INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
115
жүзінің барлық елдерінде айрықша көңіл бөліне бастады. Ең алғашқы олимпиада АҚШ-та
ХХ ғасырдың ортасында «Жас ғалымдар олимпиадасы» деген атпен өткізілді. Біз
құрамында болған Кеңестік одақта оқушылардың пәндік олимпиадасы 1974 жылдан
бастап Бүкілодақтық олимпиада деген атпен өткізіле бастады. Бұл олимпиада КСРО-ның
әр түрлі қалаларында (көбінесе Ресей қалаларында) жыл сайын өткізіліп тұрды. Ол
олимпиадалар тапсырмалары бірнеше рет жеке жинақ ретінде басылып шығып тұрды.
Алайда, территорияның үлкендігі, жердің шалғайлығы, олимпиадалардың орыс тілінде
өтуі сияқты алуан түрлі кедергілер алыс ауылдардағы мектептерде оқитын дарынды,
талантты балалардың мұндай білім жарыстарына қатысу мүмкіндігін шектеді.
Бүкілодақтық олимпиадаға қазақ балаларының да қатысуын қамтамасыз ету үшін
Қазақ
ССР Министрлер Кеңесінің 1972 жылы 16 қазандағы №55бұйрығымен Республикалық
физика-математикалық мектеп-интернаты ашылып, бұл мектепке елдің түкпір-түкпірінен
дарынды балалар жинақталып, арнайы тереңдетілген бағдарламамен оқытыла бастады.
Бұл мектеп әлі күнге дейін табысты жұмыс жасауда, Халықаралық олимпиада
жүлдегерлері осы мектепте даярланады.
ҚР екі дүркін премьер-минмистрі
Кәрім Мәсімов, Яндекс браузерінің негізін
қалаушылар- Аркадий Волож, Илья Сегалович, «Казатомпром» басшысы болған Мұхтар
Жәкішов, Қазақстан Ұлттық Банк төрағасы болған Қайрат Келімбетов, ҚР қоршаған орта
және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров, ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаров,
Астана қаласының экс-мэрі, Қаржы министрі болған Бақыт Сұлтанов, ҚР ұлттық
экономика министрі Ерболат Досаев сияқты басқа да
елдің зиялы тұлғалары - осы
Жәутіков мектебінің түлектері [3].
Біздің еліміздегі олимпиадалық қозғалыс тәуелсіздік алғаннан кейін кең өріс алды.
Тұңғыш Республикалық пән олимпиадасы 1992 жылы Қызылорда қаласында өткізілді.
Содан бері қарай Республикалық пән олимпиадасы барлық жалпы білім беретін пәндер
бойынша жыл сайын үзбестен өткізіліп келеді. Қазақстанның талантты, дарынды
балаларымен жұмысты жүйелі, кешенді түрде жүргізу үшін “Дарынды балаларға
арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету” туралы (1996ж.)
Президент Қаулысы Қазақстандағы аса қабілетті балалар және жасөспірімдермен
қарқынды түрде жұмыс жүргізудің себепкері болып отыр.
Осы Қаулыны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Өкіметінің 1998
жылғы 24 наурыздағы №256 қаулысымен Білім және ғылым
министрлігі жанында жаңа
ғылыми-құрылымдағы білім беру мекемесі республикада дарынды балалармен жұмыс
істеу жүйесін ұйымдастыратын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
құрылды.
20 жыл ішінде Қазақстанның дарынды оқушыларымен ең абыройлы халықаралық
пәндік олимпиадалардан 2241 алтын, 3266 күміс, 4763 қола медальдар жаулап алынған
болатын.
Қазақстандық оқушылар соңғы жылдар ішінде әлемдік интеллект нарығында өзінің
бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеуде. Қазіргі кезде, халықаралық
олимпиада қозғалысы
рейтингі бойынша 123 қатысушы елдердің арасынан Қазақстан құрамасы 10-шы орында
тұр.
Қазіргі таңда осы орталық мектеп оқушыларының әр түрлі деңгейдегі аудандық,
қалалық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларын (он пәннен) ұйымдастырып,
өткізумен шұғылданып отыр. Пәндік олимпиадаға дейін оқушыларды білім бәсекесіне
дайындау жұмыстары да ескерілген. «Дарын»
орталығы арқылы бастауыш сынып,
ортаңғы сатыдағы мектеп оқушылары үшін арнайы «Ақбота», «Кенгуру» сияқты жеке
оқушыға арналған сайыстар, ал 9-11 сынып оқушылары үшін «Ақ желкен» математикалық
регатасы, «Апельсин» физика-техникалық турнирі жыл сайын облыстық деңгейде
командалық форматта өткізіліп келеді. Сонымен қатар қалалық деңгейдегі «Квант» деп