Lean Startup әдісі бастапқыда мінсіз өнім жасауға емес, өміршеңдігі ең төмен өнімді (MVP) шығаруға және клиенттерден олардың нақты қажеттіліктерін түсіну үшін тұрақты кері байланыс жасауға бағытталған. Егер бастапқы жорамалдар тәжірибемен расталмаса, онда олар қате және онда пивот (вираж) жасау – қозғалыс бағытын түбегейлі қайта қарау қажет. Мұндай тәсіл стартап ешкім қажет етпейтін өнім жасайды деген тәуекелді толық төмендетеді.
Негізін қалаушы Ник Суинмерннің адамдар интернетте аяқ киім сатып алады деген гипотезасынан басталған аяқ киімнің ең табысты интернет-дүкені Zappos – осындай стартаптың мысалы бола алады. Суинмерн бірнеше аяқ киім дүкендерінің ассортиментін суретке түсіріп және фотосуреттерді интернетте орналастыра отырып, өзінің болжамдарын тексеру үшін шағын зерттеулер өткізді. Егер клиент сайтта тапсырыс қалдырса, Суинмерн жай ғана дүкеннен аяқ киімді қалыпты баға бойынша сатып алып, оны сатып алушыға жіберді.
Канва бизнес-моделі
Lean Startup құралдарының бірі – Канва бизнес-моделі (business model canvas) немесе lean canvas. Бұл кәсіпкерлік жұмысының негізгі компоненттері мен үдерістерін көрсететін көрнекі сызбасы.
Александр Остервальдер жасаған Business Model Canvas кәсіпкерлікті бір парақта қарапайым және көрнекі түрде салуға көмектеседі. Шаблон кәсіпкерліктің басты элементтеріболып табылатын 9 блоктан тұрады. Олармәтіндер, стикерлер,суреттер немесе видеолардыпайдалана отырып толтырылады.
Сонымен, бұл кесте қалай толтырылады? Шын мәнінде, өте оңай. Өз моделіңізді логикалық тізбектер арқылы құрыңыз.
1. Басты құндылықтар
Біз клиенттің қандай мәселелерін шешеміз? Біздің ұсынысымызда не құнды?
Бұл блокта сіздің өз пайдаланушыларыңыз сатып алатын құндылықтарды атап өтуіңіз керек. Сіз өнімнің өзін емес, оның пайдаланушыларға нақты не беретінін, қандай мәселелеріншешетінін салуға көңіл қойыңыз. Мысалы, егер бұл машина болса, брендтің жылдамдығы, сенімділігі, танымалдығы құндылық болуы мүмкін.Клиенттіңнақты нені сатып алатынын және оның нені сатып алғысы келетінін бөлек көрсеткен жөн.Мүмкін ол өнімді өзіне қажет болғандықтан емес, жай ғана баламасы жоқболғандықтан сатып алатын шығар.Мүмкін, сіздің артықшылығыңыз – ассортимент емес, жайлылық немесе жеткізу шарттары шығар. Сіздің міндетіңіз – клиентті өз жағыңызға тартатын бастықұндылықтытабу.
Достарыңызбен бөлісу: |