Офсеттік баспа ағылш



Дата13.02.2022
өлшемі15.2 Kb.
#455323
Офсеттік баспа


Офсеттік баспа (ағылш. offset) – баспа қалыбындағы кескін алдымен аралық иілгіш резеңке тінді пластинаға, одан қағазға түсірілетін жазық баспа әдісі. Кескіннің осылайша жанама берілуі ағылшынша тілінде “офсет” делінеді, ал баспа әдісі – офсеттік деп аталады. Офсеттік баспа алғашқыда литография түрінде 1796 жылы, соңынан 1902 ж. офсет түрінде пайда болды. Офсеттік баспа әдісінің артықшылығы қалыңдығы, бет бүдірі әр түрлі қағаздарға, металдарға, полимер пленкаларға жоғары жылдамдықпен және аз қысыммен лактың барлық түрін қолданып басуға болатындығында; әр түрлі түпнұсқаларды, сызықты және жартылай реңді, ақ-қара, түрлі-түсті басуға болады, сонымен қатар, мөлшері әр түрлі кескіндерді өте жоғары сапамен шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта офсеттік әдіспен әр түрлі баспа өнімдері: кітаптар, журналдар, газеттер, көркемсурет өнімдері, фотоальбомдар, жарнама өнімдері басылады. Бүгінгі күнгі машиналар (КВА фирмасынан Rapіda, Romayor, Domіnant, Speedmaster; Heіdelberger фирмасынан, Komorі фирмасынан Sprіnt, т.б.) А4 қалыптан ең үлкен А0 қалыпқа дейінгі кез келген баспа жұмыстарын басып шығара алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет