НұСҚаулар «Энергетикалық жүйелер»



бет1/5
Дата28.03.2024
өлшемі143.5 Kb.
#496729
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5
МУ лаб. ТОЭ2 каз (1)


Қарағанды техникалық университеті


«Энергетикалық жүйелер» кафедрасы


«Электротехниканың теориялық негіздері 2»
ПӘНІНДЕГІ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМІЛІК НҰСҚАУЛАР

«Энергетикалық жүйелер» кафедрасының отырысында талқыланды


«28» 08 2020 ж. №1 хаттама

Кафедра меңгерушісі м.а. Е.Г. Нешина «28» 08 2020 ж.



1 зертханалық жұмыс «Электр тізбегінің элементтері және электрлік өлшемдерді өлшеу»
Жұмыстың орындалу жоспары:

  1. Зертханалық стендтің П1 панелінде орналасқан электр тізбегінің элементтерін зерттеп білу (№ 70 зертханалық жұмыс).

  2. Б5-44А тұрақты ток көзінің басқару органымен және сыртқы құрылысымен танысу (№ 70 зертханалық жұмыс).

  3. 4-сурет бойынша схеманы құрастырып, 1-кестеге сәйкес осы схема бойынша өлшеу жұмысын өткізу.

  4. 5-сурет бойынша схеманы құрастырып, 2-кестеге сәйкес осы схема бойынша өлшеу жұмысын өткізу.

Жұмысты орындалу тәртібі:
1. П1 панелді зертханалық стендта орналасқан электр тізбек элементтерін үйрену (зертханалық жұмыс № 70).
2. Ішкі қондырғылармен танысу және тұрақты тоқ Б5-44А көзіндегі бағыттау органымен танысу (зертханалық жұмыс № 70).
3. 4 сурет бойынша сұлбаны жинақтау және 1 кестеге сәйкес осы сұлбада өлшеу жүргізу.
4. 5 сурет бойынша сұлбаны жинақтау және 2 кестеге сәйкес осы сұлбада өлшеу жүргізу.
Жұмысты орындауға арналған нұсқаулар.
Стенді де Б5-44А екі тұрақты тоқ көзі бар, оларды ЭҚК ретінде қолдануға болады. Ол үшін оларды шығу кернеуді тұрақтандыру режиміне қосу керек. Бұл шығыстың кернеу шамасы 0 мен 24,5 В аралығында орнатуға болады. Бір ЭҚК бар схема үшін Е=20 В, екі ЭҚК бар схема үшін Е1 = 20 В, Е2 = 10 В қабылдауға болады.
Сызбаның алғашқы жинауы өлшеуіш аспаптарсыз жүргізіледі. Амперметр мен вольтметр тізбекке тең өлшеу сәтінде қолданылады. Тізбекке нөмірлері сызбада көрсетілген стендтің кедергілері жалғанад
1 кесте

Өлшенген

Есептелген

E, В

I , А

U2, В

U4, В

P1, Вт

P2 , Вт

Pобщ, Вт






















2 кесте

Өлшенген

Есептелген

E1,
В

E2,
В

I4,
А

I13,
А

I1,
А

PE1,
Вт

PE2, Вт

PR1, Вт

PR4, Вт

PR13Вт

Pобщ
Вт


































Бақылау сұрақтары:


1. “Тұрақты тоқ”, “айнымалы тоқ” ұғымдарына түсінік бер.
2. Кирхгоф заңы бойынша тармақталған электр тізбегіне қанша және қандай теңдеулер жазуға болады?
3. Күрделі электр тізбегінде қай энергия көзі генератор режимінде жұмыс істейді, ал қайсы қозғалтқыш режимінде істейтінін қалай анықтауға болады?
4. Айнымалы тоқ тізбегінде өлшеуіш өткізу үшін магнит электрлік жүйедегі құралды қолдануға бола ма? Егер болса оны қандай құралмен бірге қолдануға болады?
5. П1 зертханалық панелінде орналасқан элементтерді анықта. Кернеуге қосқан кезде оларда қандай физикалық процесстер жүреді?
6. Б5-44А тоқ көзіне жүктеме тура жалғаған кезде, қандай жоғарғы тоқ пайда болуы мүмкін?
7. Қандай тәртіп бойынша күрделі электр сызбалары жалғанады?

Ұсынылатын әдебиеттер



  1. Электротехника. Электростатикалық өріс. Электр және магнит тізбектері. Электротехникалық құрылғылар. Электр машиналары. Электроника негіздері. Электр энергиясын өндіру, тарату және тұтыну [Текст] : оқулық / А. Қ. Ахметов, Ә. А. Ахметова, Т. А. Қабақова ; ҚР білім және ғылым министрлігі. - Астана : Ақмола полиграфия, 2010

  2. Электр техниканың теориялық негіздері 1 [Текст] : оқу құралы студенттерге арналған / А. Д. Мехтиев, А. С. Өтегенова, П. Ш. Мади ; Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, "Энергетика" кафедрасы. - Қарағанды : ҚарМТУ, 2016

  3. Электр қауіпсіздігінің теориялық негіздері [Текст] : оқу құралы 5В071800 "Электр энергетикасы" мамандығындағы студенттерге арналған / А. Д. Мехтиев [и др.]. ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, "Байланыс жүйесінің технологиясы" кафедрасы. - Қарағанды : ҚарМТУ, 2012

  4. Электр тізбектерінің теориясы. Жаттығулар мен есептер [Текст] : оқу құралы күндізігі және сырттан оқитын 050703, 050704, 050702, 050718, 050719 мамандықтары студенттеріне арналған / Т. Д. Иманбекова, С. Б. Балабатыров ; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті. - Алматы : б.и., 2012

  5. З. Т. Түркебаева, А. К. Оразбекова, «Электротехниканың теориялық негіздері». І бөлім. 2011 ж. 122 б. КазАТУ полиграфиясы, Астана.

  6. З. Т. Түркебаева, А. К. Оразбекова, «Электротехниканың теориялық негіздері». II бөлім, 2011ж. 120б. КазАТУ баспаханасы, Астана

  7. Теоретические основы электротехники. Методические указания по выполнению контрольных и курсовых работ для студентов электротехнических специальностей Жаутиков Б. А. , Карманов С. Г. , Кочкин А. М. и др., КарГТУ, 2002.

.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары [1, 2, 3]


1. Негізгі электр параметрлерін, элементтерін және өлшемдерін анықтау және түсінігін үйрену.
2. Берілген зертханалық жұмыс бойынша электр өлшеуіш қондырғылардың жұмыс принципін үйрену
3. Негізгі электр өлшемдерінің техникалық өлшеулерін үйрену
4. Ом, Кирхгофтың 1-ші және 2-ші заңдарын үйрену.
5. [3] байланысты зертханалық жұмысқа қорытынды дайындау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет