INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
105
Заттардың аталуы
Реакция теңдеуі
Түзілген заттардың
аталуы
Алюминий + оттек →
Алюминий оксиді + қышқыл →
Алюминий оксиді + сілті →
Алюминотермиялық әдіспен
алынатын металдар:
Алюминий + көміртек →
Қолдану категориясында жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада
пайдаланып, оқу материалын нақты және мүлдем жаңа жағдайда қолдануды меңзейді.
Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды,
практикалық тұрғыдан қолдануы жүзеге асырылады. Бұл кезеңде оқу нәтижелері түсіну
деңгейіне қарағанда білімді тереңірек игеруді талап етеді.
Оқушы: ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады; заңдар мен
теорияларды практикалық тұрғыдан нақты жағдайларда қолданады; Әдіс немесе жұмыс
ретін дұрыс көрсете алады.
Тапсырмалар түрлері: жасап көр, таблица, график жасау, қолдану мақсатын
түсіндіру, есепті бірнеше тәсілмен шешу, берілген гипотезаны тексеру.
Мысалы: Сабаққа қатысты әртүрлі бейнероликтер арқылы виртуалды түрде
реакциялар көрсетіледі. Қажетті құрал-жабдықтар болса тәжірибе көрсеткен дұрыс.
Алюминийдің сұйытылған қышқылдармен әрекеттесуі, мыс сульфаты ерітіндісінен мысты
ығыстырып шығаруы, оксидінің және гидроксидінің екідайлы қасиеттерін т.б. тәжірибе
жүзінде көрсетуге болады. Дидактикалық тапсырмалар /2/:
1)
Алюминийдің «қанатты металл» деп аталуын ескеріп, қолданылу салаларын
анықтап, ассоциациялық карта құрыңдар,
2)
Таза алюминийді қалай алуға болады? Алюминийдің табиғи қосылыстарын
табыңыз.
3)
Алюминий оттекпен, хлормен, фосформен және көміртекпен әрекеттеседі.
Реакция теңдеулерін жазыңдар және электрондық баланс теңдеуін құрыңдар.
Талдау категориясы-таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейінің сипаты. Дәйектер мен
себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу, қорытынды жасау және жалпылаудың
болғанын растайтын дәлелдерді анықтау, оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін
оны құрамдас бөліктерге бөлу; Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен
қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді /2/.
Оқушы: Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады; Ойдың өрбуінен қателер
мен олқылықтарды айқындайды, қателіктерді жөндеу арқылы дұрыс нәтижеге қол
жеткізеді; фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады; келтірілген және
ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.
Тапсырмалар түрлері «Құрылымы қандай?», «Салдары неде?», «Топтастырыңыз»,
«салыстырыңыз», «себебін талдаңыз» сияқты мәселелер айналасында құрылады. Мысалы:
1)
Алюминий атомы мен оның бөлшегі арасында қандай айырмашылық бар?
2)
Құрамында алюминий кездесетін минералдарды жазыңыз.
3)
Алюминий гидроксидінің сатылап диссоциациялануын жазыңыз.
4)
Алюминийдің негіздік тұздарының түзілу реакциясын жазыңыз.
|