«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



Дата14.06.2016
өлшемі104.5 Kb.
#136068


Қарағанды облысы әкімдігінің

2015 жылғы «17» ___09____

№ _54/02_

қаулысымен бекітілген



«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет)

Қарағанды облысы қалалары, аудандары жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі:

жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен және түзетулермен қайталама неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал): www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіздеме Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда 11374 нөмірмен тіркелген, «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірінде № 219 бұйрығымен бекітілген, «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағымен қарастырылған қажетті құжаттар және өтініш болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттер) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызмет көрсетушінің кеңсе маманы құжаттар топтамасын және өтінішті қабылдайды, Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды тексереді, көшірмелерді салыстырады, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы үзбе талонын көрсетілетін қызметті алушыға береді - 20 (жиырма) минуттың ішінде;

нәтиже - тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы үзбе талонын беру;

2) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы қызметті көрсетушінің басшысына өтінішті қарауға береді - 30 (отыз) минуттың ішінде;

нәтиже - өтінішті және құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті көрсетушінің басшысына қарауға беру;

3) қызмет көрсетушінің басшысы жауапты орындаушысын айқындайды, орындау үшін тиісті бұрыштама қояды - 30 (отыз) минуттың ішінде;

нәтиже - қызмет көрсетушінің басшысының бұрыштамасын қою және қызметті көрсетушінің жауапты орындаушысына жіберу;

4) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы өтініштің қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды. Ұсынылған құжаттардың қолданыстағы заңнамаға, сонымен қатар Стандарттың 9,10 тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды қалыптастырады; неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірушілердің көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);

некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлесе берген өтініші бойынша тиісті құжаттармен (дәрігерлік-біліктілік комиссияның жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталатын дәлелді себептердің болуы кезінде (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір ай өткенге дейін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тағайындайды не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың берген жазбаша өтініші негізінде оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады;

ерекше мән-жайлар (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың ниеті бойынша, себебі мен растайтын құжаттарды міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі;

азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;

нәтиже – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жобасын қызмет көрсетушінің басшысына қол қоюға жіберу;

5) қызмет көрсетушінің басшысы шешім қабылдайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жобасына немесе дәлелді бас тартуға қол қояды - 30 (отыз) минуттың ішінде;

нәтиже - мемлекеттік қызмет көрсетудің қол қойылған нәтижесі немесе дәлелді бас тарту;

6) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жеке куәлікті көрсеткен жағдайда береді - 20 (жиырма) минуттың ішінде;

салтанатты рәсімді жүргізу кезінде некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу - 20 (жиырма) минуттан аспайды;

нәтиже – жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен және түзетулермен қайталама неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі: 1) қызмет көрсетушінің басшысы;

2) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы;

3) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы.

7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызмет көрсетушінің кеңсе маманы құжаттар топтамасын және өтінішті қабылдайды, Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды тексереді, көшірмелерді салыстырады, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы үзбе талонын көрсетілетін қызметті алушыға береді - 20 (жиырма) минуттың ішінде;

2) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы қызметті көрсетушінің басшысына өтінішті қарауға береді - 30 (отыз) минуттың ішінде;

3) қызмет көрсетушінің басшысы жауапты орындаушысын айқындайды, орындау үшін тиісті бұрыштама қояды - 30 (отыз) минуттың ішінде;

4) қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы өтініштің қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды. Ұсынылған құжаттардың қолданыстағы заңнамаға, сонымен қатар Стандарттың 9,10 тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуды қалыптастырады;

5) қызмет көрсетушінің басшысы шешім қабылдайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жобасына немесе дәлелді бас тартуға қол қояды - 30 (отыз) минуттың ішінде;

6) қызмет көрсетушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жеке куәлікті көрсеткен жағдайда береді - 20 (жиырма) минуттың ішінде.

Салтанатты рәсімді жүргізу кезінде некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу - 20 (жиырма) минуттан аспайды.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет Қарағанды облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілмейді.

9. Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының рәсімнің кезектілігі және жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1 үдеріс - мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталға ЖСН және паролін енгізу (авторизация процесі) процесі;

1 шарт - порталған тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалылығын ЖСН және пароль арқылы тексеру;

2 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы порталда хабарлама қалыптастыруы;

3 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін экранға сұрау салу нысанын шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (мәліметтерді енгізу);

4 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге толтырылған сұрау салу нысанына (енгізілген деректерге, сканерленген құжатқа) қол қою;

2 шарт - сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен тіркеу куәлігіндегі ЭЦҚ арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін және қайта алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктері тізімінде болмауын порталда тексеру;

5 үдеріс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқасының расталмауына байланысты сұрау салынатын мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

6 үдеріс - электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушы сұрауы) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған ЭҮӨШ АЖО ЭҮШ арқылы ЖАО АЖ жіберуі және қызмет көрсетушінің кеңсе маманымен мемлекеттік қызметті өңдеуі;

7 үдеріс - көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесін қызмет көрсетушінің жауапты орындаушысымен қалыптастыру. Электрондық құжат маманның ЭЦҚ қолдануымен қалыптастырылады және порталда көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне беріледі. Сұрау салудың қабылдануы туралы және неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні тағайындалғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Портал арқылы электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде функционалдық  өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 1 қосымшасында келтірілген.

10. Қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі осы Регламенттің «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу,

оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына

өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламентіне

1 қосымша


Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
полотно 453прямая соединительная линия 454прямая соединительная линия 460прямая соединительная линия 463прямая соединительная линия 459прямая соединительная линия 455прямая соединительная линия 461прямая соединительная линия 458прямая соединительная линия 457прямая соединительная линия 456прямая соединительная линия 462
полотно 438прямая соединительная линия 439прямая соединительная линия 442прямая соединительная линия 441прямая соединительная линия 440

загнутый угол 132

Көрсетілетін қызметті алушы

Белгілеу шарты:




группа 229

Бастапқы хабарлама



группа 31

Аяқталу хабарламасы



блок-схема: сохраненные данные 30

Ақпараттық орта




Үдеріс


ромб 28

Шарт


прямая соединительная линия 26

Басқару ағыны



прямая соединительная линия 23

Хабарламалар ағыны



загнутый угол 17

Соңғы тұтынушыға ұсынылатын электрондық құжат



прямая соединительная линия 1

«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу,

оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына

өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

мемлекеттік көрсетілетін қызметі регламентіне

2 қосымша


«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


группа 3

прямая соединительная линия 27

прямая со стрелкой 25

Белгілеу шарты:


скругленный прямоугольник 22

- мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің басталауы немесе аяқталуы;



скругленный прямоугольник 21

- мемлекеттік қызметі алушының немесе ҚФБ рәсімінің (іс-әрекетінің) атауы;


ромб 8

- таңдау нұсқасы;



-прямая соединительная линия 6 келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет