Нұсқаулар пму ұс н 18. 2/05 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



Дата01.07.2016
өлшемі376.5 Kb.
#170599

Әдістемелік нұсқаулар




ПМУ ҰС Н 7.18.2/05
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Химиялық технология және жаратылыстану факультеті

География және туризм кафедрасы


050902 – Туризм мамандығы студенттеріне арналған
Рекреациялық география
ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Павлодар


Әдістемелік ұсыныстарды

бекіту парағы







ПМУ ҰС Н 7.18.1/05

БЕКІТЕМІН

Химиялық технология және

жаратылыстану факультетінің деканы

________________ Қ.Қ.Ахметов

«_____»____________20 ж.
Кұрастырушы: аға оқытушы Ерубаева Л.Ж. _____________

География және туризм кафедрасы


ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Рекреациялық география пәні
050902 – Туризм мамандығы студенттеріне арналған
Кафедра мәжілісінде ұсынылған «___» __________ 20 ж. №___хаттама
Кафедра меңгерушісі ___________________________ Калиева А.А.

Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған


«___» __________20 ж. № ___ хаттама

ОӘҚ төрайымы_________________________У.Д. Бүркітбаева



1. Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты - мемлекеттердің, оның ішінде ТМД елдерінің рекреациялық ресурстарымен туристік игеруімен және туризм саласының болашақ дамуымен және ғылымның терминологиялық және теориялық тұжырымдамаларымен таныстыру.
Пәнді оқытудың міндеттері:

  • пәннің теориялық негіздемелері және негізгі анықтамаларын (аймақтық рекреациялық жүйе, реғкреациялық аудандастыру) түсіндіру;.

  • аймақтардағы туризм дамуының қазіргі жағдайын бағалау және олардың ары қарай рекреациялық игеруін анықтау;

  • халықаралық және ішкі туризмнің қалыптасу мәселелерін талқылау.


Студент білу керек:

  • пәннің теориялық негіздемелері мен негізгі түсініктерді, терминдерді;

  • рекреациялық және туристік табиғатты пайдаланудың негіздерін;

  • туризм индустриясы және рекреациялық әс-әрекеттің ұйымдастыруының негіздерін;

  • рекреациялық және туристік іс-әрекеттің ерекшеліктерін;

  • халықаралық туризмнің аймақтық ұйымдастыруының негізгі заңдылықтарын.


Студент істей білу керек:

  • пәннің негізгі түсініктерін мен тұжырымдамаларын сыни тұрғыдан талдау;

  • дүние жүзінің туристік орталықтарының орналасуына әсер ететін шарттарын анықтау және бағалау;

  • туристік кәсіптегі модельдеу үшін геоақпараттық технологияларды қолдану;

  • халықаралық және ішкі туризмнің даму және негізгі туристік ағымдар қалыптасуы негізінде аймақтардың мемлекеттік рекрециялық ресурстарына анықтама беру;

  • кез-келген туристік рекреациялық аймаққа толық сипаттама беру;

  • туризм дамуының континенттік, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін талдау.


2. Пререквизиттер: Мамандыққа кіріспе, Экономикалық география, Экология және табиғатты пайдалану, Туризм инфрақұрылымы, Халықаралық туризм географиясы.

Пәннің тақырыптық

жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/07


3. Пәннін мазмұны


3.1. ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

р/с

Тақырып атауы

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Кіріспе

2

-

2

2

Рекреацияның негізгі түсініктері.

3

-

5

3

Рекреациялық іс-әрекет және рекреациялық әлеует.

2

5

10

4

Рекреациялық табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау.

2

-

10

5

Туризм анықтамасы және экологиялық туризм.

2

-

10

6

Рекреациялық аудандастыру.

2

5

10

7

Халықаралық туризм.

2

5

13

БАРЛЫҒЫ:

15

15

60


3.2. Теориялық курстың мазмұны:
1 тақырып. Кіріспе.

«Рекреациялық география» пәнінің нысаны, міндеттері және әдістері. Рекреациялық география географиялық ғылымдар жүйесіндегі орны. Рекреациялық географияның зерттеу нысанының ерекшеліктері. Рекреациялық географияның экономикалық және әлеуметтік географиямен байланысы. Рекреациялық географияның зерттеу әдістері: картографиялық әдіс. Рекреациялық географияның даму тарихы. Аймақтық рекреациялық жүйе - рекреациялық географияның негізгі объектісі.

2 тақырып. Рекреацияның негізгі түсініктері.

Рекреация: негізгі терминдер. Рекреация – рекреациялық географияның зерттеу объектісі. Рекреацияның мәні, функциялары. Рекреация және демалыс. Рекреацияның түрлері. Демалыстағы адамның іс-әрекетінің топтастырылуы. Рекреацияның әлеуметтік-экономикалық мәні. Дүние жүзіндегі рекреация дамуының жалпы беталыстары. Рекреация және бос уақыт. Жұмыстан тыс уақыт және оның қызметтері.

3 тақырып. Рекреациялық іс-әрекет және рекреациялық әлеует.

Кеңістік белсенді рекреациялық іс-әрекеттің эволюциясы. Рекреациялық іс-әрекеттің сипаттамасы. «Экскурсия» және «туризм»: олардың арақатынасы. Рекреациялық іс-әрекеттің, демалыстың түрлері. Рекреациялық іс-әрекеттің даму шарттары. Рекреациялық қорлар туристік әлеуеттің негізгі бөлігі. Рекреациялық қорлардың туризм дамуына әсер етуі. Рекреация және туристік ресурстар түрлері және ерекшеліктері. Рекреациялық туристік игеру.

4 тақырып. Рекреациялық табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау.

Рекреациялық және туристік жүйе. Туризм инфрақұрылымы. Туристік табиғатты пайдаланудың қызметтік үлгісі. Рекреацияға белгіленген жерлер. Рекреациялық пайдаланудың негізгі түрлері. Рекреациялық іс-әрекет және қоршаған орта: оң және теріс ықпалы. Рекреанттардың мінез-құлық, жүріс-тұрыс мәдениеті. Туризмдегі қоршаған ортаны қорғау шаралары. Табиғатты қорғау шараларының түрлері. Табиғи кешендердің рекреациялық жүктемесі және оны анықтау әдістемесі. Экология және туризм.

5 тақырып. Туризм анықтамасы және экологиялық туризм.

Туризмнің негізгі түсініктері. Экологиялық туризм анықтамасы. Экологиялық туризмнің негізгі мақсаттары мен міндеттері. Экотуризм түрлері – танымдық, спорттық, биосфералық. Экологиялық туризмңін даму стратегиясын жасау. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар – қорықтар, қорықшалар, ұлттық парктер және олардың мүмкіндіктері. Ұлттық парк ландшафттарының қалыптасу қағидалары. Ұлттық парктің түрлері – ландшафттық, орман, спорттық, балық аңлау, аңшылық, аквапарктер, агропарктер, табиғи-тарихи рекреациялық парктер.

6 тақырып. Рекреациялық аудандастыру.

Рекреациялық аудандастыру – туристік аймақтардың қалыптасу ретінде. Рекреациялық аудандастырудың факторлары. Рекреациялық аудандастырудың кезеңдері, әдістемесі. Аймақтардың игеру деңгейі мен туристік ағындардың қарқындылығы. Рекреациялық және туристік аудандастырудың таксономиялық бірліктері. Туристік аймақтар: олардың иерархиясы мен типологиясы. Туристік аймақтардың топтастырылуы.

7 тақырып. Халықаралық туризм.

Халықаралық туризм – ғаламдық әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде. Халықаралық туризмнің даму факторлары. Қазіргі туризмнің көлемі. Туристік сұраныс географиясы. Туризм географиясы: Еуропа, Америка, Азия-Тынық мұхиттық аймақ, Африка, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия. Әртүрлі туризм түрлерінің географиясы: іскери, діни, ғылыми, емдік, сауықтық. ТМД елдеріндегі халықаралық туризм: қазіргі жағдайы, мәселелері және болашағы, рекреациялық қорлары және рекреациялық аудандары.


3.3 Студеттердің тәжірибелік жұмыстарының мазмұны:

3 тақырып. Рекреациялық іс-әрекет және рекреациялық әлеует.



Тәжірибелік жұмыс № 1. Шетелдік Еуропаның рекреациялық әлеуеті

Еуропадағы халықаралық туризм: қазіргі жағдайы, мәселелері мен болашағы.

Шетелдік Еуропаның рекреациялық ресурстары және оларды бағалау.

Шетелдік Еуропа елдерінің қазіргі рекреациялық игеру аудандары.

Польшаның туристік-рекреациялық әлеуеті.

Чехия, Словакия және Венгрия мемлекеттерінің негізгі туристік және рекреациялық орталықтары.

3 тақырып. Рекреациялық іс-әрекет және рекреациялық әлеует.

Тәжірибелік жұмыс № 2. Шетелдік Азияның рекреациялық әлеуеті.

Шетелдік Азиядағы халықаралық туризм: қазіргі жағдайы, мәселелері мен болашағы.

Шетелдік Азияның рекреациялық ресурстары және оларды бағалау.

Шетелдік Азия елдерінің қазіргі рекреациялық игеру аудандары.

Оңтүстік-Батыс Азия елдеріндегі туризм және демалыс.

Жапония және Кореяның негізгі туристік-рекреациялық орталықтары.

6 тақырып. Рекреациялық аудандастыру.

Тәжірибелік жұмыс № 3. Рекреациялық аудандастыру.

Рекреациялық аудандастыру – аумақтар қалыптасуының үрдісі ретінде.

Рекреациялық аудандастыру үрдістерінің негізгі себептері мен кезеңдері.

Әр түрлі аумақтардың рекреациялық мамандандыруының қалыптасуы.

Табиғи ресурстар және аудандастырудағы олардың рөлі.

Рекреациялық аудандастыру үрдісінің тәжірибелік және теориялық мәні.

Рекреациялық аудандастыру әдістері, ғылыми проблемалар.

7 тақырып. Халықаралық туризм.



Тәжірибелік жұмыс № 4. Африканың рекреациялық географиясы.

Африкадағы халықаралық туризм: қазіргі жағдайы, мәселелері мен болашағы.

Африканың рекреациялық ресурстары және оларды бағалау.

Африка елдерінің қазіргі рекреациялық игеру аудандары.

Африкалық жерортатеңіздіктің (Тунис, Марокко, Алжир, Ливия, Египет) туристік әлеуеті.

Африканың аралдық мемлекеттерінің туристік-рекреациялық аудандары.

7 тақырып. Халықаралық туризм.

Тәжірибелік жұмыс № 5. Солтүстік Американың рекреациялық географиясы.

Солтүстік Америкадағы халықаралық туризм: қазіргі жағдайы, мәселелері мен болашағы.

Солтүстік Американың рекреациялық ресурстары және оларды бағалау.

Солтүстік Америка елдерінің қазіргі рекреациялық игеру аудандары.

АҚШ және Канаданың қазіргі рекреациялық игерілген аудандары.

Аляска – АҚШ-тәң болашақ туристік аймағы. Гавайи.

7 тақырып. Халықаралық туризм.

Тәжірибелік жұмыс № 6. Латын Америкасының рекреациялық географиясы.

Латын Америкасындағы халықаралық туризм: қазіргі жағдайы, мәселелері мен болашағы.

Латын Америкасының рекреациялық ресурстары және оларды бағалау.

Латын Америка елдерінің қазіргі рекреациялық игеру аудандары.

Кариб алабы елдеріндегі туризм және демалыс.

Мексика және Бразилия елдерінің туристік-рекреациялық әлеуеті: салыстырмалы сипаттамасы.

7 тақырып. Халықаралық туризм.

Тәжірибелік жұмыс № 7. Аустралия және Мұхиттық аралдардың рекреациялық географиясы.

Аустралия және Мұхиттық аралдардағы халықаралық туризм: қазіргі жағдайы, мәселелері мен болашағы.

Аустралия және Мұхиттық аралдардың рекреациялық ресурстары және оларды бағалау.

Аустралия және Мұхиттық аралдар елдерінің қазіргі рекреациялық игеру аудандары.

Аустралия және Жаңа Зеландияның негізгі туристік орталықтары мен курорттары.
3.4. СӨЖМ мазмұны




СӨЖМ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Жазбаша жұмыс

Сабаққа қатысуы

15

2

Тәжірибелік сабақтарына дайындық

Ауызша сұрау

Сабаққа қатысуы

20

3

ТМД елдері аумағының рекреациялық әлеуетін талдау

Конспект

(және басқалар)



Жұмысты қорғау

15

4

Бақылау шараларына дайындық




МБ 1, МБ 2, коллоквиум (тестілеу және басқалар)

10

Барлығы:

60

Мамандықтың

жұмыс бабындағы оқу ПМУ ҰС Н 7.18.1/10

жоспарынан үзінді көшірме



Мамандықтың жұмыс бабындағы оқу жоспарынан үзінді көшірме



0509020 – Туризм

Пәннің атауы Рекреациялық география


Оқу

формасы


Бақылау формасы

Білім алушылардың жұмыс көлемі, сағатпен

Курс және семестр (сағаттарды) бойынша сағаттарды бөлу

емт.

сын.

КЖ

КЖ

ЕКЖ

Бақыл.

жұм.


барлығы

дәр

пр.

зер

СӨЖ

дәр

пр.

зер

СӨЖ

жал

ауд

СӨЖ

Күндізгі ЖОБ негізінде



7
















90

30

60

7 семестр

8 семестр

15

15

-

60















Негізгі әдебиет:

  1. Николаенко Д.В. Рекреационная география. М., Владос, 2001.

  2. Кусков А.С., Голубева В.Л., Одинцова Т.М. Рекреационная география. М., Флинта, 2005.

  3. Ердавлетов С.Р. География туризма. А., 2000.

  4. Алиева Ж.Н. Туризмология негіздері. А., Қазақ университеті. 2004.


Қосымша әдебиет:

  1. Құрманов Қ. Физикалық география терминдері мен ұғымдарының орыс-қазақша анықтамалық сөздігі. – Алматы: Рауан,1993.

  2. Колосовский Е.Ю. Экологический туризм и экология туризма. М., Академия, 2000.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет