№ исх: 625 от: 16.05.2012
|
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы « »
№ қаулысымен
бекiтiлген
Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары
-
Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 088 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша
2012 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде мал шаруашылығы өнiмiн өндiрудi ұлғайту, сапасын және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi (бұдан әрi – тауар өндiрушiлер) қолдау мақсатында ағымдағы нысаналы трансферттердi (бұдан әрi – бюджеттiк субсидиялар) пайдалану тәртiбiн айқындайды.
2. Бюджеттiк субсидиялар тауар өндiрушiлерге:
1) сиыр етiн, шошқа етiн, бройлерлiк құс етi мен күрке тауық етiн (бұдан әрi - құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi - тағамдық жұмыртқа) өндiру үшiн пайдаланылатын құрама жемнiң және (немесе) маңыздандырылған азықтың (бұдан әрi - маңыздандырылған азық) құнын iшiнара (45%-ға дейiн) арзандатуға, сондай-ақ сүт, биязы қой жүнi (бұдан әрi - биязы жүн), қой етi, жылқы етi, қымыз және шұбат өндiрiсiне жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге арналады. Бұл ретте субсидиялар тауар өндiрушiлерге сиыр етінің, шошқа етінiң, құс етінің, сүттің, қой етiнің, жылқы етiнің, биязы жүннiң, қымыздың және шұбаттың есептік нөмірлері бар қайта өңдеу кәсiпорындарына (цехтарына) (бұдан әрi - қайта өңдеу кәсiпорындары), сою алаңдарына (пункттерiне) немесе қайта өңдеу кәсiпорындарының қызметiн пайдалану шартымен еркiн нарықта, ал тағамдық жұмыртқаның – облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары бекiткен квоталар шегiнде еркiн нарықта сатылған iс жүзiндегi көлемiне төленедi;
2) iрi қара малдың аналық басын (бұдан әрi - сиырларды) азықтандыру үшiн пайдаланылатын шырынды және кесек азықтың (бұдан әрi - азықтың) құнын iшiнара (50%-ға дейiн) арзандатуға арналады.
3. Тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес белгiленедi. Субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында квоталарды айқындау тұқым мен өнiмдiлiк бағытына байланысты өнiм шығуының зоотехникалық нормаларын есепке ала отырып, бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға облысқа жеткiзiлген қаражат шеңберiнде жүзеге асырылады. Асыл тұқымды емес мал үшiн негiз ретiнде өнiмдiлiктiң орташа аудандық статистикалық көрсеткiшi алынады.
4. Субсидияланатын мал шаруашылығы өнiмiнiң 1 (бiр) килограмына,
1 (бiр) данасына, сондай-ақ 1 (бiр) бас сиырға арналған бюджеттiк субсидиялардың нормативi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
5. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшамен белгiленген өлшемдерге сәйкес келмейтiн тауар өндiрушiлер өндiрген сиыр етi, шошқа етi, биязы жүн, қой етi, жылқы етi, қымыз, шұбат, құс етi, тағамдық жұмыртқа және сүт (бұдан әрi – өнiм);
2) тауар өндiрушiлер одан әрi қайта сату және (немесе) қайта өңдеу үшiн басқа да жеке және (немесе) заңды тұлғалардан сатып алған өнiм;
3) өзара есеп айырысу есебiне, сондай-ақ аффилирленген қайта өңдеу құрылымдарына қайта өңдеуге берудi немесе сатуды қоспағанда, аффилирленген құрылымдарға тауар өндiрушiлер айырбас бойынша сатқан өнiм;
4) жеке аулада сойылған сиыр етi, шошқа етi, қой етi, жылқы етi, сондай-ақ қайта өңдеу кәсiпорындарында бастапқы қайта өңдеуден өтпеген сүт, қымыз және шұбат;
5) жануарларды мәжбүрлi санитариялық сою нәтижесiнде, сондай-ақ аса жұқпалы аурулар бойынша карантиндiк және шектеу iс-шараларының әрекет ету кезеңiнде тауар өндiрушiлер алған өнiм;
6) етті құс шаруашылығы өнімдері – аяқтары, бастары, сондай-ақ бөтеге мен бауырдан басқа ішкі органдары;
7) жұмыртқа ұнтағын өндіру үшін сатылған және (немесе) берілген тағамдық жұмыртқа;
8) тауар өндiрушiлер бордақылауда тұрған сиырларды азықтандыру үшiн пайдаланатын азық.
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрi – Министрлiк) ұсынымдары негізінде облыс әкiмiнiң шешiмiмен мынадай құжаттар бекiтiледi:
1) субсидиялар алуға өтiнiмдер нысаны;
2) аудан бойынша мал шаруашылығы өнiмiн сату, сондай-ақ сиыр саны туралы жиынтық актiнiң нысаны;
3) субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында квоталар мен бюджеттiк субсидиялар мөлшерiн бөлудiң жиынтық тiзiмiнiң нысаны;
4) мал шаруашылығы өнiмiнiң сатылған көлемi, сондай-ақ сиыр саны мен субсидиялар төлеу туралы облыс бойынша жиынтық ведомость нысаны;
5) облыс бойынша қаражатты игеру жөнiндегі есеп (ақпарат) нысаны;
6) мал шаруашылығы өнiмiн сату көлемi жөнiндегі есеп (ақпарат) нысаны.
7. Ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес субсидиялау бағыттары бойынша мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға республикалық бюджетте көзделген қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен айқындалады.
8. Министрлiк мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi облыс әкiмi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi арасында қол қойылған Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм шеңберiнде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстық бюджеттерге аударады.
2. Тауар өндірушілердің субсидия алуға өтініштерін қарау тәртібі
9. Тиiстi ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi (бұдан әрi – бөлiм) осы Қағидалар ресми жарияланғанынан кейін жеті жұмыс күн ішінде субсидиялау бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды аудан әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырады.
Субсидиялау бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі хабарландыру орналастырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік 30 күн болып айқындалады.
10. Тауар өндiрушiлер бөлiмге белгiленген нысан бойынша бюджеттiк субсидиялар алуға арналған өтiнiмдер ұсынады.
11. Бөлiм өтiнiмдердi алған сәттен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде тауар өндiрушiлердiң осы Қағидаларда белгіленген өлшемдерге сәйкестiгiн тексередi.
Тауар өндірушілердің осы Қағидаларда белгіленген өлшемдерге сәйкес келмеуі, бюджеттік субсидиялардың бөлінбеген қалдығының болмауы және (немесе) өтінімдерді белгіленген мерзімнен кеш ұсыну осы факторлар анықталған сәттен бастап субсидиялау бағдарламасына қатысуға рұқсат бермеу үшін негіздеме болып табылады. Мұндай жағдайларда бөлім осы фактілер анықталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде өтiнiмдердi қабылдамаудың себептерiн жазбаша түрінде көрсете отырып, өтінімдерді тауар өндiрушiлерге қайтарады.
Бөлiм өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде аудан бойынша субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін жасайды және оны тиісті аудан әкімі бекітеді.
12. Бөлiм бекітілген жиынтық тiзiмдi тауар өндiрушiлердiң өтiнiмдерiмен бiрге облыс әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерiне жетекшілік ететін орынбасары төрағалық ететiн облыс әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын облыстық комиссияның (бұдан әрi – комиссия) қарауына жiбередi. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрi – басқарма) комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссияның құрамына басқарманың, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттiк инспекция комитетi аумақтық инспекциясының мамандары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi кiредi.
13. Комиссия:
1) бес жұмыс күнi iшiнде бөлiмдер ұсынған өтiнiмдердi осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкестiгі тұрғысынан қарайды;
2) тауар өндiрушiлердiң өтiнiмдерiн қарау қорытындысы бойынша:
тауар өндiрушiлердiң жиынтық тiзiмiн, субсидияланатын мал шаруашылығы өнiмдерiн сатудың жоспарланған көлемiне квоталарды және бюджеттiк субсидиялар мөлшерiн субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың арасында бөлудi;
тауар өндiрушiлердiң жиынтық тiзiмiн, азық бағасын арзандатуға бюджеттiк субсидия алуға арналған квоталарды субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында бөлудi жасайды.
14. Тауар өндiрушiлер өтiнiм бiлдiрген бюджеттiк субсидиялардың талап етілетін көлемi бюджеттiк субсидиялар көлемiнен асып түскен жағдайда, комиссия неғұрлым жоғары деңгейге жатқызылған тауар өндiрушiлердiң өтiнiмдерiн басым тәртіппен қанағаттандырады, қаражаттың қалдығы берілген өтінімдерге сәйкес тең бөлінеді.
Бюджеттiк субсидиялар көлемi тауар өндiрушiлер өтiнiм бiлдiрген бюджеттiк субсидиялардың талап етілетін көлемінен асып түскен жағдайда, басқарма бос қаражаттың бар екендігі туралы ақпаратты бөлiмдерге жеткізеді. Көрсетілген ақпарат бөлiмдер үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен субсидиялау бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдерді қайта қабылдауды хабарлау үшін негіз болып табылады.
15. Комиссияның ұсынуы бойынша облыс әкімі:
субсидияланатын мал шаруашылығы өнiмiнiң көлемiн өндiруге квоталар мен тауар өндiрушiлер арасында субсидиялар мөлшерiн бөлудiң жиынтық тiзiмiн;
тауар өндiрушiлердің жиынтық тізімін, арзандатылған азыққа бюджеттік субсидиялар алуға квоталарды бағдарламаға қатысушылар арасында бөлуді комиссияның ұсынуы бойынша облыс әкімі бекітеді.
Бекiтiлгеннен кейiн басқарма тізімдерді Министрлiкке және тиiстi бөлiмдерге бiр-бiр данадан жiбередi.
3. Тауар өндірушілердің субсидия алу тәртібі
16. Сиыр етi, шошқа етi, қой етi, жылқы етi, сүт, биязы жүн бойынша бюджеттiк субсидиялар алу үшiн тiзiмге енгiзiлген тауар өндiрушiлер өнiмнiң сатылуына қарай, ай сайын (желтоқсанда – 2012 жылғы 20 желтоқсаннан кешiктiрмей) бөлiмге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өнiмдi қайта өңдеу кәсiпорындарына сатқан жағдайда:
өнiмнің сатылғанын растайтын құжаттардың көшiрмелері (шарт, шот-фактура), сондай-ақ сатып алушылардан төлем құжаттарының көшірмелері (бұдан әрi – төлем құжаттары);
сиыр етiн сатқан кезде Қазақстан Республикасының бiрыңғай бiрдейлендiру дерекқорынан сатылған (сойылған) малдардың тiркеуден шығарылғаны туралы үзiндi көшiрме;
2) өнiмдi дербес сатқан жағдайда:
өнiмнің сатылғанын растайтын құжаттардың көшiрмелері (шарт, шот-фактура), ал құс еті және тағамдық жұмыртқа бойынша төлем құжаттарының тізілімі;
өнiмдi бастапқы қайта өңдеу бойынша көрсетiлген қызметтер үшiн (өнiмдi өзiнiң қайта өңдеу кәсiпорындарына немесе цехтарына тапсыру жағдайларын қоспағанда) төлем құжатының көшiрмесi;
сиыр етiн сатқан кезде Қазақстан Республикасының бiрыңғай бiрдейлендiру дерекқорынан сатылған (сойылған) малдардың тiркеуден шығарылғаны туралы үзiндi көшiрме;
3) өнiмдi өзiнiң қайта өңдеу кәсiпорындарына немесе цехына берген жағдайда:
өнiмге арналған жүкқұжаттың көшірмесі;
өнiмді сатуға арналған тауар-көлiктiк жүкқұжаттардың тiзiмi;
сиыр етiн сатқан кезде, Қазақстан Республикасының бiрыңғай бiрдейлендiру деректер қорынан сатылған (сойылған) малдардың тiркеуден шығарылғаны туралы үзiндi көшiрме.
17. Азық құнын арзандатуға бюджеттiк субсидия алу үшiн тiзiмге енгiзiлген тауар өндiрушiлер бөлiмге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң селекциялық және асылдандыру жұмысына қатысқанын растайтын селекциялық және асылдандыру жұмысының бiрыңғай ақпараттық базасынан деректердiң үзiндi көшiрмесi;
2) заңды тұлғалар нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер үшiн есептің көшірмесі немесе 24-аш статистикалық есептiлiк нысанынан, ал шаруа (фермер) қожалықтары үшiн сиыр бас санының болуын растайтын шаруашылық кiтабынан үзiндi көшiрме.
18. Бөлiм ай сайын, құжаттардың түсуiне қарай (желтоқсанда – 2012 жылғы 20 желтоқсаннан кешiктiрмей) тауар өндірушілердің ұсынған құжаттарын тексередi. Олар осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, аудан бойынша бюджеттiк субсидияларды алушылардың жиынтық актiсiн жасайды, аудан әкімі бекіткеннен кейін басқармаға жіберіледі. Басқарма бөлімдер ұсынған субсидиялар алушылардың жиынтық актілері негізінде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша облыс бойынша бiрiктiрiлген жиынтық ведомость пен төлеуге берiлетiн шоттар қалыптастырады.
19. Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бөлiм өтінімдер тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оларды керi қайтару себептерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiлерге қайтарады.
20. Тауар өндiрушiлердiң банктiк шоттарына тиесiлi бюджеттiк субсидияларды аударуды басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлеуге берiлетiн шоттардың екі данасымен қоса төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiн ұсыну жолымен жүзеге асырады.
21. Қандай да бiр облыс бөлiнген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Министрлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен 2012 жылға арналған бюджеттiк бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде облыстар бойынша бюджеттiк субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзедi.
22. Басқарма Министрлiкке ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде, бiрақ 2012 жылғы 30 желтоқсаннан кешiктiрмей бекiтiлген нысандар бойынша бюджеттiк бағдарламаның iске асырылу барысы туралы есептi ұсынады.
______________
Облыстық бюджеттердiң мал
шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн
және сапасын арттыруды субсидиялауға
2012 жылғы республикалық бюджеттен
берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
Мал шаруашылығы өнiмiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге қойылатын өлшемдер
Р/с
№
|
Өлшемдер
| -
Сиыр етін өндірумен айналысатын тауар өндiрушiлерге
(1-деңгей)
|
1.
|
Бiр мезгiлде кемiнде 3 000 бас iрi қара малды бордақылайтын қуаты бар және инфрақұрылымы дамыған мамандандырылған алаңның болуы:
малды күтiп-бағуға арналған қоралар;
бетон жиектi азық беруге арналған науа;
сумен жабдықтау көздерінің болуы және автоматтандырылған суару көзiмен қамтамасыз етiлуi;
фекалдық масса мен қар суын шығарып тастауға арналған мүйiсi бар дренаждық жүйе;
азық дайындау және азық тарату техникасының/жабдығының, сондай-ақ азық сақтау қоймасының болуы;
бекiткiшi бар жiктегiштiң, таразы құрылғысының болуы;
ветеринариялық пункттiң болуы.
|
2.
|
Iрi қара (союға өткiзiлетiн) малдың тiрiдей салмағы 450 килограмнан кем емес*
|
3.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру
|
4.
|
Малдардың бірдейлендіру нөмiрлерiнiң және Қазақстан Республикасының бiрыңғай бірдейлендіру деректер базасында тiркеуiнiң болуы
|
2. Сиыр етін өндірумен айналысатын тауар өндiрушiлерге
(2-деңгей)
|
1.
|
Бiр мезгiлде кемiнде 1 500 бас ipi қара малды бордақылайтын қуаты бар және инфрақұрылымы дамыған мамандандырылған алаңның болуы:
малды күтiп-бағуға арналған қоралар;
бетон жиектi азық беруге арналған науа;
сумен жабдықтау көздерінің болуы және автоматтандырылған суару көзiмен қамтамасыз етiлуi;
азық дайындау және азық тарату техникасының/жабдығының, сондай-ақ азық қоймасының болуы;
бекiткiшi бар жiктегiштiң және таразы құрылғысының болуы;
ветеринариялық пункттiң болуы.
|
2.
|
Iрi қара (союға өткiзiлетiн) малдың тiрiдей салмағы 420 килограмнан кем емес*
|
3.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру
|
4.
|
Малдың бірдейлендіру нөмiрiнiң және Қазақстан Республикасының бiрыңғай бірдейлендіру деректер базасында тiркеуiнiң болуы
|
3. Сиыр етін өндірумен айналысатын тауар өндiрушiлерге
(3-деңгей)
|
1.
|
Бордақылауда жыл бойы 400 бастан кем емес мал басының болуы
|
2.
|
Iрi қара малды бордақылауға арналған мамандандырылған үй-жайдың немесе алаңдардың болуы:
малды күтiп-бағуға арналған қоралар;
суару көзiмен қамтамасыз етiлуi;
азық дайындау техникасының болуы;
жiктегiштiң және таразы құрылғысының болуы;
|
3.
|
Iрi қара (союға өткiзiлетiн) малдың тiрiдей салмағы 400 килограмнан кем емес*
|
4.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру
|
5.
|
Малдың бірдейлендіру нөмiрiнiң және Қазақстан Республикасының бiрыңғай бірдейлендіру дерекқорында тiркеуiнiң болуы
|
4. Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлерге
(1-деңгей)
|
1.
|
01.01.12 ж. 400-ден кем емес сиыр мен қашарлардың меншiктi аналық басының (2 жастан ересек) болуы
|
Сауын сиырлар мен құнажындардың орташа жылдық саны (2011 жылдың қорытындысы) 350-ден кем емес
|
табын бойынша орташа сауым (2011 жылдың қорытындысы) 4500 кг кем емес
|
тиiстi инфрақұрылымы бар қазiргi заманғы сүт кешенiнiң (механикаландырылған сауу, көң шығару және азық тарату, автосуару және азық цехы) болуы
|
2.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру
|
3.
|
Селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бiрыңғай ақпараттық базасында тiркеуде болуы**
|
4.
|
Малдың бірдейлендіру нөмiрiнiң және Қазақстан Республикасының бiрыңғай бірдейлендіру деректер базасында тiркеуiнiң болуы
|
5. Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлерге
(2-деңгей)
|
1.
|
01.01.12 ж. 400-ден кем емес сиыр мен қашарлардың меншiктi аналық басының (2 жастан ересек) болуы
|
Сауын сиырлар мен құнажындардың орташа жылдық саны (2011 жылдың қорытындысы) 300-ден кем
|
табын бойынша орташа сауым (2011 жылдың қорытындысы) 3250 кг кем емес
|
2.
|
Машиналы сауынның болуы
|
3.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру
|
4.
|
Селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бiрыңғай ақпараттық базасында тiркеуде болуы**
|
5.
|
Малдың бірдейлендіру нөмiрiнiң және Қазақстан Республикасының бiрыңғай бірдейлендіру деректер базасында тiркеуiнiң болуы
|
6. Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлерге
(3-деңгей)
|
1.
|
01.01.12 ж. 100-ден кем емес сиыр мен қашарлардың аналық басының (2 жастан ересек) болуы
|
Сауын сиырлардың орташа жылдық саны (2011 жылдың қорытындысы) 60-тан кем емес
|
табын бойынша орташа сауым (2011 жылдың қорытындысы) 2500 кг кем емес
|
2.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру
|
3.
|
Селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бiрыңғай ақпараттық базасында тiркеуде болуы**
|
4.
|
Малдың бірдейлендіру нөмiрiнiң және Қазақстан Республикасының бiрыңғай бірдейлендіру деректер базасында тiркеуiнiң болуы
|
7. Шошқа етін өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге
(1-деңгей)
|
1.
|
Бір мезгілде бордақылауда болатын бас саны 3000-нан кем емес
|
2.
|
Мыналардың:
шошқа басының (мал басын толықтыратын төл және аналық мегежін);
өндіріс алаңдарын автоматтандырудың (азық тарату, суару және микроклимат желісі);
мал соятын цехының;
құрама жем цехының;
таразы құрылғысының болуы.
|
3.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру
|
4.
|
Шошқаның тірідей салмағы (союға өткiзгенде) 100 кг кем емес*
|
8. Шошқа етін өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге
(2-деңгей)
|
1.
|
Бір мезгілде бордақылауда болатын бас саны 1000-нан кем емес
|
2.
|
Мыналардың:
мал соятын цехының;
таразы құрылғысының болуы.
|
3.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру
|
4.
|
Шошқаның тірідей салмағы (союға өткiзгенде) 100 кг кем емес*
|
9. Қой етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге
|
1.
|
01.01.12 ж. саулықтардың (2 жастан ересек) басының болуы 600-ден кем емес
|
2.
|
Қойды күтiп-бағуға арналған үй-жайлардың болуы
|
3.
|
Қойдың (союға өткiзгенде) тiрiдей салмағы 42 кг кем емес*
|
4.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру
|
10. Жылқы етiн өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге
|
1.
|
01.01.12 ж. биенiң (3 жастан ересек) болуы 75 бастан кем емес
|
2.
|
Жылқының (союға өткiзгенде) тiрiдей салмағы 350 кг кем емес
|
3.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру
|
11. Қымызды өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге
|
1.
|
01.01.12 ж. биенiң (3-жастан ересек) болуы 35 бастан кем емес
|
2.
|
Сауын биенiң орташа жылдық саны 20 бастан кем емес
|
3.
|
Қымыз өндіретін цехтың болуы
|
4.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру
|
12. Шұбат өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге
|
1.
|
01.01.12 ж. түйенiң аналық басының (3-жастан ересек) болуы 30 бастан кем емес
|
2.
|
Сауын iнгендердiң орташа жылдық саны 15 бастан кем емес
|
3.
|
Шұбат өндіретін цехтың болуы
|
4.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру
|
13. Биязы жүнді өндiрумен айналысатын тауар өндiрушiлерге
|
1.
|
01.01.12 ж. саулық қой басының (2 жастан ересек) болуы 600 бастан кем емес
|
2.
|
Қойларды күтiп-бағуға, сондай-ақ қырқуға арналған үй-жайлардың болуы
|
3.
|
Қырқылған жүннiң физикалық салмағы (2011 жылдың қорытындысы) 3,2 кг кем емес
|
4.
|
Жүннiң сапасы 60-64 сападан кем емес***
|
5.
|
Биязы жүндi бастапқы қайта өңдейтін кәсiпорындарына биязы жүнді өткiзу
|
6.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру
|
14. Құс етiн өндiретiн тауар өндiрушiлерге
(1-деңгей)
|
1.
|
2007 жылдан бастап пайдалануға берілген жаңа құс фабрикасы немесе негізгі жабдығы бойынша жаңартудан өткен істеп тұрған құс фабрикасы.
|
2.
|
Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы.
|
3.
|
Аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы.
|
4.
|
Құс сою желісінің болуы
|
5.
|
Өндiрiстiң жылдық көлемi 15 000 тоннадан кем емес
|
6.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
|
15. Құс етiн өндiретiн тауар өндiрушiлерге
(2-деңгей)
|
1.
|
Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы.
|
2.
|
Аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы.
|
3.
|
Құс сою желісінің болуы
|
4.
|
Өндiрiстiң жылдық көлемi 8 000 тоннадан кем емес
|
5.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
|
16. Құс етiн өндiретiн тауар өндiрушiлерге
(3-деңгей)
|
1.
|
Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы.
|
2.
|
Аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы.
|
3.
|
Құс сою желісінің болуы
|
4.
|
Өндiрiстiң жылдық көлемi 1 500 тоннадан кем емес
|
5.
|
Ветеринариялық салауаттылық.
|
17. Күрке тауық етiн өндiретiн тауар өндiрушiлерге
|
1.
|
2007 жылдан бастап пайдалануға берілген жаңа құс фабрикасы және/немесе негізгі жабдықтары бойынша жаңартудан өткен істеп тұрған құс фабрикасы.
|
2.
|
Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы.
|
3.
|
Аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы.
|
4.
|
Құс сою желісінің болуы (сою цехы)
|
5.
|
Өндiрiстiң жылдық көлемi 3 000 тоннадан кем емес
|
18. Тауарлық жұмыртқа өндiретiн тауар өндiрушiлерге
(1-деңгей)
|
1.
|
2007 жылдан бастап пайдалануға берілген құс фабрикасы немесе негізгі жабдық бойынша жаңартудан өткен істеп тұрған құс фабрикасы.
|
2.
|
Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы.
|
3.
|
Жұмыртқаны сұрыптауға, белгілеуге және салуға арналған автоматты машинаның болуы тиіс
|
4.
|
Аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы.
|
5.
|
Тауарлық жұмыртқа өндiрiсінің көлемi 100 млн. данадан кем емес****
|
6.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
|
19. Тауарлық жұмыртқа өндiретiн тауар өндiрушiлерге
(2-деңгей)
|
1.
|
Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болмауы.
|
2.
|
Аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы.
|
3.
|
Тауарлық жұмыртқа өндiрiсінің көлемi 40 млн. данадан кем емес****
|
4.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
|
20. Тауарлық жұмыртқа өндiретiн тауар өндiрушiлерге
(3-деңгей)
|
1.
|
Жыл бойы құстарды технологиялық жағдайда күтіп-бағу, торда немесе еденде күтіп-бағу үшін технологиялық жабдықтың болуы.
|
2.
|
Аталған сертификаттардың (ИСО, «Экологиялық өнiм» белгiсi, ХАССП азық-түлiк қауiпсiздiк жүйесi) бiрiнiң болуы.
|
3.
|
Тауарлық жұмыртқа өндiрiсінің көлемi 20 млн. данадан кем емес****
|
4.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
|
21. Шырынды және кесек азықты субсидиялау үшiн мал шаруашылығымен айналысатын тауар өндiрушiлерге
|
1.
|
01.01.12 ж. жағдай бойынша 30 бастан кем емес аналық мал басының болуы
|
2.
|
Егіс айналымында азықтық дақылдардың немесе азық сатып алу шартының болуы
|
3.
|
Ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру
|
4.
|
Зоотехникалық оқиғаларды енгізе отырып, селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бiрыңғай ақпараттық базасында ірі қара малдың тiркеуде болуы
|
5.
|
Малдың бірдейлендіру нөмiрiнiң және Қазақстан Республикасының бiрыңғай бірдейлендіру деректер базасында тiркеуiнiң болуы
|
Ескертпе:
* Малдың (союға өткiзiлетiн) тiрiдей салмағы тауар өндiрушi қызметтерiн пайдаланған (малды сою жөнiндегi), есептік алу нөмiрi (коды) бар мал шаруашылығы өнiмдерi сатылған қайта өңдеу кәсіпорны немесе есептік нөмірі бар сою цехы берген анықтамамен расталуға тиiс.
** Сүт өндiрiсiмен айналысатын тауар өндiрушiлер селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бiрыңғай ақпараттық базасына тiркелуге тиiс.
*** Жүннiң сапасы жүн сапасын бағалау жөнiндегi зертхана берген анықтамамен расталады.
***** Құс фабрикалары үшiн тауарлық жұмыртқа сатудың жоспарланған көлемiне квотаны жеткiзген кезде республика бойынша орташа жылдық жұмыртқалауды негiз ретiнде алу керек (1 жұмыртқалағыш тауыққа
280 данадан артық емес).
______________
Облыстық бюджеттердiң мал
шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн
және сапасын арттыруды субсидиялауға
2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
1. Бюджеттік субсидиялар нормативтері
Р/с
№
|
Өнiмнiң түрi
|
Меншікті өндірісінің өткізілген өнімінің 1 килограмына, 1 данасына берiлетiн бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге
|
1.
|
Сиыр етi - I деңгей
|
220
|
2.
|
Сиыр етi - II деңгей
|
170
|
3.
|
Сиыр етi - III деңгей
|
120
|
4.
|
Сүт - I деңгей
|
25
|
5.
|
Сүт - II деңгей
|
15
|
6.
|
Сүт - III деңгей
|
10
|
7.
|
Шошқа еті - I деңгей
|
98
|
8.
|
Шошқа еті - II деңгей
|
60
|
9.
|
Қой етi
|
50
|
10.
|
Жылқы етi
|
92
|
11.
|
Қымыз
|
60
|
12.
|
Шұбат
|
55
|
13.
|
Жүн
|
105
|
14.
|
Құс етi - I деңгей
|
70
|
15.
|
Құс етi - II деңгей
|
66
|
16.
|
Құс етi - III деңгей
|
50
|
17.
|
Күрке тауық етi
|
105
|
18.
|
Жұмыртқа - I деңгей
|
3,0
|
19.
|
Жұмыртқа - II деңгей
|
2,6
|
20.
|
Жұмыртқа - III деңгей
|
2
|
2. Шырынды және кесек азықтың құнын арзандатуға арналған бюджеттiк субсидиялар нормативi
Р/с №
|
Өнiмнiң түрi
|
Сиырдың 1 басына бюджеттiк субсидиялар нормативi, теңге
|
21.
|
Iрi қара мал
|
4500
|
_____________
«Бекітемін»
_____________________ облысы
Ауыл шаруашылығы басқармасының
бастығы ___________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
2012 жылғы «____» ____________
|
Облыстық бюджеттердiң мал
шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн
және сапасын арттыруды субсидиялауға
2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi
пайдалану қағидаларына
3-қосымша
|
______________ облысы бойынша 2012 жылғы ____________
________________________________________________________ өндіруге және сатуға субсидиялар төлеуге арналған
субсидияланатын мал шаруашылығы өнімі – (керегін қалдыру)
біріктірілген жиынтық ведомосі
Атауы
|
Өнімді сатудың жылдық квотасы, тонна, мың дана
|
1 кг, дана өнімді арзандату нормативі
|
Бюджеттік
субсидия-лардың жалпы қажеттілігі, теңге
|
Іс жүзінде сатылған өнім, тонна, мың дана
|
Өнімді өндіру және сату үшін іс жүзінде пайдаланылған құрама азықтар (құнарлы азықтар), тонна
|
Жыл басынан бастап бюджеттік
субсидия-лардың тиесілі сомасы, теңге
|
Жыл басы-нан бас-тап
төлен-гені, теңге
|
Бюджеттік субсидия-лардың тиесілі сомасының қалдығы, теңге
|
Төле-нуге жата-тыны теңге
|
|
тауар өндiрушiнің
|
өнім-дердің
|
жыл басынан бастап
|
есепті айда
|
жыл басынан бастап
|
есепті айда
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) __________________________ (Т.А.Ә., қолы)
Бухгалтер (жауапты тұлға) __________________________ (Т.А.Ә., қолы)
_____________________
Достарыңызбен бөлісу: |