127
әуеден суретке түсіру қолданылды. Ал
қазіргі кезде топографиялық-
геодезиялық жүмыстардың және картографияның бүдан әрі дамуына
ғарыштық техника үлкен әсер етуде. Келешекте шаруашылығымыздың
қажеттерін жан-жақты қамтамасыз ету, ғарыштан суретке түсірмей
жүзеге асырылмайтынына көз жетіп отыр. Жер пішінінің жаңа
өлшемдерін анықтауда, бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесінің
теориясын жасауда жэне практикага ендіруде Ф.Н. Красовский
бастаған орыс ғалымдары зор еңбек етті.
Геодезия мен картография
саласының дамуына М.С. Молоденский, А.А. Изотов, А.С. Чеботорев,
Н.А. Урмаев, т.б. қосқан еңбектері айтарлықтай.
Қазіргі заман картографиясы – ғылыми пәндер мен техникалық
салалардың тармақталған жүйесі. Картографияда жалпыгеографиялық,
геологиялық, топырақты, этнографиялық
картографиялау сияқты
көптеген тақырыптық салалар қалыптасты. Әдісі бойынша олар
картографияға, ал пәні бойынша нақты ғылымдарға (геология,
топырақтану, этнография) жатады. Білімнің жаңа салаларының пайда
болуына байланысты тақырыптық картографияның да жаңа бөлімдері
қалыптасты, мысалы: геоэкологиялық, геосаяси,
электронды
картографиялау. Мақсаты мен практикалық бағдарлау бойынша келесі
салаларды белгілеуге болады: ғылыми, туристтік, навигациялық
(теңіздік, аэронавигациялық), инженерлік картографиялау және т.б.
Қазiргi заман картографиясы заманның талап етуіне байланысты
геоинформатикамен және компьютерлік модельдеумен өзара әрекет
етедi. Екі ғылымның интеграциялануы нәтижесінде картографиялаудың
перспективті саласы – геоақпараттық картография қалыптасты.
Телекоммуникацияның тоғысуымен
интернетті-картография дамыды,
яғни атластарды, карталарды электронды жүйеде шығаруға және
орналастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: