Құжат атауы. Құжат атауы үлкен әріптермен парақтың ортасына жазылады. Мысалы:
Берілген күні, айы, жылы, нөмірі, қала атауы. Мысалы,
10 қаңтар, 2010 жыл №115 Алматы қаласы
Негізгі мәтіні. Негізгі мәтіні анықтаманың берілу мақсатына қарай, жүйелі түрде жазылады. Мысалы,
“Осы анықтама Бияров Бердібекке оның Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақ филологиясы факультеті күндізгі бөлімінің 3 курсында оқитынын растайды”.
Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгені туралы мәлімет. Бұл мәлімет негізгі мәтіннен төмен, азат жолдан басталып жазылады. Мысалы:
“Анықтама Алматы қаласы Алмалы аудандық әскери комиссариатқа көрсету үшін берілді”.
Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет. Бұл мәлімет те жаңа жолдан жазылады және берілген анықтаманың қай мерзімге дейін күші бар екендігі көрсетіледі. Мысалы:
“Анықтама 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды”.
Немесе:
“Анықтама берілген күннен бастап 6 айға дейін жарамды”.
(Кейбір өзгермейтін фактілер жазылатын немесе болған оқиғаның күні көрсетілетін анықтамалардың жарамдылық мерзімін көрсету міндетті емес. Мысалы, полицияда болғандығы туралы немесе белгілі бір құжатты, затты өткізгендігі туралы).
Достарыңызбен бөлісу: |