О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева


 Косметика өндірісінде беттік керілуді



Pdf көрінісі
бет41/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82
химия рус (1)

7.2. Косметика өндірісінде беттік керілуді
төмендететін заттар
Беттік керілуді төмендететін заттар бүгінде косметика өндірі-
сіне аса қажет заттар тобына жатады. Олар, мысалы, эмульгатор 
ретінде крем əзірлеуде қолданылып, жуғыш зат ретінде сусабын 
құрамына кіреді. Сонымен қатар ерінге жағатын далаптардағы 


97 
бояғыш бөлшектердің араласуын қамтамасыз етсе, дезодорант-
тарға бактерицидті қасиет береді. 
Химиялық тұрғыдан алғанда бұл заттар біршама тарғыл (шұ-
бар) топ түзеді. Олардың ортақ қасиеттеріне жеке қосылыстардың 
беттік керілуін төмендету арқылы осы заттарды басқа заттармен 
(өзара ерімейтін жағдайда да) араластыруы жатады. Жуғыш 
қасиетіне байланысты жақсы тазартқыш ретінде қолданылады. 
Беттік керілуді төмендететін молекуласы 
Сабынның жəне сульфонат сияқты басқа да түрлі жуғыш зат-
тардың жуғыш қызметі бір ұшы май еріткіш, ал екінші ұшы су 
еріткіш болып келетін ұзын молекуладан тұратындығының ықпа-
лынан болады. Май еріткіш ұшы кір бөлшектерін алса, су еріткіш 
ұшы сумен араласуына жəне судан бөлінуіне əсер етеді.
Жуғыш заттар ретінде біз, əдетте сабын мен синтетикалық 
жуғыш, сонымен қатар жууға арналған қосымша заттарды білеміз. 
Сұйық сабын қарапайым сабын сияқты жасалғанымен, натрий 
сілтісінің (NaOH) орнына калий сілтісі (КОН ) қолданылады. Нəти-
жесінде май қышқылының калий тұзы немесе сұйық сабын пайда 
болады. Қарапайым, қатты жəне сұйық сабын болсын балдырлар-
дың өсуі нəтижесінде су қоймасының арта түсуіне жол бермей, 
табиғатта тез тарап (ыдырап) кетеді. Ал кемшілігі ретінде кальций 
тұзы бар кермек суда көбіктенбейтіндігін айтуға болады. 
Анионды жуғыш заттар. Анионды жуғыш заттар, негізінен, 
күкірт қышқылы көмегі арқылы мұнайдың көмірсутегінен 


98 
алынады. Осы кезде алкиларилсульфонат түзіледі. Екінші шикізат 
көзі ретінде молекулалық тізбегінде, əдетте 16-18 көміртегі атомы 
болатын жоғары молекулалық спирттер пайдаланылады. Оларды 
көбінесе «майлы спиртті сульфонаттар» немесе «сульфонатты 
жуғыш заттар» деп атап, натрий тұзы түрінде қолданады. 
Бұл заттардың артықшылығы – олардың жуғыш қасиеттерінің 
суық, жылы жəне кермек суда да сақталатындығы. 
Табиғатта сульфонаттар сабындарға қарағанда өте баяу тара-
лады. Яғни, су қоймаларында жиналып қалады.
Кеңінен пайдаланылатын анионды жуғыш заттардың бірі ре-
тінде СН
3
(СН
2
)
10
СН
2
ОSО
3
Nа натрийдің лаурилсульфонатын айтуға 
болады.
Катионды жуғыш заттар. Катионды жуғыш заттардың құра-
мына кіретін қосылыстардың маңызды түрлерінің бірі аммонийдің 
төртіншілік қосылыстары болып табылады. Жалпы формуласы: 
R
2
+
R
1


R
3
X
-
R

мұндағы, Х – əдетте хлор немесе бром анионы, R

– мысалға, 
көмірсутектің 8 – 20 атомы бар ұзын тізбекті акрил болса, R
2
, R
3

R
4 – 
əдетте метил мен этил сияқты кіші органикалық радикалдар. 
Ұзын тізбекті радикалдар ішінде жиі кездесетіні – лаурил немесе 
стеарил. Осылайша, осы түрдің қарапайым жуғыш заты лаурилтри-
метиламмонийдің хлориді болып табылады: 
CH
3

CH
3
(CH
2
)
10
CH
2
N CH

CI

CH
3
Катионды жуғыш заттар сусабынмен бірге басқа да препарат-
тарды əзірлеуде қолданылады. Əсіресе шашқа арналған бояғыш 
шайғыштарға, емдік заттарға, сонымен қатар дезодоранттар мен 
теріге арналған кремдерге пайдаланылады.


99 
Амфотерлі жуғыш заттар. Амфотерлі жуғыш заттар анионды 
жəне катионды жуғыш заттар сияқты рН ерітіндіге байланысты 
əсер етеді. Ең көп таралғаны азоттағы сутек атомдары С
12
(лауриль) додецильді радикалмен алмастырылған глицин болып 
табылады.
CH
2
(CH2)
10
CH
3
H
2
NCH
2
COOH N – CH
2
COOH
глицин 
СH
2
(СH
2
)
10
CH
3
ди (додецил) глицин 
Саркозиндер – əдетте адам ағзасы жақсы көтере алатын, 
метилдендірілген глицин негізінде түзілген амфотерлі заттар тобы.

CH
3
(CH
2
)
10
N CH
2
COOH 
CH

лауроилсакозин 
Амфотерлі жуғыш заттар жоғарыда қарастырылған анионды 
жəне катионды заттар сияқты қолданылады. Жуғыш əсерімен бірге 
олардың көпшілігі шашты қатайтуға ықпал етсе, ал кейбіреуінің 
бактерицидтік қасиеті бар.
Ион емес жуғыш заттар. Ион емес жуғыш заттар, əдетте, 
этокси туындылары болып саналады. Мұндағы СН
3
СН
2
О 
этокситоп май қышқылына, май спиртіне немесе жоғары 
молекулалы эфирге қосылған. Олардың, тіпті, тітіркендіргіш 
қасиетінің төмендігі мен теңіз суының өзінде де жуғыш қасиетінің 
жоғары болуы – ион емес жуғыш заттардың басты артықшылығы. 
Екінші жағынан алғанда, олар көп көбіктендіре алмайды. 
Сондықтан да сусабын өндірісінде басты шикізат ретіндегі 
қолданысы шектеледі. Тұрақтылығына байланысты барлық 
косметикалық жинақтарда жақсы қолданыс тапқан.
Ион емес заттардың ішінде глицериннің үш гидросильді топ-
тарының ішінде біреуі ғана стеарин қышқылымен этерэфирленген 


100 
глицеринмоностеаратты тамаша эмульгатор ретінде ерекше атап 
өтуге болады.
Эмульгаторлар. Көптеген жуғыш заттардың эмульгатор ре-
тінде қолданылатынын жоғарыда бірнеше рет айтып өттік. Көпте-
ген балауыздар, ланолин, холестерин жəне оның эфирлері, т.с.с. 
эмульгациялық жəне беттік керілулі төмендеткіш қасиетіне байла-
нысты осы мақсатта қолданылады. Көрсетілген эмульгаторлардан 
басқа тағы бір эмульгаторлар тобын ерекше атап өту қажет. Олар – 
триэтаноламин жəне оның туындылары: 
N(CH
2
CH
2
OH)
3
триэтаноламин 
СH
3
(CH
2
)
16
COOHN(CH
2
CH
2
OH)
3
триэтаноламинстеарат 
CH
3
(CH
2
)
10
CH
2
(OCH
2
CH
2
)OSO
3
HN(CH
2
CH
2
OH)
3
триэтаноламинэтиленоксидлаурилсульфат 
Хош иісті заттарКосметикалық заттардың көпшілігінің құра-
мында хош иісті заттар болады. Бүгінгі таңда хош иісті зат ретінде 
гүлдерден алынған майлар, əсіресе раушан гүлінің майы сирек 
қолданылады. Косметикалық препараттарда қолданылатын хош 
иісті заттар (бұған иіссулар да кіреді) құрамында табиғи жəне 
синтетикалық та хош иісті заттары бар қолдан жасалған қоспалар 
болып табылады. Хош иісті заттардың шикізаттарын табиғи жəне 
синтетикалық деп екі топқа бөлуге болады.
Табиғи хош иісті заттардың өзі мынадай топтарға бөлінеді: 
эфир майлары немесе тез ұшып кететін майлар; шайыр жəне баль-
замдар; жануарлардан алынатын хош иісті заттар.
Табиғи эфир майы. Қою май сияқты зат, бөлме температура-
сында жағымды иісі бар буға айналады. Химиялық байланысты 
қарастырсақ ол май емес, əртүрлі органикалық қосылыстар. Өсім-
діктердің жапырағында, сабағында жəне гүлдерінде эфир майы 
болады. Эфир майын сығу арқылы, айдау немесе экстракциялау 
арқылы алады. Гүлді майлардың ішінен розовое майы өте белгілі. 
Жасмин, лаванда, нарцис майларын өздеріне сай гүлдерден алады. 
Розмарин жапырағынан айдау арқылы розмарин майын алады. Бұл
табиғи эфир майлары таза заттар емес, тек қоспа түрінде болады. 


Қоспадағы бір заттың хош иісі болады. Косметиканың құрамында 
гүлді хош иісті қолданады, бірақ та табиғи эфир майын таза 
күйінде қолданбайды. Оның құрамынан теріге зиянды терпендерді, 
өте қатты иісі бар компоненттерді алып тастайды. Мысалы: цитро-
нел майы цитронел өсімдігінен алынған. Ол майдан бірнеше керек-
ті фракцияларды: (гераниол, цитронеллол-ментолдың иісі) жəне 
кейбір терпен туындыларын фиксатор негізінде қолдану үшін 
бөліп алады. 
Жартылай синтетикалық хош иісті заттарға күрделі эфир 
жатады. Мұндай эфирге, мысалы, сірке қышқылының эфирі – гера-
нилацетат жатады. Жұмсақ иісті. Гераниол молекуласын метил 
тобын енгізу арқылы алады. Бұл кезде метилгераниол жай хош 
иісті зат пайда болады. 
Синтетикалық хош иісті заттар миндальдің майын абрикос 
сүйегінен алады. Бензоальдегид – синтетикалық заттың туындысы.
9-10 көмірсутек атомдары бар альдегид, майлы спирттер, аро-
матты қышқылдардың эфирлері – табиғи хош иісті заттар. Оларды 
жеңіл синтетикалық тəсілмен дайындауға болады. 
Иіс су дайындар алдында ең бірінші негізгі композицияны таң-
дап алады. Олар алғаш негізгі иісті таңдап алады. Таңдау кезінде 
20-дан 100-ге дейінгі əртүрлі компоненттер таңдауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет