Оңалту және банкроттық туралы 1-бап



бет34/35
Дата11.05.2023
өлшемі0.55 Mb.
#473513
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
onaltu zhane bankrottyk turaly

125-бап. Банкроттық рәсімі

1. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Банкроттықты басқарушы кредиторлар комитетінің келісуімен банкроттың мүліктік массасының құнын ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, оларға:

1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жерлерді қорғау жөніндегі іс-шаралар;

2) егiс және егiн жинау жұмыстары, жануарлардың, құстардың, балараның өсімін молайту және өсiру, өсiмдiк шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, омарта шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу;

3) борышкер мүлкiн өткізу үшiн тиісті жағдайда ұстауға байланысты шаралар жатады.

Мүліктік массаның құнын ұстап тұру бойынша шығыстар әкімшілік шығыстарға жатады.

Ескерту. 125-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


126-бап. Мүліктік массаны қалыптастыру және өткізу

1. Банкроттықты басқарушы банкроттың жер пайдалану құқығының тиісті ресімделуін қамтамасыз етуге міндетті, бұл ретте жұмсалған шығыстар әкімшілік шығыстарға жатқызылады.

2. Банкроттың мүлкін сату осы Заңның 99-бабына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте, негізгі қызмет түрін міндетті түрде сақтай отырып, банкроттың мүлкін сату жоспарына мүліктік массаны бірыңғай лотпен аукцион нысанында өткізілетін сауда-саттыққа бастапқы шығару бойынша қосымша шарт енгізіледі.

3. Егер аукцион өткізілмеген не оған қатысушылардың ешқайсысы бірыңғай лотты иемденбеген жағдайда, мүлікті сату бөлек лоттармен жүзеге асырылады, бұл ретте біртұтас өндірістік кешенге кіретін мүлікті бөлек лоттарға кіргізуге жол берілмейді.

Егер біртұтас өндірістік кешен кіретін лот бойынша аукцион өткізілмеген не оның қатысушыларының ешқайсысы бірыңғай лотты иемденбеген жағдайда, оны өткізу одан әрі бөлек лоттар бойынша жүзеге асырылады.

4. Банкроттықты басқарушы сатып алу-сату шарты жасасылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға мүлікті бірыңғай лотпен, сондай-ақ бірыңғай өндірістік кешенге кіретін мүлікті өткізу бойынша өткізілген сауда-саттық қорытындысы туралы ақпаратты жіберуге міндетті.

5. Мүліктік массаны бөлек лоттар бойынша сатып алушы болмаған кезде кредиторлар өз талаптарын осы Заңның 100-бабында белгіленген мүліктік массаны бөлудің кезектілігіне сәйкес олардың талаптарының сомасына пропорционалды түрде заттай банкроттың мүлкі есебінен қанағаттандыруға құқылы.

6. Мүліктік массаны өткізу бойынша аукционның өткізілетін уақыты мен орнын кредиторлар комитетінің келісімімен банкроттықты басқарушы айқындайды.

Ескерту. 126-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет