Негіздері


Темірдің жалпы мөлшерін фотометриялық әдіспен анықтау



бет10/40
Дата26.09.2023
өлшемі323.49 Kb.
#478675
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
treatise4938

2.4. Темірдің жалпы мөлшерін фотометриялық әдіспен анықтау

Жер беті суларында темір (ІІ) иондары айтарлықтай тұрақты күйде гуминқышқылды темір күйінде, жер асты суларында негізінен бикарбонат - Ғе(НСО3)2 түрінде болады. Жер асты сулары ауамен контактта болған кезде темір (ІІ) бикарбонаты тотығады және қоңыр түсті Ғе(ОН)3 түзіледі, осы кезде су лайланады және сары түс пайда болады (егер темір иондарының мөлшері 0,3 мг/л-ден асса. Егер суда темірдің мөлшері 1 мг/л-ден асса, судың дәмі ауызды қуыртатындай болады. Темірдің мөлшері жоғары болғанда судың органолептикалық қасиеттері нашарлайды, суды май-ірімшік өндірісінде, тоқыма өндірісінде қолдануға болмайды, судағы микрорганизмдердің өсуі қарқындайды, ал бұл үдеріс құбырлардың қабырғаларында артық шөгінділердің пайда болуына әкеледі. Құбырлардағы сулардағы темірдің мөлшері 0,3 мг/л-ден аспауы шарт.


Кейбір ағызынды суларда темір өте көп мөлшерде кездеседі, мысалы травильді цехтардың ағызындыларында, мата бояу өндірісінің ағызынды суларында.
Темірді анықтауға арналған суды консервілеудің қажеттілігі жоқ. Анықтау сульфацил қышқылының сілтілі ортада (рН= 8-11,5) Ғе (ІІ) және Ғе(ІІІ) иондарымен сары түске боялған кешенді қосылыс түзуіне негізделген. Бұл қосылыстың құрамы: [Ғе(НСО3)·С6Н3(ОН)(СООН3)]3-.
Кешенді қосылыстың түсінің қанықтылығы ерітіндідегі темірдің концентрациясына тәуелді. Оны фотоколориметрде өлшейді және оптикалық тығыздықтың мәні бойынша темірдің концентрациясын анықтайды. Егер суда органикалық заттардың мөлшері көп болса, олар анықтауға кедергі жасайды.

Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар

  1. Фотоэлектроколориметр; 2) электроплитка; 3) 1 мл-лік және 10 мл-лік пипеткалар (деление бар) және 2-мл-лік, 5 мл-лік, 10 мл-лік пипеткалар (делениесіз). 4) көлемі 25-30 мл-ге тең пробиркалар; 5) көлемі 200 мл-ге тең, қыздыруға шыдамды стакан (термостойкий стакан); 6) көлемі 100 мл-ге тең өлшеуіш колба; 7) дистильдеген су; 8) сульфацил қышқылы, 10%-дық ерітінді; 9) аммиак, 10%-дық ерітінді (2:3): аммиактың 25%-дық ерітіндісінің 200 мл-ін 300 мл дистильденген сумен араластырады; 10) күкірт қышқылы, ч.д.а., тығыздығы 1,84 г/мл; 11) азот қышқылы, х.ч.; 12) темірдің стандартты ерітіндісі (темір-аммоний ашудасы (NН4)24·Ғе2(SО4)3·24Н2О). Ашудастың 0,8634 грамын дистильденген суда ерітіп, 10 мл концентрленген күкірт қышқылын қосады, ерітінді көлемін өлшеуіш колбада 1 литрге дейін жеткізеді. Осы ерітіндіден 100 мл алып, өлшеуіш колбада 1 литрге дейін жеткізеді. Жұмысшы ерітіндінің 1 мл-інде 0,01 мг темір болады.

Материал: гальваникалық цехтың ағызанды ластанған суы, суқойма суы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет