Өңдеуші өнеркәсіптің негізін келесі салалар құрайды: металлургиялық өнеркәсіп және дайын метал бұйымдарын өндіру (саладағы үлес салмағымен 73,8%), сусындарды қосқанда тамақ өнімдерін өндіру (9,9%), машина жасау (5,8%), өзге бейметал минералды өнімдерін өндіру (4,1%), резеңке және пластмасс бұйымдар өндірісі (1,7%), химия өнеркәсібі (2,3%), фармацевтикалық сала (0,05%), қағаз және қағаз өнімдерін өндіру (0,1%), ағаш бұйымдарын өндіру (0,3%), жеңіл өнеркәсіп өндірісі (0,4%) және өнеркәсіптің басқа да салалары.
Өңдеуші саланың ірі кәсіпорындары мыналар болып табылады: өндірістің аяқталған циклімен көпсалалы тау-кен металлургиялық кәсіпорындары бар және бірқатар зауыттар, кеніштер мен энергия нысандарын біріктіретін «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС және өзіне толық металлургиялық циклдің барлық кәсіпорындарын, Қарағанды бассейінінің көмір шахталарын, ЖЭО, қосалқы және қызмет көрсететін өндірістік инфрақұрылымды қосатын
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ.
2009-2013 жылдардағы маңызды өнім түрлерін өңдеу мен қарқыны өндіру динамикасы кестелік нысанда көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |