«Никольск селолық округінің әкім аппараты» мм 2013 жылдың қаңтарында есеп беру кездесуідегі баяндамасы



Дата27.02.2016
өлшемі56.07 Kb.
#27786
« Никольск селолық округінің әкім аппараты» ММ

2013 жылдың қаңтарында есеп беру кездесуідегі

баяндамасы

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жылсайынғы Жолдауында анқыталған, өмір жағдайында алдын-алуға, іске асыруға, адамдардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етуге, қызмет көрсетуге, село тұрғындарының ұсыныстарын және сындарлы ескертулерін, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша округ әкімінің және аппаратының атқарылған жұмыстар туралы жыл сайынғы есебі болып табылады.

Әкім және мамандар өздерінің қызмттерінде
Қазақстан Республикасының Конституцияларын, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, "Жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасының тілдері туралы", 2030 жылға дейін Қазақстанның даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс Кодексін, 2005-жылдың 3-мамырынан Қазақстан Республикасы Президентінің бекіткен Жарғысын, жер, салық кодекстерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және басқа құжаттарын басшылыққа алады.

2012-жылы 59 өкім қабылданып, 103 нотариальдық қызмет көрсетілді. Жеке меншік туралы 516 анықтама берілді, азаматтардан 14 жазбаша жүгінулері қаралды. Негізгі жүгінулердің көбі кеңес беру, түсіндіру мәнінде болды. Бұл жер учаскелерін рәсімдеу мәселелері. Өтініштер көрсетілген мерзімде қаралды.

2012 –жылы қаржыландырудың 7 Бағдарламасы бойынша селолық округтің әкім аппараты қызмет етті:

- селолық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету (аппаратты ұстап тұру) жалпы саны 8 616, 7 мың. теңге;

- село округтерінің көшелерін санитарлық тазалау, Никольск селосында зират орналастыру және Бородино , Никольск селоларында ТҚҚ үшін қоршаған ортаның жағдайын шолуға сараптама қортындысына, елді мекен пункттерін санитарлық қамтамасыз етуге 477 мың теңге;

- елді- мекен пункттерін жарықтандыруға 5 172 мың. теңге, Никольск селосында 59 шам, Кремнюха селосында 11, Алтайка селосында 4 орнатылды;

- елді- мекен пункттерінің автомобиль жолдарының қызмет етуіне жалпы саны 6 400 мың. теңге;

- 2020 жұмыспен қамту Бағдарламасы бойынша селолық елді-мекен пункттерін дамыту шеңберінде объектілерді көгалдандыру және жөндеу ( Никольск селосында Школьная және Совхозная көшелерін ағымдағы жылы жөндеу) жалпы саны 6 367 мың. теңге, Никольск селосының «Досуг» КК клубының айналасын көгалдандыруға жалпы саны 10 699 мың. теңге, балалар спорттық алаңын орналастыруға жалпы саны 750 мың. теңге.

Жалпы қаржыландыру 38 481,7 мың.теңгені құрайды.

2012-жылы Никольск селолық округі бойынша 17 адам келді, – 49 адам кетті (соның ішінде қайтыс болғандар- 17).

2012-жылы мүлікке салық- 58258 теңге, жерге – 140031 теңге, ауыл шаруашылық мағынада жер салығы – 161422 теңге, транспорттық – 451604 теңге, жиналған барлық салық – 359711 теңге, бұл - 98 % құрайды.

Округтің тұрғындарын жұмыспен қамту проблемасын шеше отырып, Зырян аудандық жұмыспен қамту орталығына есепке қою тәртібінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, қоғамдық жұмыстар үшін орын ұсынылды, 2012-жылы қоғамдық жұмыста 21 адам жұмыс істеді, барлығы 1 518 күн (7 112 сағат жұмыс жасады). Мамыр айынан тамыз айна дейін селолық округтің аумағында 2 көкөніс өсірушілер бригадасы 13 адам жұмысістеді. Қазіргі уақытта 5 адам есепте тұр.

Селолық округтің аумағында жалпы 1500 адам тұрады.





2010

2011

2012

Никольск

659

655

624

Бородино

631

627

604

Кремнюха

216

217

210

Алтайка

75

68

62

Біздің округтің тұрғындарының көпшілігі бақшалықпен және жеке қосалқы шаруашылықпен шұғылданады. 01.01.2012 жылға жалпы шарттар саны – 498.

2012 –жылы 18жасқа дейін балалары бар, отбасыларын жәрдем ақыға 29 іс, мекен-жайлық көмекке – 10 іс рәсімделді..


Никольск селосы – Алтайка - Кремнюха жолаушыларды автобустық тасмалдау 2012-жылдың наурызынан бастап тоқтаған. Қазіргі уақытта адамдарды тасымалдау жеке меншік жолаушы тасымалдаушылар атқарылады.

Селолық округ пункттерінің тұрғындары телефонмен қамтамасыз етілген.

Селолық округте 2 орта және 1 орталау мектеп жұмыс істейді. Бородино және Никольск орта мектептерінде шағын-орталық жұмыс істейді. 2011 –жылдың қыркүйегінде Кремнюха орталау мектебінде шағын-орталық ашылды. Мектеп жасындағы балалар 100 %оқумен қамтылған

Біздің округе 1 дәрігерлік амбулатория және 3 медициналық пункт жұмыс істейді.    

Криминалдық ахуал туралы участкелік инспектор, полиция капитаны Калмакпаев С.М. баяндайды, қызметтік кабинетпен, автомобильмен, баспанамен қамтамасыз етілген.

2012-жылдың 1-желтоқсанына шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны (жеке кәсіпкерлік және шаруа қожалықтарын қоса есептегенде) 33 бірлік.


Округтің негізгі кәсіптік қызметі – ол ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру. Селолық округтің аумағында ірі ауыл шаруашылық құрлымы орналасқан және жұмысістейді, олар: «Никольск-1»ЖШС, «ЖШС Бородино», «Улар», «Никольск - 1» ЖШС және 14 қожалық шаруашылық. Ауылшаруашылықтың негізгі өнімдері бидай, қара бидай, күнбағыс. 2012-жылы орташа өнімдік: дәндә дақыл - 8 ц/га, күнбағыс – 12 ц/га құрады. 2013жылға өнімге 1 000 га қыстық қара бидай егілді.

Мал шаруашылығымен «Бородино» ш/қ, «Гульмира» ш/қ, «Тимур», ( 01.01.2012 жылға қожалық шаруашылықта МІҚ – 641 бас, ҰМ – 360, жылқы – 116, шошқа - 57). 2010 жылы «Сеитов»ш/қ базасында қасапхана ашылып, пайдалануға берілді. Бородино селосында қолдан ұрықтандыру пункті бар.

Округтің кәсіпкерлері қоғамдықжұмыстарға, әлеуметтік мәселелерге, қайырымдық акцияларына белсене алаласып, демеушілік көрсетіп тұрады.

Көп жылдар бойы Никольск және Бородино орта мектептерінде спорттық секциялар,60-тан астам оқушылар және село тұрғындары айналсатын,волейболшылардың 3 командасы жаттығады.

Спортпен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалған. 2012 жылы «Никольск орта мектебі»КММ спортзалына жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Никольск - 1» ЖШС (Сагадиев Н.М.), «Улар» ЖШС (Уралов Н. С.),«Бородино» ЖШС (Букежанов К.К.) басшылары жыл сайын мектептерге демеулік көрсетіп отырады. Әрине, мұндай әрекеттің нәтижесі де бар: волейболистер командасы аудандық жарыстарда, тек қана жүлделі орындар иеленеді.

Жастардың демалысы үшін жағдай жасалған. Селолық округте коммуналдық кәсіпорын «Досуг» (Джаббарова Р.К.), жұмыс істейді Бородино с. клубы (Машибаева В. К.) демалыс кештерін, дискотекалар, музыкалық жетекшілер жұмысістейді, үстел ойындарын өткізу мүмкіндіктері бар, Кремнюха ауылы мектебінде кітапхана және барлық мәдени шаралар өткізіледі. Негізгі кітапханада кітап қоры жыл сайын толығып отырады.

«Никольск - 1» ЖШС, «Бородино ЖШС», «Уралов»Ш/Қ күшімен селоның ішкі көшелері тазартылып отырады.

Никольск ауылы сумен қамтамысыз етілген, Бородино с. «Бородино» ЖШС қарамағында, Кремнюхада 2012 жылы «Гульмира» ш/қ күшімен сумен қамтамасыз ету қалпына келтірілді. 2010-жылы қаржыландыру бөлімінің бұйрығымен сумен қамтамасыз ету әкім аппараты қарамағына берілді 2011 -жылы нысандардың төлқұжатын жөндеу және хаттау Зырян ауданының қаржы бөлімі жүргізді.

Никольск ауылы сумен қамтамасыз ету жүйесін жөндеу және қызмет көрсетумен «Никольск-1»ЖШС және «Улар», ЖШС Бородино с. «Бородино ЖШС», Кремнюха селосы тұрғындарының арасынан жеке серіктестік құрылып, жұмыс істейді.

Бақылауда тұрған, шешілмеген мәселелер, Никольск және Кремнюха ауылы сумен қамту жүйесін, әкім аппарат ММ ғимратының техникалық құжаттарын рәсімдеу, ТҚҚ және мұсылман зираты жобаларын рәсімдеу, Зыряновск-Никольск- Кремнюха маршруты бойынша автобус қатынасын жандандыру.




Никольск селолық округінің әкімі Нургазин М. С.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет