Новый документ



Pdf көрінісі
Дата01.06.2022
өлшемі49.32 Kb.
#458889
Новый документ



16.
Тіл
Бақылау
Өңдеу
1965 жылғы шаруашылық реформасы. 60-жылдардың ортасында кеңес экономикасын
барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформаларын
жүргізе бастады. Бұл бір уақытта бірнеше саланы - енеркəсіп, құрылыс, ауыл
шаруашылығын қамтыған, соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта
ұйымдастырудағы ең, ірі шаралар болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің
төрағасы A.Н.Косыгин бастаған реформашыл күштер экономиканы басқарудағы
əкімшілдікті сынай отырып, өнеркəсіпті басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды,
өнеркəсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құруды ұсынды.
Кəсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп əдісі кеңінен ене бастап,
қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан
марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. 1965
жылы алтыншы шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы өнеркəсіпті басқару
жүйесіне өзгерістер енгізу мен бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру
жөнінде заң қабылдады. Мұның соңынан осындай қаулылар мен заңдарды
республикалық басқару органдары қабылдады. Осыған сəйкес өзгерістер Қазақ КСР
Конституциясының мəтініне де енді. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР халық
шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың совнархоздары таратылды.
Республикада бірқатар одақтық-республикалық салалық министрліктер (түсті
металлургия, геология, мелиорация мен су шаруашылығы т. б.) құрылып, құрылыс
материалдары, орман, целлюлоза-кағаз жəне ағаш өңдеу, тамақ өнеркəсібі
кəсіпорындары біріктірілді.
Ғылыми-техникалық прогресс. Бұл шаралар елдің əлеуметтік-экономикалық
дамуындағы қолайсыз бағытта өрістеуін белгілі бір уақытка тежеп, экономикадағы
хал-ахуалды жаксарту үшін жаңа алғышарттар калыптастырды. Мұндай қажеттілік
60-жылдардың бас кезінде, КСРО қуатты экономикалық жəне ғылыми əлеуетке ие
болған кезде пісіп-жетілді. Ғылымның дамуының ерекше жетістігі - 1961 жылы 12
сəуірде Ю.А.Гагариннің адамзат тарихында алғаш рет гарышқа сапар шегуі болды. Бұл
тарихи оқиға экономиканы ғылыми-техникалық революцияның жетістіктеріне сүйенген
ғылыми- өнеркөсіптік өндіріске көшіруді бастаудың кажеттігін көрсетті. Бұл окиғаның
құрметіне казақтың жас ақыны Олжас Сүлейменов «Адамға табын, Жер, енді!» атты
поэмасын жазды.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік ғылыми-техникалық Комитет
республиканың Мемлекеттік Жоспарлау комитетімен (Госплан) бірге өнеркəсіп
салаларында жаңа техниканы енгізу жоспарын жасады. Жаңа техниканы еңгізу
жоспарлары əрбір кəсіпорында да түзілді. Асығыс түрде техникалық прогреске жəрдем-
десу жөніндегі арнайы комиссиялар құрыла бастады. Олар өндірістік процестерді
механикаландыру мен автоматтандыру жоспарларының орындалуын бақылауға тиіс
еді. Осы мақсаттар үшін ғылыми-техникалық коғамдар, конструкторлық бюролар,
өндірістік кеңестер құрыла бастады. Өнертапқыштар мен жаңашылдар жұмысы
серпінділік алды. Олардың қызметін жаңдандыру үшін сыйақы қоры құрылды.


Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының бірі - өндірісті электрлендіру деп
танылды. Жұмыс істей бастаған Қарағандының 2-ГРЭС-і мен Бұқтырма СЭС-тері
жоғарғы техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен ерекшеленді. Ұзындығы 45 мың
км-ден астам электр тасымалдаудын, жоғары қуатты желілері республиканы барлық
бағыттар бойынша көктей қиып өтті. Салаларды техникалық жағынан қайта
жарақтандыру көмір өнеркөсібінде де енгізілді. Көмір өндірудің барлық процестері
негізінен механикаландырылды. Қондырғыларды автоматтандыру «Қарағандыкөмір»
комбинатында 2700 адамды босату мен комбинат бойынша еңбек өнімділігін 6%
арттыруға мүмкіндік берді. Екібастұз көмір кесіндісі ірі кен өндіретін кəсіпорынға
айналды. Мұнда көмір əндіру ашық əдіспен жүзеге асырылып, жұмысқа қуатты
экскаваторлар пайдаланылды. М.И.Калинин атындағы Шымкент ұсталық-сығымдау
(пресс) қондырғылары зауытының, жұмыс технологиясы жақсартылды. Озық
технологиялық процестерді дайындау мен оны өндіріске еңгізу үшін 1965 жылы
Ащысай полиметалл комбинаты жұмысшылары мен республика ғалымдарының үлкен
бір тобына Лениндік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. Мұнай өндіру, мұнай өңдеу,
іздестіру-барлау жұмыстарының технологиясы тұтастай өзгерді. Техникалық прогресс
өнеркəсіптің басқа салаларын да қамтыды.
Өнеркəсіптің даму қарқыны. Техникалық прогрестің негізінде республика үшін
өнеркөсіптің жаңа салалары дами бастады. Республика титан, магний, синтетикалық
каучук, полиэтилен, көтергіш крандар шығара бастады. Өскемен конденсатор жəне
Кентау трансформатор зауыты, Семей кабель зауыты тəрізді электротехникалық
машина жасаудың ірі кəсіпорындары қатарға қосылды. Павлодар машина жасау
зауыты трактор зауыты болып қайта құрылды. Химия өнеркəсібі қуатты салаға
айналды. Маңғыстаудағы мұнай жəне газ кең орындарын игеру женінде ірі шаралар
жүзеге асырылды. 1965 жылы Өзен кен орны өзінің бірінші мұнайын берді.
Жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі жаңа кəсіпорындармен толықты. Алматы, Шымкентте
мақта-мата өнеркəсібі кəсіпорындары, ал Жезқазған, Семей, Ақтөбеде - тоқыма
фабрикалары іске қосылды. Азық-түлік енеркəсібі көсіпорындары Жамбылда (қазіргі
Тараз), Теміртауда өнім бере бастады. Бесжылдықта экономикалық күш-қуат едəуір
өсті. Өндірістік корлар екі еседен астам артты.
1965 жылғы шаруашылық реформасы бойынша жасалған қадамдар техникалық
жағынан қайта жарақтандыру, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі
мəселелерді шешуге ынталандырды. Кəсіпорын қызметін шамадан тыс бақылау
жойылып, шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие
тəрізді экономикалық тетіктер жұмыс істей бастады. Əрбір қызметкер мен бүтіндей
кəсіпорынды материалдық жағынан ынталандыруға баса назар аударылды.
1966 жылы Қазақстанда жоспарлаудың жаңа тəртібіне 11 өнеркəсіп орны, оның ішінде
Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент цемент зауыты, Алматыдағы «Жетісу»
аяқ киім фабрикасы т. б. көшті. Басқарудың жаңа формаларына өткен көсіпорындар
жоспарларын асыра орындай бастады, олардың қайтарымдылығы да артты. Сол кезде
шаруашылық жүргізудің мұндай формасына басқа кəсіпорындарды да көшіру жөнінде
шешім қабылданды. 1967 жылдың соңында онымен 193 көсіпорын, яғни
республикадағы барлык енеркəсіп орындарының 10%-ы жұмыс істеп, онда барлық
жұмысшылардың төрттен бір бөлігі қамтылды, олар жалпы өнеркəсіп өнімдерінің үштен


біріне жуығын өндірді. Келесі екі жылда 13 министрлік пен ведомство өз
кəсіпорындарын шаруашылық жүргізудің жаңа жүйесіне көшіруді толық аяқтады. 1970
жылға карай көсіпорындардың 80%-ынан астамы жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша
жұмыс істеді. Қолға алынған шаруашылық реформасы кəсіпорындар, құрылыс пен
көлік жұмысын жандандыра түсті.
1970 жылға қарай КСРО халық шаруашылығында көмір жəне темір кенін өндіру, болат
балқыту мен қара металдарды прокаттаудың меншікті үлесі өсті. Республика қорғасын,
мыс пен титан өндіруден бүкілодақтың өнімнің басым бөлігін берді. Сол уақытта мұнай
өндіру мен химия өнеркəсібі жалпы одактық маңызға ие болды.
Жаңа енеркəсіп аудандарының қалыптасуы мен дамуы, жаңа кең орындарын игеру
жүзеге асты. Маңғыстау түбегіндегі мұнай кең орындарын игеру жылдамдатылған
қарқынмен жүргізілді. Каспий теңізінің жағасында, Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласының
жанында дүние жүзінде тұңғыш реəт су тұшытатын атомдық қондырғы орнатылды.
Республиканың жеңіл енеркəсібі тез қарқынмен дамып, тек бес жылдың ішінде жеңіл
жəне тоқыма өнеркəсібінің 14 ірі фабрикалары мен комбинаттары қатарға қосылды.
60-жылдардағы өнеркөсілтің даму қарқыны республика қартасында жаңа қалалардың
пайда болуына себепші болды. Жаңа қалалардың салынуы пайдалы қазбалар мен ірі
кен орындарымен байланысты еді. Бұрынғы жұмысшы кенттері қалаларға айналды
немесе Қостанай облысындағы Рудный қаласы, Маңғыстаудағы Ақтау қаласы тəрізді
қайтадан тұрғызылды. Қала тұрғызуда шешуші рөлді əр түрлі ведомстволар атқарды.
Пайдалы қазбаларды ендіру орындарында жұмыс істеу үшін елдің барлық түкпірінен
жұмысшылар тартылды. Нəтижесінде республиканың демографиялық жағдайы
бұрынғыданда қиындап кетті. Мəселен, 1959-1964 жылдары Қазақстанға жылына орта
есеппен 64 мың адам келген болса, 1965-1975 жылдары Қазақ КСР халық
шаруашылығына басқа республикалардан 115 мың адам келіп қосылды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет