Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет110/135
Дата05.08.2024
өлшемі2.51 Mb.
#503115
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   135
Некеден кейін

Үшінші себеп—«ожидание и реальность». Яғни біз бір 
ситуацияны басқаша болады деп күтеміз. Бірақ шынайы 
түрде барлығы басқаша болып шығады. Біздің күйеуіміз де 
біздін күткенімізді жасамайды. Сіз баланы 40 минут 
ұйықтатып жатырсыз. Бала мазасыз, өзі әрең жатыр. Сіз 
ашулысыз. Ол папасына барғысы келеді, папасын сұрайды. 
Сіз оған "папаң жұмыста немесе папаң да ұйықтап жатыр, 
сенде ұйықта" деп айтасыз. Сол моментте күйеуіңіз басқа 
бөлмеде қатты жөтеледі. Балаңыз соны естіп қояды да, 
қатты айғайлап, папасына кетіп қалады. Сіз ашулысыз. 
Неге? Себебі, 40 минут оны ұйықтата алмай жатырсыз. 
Күйеуіңіз жөтелмен барлығын бұзып тастады. Баланы 
ұйқысынан оятып, өзіне қарай шақырып алғандай болды. 
Сіз конфликтті тудырып, балаңызға және күйеуіңізге 
айқайлай аласыз. Немесе конфликттің алдын алуыңызға 
болады. 
Қалай? 
Миымыздың 
рептилия 
бөлігін 
тынышталдыру арқылы. Тынышталдырғанда өз-өзіңізге: 
"білемін, сен ашуланып жатырсың, ол баланы оятып 
жіберді, шақыртып алғандай болды, бірақ күйеуім бала 
ұйықтатып жатқанымды білмеді ғой" дейсіз. Сізде қандай 
«ожидание» болды? Бала тез ұйықтап қалады. Ешкім сізге 
кедергі болмайды. Бәрі тып-тыныш болады. Ал шынына 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
231 
келгенде, 40 минут ұйықтамай қойды. Сіз ашулысыз. Бірақ 
күйеуіңіздің бұл жерде кінәсі жоқ. Егер сіз рептилияңызды 
тынышталдырмай, ашу үстінде барып айғайлайтын 
болсаңыз, онда конфликт туындайды. Сол үшін ашу 
үстінде болып жатқан моментті өткізу керек. Қызуға 
салмау керек. Өзіңізді тынышталдырып, өзіңізбен 
сөйлесіңіз.
 
Төртінші себеп—көңіл толмау. Өзіңіздің өміріңізге, 
фигураңызға, 
сұлулығыңызға, 
мінезіңізге, 
әйтеуір 
бірнәрсеге көңіліңіз толмаса, сосудыңыз босайды. Босаған 
соң сіз оны толтырғыңыз келеді. Сіз басқа адамдарға ұрысу 
арқылы, конфликт арқылы, тиісе беру арқылы нервный 
болып, адамның әр қылығы, әр сөзі сізге ұнамайтын 
болады. Себебі, өзіңізде ондай позитивті энергия жоқ. Сіз 
оны басқа біреуден алғыңыз келеді. Бірақ ол ондай жолмен 
алынбайды. Сол үшін сізде агрессия пайда болады. 
Ойланыңызшы, 
конфликттің 
бастамасы 
өзіңізге 
байланысты емес па? Конфликтті бастайтын сіз емес па? 
Мүмкін күйеуіңізбен ұрсысып қалған кезде, ол өзі тиіспей, 
сіз отырып-отырып бір сөзіне жабысып қалған шығарсыз. 
Неге біз конфликтті іздеп тұрамыз? Себебі, бізде энергия 
толықсымаған. 
Стратегияға көшейік. Қазір айтылатын стратегиялар 
бірден орындалмайды. Бірден жүзеге аспай қалса, 
көңіліңізді түсірмеңіз. Кез келген жұмыс бірден басталып 
кетпейді. Тіпті кішкентай кезде бірден сөйлеп, бірден 
жүріп кеткен жоқпыз. Сол сияқты менің айтатын 
стратегияларым бірден өтпей қалса, көңіліңізді түсірмеңіз. 
Барлығы бірден болып кетпейді.


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
232 
Конфликттің қандай түрлері бар? Ең бірінші түрі—біздің 
шекарамызды бұзу. Тұрмыс құрмаған жас қыз жігітпен 
сөйлесіп бастағанда, жігіт оны тексереді. Жігіт өте қу 
болады. Ол қыздың өзін бағалауын, қадірлеуін тексереді 
екен. Ұрсып қалғанда да сізді тексереді. Ол сізге апталап 
хабарласпай сізді тексереді. Біз оны байқамаймыз. Себебі, 
біздегі ғашық болу процесі логиканы өшіріп тастайды. 
Бірден жігіттің артынан кеткіміз келеді. Бірақ ол сізді 
тексеріп жатыр. Соны бізге түсіну керек. Ең басында 
нүктені қойып үйренбесеңіз, еркек соған үйренеді. Оған өз 
қадіріңізді көрсетіңіз. Екі беттік хат жазудың керегі жоқ. 
Ол ақталғанда, оған сенбеңіз. Өзіңізді бірінші құрметтеңіз. 
Сосын жігіт сізді құрметтейтін болады. Жігітпен кафеде 
отырғанда, ол орынсыз қалжың айтуы мүмкін. Егер қыз 
сол қалжыңға күле салса, үндемей жымия салса, ештеңе 
демесе, онда еркек қыз өзін бағаламайды деп ойлайды. Ал 
қыз не үшін күле салады? "Егер қазір күлмесем, ренжіп 
қалсам, онда мені қалжың түсінбей қалады деп ойлайды" 
дейді. Бірақ ол қалжың оған ұнамай қалды. Еркек сол қызға 
қарап реакциясын күтеді. Күле салса одан кейін де басына 
береді. Ал ешқандай реакция бермесе, жігіт бірден сізге 
бұл қалжың ұнамай қалғанын түсінеді. Мысалы, біздің 
құрбыларымыз бізге сарказммен сөйлей алады. Тістеп 
сөйлеп, ыңғайсыз сұрақтар қоятыны болады. Кейбір 
адамдар адамды төмендету үшін сондай сұрақ қояды. Ал, 
кейбір адамдар мәдениеті, дәрежесі төмендігінен қояды. 
Бұл ситуацияда не істеу керек? Суық жүзді болу керек. 
Мысалы, туыстарыңыз, достарыңызбен қонақта кафеде 
отырсыз. Сыныптасыңыз сіз жаққа қарап жаман қалжың 
айтты. Мысалы, "ой, Сабирадан үлгі алмайсыңдар ма, 
елдің бәріне ақыл айтады да, өзіне қалғанда ақылы бітіп 
қалады, иә, Сабира?"-деп сондай бір сарказммен айтуы 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
233 
мүмкін. Егер мен темпераментті батыл адам болсам не 
істеймін? " Не дегің келіп тұр?"-деп конфликтке шабуыл 
жасаймын. Егер мен шекарам жоқ әлсіз адам болсам не 
істеймін? Мен үндемеймін. Өтірік күле саламын. Бірақ 
өкпелеймін, өз-өзімді басамын. Бұл менің әлсіздігім. Мен 
психологияны білетін адам болсам не істеймін? Жәй ғана 
суық жүзді боламын. Суық жүзді болуда эмоция жоқ, бірақ 
көзіңнен бәрі көрініп тұру керек. Ұрысып конфликт 
шығарудың керегі жоқ. Салқын жүзді танытқаннан кейін 
барлығы күліп жатса да, сізге қалжыңдаған адам өзінің 
кінәсін түсінетін болады. 
Мысалы, күйеуіңіздің туған ағасы сізге артық сөз 
айтып қойса, біз оны көтере алмаймыз. Егер сіз оның 
туысымен оның көзінше ұрысатын болсаңыз, конфликт 
тудыратын сөз айтсаңыз немесе сіздің енеңіз ауыр сөз 
айтып, сіз оған жауап беріп, әрі қарай кетіп қалса, еркек 
соны көрсе, онда ол сізді жау көреді. Неге? Себебі, өзінің 
анасын қорғау керек деген инстинкт оянады. Сіздікі 100% 
дұрыс болса да, еркек сіздің жаныңызда тұрмайды. Еркек 
әрқашан өзінің шекарасындағы адамдарды қорғайды. 
Бірақ сіз сол шекараның ішіндегі адамға қарсы шықсаңыз, 
бөтен болып қаласыз. Менде бір ситуация болған. Күйеуім, 
қайын інім үшеуміз ас үйде отырдық. Мен тамақ жасадым. 
Қайын інім тамақты жеп алып айтады "осыма супер дәмді 
тамақ дегенің, мен бұданда дәмді жасай аламын ғой",-деді. 
Әрине, бұл сөз маған ұнаған жоқ. Мен "керек болса өзің 
жасап ал, ұнамаса жемей-ақ қой, жеп алып неге олай айтып 
отырсың?"-деп айтқым келді. Себебі, біздің тіліміз сондай 
сәтте қышиды ғой. Бірақ мен егер қазір оның інісіне солай 
айтатын болсам, күйеуімде қорғаныш позициясы 
оянатынын білдім. Сол үшін мен оған тек салқын жүзді 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 
Некеден кейін әйел бақыты 
234 
түріммен қарадым. Менің күйеуім дастарханның үстінен 
тұрды да кетіп қалды. Артынан бауыры барды. Күйеуім 
бауырын шақырып " егер Сабираның тамағы ұнамаса, 
онда өзің жасап жей бер, ол сен үшін тырысты ғой, енді 
екінші қайталанбасын" деп айтып, мені қорғапты. Нені 
түсінуге болады? Мен өзімді қорғамағаннан кейін, күйеуім 
менің жағымда қорғаушы позициясын ұстанды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   135




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет