О. А. Есімова С. Ш. Құмарғалиева



Pdf көрінісі
бет63/82
Дата14.09.2023
өлшемі1.87 Mb.
#477522
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   82
химия рус (1)

БАЗ кешенін таңдау. 
Шаш күтіміне арналған құралдарда 
негізгі БАЗ ретінде анионды БАЗ жиі қолданылады. Олар жоғары 
көбік тудырушы қасиетке, электролитті сөндіруге қабілетті жəне 
қанағаттандырушы дерматологиялық сипатқа ие болуы қажет. 
Шампунь рецептурасын құрастыруда анионды БАЗ-дың тітір-
кендіруші əсерін төмендету негізгі міндет болып табылады. 
Шампунь құрамындағы əрекет етуші БАЗ-ға натрий, аммония 
жəне триэтаноламин (ТЭА) алкилсульфаты жатады. Алкилсуль-
фатты шампунь рецептурасы бұрынғысынша нарықта кеңінен 
таралған, бұл БАЗ-дың осы тобының дерматологиялық сипаттама-
сымен қанағаттанатындығымен байланысты. Қалыпты шашқа 
арналған шаштың негізіне карбоксибетаин жəне диэтаноламидтің 
болуы салдарынан кондицирлендіруші əсерінің % болуы мысал 
бола алады: 
Натрий лаурилсульфаты 10,0 
ТЭА лаурилсульфаты 5,0 
Лаурилкарбоксибетаин
3,0 
Кокос майының алифат қышқылдарының
диэтаноламиді 4,0 
Тазартылған су
100-ге дейін 
Твиннің ішінен 1-5% бейионды солюбилизаторды рецептураға 
қосымша қосу антимикробтық əсерге қол жеткіздіреді. 
Лаурилсульфаттың триэтаноламинді тұз базасында крем тəріз-
ді шампуньға төмендегі құрам ( % ) мысал бола алады: 
МЭА лаурилсульфаты (27%) 50,0 
Стерарилдиметилбензиламмонийхлорид 2,5 
Тұзсыз су 100-ге дейін 
Осы құрамдағы перламутр қоспасының пайда болуы БАЗ-дың 
катион-анионды дисперсиясының пайда болуымен байланысты. 
Майлы шашқа арналған шампуньның негізіне туынды арилал-
мастырғыш карбон қышқылы жатады (%): 
Шампуньның оңтайлы құрамын бір уақытта бірнеше қызмет 


161 
атқаратын көп құрамды жұмсақ құралдарды өндіру заманауи үр-
діске айналды.
ТЭА лаурилсульфат катионды заттармен үйлесімдігі БАЗ-
«делдал» арқылы лаурилкаркозинат жəне сультаин түзеді. Консис-
тенцияны лаурин қышқылы мен натрий хлоридінің диэтанола-
мидімен реттейді.
Натрий, аммония, магний алкилэтоксисульфаты, моно– жəне 
триэтаноламин шампунь құрамындағы анионды БАЗ-дың негізгі 
түрі болып табылады. 
Ғажап көбік (судың қаттылығына қарамай), тітіркендіргіш 
əсерінің төмен деңгейі, кірді жақсы кетіру, тұздар, алкилоламид-
тер, алифатты қышқылдың оксиэтилденген глицериді, амин оксиді 
жəне өзге де қоспалар консистенциясы, БАЗ-дың басқа да көптеген 
түрлері мен кондисациялық бөлшектермен үйлесімдігі жеңілдігі 
реттейді, жеткілікті биосозымдылық осындай БАЗ-ды шампунь-
ның негізгі қоспасына айналдырды. 
Апилак пен криоланның бар болуына байланысты шаш ылғал 
кезінде де жақсы таралады, табиғи жылтырға ие болады. Шампунь 
өндірісінде алифат қышқылдарының моноглицерид сульфаты мен 
осы қышқылдардың полигликті эфир сульфаты зор мəнге ие. 
Амфолит пен бейоногенді БАЗ сияқты карбоксиметилат 
анионды жəне катионды БАЗ арасында делдал рөлін атқарады. По-
лиэтилен-гликольді диэфирлер жəне жоғары май қышқылдары 
сұйықтандырғыш ретінде, яғни созымдылыққа қарапайым зат-
тармен қол жетпейтіндіктен құрамында амфолит, сульфо-сукци-
нат, ациламинқышқылдары бар БАЗ-дың дерматологиялық 
тұрғыдан жұмсақ үйлесімі өте тиімді болады. 
Созылымдықты реттеу 10-24% концентрацияға полибутиле-
ноксидті енгізу арқылы қол жеткізіледі. Жоғары созылымдылық 
пен ғажап көбікке анионды ПАВ-тың төмен концентрациясы 
арқылы немесе ол болмаған жағдайда қол жеткізіледі. Бутилен 
оксиді мен этилен оксидінің со-полимерін енгізу арқылы терінің 
тітіркендіргіш деңгейі төмендейді. 
Заманауи шампуньда негізгі БАЗ ретінде сульфоянтарь қыш-
қылының жартылай эфирінің тұзы – сульфосукцинат қолданы-
лады. Сульфосукцинат жұмсақ БАЗ құрамына енеді. Көбікті жақсы 
тудырады теріге жеңіл майсыздану əрекетін жасайды. 
Сульфосукцинаттың тұтынушылық қасиетін арттыру үшін 
оны сульфоэтоксилат, алкилсульфат жəне олефинсульфонат сияқ-


162 
ты қатты көбіктенетін құралдармен үйлестіре отырып пайдала-
нады. 
Жұмсақ сұйық шампунь %: 
Екі негізді натрий тұзының
олемидоэтилсульфоксукцинаты (40%)
40,0 
Натрий лаурилэтоксисульфаты (25%)
40,0 
Лаурамидопропилкарбоксибетаин (40%)
10,0 
Бояғыш, консервант, иістендіргіш, су
100,0-ге дейін 
Амфотерлі жəне цвиттер-ионды ПАВ кондицирлеуші, бала-
ларға арналған жəне арнаулы шампуньдарда қолданылады. Ол 
статистикаға сəйкес қалыпты шашқа арналған шампуньда 24% 
жəне құрғақ шашқа арналған шампуньның барлығында 57% 
болады. Оған тері мен шашқа жұмсақ əсер ету, кейбір бактерицидті 
əсер, анион, бейионогенді, сонымен қатар катионды кондицир-
леуші, бөлшектер мен үйлесімдігі, осыған байланысты солюби-
лизатор ретінде жиі қолдану тəн. Амфотерлі қосқанда анионды 
ПАВ-тың тітіркендіргіш əсерінің концентрациялық ақауы төмен-
дейді. 
Бейионогенді БАЗ шампунь рецептурасында бағыныңқы, қо-
сымша рөлді атқарғандықтан оны солюбилизатор, БАЗ кешенінің 
диспергаторы ретінде жұмсартушы, майлы, иістендіргіш жəне ем-
дік бөлшектермен бірге қосады. Бейионогенді БАЗ-ды пайдалану 
дерматологиялық қасиетті жақсартады, рецептураның созылымды-
лығын реттейді, сұйылтады, көбікті тұрақтандырып, «перламутр» 
тəрізді етеді. 
Солюбизатор ретінде алифаттық спирт этоксилаты, катор жəне 
рапс майы, ланолин, глицерид, ангидросорбитан эфирі мен алифат 
қышқылының алкилоламиді, осы қышқылдардың полиэтиленг-
ликольді эфирлері, этилен мен пропилен оксидінің блок-сополи-
мерлері пайдаланылады. 
Қосымша БАЗ (со-БАЗ) ретінде əртүрлі амфотерлі, бейионо-
генді, кейбір анионды беттік белсенді заттар қолданылады. Осы 
БАЗ-ды пайдалану көбіктің сипаттамасын, жұмсақтық пен дерма-
тологиялық қасиетін жақсартуға мүмкіндік береді. Осы БАЗ-
дың концентрациясы немесе бірнеше со-БАЗ-дың комбинация-
сы негізгі БАЗ концентрациясынан 20-30% болады, яғни арақа-
тынасы 1:3-1:4. 
Қол жетімді əрі жұмсақ БАЗ-ға анионды сульфосукцинат 
жатады. Натрий сульфо-сукцинаты жақсы дерматологиялық жəне 


163 
көбік тудырушы қасиетке ие. Сульфосукцинатты пайдалануда 
төмен сұйылтқыш қабілеті, төмен температурада жеткіліксіз 
физикалық тұрақтылық қолайсыздық тудырып, сақтау барысында 
тұрынды түзеді. Натрий сульфосукцинатының даусыз ерекшелігіне 
бағасының төмендігі жəне алкилэтоксикарбоксилатпен қосылғанда 
жақсы көбік тудырушы қасиетке ие болатындығы жатады. 
Кокоамфодиацетаттар со-БАЗ-бен бірге балаларға арналған 
жуғыш құралдарда кеңінен қолданылады. Осындай БАЗ-дың 
негізгі кемшілігіне төмен сұйылтқыш қабілеті мен сары түсі жата-
ды. Кокоамфодиацетатты сақтау барысында, əдетте, жабыспақтық 
ұлғая түсетіні байқалады. Кокамфоацетаттың бірқатар ерекшелік-
тері бар: жоғары сұйылтқыш қабілеті жəне электролиттің болуы, 
дəстүрлі кокамидопропилбетаинға ұқсас қасиеті, жақсы дермато-
логиялық қасиеті. 
Со-БАЗ ретінде бетаиндер, бəрінен бұрын кокамидопропилбе-
таин кеңінен қолданылады. Бұл оның жоғары сұйылтқыш қабілеті-
мен, натрий сульфоэтоксилатымен қосылғанда жақсы көбік тəрізді 
қасиеттерден көрінеді. 
90-жылдары сульфобетаин со-БАЗ-ға жекелей алған коками-
допропильсульфобетаин мен лаурилсульфобетаинге қызығушы-
лық туды. Осындай БАЗ-дың басты артықшылықтарының арасын-
да оның ішіне көздің шырышты қабығына əсері, жоғары сұйылт-
қыш қабілеті сияқты жақсы дерматологиялық қасиетін айтуға 
болады. Лаурилсульфобетаинның жоғары дерматологиялық қасие-
ті балаларға жəне сезімтал теріге арналған теріге пайдалануға 
мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет