Нивелирлердің заманауи түрлері



Дата16.03.2023
өлшемі0.98 Mb.
#470871
Альходжаева Каракат 1срс


География және табиғатты пайдалану факультеті

Жерге орналастыру мамандығы


1 курс студенті: Альходжаева Қарақат Жандосқызы


Тексерген: Алимсеитова Жанар Кенесхановна


Студенттің өзіндік жұмысы(СӨЖ)




Нивелирлердің заманауи түрлері


Нивелир - екі нүкте биіктіктердің айырмашылығын анықтауға арналған геодезиялық аспап ; көлденең нысаналау сәулесі мен осы нүктелерде тік орнатылған рейка көмегімен қолданылады.


Құралымының негізгі типтері бойынша нивелирлерді цилиндирлік деңгейлі нивелир және компенсаторы нивелир деп екі топқа бөледі, соңғыларында нысаналау сызығы горизонталь жағдайға автоматты түрде келтіріледі. Дәлдігі жөнінен нивелирлер, негізінен, І және ІІ класты нивелирлеуге арналған өте дәл, ІІІ және ІV класты нивелирлеуге арналған дәл нивелирлер, зерттеу және құрылыс жұмыстарына арналған техникалық нивелирлер деп бөлінеді. Н-05 — оптикалық микрометрлік жоғары дәлдікті нивелир, биік айырымды 1 км-лік екі мәрте жүрісте 0,5 мм-ден арпайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған. Н-3, Н-3К, Н-3Л нивелирлері — дәл, 1 км екі мәрте жүрісте биік айырымды 3 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған, дәл аспаптар. Инженерлік-геодезиялық зерттеулерде, ІІІ және ІV кластық нивелирлеу кезінде қолданылады. Н-10, 2Н-10Л, Н-10К, Н-10КЛ нивелирлері — 1 км-лік екі мәрте жүрісте биік айырымды 10 мм-ден аспайтын орташа квадраттық қателікпен анықтауға арналған техникалық нивелирлер. Олар құрылыста, инженерлік-геодезиялық зерттеулерде және топографиялық түсірістерде биіктік шама негіздерімен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қазіргі кездегі нивелир аспаптарында дүрбінің осін горизонталь жағдайға келтіру деңгейі арқылы тексеріледі немесе авторедукциялық компенсаторлар арқылы өздігінен жасалады. Қалаларды пландауда, темір жолдар салуда, су жүретін трубаларды жүргізуде де ниверлеудің маңызы өте күшті. Ниверлеу көп еңбек сіңіруді керек қылатын жұмыс, сол себепті бұл жұмыс автоматтандырылды.

Нивелирлік белгілер – геометриялық нивелирлеу пункттерін жергілікті жерде белгілеу және бекіту үшін орнатылатын белгілер. Нивелирлік белгілер тұрақты және уақытша, сондай-ақ іргетастық және грунттық реперлер , қабырғалық және шойын маркалар мен реперлер және т.б. болып бөлінеді.








Оптикалық, лазерлік және цифрлы электрондық нивелирлер 


Оптикалық нивелирлер – ең көп таралған аспаптар. Олардың әртүрлілігі қолдану аумағының кеңдігіне байланысты: құрылыста және жабдықтарды монтаждауда, мемлекеттік нивелирлік тораптарды құруда кеңінен қолданыс табады. Мемлекеттік стандарт бойынша нивелирлер: техникалық, дәл және дәлдігі жоғары болып үшке бөлінеді.

3Н2КЛ,3Н3КЛ, 3Н5Л, Н-05 – нивелирлері


3Н5Л – цилиндрлік деңгей және горизонталь лимбасы бар техникалық нивелир. Орташа квадраттық қателігі 4 мм, тура бейне береді, ұлғайтқыштығы 20х, ең кіші нысаналау арақашықтығы – 1,2 м, жұмыс диапазоны ± 15', салмағы 1,4 кг. 3Н2КЛ – нивелирі горизонталь лимбасы бар дәл автоматтандырылған нивелир. Биік айырымды анықтаудағы орташа квадраттық қателігі: микрометрлі саптамамен – 1 мм, саптамасыз - 2 мм. Тең, дүрбісі тура бейнені көрсетеді , жұмыс диапазоны ± 15, салмағы 2 кг. 3Н3КЛ – горизонталь лимбпен жабдықталған техникалық автоматты нивелир. Комплектіне: нивелирдің өзі , инструкциясы, паспорты, алып жүруге лайықталған қапшығы кіреді.





Цифрлы нивелирлер – осы күнгі көптеген қызметтерді атқаратын геодезиялық аспап, ол дәлдігі жоғары оптикалық нивелирден электронды мәліметті сақтап қоятын құрылғыдан және алынған нәтижелерді өңдейтін бағдарламамен қамтамасыз етілген жабдықтан тұрады. Басқа нивелирлерге қарағанда цифрлы нивелирлердің басты айырмашылығы - ол ішінде орналасқан электронды құрылғы. Электронды құрылғы арқылы арнайы рейкадан өте жоғары дәлдікпен есеп алуға болады.
Цифрлы нивелирлерді қолданғанда жеке басының қателіктері жойылады және өлшеу процесі жылдамдатылады. Өлшеу үшін аспапты рейкаға нысаналап, бейнені фокустап есеп алу кнопкасын басса жеткілікті. Аспап өзі өлшеулерді автоматты түрде жүргізеді, алынған нәтижелер мен рейкаға дейінгі арақашықтықты электронда көрсетеді. ДіNі электронды нивелирлеріндегі алдыңғы қатарлы технологиялар мен қолайлы интерфейсы жұмыстың сапасы мен өнімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады.
DiNi 12 және DiNi 12T электронды нивелирлері биік айрымдар мен арақашықтықтарды дәл өлшеудің ең жақсы құралы. DiNi 12T нивелирінің DiNi 12-ден айырмашылығы, онда бұрыш өлшеу үшін қажет горизонталь лимбаның орнатылғандығы. DiNi 12 және DiNi 12T аспаптары нивелирлік жүрістерді есептеуге және теңестіруге мүмкіндік береді. Цифрлы DiNi 22 нивелирі дәлдігі төмендеу жұмыстарды жүргізгенде қолдануға лайықталған (4-сурет). 
DiNi 12 цифрлық нивелирі және кодты рейкасы


Ішкі бағдарламалық жабдығында: биіктіктерді нивелир жүрістерінің орнын жобадан жергілікті жерге көшіру, жүрісті теңестіру бар, ал DiNi 12T аспабында нүктелердің координаталарын анықтайтын электронды тахеометрдің режимі де бар. Аспаптың комплектіне: электрондық нивелир 1-аккумулятор, жадында сақтайтын IMBPCMCIA SRAM картасы (бұл тек DiNi 12 және 12T аспаптары үшін), зарядтық құрылғы, түзетпе жабдықтары , мәліметтерді беру бағдарламасы, пайдаланушыға нұсқау, қапшығы кіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет