О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


-сурет. Күйе суспензиясын суда алу  6-сурет



Pdf көрінісі
бет21/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82
химия рус (1)

5-сурет.
Күйе суспензиясын
суда алу 
6-сурет.
Бензолдағы силикагель 
суспензиясының тұрақтылығы 


54 
тұрақтанушы есебінде тек беттік-активті заттар болып табылатын 
ҮМҚ-ты қолдануға болады жəне оларды беттік-активті үлкен 
молекулалы заттар (БАҮМЗ)
деп атауға болады. Қорғаушы əсерін 
көрсету үшін полимерлер молекулалары бөлшектерінің бетінде 
адсорбциялануы қажет, ал бұл тек фазалардың бөліну шекара-
ларында беттік керілуі азайғанда ғана өтуі мүмкін. Бұл заттар 
коллоидтық БАЗ-дан тұрақтылықтың құрылымды-механикалық 
факторының пайда болуымен ғана ерекшеленеді. 
Сонымен, егер тұрақтандырғыш есебінде ҮМҚ пайдаланса, 
онда олардың əсер ету механизмі лиофобтық кірнелердің коллоид-
тық қорғау механизміне ұқсас болады: қатты бөлшектердегі 
полимер молекулаларының адсорбциясы механикалық тығыздығы 
жəне серпімділігі болатын қорғаушы қабаттарының пайда болуына 
əкеледі. Ол үшін бөлшектер айналасында қанықтырылған моноқа-
баттың немесе тіпті полиқабаттың пайда болуы үшін қажет макро-
молекулалардың артық мөлшері болуы қажет. Электрондық 
микроскопиялық суреттер осындай қорғаныс қабаттарының бар 
екенін дəлелдеді. Мысалы, полистирол бөлшектеріндегі абсорб-
цияланған метилцеллюлоза қабаттарының қалыңдығы – 70-100А
0

Осылайша, бөліктердің коагуляциясының толығымен алдын ала-
тын тұрақтылықтың құрылымды-механикалық факторы туындай-
ды.
Ол суспензияның агрегаттық тығыздығын қамтамасыз етуде 
маңызды рөл атқарады. Ол, негізінен, үлесі үлкен энтропиялы 
тұрақтылық факторымен өткізіледі. Бұл бөлшектердің ҮМҚ моле-
кулаларымен тұрақтандыруды байланыстыру кезінде полимер 
молекулаларының мүмкін конформациясының саны азаяды, ал бұл 
жүйенің энтропиясының азаюына əкеледі, сондықтан бөлшектер 
бір-бірінен итерілуге тырысады. 
Егер ҮМҚ есебінде полиэлектролиттер қолданылса, онда осы 
екі факторға үшіншісі – тұрақтылықтың электростатикалық 
факторлары
қосылады. Полиэлектролит тұрақтандырғышы сулы 
суспензиялар үшін, басқаша айтқанда, полярлы сұйықтардағы 
гидрофобтық бөлшектерін тұрақтандыру үшін қолданылады. Ең 
көп тараған суда ерігіш полиэлектролиттер – бұл белоктық заттар, 
альгинаттар, карбоксиметиллцеллюлоза, алкилполиамин жəне т.б.
Сенсибилизация (Сезімталдану). 
Суспензияларды тұрақтан-
дырғыш ретінде ҮМҚ пайдалану кезінде сенсибилизация құбы-


55 
лысы туралы білу қажет. Сенсибилизация – жүйеге үлкен молеку-
лалық қосылыстарды қосқан кезде агрегатты тұрақтылықтың 
азаю құбылысы. 
Ертеде бұл құбылыс лиофобтық зольдерде қарастырылған 
болатын, бірақ ол суспензияларға да тəн болды. Сенсибилизация 
дисперциялық ортада макромолекулалардың аз мөлшерінде байқа-
лады жəне жеке бөлшектер арасында тұрақтандырғыштың, көпір-
шелердің пайда болуымен түсіндіріледі. Каолин жəне полистирол 
суспензияларындағы көпіршелердің туындауы электромикроско-
пиялық зерттеулермен дəлелденген: метиллцеллюлоза концентра-
циясы қатты фазаның 1-2%-ына дейін болса, тұрақсыз, ал 4%-дан 
жоғары болса, суспензияның тұрақты күйіне сəйкес келеді. 
Сонымен, макромолекулалардың қорғаушы əсеріне бөлшек-
тердің меншікті бетінің жəне полимер мөлшері арасындағы қаты-
настың ықпалы көп болады. Поликристалдық суспензиясын 
тұрақтандыру үшін метиллцеллюлозаның беттік концентрациясы 
6*10
-4
г/м
2
болуы қажет. Осыған ұқсас қатынастар ҮМҚ-тың 
басқаларына да анықталған. 
Қорытындылай келе суспензиядағы агрегатты тұрақтылық 
дисперстік фазаның бөлшектерінің бетіне макромолекулалардың 
спецификалық
əсеріне тəуелді болатыны туралы айтуға болады. 
Сəйкесінше, суспензияларды тұрақтандыру үшін ҮМҚ эмпери-
калық сипатта болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет