63-бап. Оңалту рәсiмiн қолдану
Оңалту рәсiмi борышкерлерге қатысты сот тәртiбiмен қолданылады.
Ескерту. 63-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
64-бап. Оңалту рәсiмiн жүргізу мерзiмi
Оңалту рәсiмiн жүргiзу мерзiмiн сот оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарған кезде белгiлейдi және мұндай ұйғарым заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, сот оңалтуды басқарушының өтінішхаты бойынша кредиторлар жиналысының келiсімімен бұл мерзiмдi бір рет, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
Табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер, сондай-ақ қала құраушы заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдар үшін сот оңалтуды басқарушының өтінішхаты бойынша кредиторлар жиналысының келiсімімен оңалту рәсімін жүргізу мерзімін бір рет, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
Оңалту рәсімін жүргізу мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты оңалтуды басқарушы оңалту рәсімін жүргізу мерзімі өткенге дейін жиырма жұмыс күні бұрын береді.
Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мерзімді сақтамау соттың оңалту рәсімін жүргізу мерзімін ұзартудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 64-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
65-бап. Мемлекеттiк қолдау шараларына қатысушы үшiн оңалту рәсiмiн тоқтата тұру және қайта бастау
Ескерту. 65-бап алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
66-бап. Оңалту рәсіміне қатысушылар
Мыналар:
1) сот;
2) кредиторлар;
3) борышкер;
4) борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), оның құрылтайшылары (қатысушылары);
5) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) оңалтуды басқарушы;
7) уәкілетті орган;
8) басқа да мүдделі тұлғалар оңалту рәсіміне қатысушылар болып табылады.
Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
67-бап. Соттың оңалту рәсіміндегі өкілеттіктері
Сот оңалту рәсімінде:
1) оңалту рәсімін қолданады және тоқтатады;
2) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) оңалту жоспарын бекітеді;
4) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
5) борышкер жауапкер ретiнде әрекет ететін мүлiктiк сипаттағы даулар бойынша iсті өзiнiң іс жүргiзуiне қабылдайды;
6) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7) оңалту рәсіміне қатысушылар арасындағы дауларды шешеді.
Ескерту. 67-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
68-бап. Оңалту рәсімін қолданудың салдары
1. Соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мынадай салдар басталады:
1) кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мүлікпен мәмілелер жасасуға тыйым салынады;
2) алынған қарыздар және шығарылған облигациялар бойынша сыйақыларды есепке жазу тоқтатылады;
3) төлеу мерзімі оңалту рәсімін қолданғаннан кейін басталған, моральдық зиянның орнын толтыру туралы талаптарды есепке алмағанда, өмiріне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауапты болатын азаматтарға төленетін төлемдердi қоспағанда, өз мүлкіне қатысты қабылданған соттардың шешімдерін, төрелік шешімдерді, мемлекеттік кіріс органдарының, сондай-ақ борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкі меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшыларының (қатысушыларының) шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады.
2. Оңалту жоспары бекітілгеннен кейін:
1) борышкерді басқаруды осы Заңның 69-бабында көзделген тәртіппен кредиторлар жиналысы айқындаған тұлға жүзеге асырады;
2) оңалту жоспарында көзделгендерді қоспағанда, кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мүлікпен мәмілелер кредиторлар жиналысының келісімімен жасалады;
3) борышкердің өтініші және соттың оңалту жоспарын бекіту туралы заңды күшіне енген ұйғарымының көшірмесі негізінде борышкер мүлкіне салынған барлық шектеулер мен ауыртпалықтар (борышкер шоттарына қойылған инкассолық өкімдер, мүлікке тыйым салуларды және басқалар) оларды салған органдардың тиісті шешімдері қабылданбастан алынады.
Ескерту. 68-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
69-бап. Оңалту рәсімінде борышкерді басқару
1. Оңалту рәсімінде борышкерді басқаруды кредиторлар жиналысының шешімі бойынша :
1) борышкер – дара кәсіпкер не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген орган немесе тұлға;
2) оңалтуды басқарушы жүзеге асыруға құқылы.
Осы Заңның мақсаттары үшін дара кәсіпкерді оңалту рәсімінде борышкерді басқару деп оның істерін және мүлкін басқару түсініледі.
2. Егер кредиторлардың алғашқы жиналысында борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғаға жүктеу туралы шешім қабылданса, онда кредиторлардың алғашқы жиналысы хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдайды.
Оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдаған кезде әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінде тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды кредиторлар жиналысы осындай тұлғалардың кәсіптік бірлестіктерінен алуы мүмкін.
Кредиторлардың алғашқы жиналысы оңалтуды басқарушы сайланған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға оның кандидатурасы ұсынылғанға дейін мұндай оңалтуды басқарушыны хабардар етуге міндетті.
Уақытша әкімші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға кредиторлар жиналысының хаттамасын ұсынуға міндетті.
Уәкілетті орган кредиторлар жиналысының хаттамасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысы таңдаған кандидатураны оңалтуды басқарушы етіп тағайындауға міндетті.
Уәкілетті орган кандидатураны осы Заңның 12-бабы 5-тармағының бірінші бөлігі негізінде оңалтуды басқарушы етіп тағайындауға кедергі келтіретін мән-жайларды анықтаған кезде уәкілетті орган анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысына оңалтуды басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не осы Заңның 12-бабы 8-тармағының 3) тармақшасы негізінде әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен оңалтуды басқарушының хабарламасын алып тастау туралы хабар жіберуге міндетті.
Уәкілетті орган ұсынылған кандидатураны тағайындаудан бас тартқан кезде кредиторлар жиналысы оңалтуды басқарушы етіп тағайындау үшін басқа кандидатураны ұсынуға міндетті.
3. Оңалту рәсімі барысында кредиторлар жиналысы борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүктеу туралы шешімді:
1) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді оңалтуды басқарушыға жүктей отырып, борышкер – дара кәсіпкерді не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органды немесе тұлғаны мұндай өкілеттіктерді орындаудан шеттету;
2) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді борышкер – дара кәсіпкерге не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктей отырып, оңалтуды басқарушыны мұндай өкілеттіктерді орындаудан шеттету жолымен бір рет өзгертуге құқылы.
Кредиторлар жиналысы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шешімді қабылдаған кезде кредиторлар жиналысы осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдауды жүзеге асырады.
Кредиторлар комитеті осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға кредиторлар жиналысының хаттамасын ұсынуға міндетті.
4. Кредиторлар жиналысының күн тәртібіне борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді борышкер – дара кәсіпкерге не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктей отырып, оңалтуды басқарушыны мұндай өкілеттіктерді орындаудан шеттету туралы мәселе енгізілген кезде кредиторлар комитеті кредиторлар жиналысы өткізілгенге дейін он жұмыс күні бұрын борышкер – дара кәсіпкерді, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесін (ол уәкілеттік берген органды), құрылтайшысын (қатысушысын) осындай мәселенің қаралатыны туралы хабардар етеді.
Кредиторлар жиналысы осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген шешімді қабылдаған жағдайда, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган) немесе құрылтайшысы (қатысушысы) кредиторлар жиналысының отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктер жүктелген орган немесе тұлға туралы құжаттарды ұсынуға міндетті.
Ескерту. 69-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
70-бап. Уақытша әкімшінің өкілеттіктері
1. Уақытша әкімші кредиторлардан мәлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды сұратуға құқылы.
2. Уақытша әкімші:
1) қаржылық орнықтылық туралы қорытынды жасау мақсатында бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілік құжаттары негізінде борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға;
2) үлгілік нысанға сәйкес борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны сотқа ұсынуға;
3) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
6) кредиторлардың алғашқы жиналысының өткізілу орны мен күні туралы барлық кредиторларға хабарлауға;
7) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7-1) кредиторлардың алғашқы жиналысын ұйымдастыруға және өткізуге;
8) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындауға міндетті.
Ескерту. 70-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 399-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
71-бап. Оңалтуды басқарушының өкiлеттiгi
1. Оңалтуды басқарушы:
1) ұйымдардан, мемлекеттік органдардан және олардың лауазымды адамдарынан борышкер туралы ақпаратты сұратуға және алуға;
2) кредиторлар жиналысының келісімімен кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелер жасауға;
3) кредиторлар жиналысының келісімімен борышкердің шығыстарын, оның ішінде борышкер жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарын ұлғайтуға алып келетін шешімдер қабылдауға;
4) кредиторлардан мәлімделген талаптардың негізі мен сомасын растайтын құжаттарды сұратуға;
5) ақпараттық жүйені қолдана отырып, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасымен реттелетін қатынастарға қатысуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен кредиторлар жиналысы мен кредиторлар комитетінің, уәкілетті органның әрекеттеріне шағым жасауға құқылы.
2. Оңалтуды басқарушы тағайындалған күннен бастап және соттың оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енгенге дейін оңалтуды басқарушы:
1) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізуге;
2) осы Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген әрекеттерді жасауға;
3) оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен осы Заңның 82-бабының 2-тармағында көзделген негіздердің бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сотқа жүгінуге;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Соттың оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін оңалтуды басқарушы:
1) борышкер мүлкін басқаруға қабылдауға және борышкер мүлкін қорғау мен бақылауды қамтамасыз етуге;
2) оңалту жоспарының орындалуын қамтамасыз етуге;
3) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізуге;
4) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтінішхатты кредиторлар жиналысында келісілгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей сотқа жіберуге;
5) кредиторлар комитетінің мүшелеріне осы Заңның 27-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде хабарлама жіберуге;
6) осы Заңның 25-бабының 1-тармағында белгіленген әрекеттерді жасауға;
7) осы Заңның 7-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген адам жасаған мәмілелерді анықтауға және сот тәртібімен, оның ішінде осындай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша оларды жарамсыз деп тану не мүлікті қайтару туралы талап қоюға;
8) әр айдың 15-күнінен кешіктірмей алдыңғы айдағы қаржылық жағдай, жүргізілген мәмілелер туралы ақпаратты кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына жеткізуге, кредиторлар комитетінің талабы бойынша кез келген ақпаратты беруге;
9) уәкілетті органға оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде беруге;
10) борышкердің кез келген кредиторына оның жазбаша сұрау салуы негізінде өз қызметінің жүзеге асырылу барысы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы толық ақпаратты оны алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей беруге;
11) бұрын оңалту рәсімінде борышкерді басқаруды борышкер – дара кәсіпкер не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген орган немесе тұлға не шеттетілген оңалтуды басқарушы жүзеге асырған жағдайларда, оңалту кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттер жасау фактілерін анықтауға;
12) оңалтуды басқарушы шеттетілген (босатылған) жағдайда жаңадан тағайындалған оңалтуды басқарушыға соңғысы тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгілейтін құжаттарды, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, борышкерге тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
13) осы Заңның 82-бабының 1-тармағында, 83-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда және тәртіппен оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;
14) сот оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, банкроттықты басқарушыға тағайындалған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде – құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он жұмыс күні ішінде – есепке алу құжаттамасын, жиырма жұмыс күні ішінде банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды беруге;
15) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
4. Егер борышкердің оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге кредиторлық берешектің жалпы сомасының бес пайызынан асып түссе, оңалтуды басқарушы борышкердің жаңа ақшалай міндеттемелерінің туындауына алып келетін әрбір кейінгі мәмілені кредиторлар жиналысының келісімімен жасайды.
Ескерту. 71-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
72-бап. Оңалту рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру
1. Уақытша әкімші оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру үшін жібереді.
Кредиторлардың талаптарын қабылдауды уақытша әкімші борышкердің орналасқан жері бойынша не әкімші ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламада өзі көрсеткен әкімшінің тіркелген орны бойынша жүзеге асырады.
Уәкілетті орган хабарландыруды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Борышкердің интернет-ресурсы болған кезде көрсетілген интернет-ресурста хабарды жариялау міндетті болып табылады.
2. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарын кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей өздері мәлімдеуге тиіс.
Кредиторлардың талаптарында:
1) талаптың сомасы туралы (негізгі борыштың, сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық айыбы мен өзге де айыппұл санкцияларының, залалдар сомасы туралы жеке-жеке) мәліметтер қамтылуға тиіс. Талап сомасы көрсетілген талап мәлімделген күнге айқындалады;
2) осы Заңның 25-бабының 1-тармағында көзделген, кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама тәсілдерінің бірін көрсету қамтылуға тиіс.
Салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсыныла отырып, талаптың негізі мен сомасын растайтын құжаттардың (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің борышты мойындауы) көшірмелері талапқа қоса беріледі.
Кредиторлар талаптың негізі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды да ұсынуға құқылы.
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент синдикатталған қарыз шарты негізінде кредиторлар синдикатына әрбір қатысушы бойынша жеке талаптарды мәлімдейді.
Егер сыйақы (мүдде) және залалдар бойынша осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген талап сомасы сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге өзгерсе, онда кредитор сот осындай шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетілген өзгерісті ескере отырып, өзінің талаптарын қайта мәлімдейді.
Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгемен ескеріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақты сегізінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Кредитордың осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлар талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.
4. Кредиторлардың талаптарын уақытша әкімші немесе оңалтуды басқарушы олар мәлімделген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Қарау нәтижелері бойынша танылған талаптар кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізуге жатады.
Кредиторлардың бұрын сотқа өздері мәлiмдеген талаптары, егер олар осы баптың 2-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келсе, кредитордың өтініші болған кезде тiзiлiмге енгiзiлуi мүмкiн.
Кредиторлар талаптарының тізіліміне осы Заңның 90-бабының 7-тармағында көзделген талаптар енгізілмейді.
5. Кредиторлардың оңалту рәсiміне қатысуына байланысты шығыстары орнын толтыруға жатпайды.
6. Кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері туралы (талапты толық көлемде немесе бір бөлігін тану немесе танымау себептерін көрсете отырып танымау туралы) уақытша әкімші шешім қабылданған күннен кейінгі күні әрбір кредиторды жазбаша хабардар етуге міндетті.
Кредитордың талабын (толық көлемде немесе бір бөлігін) тану туралы хабарламада уақытша әкімші кредиторлардың алғашқы жиналысының өткізілетін күнін, уақытын, орнын және күн тәртібін көрсетуге міндетті.
Уақытша әкімшінің шешімімен келіспеген кезде кредитор уақытша әкімшінің хабарламасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оңалту туралы істі қарайтын сотта оған шағым жасауға құқылы.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Уақытша әкімші тағайындалған күнінен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде кредиторлар талаптарының тізілімін, сондай-ақ талаптары танылмаған кредиторлардың тізбесін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша қалыптастыруға және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органға жіберуге міндетті.
Уәкілетті орган уақытша әкімшіден кредиторлар талаптарының тізілімін алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оны өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен енгізіледі.
8. Кредитор кредиторлар талаптарының тізілімі жарияланған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде басқа кредиторлар талаптарының мөлшері мен негіздеріне шағым жасауға құқылы.
Ескерту. 72-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
73-бап. Оңалту жоспары және оны бекіту тәртібі
1. Оңалту жоспарында борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі нақты іс-шаралар (оңалту шаралары) және осы Заңның 77-бабының 2-тармағында көрсетілген кредиторлар талаптарын қанағаттандыру графигі қамтылуға тиіс.
Оңалту жоспарының үлгілік нысанын уәкілетті орган бекітеді.
Табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдардың және дара кәсіпкерлердің оңалту жоспары – тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті аумақтық органымен, ал қала құраушы заңды тұлғалардың оңалту жоспары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органымен келісіледі.
Ұсынылған оңалту жоспарын осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген келісетін мемлекеттік органдар келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
2. Оңалту жоспарын борышкер оңалту рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде кредиторлармен және оңалтуды басқарушымен бірлесіп әзірлеуге тиіс.
Әзірленген оңалту жоспары бір кезектегі кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың тең шарттарын көздеуге тиіс.
3. Оңалту жоспарын іске асыру мерзімі бес жылдан аспауға тиіс.
4. Оңалту шаралары санацияны, электрондық аукцион өткізу жолымен мүлікті сатуды, қаржы лизингін, борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беруді, факторингті, реверсивті факторингті, борыштың бір бөлігін кешіруді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруды, борыштарды акцияларға алмастыруды, бітімгершілік келісімін жасасуды және басқаларды қоса алғанда, борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған кез келген ұйымдастырушылық-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де іс-шараларды қамтуы мүмкін.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заңның мақсаттары үшін қаржы лизингі деп өзіне қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкер, лизинг беруші және лизинг нысанасын сатушы арасында жасалған үшжақты шарт түсініледі, мұнда лизинг беруші сатушыдан меншікке сатып алынған және шартта келісілген лизинг нысанасын борышкерге белгілі бір төлемақыға және белгілі бір шарттарда кемінде үш жыл мерзімге уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.
5. Егер оңалту жоспарында ақша көзі ретінде қарыздар (микрокредиттер) алу қамтылса, оңалту жоспарына қарыз (микрокредит) алуға шарт қоса беріледі.
6. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
8. Табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын не Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын ұйымдардың оңалту жоспары – тиісті орталық атқарушы органмен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тиiстi аумақтық органымен, ал қала құраушы заңды тұлғалар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиiстi жергілікті атқарушы органымен келiсiлуге тиiс.
Ұсынылған оңалту жоспары он жұмыс күні ішінде қаралады.
9. Борышкер оңалту жоспарын кредиторлар жиналысы мақұлдағаннан кейін осы Заңның 59-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімнен кешіктірмей сотқа ұсынуға міндетті.
10. Кредиторлар жиналысымен келісілген оңалту жоспары ұсынылған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде сот ұйғарымымен бекітіледі.
11. Сот:
1) егер оңалту жоспарына қарсы дауыс берген кредитор сотқа оңалту жоспарында іске асырылуы осындай кредитордың талаптарын банкроттық рәсімін қолдануға қарағанда аз көлемде қанағаттандыруға алып келетін іс-шаралардың қамтылғандығы жөнінде негіздеме ұсынған;
2) осы Заңның 26-1-бабының талаптары сақталмаған жағдайларда, оңалту жоспарын бекітуден бас тартады.
11-1. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12. Оңалту жоспарын бекіту туралы сот ұйғарымында:
1) оңалту жоспарын бекіту туралы;
2) оңалту рәсімін аяқтау және қорытынды есеп ұсыну мерзімдері туралы;
3) борышкерді басқару құқығының оңалтуды басқарушыға өтуі туралы;
4) борышкердің оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде – оңалтуды басқарушыға құрылтай құжаттарын, мөрлерді (олар болған кезде), мөртабандарды, он бес жұмыс күні ішінде – есепке алу құжаттамасын, екі ай ішінде материалдық және өзге де құндылықтарды беруі туралы нұсқаулар қамтылуға тиіс.
Кредиторлар жиналысы борышкерді басқару жөніндегі өкілеттікті оңалтуды басқарушыға осы Заңның 69-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен жүктеген жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігі 3) және 4) тармақшаларының ережелері қолданылады.
Ескерту. 73-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
74-бап. Борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беруі
Оңалту жоспарында борышкердің талап ету құқықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілетін электрондық аукционда сату арқылы осы талаптарды басқаға беруі көзделуі мүмкін.
75-бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсіміндегі өкілеттігі
Ескерту. 75-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Кредиторлардың алғашқы жиналысын уақытша әкімші кредиторлар талаптарының тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін оңалту туралы істің сотта қаралу кезеңінде өткізеді.
1-1. Кредиторлардың алғашқы жиналысының құзыретіне:
1) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттікті борышкер – дара кәсіпкерге не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктеу туралы шешім қабылдау;
2) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдау;
3) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген жағдайларда оңалтуды басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу мөлшерін айқындау;
4) борышкер – дара кәсіпкердің не борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктелген жағдайларда, осындай органның немесе тұлғаның ақшалай сыйақысының сомасын айқындау;
5) уақытша әкімші осы Заңның 49-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген қаржылық орнықтылық туралы қорытындыны жасаған жағдайда оңалту рәсімін қолдануды келісу жатады.
2. Кредиторлар жиналысының құзыретіне:
1) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) кредиторлар комитеті құрамының санын айқындау және осы құрамын, кредиторлар комитетінің төрағасын бекіту;
4) кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістер енгізу;
5) оңалту жоспарын келісу;
6) оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтыруларды келісу;
7) оңалту рәсімінің мерзімін ұзартуға келісім беру;
8) кредиторлар комитеті мүшелерінің оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты кредиторлардың назарына жеткізудің тәртібі мен мерзімдерін айқындау;
9) өзге де мәмілелерді кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс жасалатын мәмілелер санатына жатқызу;
10) оңалту жоспарында көзделмеген, кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу;
10-1) қаржы лизингі шартын жасасуға келісім беру;
11) борышкердің өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешегiнiң сомасын бекiту;
12) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың хабарламалары тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдау;
13) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
13-1) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік осы Заңның 69-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен өзіне жүктелген жағдайларда, оңалтуды басқарушының негізгі сыйақысының мөлшерін айқындау;
14) оңалтуды басқарушы оңалту рәсімінің мақсатына қол жеткізген жағдайда оған қосымша сыйақы мөлшерін айқындау;
15) борышкер – дара кәсіпкердің не борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік осы Заңның 69-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктелген жағдайларда, осындай органның немесе тұлғаның ақшалай сыйақысының сомасын айқындау;
16) оңалтуды басқарушының қорытынды есебін келісу;
16-1) кредитордың кредиторлар жиналысына қатыспауының себебін дәлелді себеп ретінде тану туралы шешім қабылдау;
17) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктер жатады.
3. Кредитор оңалту рәсімін жүргізу барысында борышкердің қаржылық жағдайы туралы ақпаратты оңалтуды басқарушыдан сұратуға құқылы.
Ескерту. 75-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
76-бап. Кредиторлар комитетінің оңалту рәсіміндегі ерекшеліктері
Кредиторлар комитетi мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) оңалтуды басқарушының iс-әрекеттерiн бақылауды жүзеге асыру үшiн кредиторлар комитетiнің мүшелерi арасынан кредиторлар өкiлiн сайлайды;
2) оңалтуды басқарушыдан борышкердің қаржылық жағдайы және оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат беруді талап етеді;
3) уәкілетті органға және (немесе) сотқа оңалтуды басқарушының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданады;
4) кредиторлардың талаптарын есепке жатқызу туралы шешім қабылдайды;
4-1) дебиторлық берешекті сату немесе факторинг шартын жасасу туралы шешім қабылдайды;
4-2) оңалтуды басқарушының реверсивті факторинг шартын жасасуына келісім береді;
5) аудиторлық тексерудің және түгендеудің нәтижелерін назарға алады;
6) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
7) оңалту жоспарында көзделгендерді қоса алғанда, борышкердің мүлкін кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс сату тәртібін айқындайды;
8) оңалту рәсімін жүргізу үшін әкімшілік шығыстардың сметасын және тартылатын қызметкерлердің санын бекітеді;
9) оңалтуды басқарушымен шарт жасасады және оны бұзады;
10) санацияға қатысушының оңалтуды басқарушымен келісімін бекітеді;
10-1) оңалту рәсімінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген тұлғаны шеттету мәселесі бойынша кредиторлар жиналысын ұйымдастырады;
10-2) осы Заңның 82-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша оңалту рәсімін тоқтату мәселесі бойынша кредиторлар жиналысын ұйымдастырады;
10-3) борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасау қажеттігі туралы шешім қабылдайды;
11) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 76-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
77-бап. Борышкердің міндеттемелері бойынша есеп айырысу
Ескерту. 77-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап орындалу мерзімі оңалту рәсімін жүргізу кезеңінде басталған мынадай:
1) моральдық зиянның орнын толтыру жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі, сондай-ақ жалақыдан және (немесе) өзге де кірістен ұсталған алименттерді төлеу жөніндегі;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі).
2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу және оларға өтемақылар төлеу жөніндегі, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жөніндегі, қызметтік өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі үшін авторларға сыйақылар төлеу жөніндегі;
3) мәмілелерден, оның ішінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген тұлға жасасқан мәмілелерден туындаған;
4) соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін борышкер салықтық есептілікке сәйкес есептеген, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есепке жазған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер борышкердің орындауына жатады.
2. Кредиторлардың оңалту рәсімі қолданылғанға дейін туындаған және кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген талаптарын қанағаттандыру, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру жөніндегі талаптарды қоспағанда, соттың оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигіне сәйкес жүргізіледі.
Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру графигі осы Заңның 100-бабының 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында және 101-бабының 1-тармағында белгіленген кезектілік пен есеп айырысу қағидалары сақтала отырып жасалады.
Өткен салықтық кезеңдер және соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген салықтық кезең үшін салық төлеуші салық есептілігінде есептеген, сондай-ақ салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органы есепке жазған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелер туындаған кезде кредиторлар талаптарының тізіліміне және оңалту жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
3. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Кепілді кредитор:
1) өзінің заңды мүдделеріне қатер төндіретін, осы Заңды бұзушылықтар анықталған;
2) осындай кредитордың талаптарын қанағаттандыру графигі бұзылған;
3) кепіл нысанасы болып табылатын мүлік құны өз мүдделеріне нұқсан келтіруге әкеп соғатындай төмендеген;
4) өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлік борышкердің қызметін жалғастыру немесе оңалту жоспарын іске асыру үшін талап етілмеген жағдайларда, өзінің алдындағы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын борышкер мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, синдикатталған қарыз туралы шартқа сәйкес қаржыландыру үлесі жиынтығында қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде үштен екісін құрайтын кредиторлар синдикатына қатысушылар сотқа осындай жүгіну туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент борышкердің синдикатталған қарыз шарты бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету нысанасы болып табылатын мүлкіне өндіріп алуды қолдану туралы сотқа жүгінуге құқылы.
Ескерту. 77-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
78-бап. Санация
1. Егер борышкердi оңалту жоспарында оңалту шарасы ретiнде оның санациясы қамтылса, оңалту жоспарына сәйкес санацияға қатысушының борышкерге және (немесе) кредиторларға ақша аудару туралы жазбаша мiндеттемесi сомасы мен мерзiмдері көрсетіле отырып, жоспарға қоса берiлуге тиiс.
Дара кәсіпкер – борышкерді оңалту жоспарында санация қамтылмайды.
2. Санацияға қатысушы барлық кредиторлардың талаптарын олармен келiсiлген мерзiмде қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өзіне қабылдай алады. Бұл жағдайда, борышкерді басқаруды санацияға қатысушы немесе ол тағайындаған тұлға оңалтуды басқарушы үшін көзделген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады. Осы Заңның 12-бабының 2-тармағында белгіленген талаптар санацияға қатысушыға қолданылмайды.
3. Сот, сондай-ақ уәкілетті орган санацияға қатысушыдан оның осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мiндеттемелердi орындауы мүмкiндiгiн растайтын құжаттарды талап етуге құқылы.
Ескерту. 78-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
79-бап. Санацияға қатысушылардың келiсiмi
Егер санацияға кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесiн өзіне қабылдаған екi және одан да көп тұлға қатысса, олар кредиторлар алдындағы жауапкершiлiктi өздерiнiң арасында бөлу, санацияға қатысудан ол басталғаннан кейiн санацияға қатысушылардың бiреуi немесе бiрнешеуi бас тартқан жағдайдағы жауаптылық, борышкерді басқаруға қатысу тәртiбi көзделетiн келiсiм жасасуға тиiс.
Ескерту. 79-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
80-бап. Санацияға қатысушылардың жауаптылығы
1. Осы Заңның 78-бабының 2-тармағында көзделген мiндеттеменi өзіне қабылдаған санацияға қатысушы, егер еңсерілмейтін күштiң әсері немесе кредиторлардың не борышкердің, борышкер мүлкi меншік иесiнiң (ол уәкілеттік берген органның) әрекеттерi нәтижесінде санация мақсаттарына қол жеткiзiлмегенiн дәлелдемесе, борышкер таратылғаннан кейiн оның өтелмеген мiндеттемелерi бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады.
Егер келiсiмде өзгеше көзделмесе, санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан кезде, олар ортақ жауаптылықта болады.
2. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету мiндеттемесін өзіне қабылдамаған санацияға қатысушының жауаптылығы кредиторлар комитетi бекiткен, қатысушының оңалтуды басқарушымен келiсiмімен айқындалады.
Ескерту. 80-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
81-бап. Санацияға қатысушының құқықтары
1. Санация мақсатына қол жеткізілуіне байланысты оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған кезде осы Заңның 78-бабының
2-тармағында көзделген міндеттемені өзіне қабылдаған және борышкер мүлкінің меншік иесі болып табылмайтын қатысушы санация басталғанға дейін шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың, акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдаған шешімнің негізінде өзі инвестициялаған қаражат сомасында шаруашылық серіктестігіне қатысушы, акционерлік қоғамның акционері құқығына ие болады, ал егер борышкер мемлекеттік кәсіпорын болып табылса, мүліктің меншік иесі уәкілеттік берген мемлекеттік орган шешімінің негізінде борышкер шаруашылық серіктестігі, акционерлік қоғам болып алдын ала қайта ұйымдастырылғаннан кейін санацияға қатысушы шаруашылық серіктестігіне қатысушы, акционерлік қоғамның акционері құқығына ие болады. Егер борышкер өндірістік кооператив болып табылса, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы шешімінің негізінде борышкер шаруашылық серіктестігі болып алдын ала қайта ұйымдастырылғаннан кейін санацияға қатысушы шаруашылық серіктестігіне қатысушы құқығына ие болады.
Көрсетілген шешiм сотқа оңалту жоспарымен бiр мезгілде ұсынылуға тиiс.
Мұндай жағдайда құрылған шаруашылық серiктестiгiнің жарғылық капиталының мөлшерi жарғылық капитал екi жыл ішінде белгiленген мөлшерлерге дейiн толықтырылатын жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ең төменгi мөлшерден кем болуы мүмкiн.
2. Санацияға екi немесе одан да көп тұлға қатысқан жағдайда борышкер мүлкiндегi үлес мөлшерi олардың әрқайсысы санация мақсаты үшiн пайдаланған қаражаттың сомасына пропорционалды түрде айқындалады.
82-бап. Оңалту рәсiмiн тоқтату
1. Оңалтуды басқарушы:
1) борышкерге қатысты оңалту рәсiмiнiң мақсатына қол жеткізілген;
2) борышкердің оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма пайызынан асып түскен жағдайларда, кредиторлар жиналысының шешімімен борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi.
Оңалтуды басқарушының өтінішіне қорытынды есеп қоса беріледі.
2. Оңалтуды басқарушы кредиторлар жиналысы оңалту жоспарын келіспеген не осы Заңның 59-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында белгіленген мерзімде борышкер оңалту жоспарын ұсынбаған жағдайларда, оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
3. Борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы):
1) оңалту жоспарын іске асыру нәтижесінде өз мүдделеріне нұқсан келтірілгенін растайтын мәліметтер болған;
2) оңалту рәсімінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттік жүктелген тұлғаның әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан өз мүдделеріне нұқсан келтірілгенін растайтын мәліметтер болған;
3) борышкердің оңалту рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күнге кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма пайызынан асып түскен жағдайда, оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа жүгінуге құқылы.
Оңалту рәсімінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктер осы Заңның 69-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған тұлғаға жүктелген жағдайда, осы тармақтың ережелері борышкер – дара кәсіпкерге қолданылады.
4. Кредитор (кредиторлар):
1) борышкерді оңалту жоспарын іске асыру өзінің мүліктік мүдделеріне нұқсан келтіретінін растайтын негіздер болған;
2) оңалтуды басқарушының әрекеттері (әрекетсіздігі) өзінің мүліктік мүдделеріне нұқсан келтіретінін растайтын негіздер болған;
3) кредиторлар жиналысын өткізу туралы тиісінше хабардар етілмеген кезде оңалту рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
5. Сот оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда оңалту рәсімі тоқтатылады.
Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
83-бап. Оңалту рәсімінен банкроттық рәсіміне өту
1. Оңалту рәсімінен банкроттық рәсіміне өту соттың оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешімі негізінде жүзеге асырылады.
2. Оңалту рәсімі барысында борышкердің қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жатқызылатыны және оны банкрот деп тану үшін негіздер бар екендігі туралы қорытынды жасалған жағдайда, оңалтуды басқарушы кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
Борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны осы Заңның 49-1-бабының ережелерін ескере отырып, оңалтуды басқарушы жасайды.
3. Оңалту рәсімі барысында оңалтуды басқарушы борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны:
1) кредиторлар комитеті осы Заңның 71-бабы 3-тармағының 8) тармақшасында көзделген ақпаратты қарау нәтижелері бойынша осындай қорытындыны жасау қажеттігі туралы шешім қабылдаған;
2) борышкер кредитор алдындағы талаптарды қанағаттандыру графигін үш айдан аса орындамаған кезде осындай кредитордың өтінішхатын алған күннен бастап бір ай мерзімде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасайды.
4. Оңалтуды басқарушының сотқа жүгінуі туралы шешім қабылданған кезде кредиторлар жиналысы хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан банкроттықты басқарушының кандидатурасын бір мезгілде сайлауға міндетті.
5. Сот оңалтуды басқарушының оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы өтінішін осы Заңда көзделген ерекшеліктерімен бірге азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.
6. Істі қарау нәтижелері бойынша сот оңалту рәсімін тоқтату, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешім шығарады.
Ескерту. 83-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |