Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет34/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

Бағдарламаның мақсаты: психологиялық денсаулық компоненттерін 
дамыту, психологиялық денсаулық ауытқуларын психологиялық әдістермен 
түзету, психологиялық денсаулықтың алдын алу.
Міндеттері:
1. 
Студенттердің психологиялық денсаулығының компоненттерін 
дамыту: стреске тӛзімділік, бейімдік қабілеттерін, ӛзін-ӛзі реттеуді, құндылық 
бағдар жүйелерін, ӛзін-ӛзі белсендіру деңгейін, эмоционалдық ақыл-ойды 
жетілдіру. 
2. 
Невротизацияны, 
мазасыздану, 
эмоционалдық 
қасиеттерді 
психологиялық әдістермен түзету. 
3. 
Психологиялық денсаулықтың ауытқуларын психологиялық алдын 
алу.
1 сабақ 
Интегралды-тҧлғалық қасиеттер компоненті 
«Саусақтар» жаттығуы 
Жаттығу ӛзін-ӛзі бақылауға қабілеттілікті дамытуға арналған. Топ 
қатысушылары шеңбер бойымен орындықтарға жайғасады. Тізеге қойылған 
қолдарының бас бармақтарын бос қалдырып, қалғандарын айқастырады.  
  
«Бастаңдар» деген команда бойынша бас бармақтарын ақырын бір-біріне 
тигізбей, бір бағытта бірін екіншісінің сыртынан үнемі жылдамдықпен 
айналдыруы қажет. Зейінді осы қимылға шоғырландыру керек. «Тоқта» деген 
команда бойынша – қимылды тоқтату. Жаттығу екі рет қайталанады, біріншісі- 
5 мин. бойы, екіншісі – 10 мин. Әрбір кезең жаттығуды орындау барысында 


114 
пайда болатын сезімдерін 5 минуттық талдаумен аяқталады.
Жаттығуды 
орындау 
барысында 
жаттықтырушы 
назарды 
қол 
саусақтарының қимылына шоғырландыру керектігін ескертеді [256].
АТ жаттығуы – ауырлық сезімін шақыру.
Ойша қайталау: «Мен толық тыныштандым» (1 рет); «Менің оң (сол) 
қолым ауыр» (6 рет); «Мен тынышпын» (1 рет). 4-6 күн жаттығудан кейін 
қолдағы ауырлық сезімі айқын сезіле бастайды. Ары қарай дәл осылай ауырлық 
сезімі екі қолда да... екі аяқта... дене бойында шақырылады. Әрбір жатттығу 
«Мен тынышпын» деген формуламен басталып, аяқталуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет