтас 
километрлік мән мен сол жақтан нүктеге дейінгі өлшенген 
қашықтықтың қосындысынан тұрады, ал у мәні тік сызықтың сандық 
мәні мен сол сызықтың нүктеге дейінгі метр санынан тұрады. 
Мысалы, А нысанасының координаталар нүктесі х=74 560; у=15 410. 
 
5-сурет. Карта бойынша координата нүктесін анықтау 
Картаға нүктені түсіру. Нүкте орналасуы тиіс координаталар 
бойынша квадрат анықталады. Табылған квадраттың оңтүстік сызығының 
бүйір жақтарынан карта масштабында кесінді салынады. Ол 
квадраттың төменгі жағы мен х нүктесінің айырымына сәйкес келу 
керек. Алынған таңбалар жіңішке сызықтармен біріктіріледі. Осы 
сызыққы квадраттың батыс жағынан масштабта кесінді салады. Ол 
квадраттың сол жағы мен у нүктесінің айырымы сәйкес келуі тиіс. Бұл 
ізделіп отырған нүкте болып табылады. 


37 
8.1 Гаусс - Крюгер проекциясы 
1928 ж. КСРО-да барлық геодезия және топографиялық жұмыстарға 
арналған геодезия мәжілісінде Бессель эллипсоидында Гаусс - Крюгер 
проекциясы қабылданған болатын. Бұл проекцияда 1:500000 - нан ірі 
масштабты топографиялық карталарды жасай бастады, ал 1939 ж. 
бастап Гаусс-Крюгер проекциясы 1:500000 масштабты картасында 
қолданылды. 1825 ж. К. Гаусс алғашқы рет бір жазықтықты екіншісінің 
үстіне шексіз кіші бөлшектер түрінде бейнелеп сақтап отырудың 
жалпы шешімін тапты. 1912 ж. А. Крюгер жазықтықта қолданылған 
формулаларды есептеп, баспадан шығарды. Осыдан кейін бұл проекция 
Гаусс - Крюгер атауын алып, топография-геодезиялық жұмыстарда 
кең қолданыла бастады. Гаусс – Крюгердің тең бұрышты көлденең-
цилиндрлі проекциялау заңы бойынша проекцияланады. Сондықтан 
жер эллипсоиды бойлықта әрбір 6° сайын меридиандармен 60 зонаға 
бөлінеді, олар полюстен полюске дейін созылады. Зоналардың нөмірлері 
батыстан шығысқа қарай Гринвич меридианнан жүргізіледі, ал Грнивич 
меридианы бірінші зонаның батыс шекарасы болып саналады. Әрбір 
зонаның ортадағы меридианы остік меридиан деп аталады.
Меридиандар мен параллельдер қисықтармен бейнеленеді, меридиан 
зонасы мен экваторға салыстырмалы түрде симметриялы, бірақ 
олардың қисықтығы шамалы болғандықтан, картаның батыс пен 
шығысындағы шегі түзу сызықтармен бейнеленеді. Карталардың 
солтүстік және оңтүстік шегімен сәйкес келетін параллельдер ірі 
масштабты карталарда түзумен бейнеленеді (1:2000-1:50000), ұсақ 
масштабты карталарда қисықпен бейнеленеді. Әрбір зонадағы 
тікбұрышты координаталарының басы осьтік меридиан зонасының 
экватормен қиылысу нүктесінде орналасады.
Гаусс - Крюгер проекциясы - геодезиялық проекция, жердің беті 
шартты түрде меридиандармен 60 зонаға бөлінеді. 
Гаусс - Крюгер проекциясындағы аймақтарды санау гринвич 
меридианынан шығысқа жүргізіледі. Орта меридиан зонасы осьтік деп 
аталады. Шығыс жарты шарының кез келген аймағындағы L

осьтік 
меридиан ұзақтығы мына формуламен есептеледі: 
L
0
=6°* n -3° 
Ал батыстағыда - мына формула: 
L
0
=360°-(6°* n-3°), 
n - аймақ нөмірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет