2. Мәмілелерді куәландыру
35. Нотариус тараптарға олар табыс еткен мәмілелер жобасының мазмұны мен мағынасын түсіндіреді, сондай-ақ оның мазмұны тараптардың шын ниеттеріне сәйкес келетінін және заң талаптарына қайшы келмейтінің тексереді.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 36-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36. Кәмелеттік жасқа жетпеген немесе қорғаншы немесе қамқоршысы бар басқа тұлғалардың мүлкінің кемуіне әкеп соқтыратын кез-келген мәмілелерді жасаған кезде осындай мәмілені жасауға қорғаншы және қамқоршы органның келісімін талап ету қажет.
37. Мемлекеттік тіркеуден өткен жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шарт бұзылған жағдайда нотариус шартты бұзу туралы келісімді куәландырады.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 38-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38. Мемлекеттік тіркеуден өткен жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру туралы шартты бұзу туралы келісімді нотариус жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманың негізінде шарт бұзылған сәтте куәландырады, оны қағаз нұсқасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде тіркейді және құқық белгілейтін құжатты мүліктің иесіне қайтарады, келісімнің данасының көшірмесі шартқа қоса тігіледі.
39. Тіркеуші органда тіркеуден өтпеген шарт оның барлық даналарында, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде жазба жасау арқылы тараптардың бірлескен жазбаша өтініштері негізінде бұзылады.
Бұл ретте құқығын белгілеуші құжаттар мүлікті иеленушіге қайтарылуы тиіс. Тараптардың қалауы бойынша нотариус шартты бұзу туралы келісімді куәландырады.
Көрсетілген шарттарды бұзған кезде бұрын алынған мемлекеттік баж және осы шарттарды куәландыру үшін құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтердің төлемдері тараптарға қайтарылмайды.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 40-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40. Сыйға тарту шартында егер сыйға тартушы сыйлық алушыдан кейін тірі қалатын болса, сыйға тартудың күшін жою құқығы көрсетілуі мүмкін.
Бұл ретте, сыйлық алушы қайтыс болған жағдайда нотариус сыйға тартушының жазбаша өтініші бойынша құқықты белгілеуші құжаттарды сыйлық алушының қайтыс болғаны туралы куәліктің негізінде қайтарады. Өтініш пен сыйлық алушының қайтыс болғаны туралы куәлік нотариустың істерінде сақталатын сыйға тарту шартының данасына қоса тіркеледі. Сыйға тарту шартының барлық даналарында, сондай-ақ тізілімде сыйға тартуды жойғаны туралы белгі жасалынады.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 41-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41. Соттың заң күшіне енген шешіміне сәйкес мәміле жарамсыз деп танылған кезде, нотариус бұл туралы нотариалдық әрекеттерді тіркеу тізілімінде, БНАЖ электрондық тізілімінде белгі қояды, сот шешімінің көшірмесін қоса тіркейді және құқықты белгілеуші құжаттарды мүлік иесіне қайтарады.
42. Мәмілелердің мазмұны баяндалатын құжаттар данасының саны нотариаттық іс-әрекет жасауға өтініш берген адамдардың санымен белгіленеді, бірақ екі данадан кем болмауы тиіс, құжаттардың бір данасы нотариустың ісінде қалады.
3. Мүлікті иеліктен айыру туралы шарттарды куәландыру
43. Меншік иесінің ортақ бірлескен меншіктегі немесе үлеске меншік құқығындағы мүліктің үлесін алуы барлық қатысушылардың келісімімен жүргізіледі. Нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәмілелерді жасау кезінде нотариус мәмілелерді жасауға ортақ бірлескен меншіктің басқа қатысушыларының келісімі туралы өтінішті талап етуге міндетті.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 44-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
44. Жұбайлардың біреуі жұбайлардың ортақ мүлкіне билік ету жөніндегі мәміле жасасқан кезде, егер неке шартымен мүліктің өзге тәртібі белгіленбеген болса, екіншісінің келісімі керек болады.
Жұбайлардың некеге дейінгі кезеңде өтеусіз мәміле негізінде алған немесе мұраға алу тәртібімен алғанды қоспағанда, сондай-ақ жұбайлардың неке шарты негізінде бөлек меншік ретіндегі жұбайына тиесілі болған мүліктерді қоспағанда, жұбайлардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені және белгіленген тәртіппен нотариаттық куәландыруды және (немесе) тіркеуді талап ететін мәмілені жасасу үшін жұбайлардың екіншісінің нотариаттық куәландырылған келісімін не иеліктен айыруға жататын мүлік иесінің некеде тұрмайтыны туралы өтінішті талап ету қажет. Соңғы жағдайда нотариусқа неке шарты ұсынылды.
Бұл туралы шарт мәтініне мүлік жұбайының келісімі негізінде иеленіп жатқандығы, мүлік иесінің тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы, айы, күні толық көрсетіледі, не болмаса, мүлік иесі шартты жасау кезінде некеде тұрмайтындығы, ал неке шарты болған жағдайда неке шартын куәландырған нотариустың тегі, аты, әкесінің аты, куәландырған күні және орны тізілім нөмірі мен мүліктің құқықтық тәртібі көрсетіледі.
Жұбайлардың некелік қарым-қатынастарын нотариус неке туралы куәлік бойынша тексереді, бұл туралы өтініште белгі жасайды және куәліктің нөмірін және берілген күнін, құжатты берген органның атауын көрсетеді.
Мүлік иесі берген сенімхаттың негізінде мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілені куәландырған кезде, егер оған осы нотариаттық іс-қимылды жасауға уәкілеттік берілген болса, сенім білдірілген өкілден некелік қатынасының жоқтығы туралы өтініш алынады.
Егер жұбайының біреуі Қазақстан Республикасында ықтиярхаты жоқ шетелдің азаматы болса, сондай-ақ неке шартында жұбайлар арасында бөлінетін меншік режимі белгіленбеген болса, (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 23-бабында көрсетілген) пәтерлер, тұрғын үйлер, жер учаскелерін сатып алу жөніндегі шарттар («Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы), нотариаттық куәландыруға жатпайды.
45. Егер мүлікті иеліктен айыруға келісім өтініште мүліктің кімге иеліктен айырылып жатқаны, оның бағасы мен басқа да шарттары көрсетілген жағдайда нотариус осы шарттардың сақталуын тексереді.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 46-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
46. Ортақ үлестік меншіктің үлесі сатылған кезде нотариус Кодекстің 216-бабының нормаларын басшылыққа алады.
Ортақ үлестік меншіктің басқа қатысушыларын үлесінің сатылатыны туралы хабарлаудың дәлелдемелері мыналар болып табылады:
1) ортақ үлестік меншік қатысушысының басымдықты сатып алу құқығынан бас тарту, қолтаңбасының түпнұсқалы екендігі нотариалды куәландырған өтініші;
2) қолтаңбасының түпнұсқалығы нотариалды куәландырылған, нотариусқа ортақ үлестік меншік қатысушыларын үлесті сату ниеті туралы хабарландыру үшін берілген үлесті сатушының өтініші, сондай-ақ осы өтініш ортақ үлестік меншік қатысушысына берілген пошталық немесе өзгедей хабарлама.
47. Жер учаскесіне меншік құқығын (жерді пайдалану құқығын) тиісті иеліктен айырусыз жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен айыруға жол берілмейді.
48. Жылжымайтын мүлікті иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус жер учаскесіне құқығын белгілейтін, сәйкестендіру құжаттарын талап етеді және жер учаскесін меншіктенушінің (жерді пайдаланушыны) оған тиісті құқықтарды иеліктен айыру жөніндегі өкілеттіктерін айқындайды.
Бұл ретте нотариус құқық иесі туралы және құқығын белгілеуші құжатында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді құқық иесі болып табылатын жеке тұлғалардың жеке бастарын куәландыратын құжаттарымен немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерімен және объектінің техникалық паспортымен салыстырып тексереді.
Олардың мәліметтері өзгерген жағдайда «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес міндетті мемлекеттік тіркелуі тиіс. Өзгерістерді тіркеу тіркеуші органның тиісті жазбасын құқықтық белгілеуші құжатта қою арқылы жүргізіледі және қолтаңба мен мөрмен бекітіледі.
Нотариус кондоминиум құрамында тұрған тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды иеліктен айырған кезде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын талап етпейді.
49. Нотариус мыналарды:
1) шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды (мемлекеттік емес) тұлғалардың тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізуге және орман өсіруге арналған жер учаскелерді (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 23-бабы);
2) шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, ауылшаруашылығы мақсатында шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 24-бабы) арналған жер учаскелерін;
3) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерді (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 23-бабының, 3, 4-тармақтары);
4) шетелдік жер пайдаланушыларға тұрақты жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 34-бабы);
5) егер жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті не оның кепілін белгіленген тәртіппен иеліктен шығаруға қатысты болғанда мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын (Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 39-бабы) иеліктен айыруды куәландырмайды.
50. Нотариус тараптарға жер учаскесін иеліктен алудың осы учаскеге ауыртпалық әкелмейтінін түсіндіреді (сервитут).
51. Нотариус жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландыру кезінде осы мүліктің тиесілігін құқықты белгілейтін құжаттың негізінде тексереді.
52. Бір жылдан аса мерзімге пайдалану құқығымен жылжымайтын мүлікті иеліктен алуға мына жағдайларда, егер:
1) мүлікті иеліктен алушы мен аталған құқық иегері арасындағы бір жылдан асатын мерзімге пайдалану құқығын беру туралы шарттың жағдайларымен осындай иеліктен алуға тікелей тыйым салмаса;
2) ауыртпалықты мүлікті иеліктен алуға бір жылдан аса мерзімге жылжымайтын мүлік құқығын пайдалану құқығына иегердің келісімі болса жылжымайтын мүлік меншік иесінің шартында мұндай келісім тікелей көзделген жағдайларда;
3) жылжымайтын мүлікті бір жылдан аса мерзімге пайдаланудың ауыртпалық құқығын сатып алушы нотариус арқылы алынатын мүлікті пайдалану құқығының барлығы және оның тоқтатылуы туралы хабарландыруға жол беріледі.
53. Бір жылдан аса мерзімге пайдаланудың ауыртпалық құқығымен жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарттың мәтінінде, шарттың мәні осындай құқық ауыртпалығын көтеретіні және сатып алушы құқықты пайдалану иесімен қарым-қатынаста иеліктен алушының құқықтық мұрагері болып табылатыны туралы белгі жасалады.
54. Нотариус мына шарттарды сақтай отырып, кепілмен (ипотекамен) ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шартын мына жағдайларда:
1) мұндай иеліктен алуға заң актілерімен, кепіл шартымен тыйым салынбаса және кепілдің болуынан туындамаса;
2) кепіл ұстаушының жазбаша келісімі болғанда;
3) кепіл ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікті сатып алушыны нотариус кепіл шартының шарттарымен хабарландырғанда куәландырады.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 55-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
55. Кепіл ауыртпалығы бар жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы нотариаттық куәландырылатын шарт мәтінінде шарт мәні кепіл ауыртпалығы бар екендігі туралы белгі соғылады.
Нотариус кепілі бар мүлікке меншік құқығын иеліктен айыру мүлікті иеленуші үшін барлық міндеттердің ауысатынын түсіндіреді.
56. Құқық белгілейтін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада көрсетілген мүліктің техникалық сипаттамасы туралы мәліметтер иеліктен айыру сәтіндегі жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмесе, нотариус осындай өзгерістердің тіркелгенін растайтын құжатты талап етеді.
57. Нотариус өмір бойы асырау шартын Кодекстің 530-539-баптарына сәйкес куәландырады.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 58-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
58. Айырбастау шартын нотариус тараптардың таңдауы бойынша жылжымайтын мүліктің кез-келген объектісінің тұрған жері бойынша куәландырады, бұл ретте нотариус ауыртпалықтың жоқ екендігі фактісін анықтайды.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 59-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
59. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктi иеліктен айырған кезде (үлескердің тұрғын құрылыста қатысу үлесі туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру шартын куәландыру) нотариус мыналарды:
1) мүліктің меншіктенушіге тиесілі екендігін растайтын құжаттары;
2) «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган берген заңды, жеке тұлғаны, жеке кәсіпкерді салық төлеуші ретінде тіркеген жері бойынша жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзіндісін;
3) құрылыс салушының үлестік қатысу шарты бойынша толық есебі туралы, оның ішінде мүлікті меншіктенуге беру туралы құжатқа қол қоймағаны, құрылыс салушының иеліктен айыруға келісімі туралы мәліметтерді;
4) тараптардың жұбайларының осы мүлікті иеліктен айыруға (егер ол бірлескен некеде тұрған кезінде сатып алынған мүлік болса) немесе иеленуге нотариаттық куәландырылған келісімі немесе меншік иесінің және (немесе) сатып алушының иеліктен айыратын мүлікті сатып алған кезде некеде тұрмағаны не болмаса тұрғандығы туралы нотариаттық куәландырылған өтінішті талап етеді.
Осы Ереженің 59-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжат шартты куәландырғаны туралы белгісімен иеленушіге қайтарылады, оның көшірмесі нотариустың сақтауында қалдырылады.
Тараптар беру актісін немесе үлестік құрылыс объектісін беру туралы өзге құжатына қол қойғанға дейін олар шарттың бағасын төлеген соң ғана үлестік құрылыс қатысушысының шарт бойынша талаптар құқығын басқаға беруіне жол беріледі.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 60-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
60. Жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес ауыртпалықтың бар/жоқ екендігі туралы уәкілетті органның анықтамасын талап етеді.
Егер жылжымалы мүліктің тиесілігі міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын болған жағдайда, қандай-да бір құжатпен анықталмаса, шарт мәтініне оның тиесілігін тараптардың айтуы бойынша көрсетеді.
61. Көлік құралын иеліктен айыру шартын куәландырған кезде нотариус мыналарды талап етеді:
1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
2) тіркеуші органдардың кепілдерінің және өзге де ауыртпалықтарының жоқ екендігі туралы анықтамасы не тіркеуші органның көлік құралын тіркеуден шығарғаны туралы белгісі;
3) тараптардың жұбайларының иеліктен айыруға (егер ол бірлескен некеде тұрған кезінде сатып алынған мүлік болса) немесе осы мүлікті сатып алуға нотариаттық куәландырылған келісімі немесе меншік иесінің және (немесе) сатып алушының иеліктен айыратын мүлікті сатып алған кезде некеде тұрмағаны туралы нотариаттық куәландырылған өтініші.
62. Жеке меншіктегі жылжымайтын мүлікті ақысыз пайдалануға не жалға беру туралы шарттарды куәландыру кезінде нотариус жылжымайтын мүлікке құқықтарын белгілейтін құжатын талап етеді.
Бұл ретте нотариус істе құқығын белгілейтін құжаттардың көшірмелерін қалдырады.
63. Заттай құқық негізінде жалға берушіге жататын мүлікті өтеусіз пайдалану немесе бір жылдан астам уақытқа жалдауға беру туралы шарт мемлекеттік тіркелуі тиіс.
Бұл ретте, нотариус шартты мемлекеттік тіркеу қажеттігі туралы түсіндіреді, ол туралы шарттың мәтінінде атап өтеді.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 64-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
64. Ортақ меншіктегі үлесте тұрған мүлікті уақытша ақысыз пайдалану немесе жалға беру мүліктің барлық иелерінің келісімі бойынша жүргізіледі.
65. Қосалқы жалға алу, бірге жалдау, кейінгі жерді өтеусіз пайдалану мерзімі жалға беру, жалдау, бастапқы жерді пайдаланудан аспауы немесе одан кейін тоқтатылмауы тиіс.
66. Жылжымайтын мүлікке тыйым салынған жағдайда нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартады, ол жөнінде нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
67. Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын және жылжымалы мүлікті иеліктен айыруды куәландырған кезде нотариус шарттың мемлекеттік тіркеудің қажеттігін түсіндіреді, ол жөнінде шарттың мәтінінде белгі жасайды.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 68-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
68. Кепіл шартын куәландырған кезде нотариус Заңның 75-бабының 2-тармағына сәйкес жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тіркеу органдарында мүлікті иеліктен айыруға тыйымның салынғаны туралы кепіл туралы шарттың көшірмесін қоса тіркей отырып, хабарлайды.
Бұл туралы кепіл шарт мәтініне мүлік жұбайының келісімі негізінде салынып жатқандығын оның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы және жері, не болмаса кепіл беруші мүлікті иеленген уақытта некеде тұрмағандығы туралы, ал егер неке шарты болған жағдайда неке шартын куәландырған нотариустың аты, тегі, әкесінің аты, куәландыру уақыты, тізілім нөмірі және мүліктің құқықтық реті көрсетіледі.
4. Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландыру
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 69-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
69. Нотариус жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ортақ (бірлескен немесе үлестік) меншігіндегі мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттарды куәландырады.
Нотариус тараптардың келісімімен белгіленген ортақ мүлікті пайдалану тәртібі туралы шартты куәландырады. Дау болған жағдайда нотариус сотқа жүгіну тәртібін түсіндіреді.
70. Әрбір қатысушыға қатысты пайдалану тәртібі туралы шартта оның техникалық құжаттамаға сәйкес пайдалануға құқылы жылжымайтын мүліктің нақты бөлігі, олардың реттік нөмірі мен мөлшері көрсетіледі.
Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шартты куәландыру кезінде тараптар жер учаскесін пайдалану тәртібін айқындап та, айқындамай да жер учаскесіндегі тұрғын үйді пайдалану тәртібін белгілеуге құқылы.
Мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарттың пайдалану тәртібі белгіленетін ортақ мүліктегі үлесті сатып алушы тұлға үшін міндеттейтін күші болады.
71. Жылжымайтын мүлікті пайдаланудың тәртібі туралы шарт дербес құқық белгілеуші құжат болып табылмайды, ол құқық белгілеуші құжатқа қосымша ретінде жүреді және заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге жатады.
72. Егер ортақ (үлестік немесе бірлескен) меншікке қатысушылар ортақ меншік тәртібін тоқтатқысы келсе, нотариус оларға мүлікті пайдалану тәртібі мен мүлікті бөлу шартын бекітудің құқықтық салдарының айырмашылығын, сондай-ақ соңғының жасалу шарттары мен тәртібін түсіндіреді.
5. Мүлікті бөлу туралы шартты куәландыру
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 73-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
73. Нотариус ортақ (бірлескен немесе үлестік) меншіктегі мүлікті бөлу туралы шарттарды куәландырады.
Ортақ мүліктің бөлек (жеке) меншікке ауыстырылу шарты мүліктің бөлінетін бөлігін құқықтың дербес нысаны ретінде қарау мүмкіндігі болып табылады (Кодекстің 218, 221-баптары).
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен 74-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
74. Тұрғын үйді (пәтерді) сол тұрған қалпында бөлу үй-жайдың тұрғын жайы да, қосымша жайлары да бөлінгеннен кейін уәкілетті органымен берген ұсынылған құжаттарға сәйкес бірнеше тұлғаның ортақ меншігінде (пайдалануында) қалмайтын болады. Бөлінген бөлікте (бөліктерде) жеке есік шығарудың және қажетті қосымша үй-жаймен қайта жабдықтаудың техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайларда, нотариус мүдделі адамдарға олардың мүлікті пайдалану тәртібі туралы шарт жасауы мүмкіндігі туралы түсіндіреді.
75. Ортақ меншікке қатысушылар арасындағы келісім бойынша тұрғын емес үй-жайды бөлу шартын бекіту кезінде ортақ пайдаланудағы басқа да орындар (дәліздер, баспалдақтар және т.б.) қалдырылуы мүмкін.
ҚР Әділет министрінің 2012.13.12. № 406 бұйрығымен
Достарыңызбен бөлісу: |