Нұр Астана 2009 №14 9 сәуір Әсемдікті шүберекпен кестеледі



Дата04.03.2016
өлшемі14.95 Kb.
#39114
Нұр Астана 2009 № 14 9 сәуір

Әсемдікті шүберекпен кестеледі

Лэзиза ДОСОВА
Талғаммен киіну де өнер. Өйткені мәдениетті киініп, өзін әдемі ұстау кез келгеннің қолынан келе бермейді. Әсіресе, соңғы сәнмен киінетін жаңа толқынның талғамы ересектерге тым ерсі. Мүны кейінгі кезде жастардың атына бағытталған сын-ескертпелерден аңғару қиын емес.

Осы олқылықты тап басқан «Жас Отан» жастар қанаты өнерге «ен таққан» таланттылардың тұсауын кесті. Жасотандықтардың бастамасымен ұйымдастырылған «Жас дизайнерлер» байқауы «адам көркінің тікелей шүберекке» қатысты екенін тағы бір нақтылады.

Тұтастай 10 күнді қамтыған студент дизайнерлердің байқауы өткен сенбіде өз мәресіне жетті. Астаналық жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан тіркелген үміткер командалардың ішінде тек үздіктері ғана ақтық сынға жолдама алды.

Жүлделі орындарға бәс тіккен бес топтың бәсекесі тартымды өтті. Ақтық бәсекеде Қазақ Агротехникалық университетінің үш бірдей «Пеппи», «Роковые сети», «Іпзоіепзе» тобы мен Гуманитарлық колледждің «Наурыз», сондай-ақ Политехникалық колледждің «Сверкание» командаларымен өзара сынға түсті.

Әрине, қайсыбір жарыс болсын өз ісінің шеберін анықтайды. Ең үздік коллекцияларын ұсынған Агротехникалық университеттің «Іпзоіепзе», «Пеппи» және «Роковые сети» тобы жүлделі үш орынды езара бөлісіп, қалған үміткер командалар байқаудың ынталандыру жүлдесін қанағат тұтты. Байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

«Шаттық» коллекциясы бойынша «Томирис», «Бәйтерек», «Келіншек», «Шаттық» сынды он түрлі сән үлгісін ұсынған «Наурыз» тобының еңбегіне ерекше тоқталған артық болмас. Қазақтың ұлттық киімдерін жаңа үлгіде әзірлеп шыққан Астана қаласындағы Гуманитарлық колледждің дизайн кафедрасының 3-курс студенттері жүлделі орынға ілінбесе де, қарсыластарынан бір саты биік тұрды.



Бір сезбен айтқанда, «Жас Отан» жастар қанатының астаналық белімшесінің ұйытқы болуымен еткізілген байқау елімізде болашақ Юдашкиндердің қалыптасып келе жатқандығын байқатты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет