«Арал Теңізі» ҚБ 20 -31 наурыз
аралығында атқарылған жұмыстар туралы
Мәлімет.
Балық шаруашылығы: Наурыз айында балық аулау маусымы Тікаша, Шағалалы, Қосжар, Акеспе көлінде өткізілуде.
Қоғамның жұмысы:
26 наурыз күні «Арал теңізі» ҚБ Еріктілер Орталық жетекшілеріне «Тренерлерге арналған тренинг» атты 1 күндік семинар өткізілді.
Жалпы тренингке 15 адам қатысты – оның ішінде еріктілер жетекшілері, балықшылар, эколог мамандары, БАҚ өкілдері болды. Тренингте еріктілер 1 тоқсан жұмыстарына қортынды беріп, келер жұмыс бағыттарын белгіледі.
27 наурыз күні «Арал Теңізі» ҚБ басқарма мүшелері және штат қызметкерлеріне арналған «Уақытты қалай үнемдеу» атты тренинг өткізілді. Тренингке 10 адам қатысты. Уақыттын бағасы, қоғамның мақсаттарын жетуге уақытты қалай тиімді түрде пайдалану талқыланды.
Тренер есебінде Қызылордалық неміс қоғамының тренерлері қатысты.
БАҚ құралдарымен жұмыс: «Арал Теңізі» ҚБ «Жағалау нұры» айлық балықшылар жаршысының 4 нөмірі басылып шықты. Шығарылымда «Арал Теңізі» ҚБ Басқарма жиналысының отырысы, Басқарма және штат, Еріктілер Орталықтары жетекшілеріне арнап өткізілген тренингтер туралы айтылды. Экологиялық бағытта еріктілердің жұмыстары, Байтақ көлінен балық аулау нәтижелері көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |