№
|
Бағалау критерийлері
|
1,0
|
0,5
|
0
|
1
|
Баланың туылу сәтінде дайын тұруы керек: стерильді жылы жөргектер – 2–3 дана; жылы көрпеше; нәрестеге арналған бас киім, шұлықтар; стерильді анатомиялық қысқыш; кіндік қысқышы ( бір реттік); стерильді қайшы; термометр; 1 % көз тетрациклин майы; сантиметрлік жолақ; жылытылған нәрестенің киімдері
|
|
|
|
2
|
Баланы стерильді жылы жөргекке қабылдап алу. Стерильді жылы жөргекпен құрғатып сүрту (ішін – басын – арқасын). Дымқыл жөргекті өзге стерильді жылы жөргекке ауыстыру.
|
|
|
|
3
|
Баланы анасынан ажыратып алу (кіндігін кесу): кіндік сақинасынан 10 см қашықтықта бірінші анатомиялық қысқыш салып, екінші қысқышты 8 см жоғарырақтан салып, арасын спиртпен жуып, йодпен өңдеп кесу.
|
|
|
|
4
|
Баланы анасының кеудесіне салу: «теріні теріге» салу әдісімен.
|
|
|
|
5
|
Балаға бас киім және шұлық кигізу, үстіне жөргек және көрпеше жабу.
|
|
|
|
6
|
Баланың емшек емуге дайындығын байқап, емшекті аузына дұрыс алуына көмек беру
|
|
|
|
7
|
30 мин өткеннен кейін баланың дене температурасын өлшеп, кіндікті екіншілік өңдеу: кіндік сақинасынан 0,3 см қашықтықта кіндік қысқышын салу; кіндік қысқышының жоғарғы шетінен кіндік қалдығын стерильді қайшымен кесу.
|
|
|
|
8
|
Гонобленореяның алдын алу шарасын өткізу ( бала өмірінің алғашқы 1 сағатында): баланың көздерін 1 % тетрациклин (эритромицин) маймен өңдеу, әр көзге жеке мақта шаригі қолданылады.
|
|
|
|
9
|
Баланы анасының баурында кемінде 2 сағатқа қалдыру. 2 сағат өткеннен кейін баланың жылытқышы және қосымша жылу көзі бар жөргектейтін үстелдің үстіне салып антропометрия жүргізу.
|
|
|
|
10
|
Баланы орап анасымен бірге босанудан кейінгі бөлімге жеткізу. Босану бөлмесінің температурасы 250 С кем болмау керек. Барлық шараларды «Жылу тізбегінің» бөлімдерін сақтаумен өткізу. Мед.қызметкерлердің қолдары хирургиялық әдіспен өнделу қажет.
|
|
|
|
Максималды балл: 10; өте жақсы: 10-9; жақсы 8-7 ; қанағаттанарлық 6-5; қанағаттанарлықсыз 5 төмен.