3.3 Романдардағы философиялық сана мен өміршеңдік сипат
Қазіргі қазақ әдебиетінде постмодернизм бағытында шығармалар жазып жүрген қаламгер – Дидар Амантай. Дидар Амантайдың бір сұхбатын қарап шықтық. Журналист неше түрлі сұрақтарды қоя келе, соңында “сіз белгілі қаламгерсіз, бірақ ел мен жер тағдыры туралы сөз айтпайсыз”,-деді. Оған Дидар Амантайдың жауабы да қызық. Дидар Амантай саясатқа мықты жақын емес екендігін айтады. Жазушының ең алдымен дұрыс жаза білу керек екендігін, егер саясатпен айналысуды адам мұрат тұтса онда бүкіл өмірін саясатқа арнау керек екендігін айтты. Әр адам өз ісімен, өз кәсібімен айналысу керек дегендей-ақ. Дидар Амантайдың ерекшелігі ол тек қана жазушы ғана емес, сонымен қоса түрлі өлеңдердің авторы. Өлеңдерінің көбісі ел мен туған жер тағдырына арнап жазылған. Дидар Амантайдың балалық шаққа деген сағынышы мен сонау туған жер, ауылға деген сағынышы суреттелетін өлеңі бар.
Елден кеткен бір өкініш, шалады мұң,
Қандай болды, – деп ойлаймын, – дала бүгін.
Шалғай жатқан ауылда қалды менің
Шалқып-тасқан перзент шақ, балалығым, - деген жолдардан ақынның балалық шақтағы қызықты сәттер мен сол кездерді аңсауы, бүгінгі ел тағдыры қандай болып жатқандығы суреттеледі. Кешегі шалғайдағы ауылымда менің балалық шағым қалды. Бүгінде сол балалық шағым өткег жер қандай болды? Не болды?,-деп толғанады. Келесі жолдарына көңіл бөлейік:
Қызыл шілік ат шапқан шырақ бұрын –
Кешіп жүрген шалғынды, қияқ, гүлін.
Жетсем егер ауылға! Жетсем, шіркін!
Бала болып кететін сияқтымын. Автор ауылды аңсап, балалық шағын сағынады. Осы өлең жолдары арқылы ішкі сезімі мен толғанысын жеткізеді.
Дидар Амантайдың “Гүлдер мен кітаптар” деген шығармасы бар. Күллі оқыман мен әдебиет сүйер қауымды терең толғаныс пен тебіреніске қалдырған шығарма. Шығармадағы басты кейіпкер – Әлішер. Ол түс көреді. Түсінде тұман басқан жерде жүре алмай, жорғалайды. Бұл бір қазақ халқы үшін үлкен ескерту секілді. Тұман басқан жерде жүре алмай жорғалап жатқан, қазақ халқы сияқты. Әлішердің түсі арқылы, қазақ халқының басына бір күн келе жатқанын, тезірек халықты оятуды қалағандай. Дидар Амантай – патриот жазушы. Әр қазақты ойлап, оның ертеңгі күнін елестетеді. Мысалы, “Арқама сүйенетін адам бар деп, Артыма қараймын ба өлмес бұрын?”,-деген жолдар арқылы автордың мені қолдайтын бауырым бар ма?,-деген сұрақ қойғандай. Тіпті, осы жолдар арқылы біздің ойымша, қазақ деген әр адам бір-бірін қолдауы керек деген үн бар сияқты. Автор бұл жолдарда, риторикалық сұрақ қояды.
Қазақ әдебиетінің жаңа толқынының өкілдеріне ұлттық құндылығымызды дәріптейтін, ұлттық санамызды оятатын шығармалардың авторларын жатқыза аламыз. Осындай алып тұлғаларымыздың арқасында жаңғырып, жаңарып отырған жоқпыз ба?! Қазақ әдебиетінің жаңа толқындарының құрамына Асқар Алтайды жатқызамыз. Өзінің өткір ойымен, даналығымен ерекше көзге түскен жазушының қазақ әдебиетінде алар орны таудай үлкен. Жыл өткен сайын қоғам да, адам да жаңарады, жаңғырады. Сол секілді қазақ әдебиеті де жаңарып отырады. Қазіргі таңда өткен ғасырлардағы ұлы ақын-жазушылардың демін жалғастырған ізбасарлардың саны артуда. Еліміздің ертеңіне алаңдаушылардың қатары көбейгеніне, әрине, қуаныштымын. Алайда бұл тұлғаларды кейбірі білсе, көбісіне таңсық болады. Осындай ірі тұлғалардың қатарында қазақ жазушысы Асқар Алтай да бар. Әрине, бұл кісінің есімін сіз білмеуіңіз мүмкін. Бірақ ұлы жазушының ұлылығын дәріптеу менің парызым деп білемін! «Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды» демекші, Асқар Алтайдың шығармалары марапаттарға ие болғанын сіз білесіз бе? Қазақстан жазушылар одағында ойып тұрып орын алған да – Асқар Алтай. Ендеше, осындай алып бәйтеректің туындыларын біліп жүру – әр қазақ азаматының борышы емес пе?! Студент кезінде жазған "Қызыл бөлтірік" шығармасы көптеген сыйлықтарға ие болған. Осы шығармасымен ең алғаш әдебиет әлемінің есігін ашты. Оқырман қауымы бұл шығарманы оқыса өздеріне таудай шабыт алады деп ойлаймын. Себебі, әңгіменің желісіне сүйенсек, қызыл бөлтірік жайлы көп ертегі тыңдаған баланың атасымен бірге саяхатқа аттануы, қызыл бөлтірікті іздеу үшін тауға сапар шеккені, жолда атасының қайтыс болуы туралы баяндалады. Оқиға соңында басты кейіпкер атасынан да, қызыл бөлтіріктен де айырылады. Ал әңгіменің соңы арайлап атқан қызыл күннің нұрлы шуақтарына көзі алыстан түскен бала бейнесімен аяқталады. Байқап отырсақ, бұл шығарма оқырмандарды терең ойға шомылдырады. Менің ойымша, автордың шығарма соңында балаға күліп тұрған күнді, кейіпкердің көзінен көрінген қызыл ұшқынды бейнелеуінің өзіндік себебі бар. Себебі ол ұшқын – мақсаттың, арманның лебізі. Автор бұл шығармасы арқылы арманымызға жетіп, мақсатымызды орындау үшін алдымызда көптеген қиындықтар болатынын, алайда ол қиындықтардан еш мойымай өтсек, ең соңында, жарқын сәулеге қолымыздың ұшын жеткізе алатынымызды айтқысы келіп отыр. Яғни мақсатқа жету жолы өте ауыр. Осы ойды жазушы жеткізгісі келді деп ойлаймын. Сонымен қатар, осы шығармасының идеясы арқылы Асқар Алтай күллі қазақ елінің ұлттық идеясын ашқан секілді. Елімізді сабырға шақырып, басымыздан өткен қиындықтарға қарамастан алға ұмтылу керектігін айтқысы келді.
Жазушының «Қара бура» шығармасына тоқталатын болсақ, бұл шығармада автор қара бураны қазақтың басынан өткен ауыр жағдайы, қасіреті ретінде алған. Оқиғаның желісі мынадай: «Өз жолымен жүрген автобустың алдына қара бура келіп алып, жатып қалады. Автобус жүргізушісі жүрейін десе жүрексұнады, тоқтатайын десе жолаушылар қақаған қыста үсіп қалады. Жүргізуші не істерін білмей тұрғанда, кішкентай қыз күлімсіреп, қара бураға қант ұсынады. Сол кезде ғана автобустың жолы ашылады және автобус өз жолымен алға кетеді». Біздің ойымызша, жазушы осы шығармасы арқылы: «Бірлікке қол жеткізіп, бейбіт заманда емін-еркін өмір сүруіміз үшін, ең алдымен, өткенімізді ұмытуымыз керек. Басымыздан өткен қиындықтарға күлімсіреп қарап, алға қадам басуымыз керек,» деген ойды жеткізгісі келді. Сонымен қатар, автор бұл жерде кек ұстамау керектігін айтады. Өткенімізден сабақ алып, алға қадам басуымыз керек. Бір орында тұрып қалмауымыз керек. Міне, жазушы жеткізген ойлар – осы. Автордың бұл идеясы қазіргі Қазақстанның жағдайына байланысты деп ойлаймын. Жазушы бұл әңгімесі арқылы күллі қазаққа алға ұмтылып, өткенге қарамай, кек ұстамау керектігін айтқысы келген секілді. Себебі кек өзімізді іштей жейді. Осы арқылы Асқар Алтайдың нағыз патриот жан екенін біле аламыз. Ұлттық идеямызды қалыптастырды деп те айтуға болады. Ал келесі бір шығармасы «Көкжендетті» талдайық. «Көкжендет» атты шығармасында заты, аты, шығу тегі белгісіз, біреуге өзі туралы мақтанып айта алатындай өмір тарихы болмаса да, өзіндік алдына қойған «дүниені дүбәрә ету» мақсатына автоматты түрде қызмет жасап, ол қылығынан ләззат алатын тексіз Қосман текті өнерімізді ұлттық идеяның не екенін түсіну өзіне қиын болып жүрген, шыр айналдырған дүниенің тылсымынан өзіне,болашағына қажетті дегендерін өз бетімен ала алмай жүрген жалтақ, жағымпаз Қарашқа сауысқанмен аң аулау өнерін үйретеді. Өзі аулаған аңдардың, құстардың басын кесіп, екі көзін ойып, алдын ала өзі ашықтырған аш сауысқанды ойып алған екі көздің ортасына салынған жеммен, қанмен, сумен тамақтандырады. Мұндай машықты миына әбден сіңірді- ау дегенде сауысқанды аң аулауға алып шығып, ұшырып жібергенде қазақтың кең даласында алаңсыз жайылып жүрген аңдардың басына қонады. Сауысқаннан сақтану деген сезім қаперіне де, ойына да келмеген аңдар мен жануарлар арқасына келіп қонғанына алаңдамай жайылып жүре бергенінде, қаны да, жаны да бұзылған Қосманның қанішері екі көзін лезде ойып алады. Екі көзі ойылып, мүсәпір күйге түскен аң- құстар ақыры шыңнан, құздан құлап немесе суға батып өледі. Оқиғаны осылай суреттеуін мен былай түсіндім: әр ұлт өзінің ұрпағын қазіргі уақыттағы ең қауіпті кесапат «біркелкіліктен» жырақтатып, керісінше жетілдіріп, кемелдендіріп, ұлт ретінде сақтап қалудың жолымен күресуі керек. Тал бесіктен жер бесікке жеткенше өз- өзіне жауап бере алатын, ұлттық құндылықтарды сақтай білетін, «мен өзім үшін, отбасым үшін, ата- анам үшін, туған өлкем үшін, елім үшін не істеймін?», «не істеп жатырмын?», « не істедім?» деп өз- өзінен үнемі есеп алып отыратын, қазіргі жаһандану заманында «ермелік», «парықсыздық», «ысырапшылдық», «білімсіздік» қасиеттерінен ада ұрпақты тәрбиелеудің жолына түсуіміз қажет. Себебі, тек бір ғана оқиғаны алсақ, шетелдің қаңсығы «жыныс ауыстыру» мәселесі. Бұл сөзді біздің дүниеден өтіп, сүйектері қурап қалған бабаларымыз естісе не болар еді?! Тылсым күштерге сенетін болсақ, мүмкін өлі аруақтар естіп, бізге Алланың қаһары төніп тұрған шығар?! Қалай қорықпаймыз, мен әйтеуір қорқамын. Автор шығармасын былай түйіндеген екен: «Соқыр сәби- соқыр адам. Соқыр адам жарық дүниенің есігін ашыпты. Соқыр ұрпақ қоғамға келіпті. Ұрпақ соқыр болса- қоғам да соқыр. Ал, соқыр қоғам, соқыр адам жайлаған дүниеден не күтуге болады? Мүгедек адам да бір мүсәпір. Мүгедек қоғам да бір кісәпір. Кісәпір қоғам не істемейді, не дегізбейді?». Осы түйіндеуінің астарымен мен Қарашқа кінә артпауымызға да болады деп ойлаймын. Себебі, оның ата- әжесі, әке- шешесі мүмкін Қараштың бойына «балам, сен қазақ деген текті ұлттың ұлысың, сен қазақ болып дүниеге келдің, қазақ болып өлуге тиіссің, қаныңды бұзбай тек қана қазақтың қызына үйленіп, балаңның да жүрегі қазақ деп соғуына бар жан- тәніңмен имандылықтың нұрын сеуіп, тарихыңның түп- тамырына бойлата біл, жеті атаңды жаттатқыз, ана тілің сенің әуезді үнің, сол үніңнен айырылып қалма, далаңды, табиғатыңды сүй, сол далаңдағы әрбір ұшқан құс пен жердегі жорғалаған жәндікті өлтірме, көк шаңын шығарып, желдей ескен жан- жануарды атпа, тазалықты сақта, үлкенге құрмет, кішіге ізет жаса, қайырымды бол, сүрінгенге күлме, жаманмен бірге жүрме, қайырымды бол, әр жасаған ісіңе жауап бер, судың да сұрауы болады, жақсылардың жанынан табыл, қазынаның мүлкіне қол сұқпа, кедей- кепшікті немесе өзіңнен төмен екен деп адамдардың ақысын тонама, кез- келген уақытта өз бойыңда ұлтымның азаматымын деген ой болсын, қазағыма адал қызмет етемін деген ұстанымда бол, кеудеңді ешкімге бастырмайтын намысың болсын. Сонда сенің еткен еңбегіңнің нәтижесі мықты болады, жасыңда бейнеттенсең, қартайғаныңда зейнетін көріп, бақытты өмір сүресің деген тәлім- тәрбиелік маңызы бар өнегені көз алдында көрсетпеуінен, құлағына құйып сіңірмеуінен бек болуы мүмкін. Бесіктегі жасынан бастап, кәмелетке толғанынша ата- анасының жанында болған ұрпақтың бойына тек қазақ халқының жанына, қанына тән тәлім- тәрбие берілмесе, өзгенің қаңсығын таңсық көрген, дәстүрсіздікке ұрынған, ақыр соңында адамшылық жолдан тайып азғындаған, шығармадағы кейіпкер сияқты талай «тыраш», «соқыр», «ерме», «жемқор», «сатқын», «сасық бай» Қараштар дүниеге келіп те жатыр және болашақ та елімізді басқармасына кім кепілдік бере алады?!
Жазушының осы үш шығармасынан қазақ халқына айтқысы келгенін ақылын, даналығын байқауға болады. Ұлттық құндылығымызды сақтап, ұлттық идеямызды паш еткізгісі келді. Осы арқылы Асқар Алтайдың нағыз патриот екенін, елі үшін жаны ашитын ұлы тұлға екенін біле аламыз. Меніңше, Асқар Алтайдың жазушылық қабілетінің басты белгісі – ұлттық идеямыздың көрініс табуы. Себебі оның әр туындысында ұлттық болмысымыз анықталады, ұлттық құндылықтарымыз дәріптеледі. Сонымен қатар, оның қанатты сөзі арқылы ұлттық идеямыз қалыптасады. Қорытындылай келе, еліміздің болашағы жарқын болсын десек, ұлтымыздың құндылығын, болмысын дәріптейтін Асқар Алтайдың шығармалары сынды көптеген шығармаларды оқуымыз қажет. «Болашақ – жастардың қолында демекші», ел ертеңі – біз. Сол себепті Асқар Алтайдың шығармалары – біздің рухани орталығымыз болып саналады.
Асқар Алтай талантты жазушы.Асқар Алтайдың «Алтай балладасы» (Алтайдың алқызыл модағайы) романы табиғаты бөлектеу біткен, танымдық тереңдігі көркемдігінен кем түспейтін кесек шығарма. Аңызбен астасқан шығармадағы аңшы мен аю, тіршілік пен тұрмыс шынайылығы, жазушы шеберлігі кім-кімді де селт еткізеді. Асқардың аюы аюша ойлайды, аюша әрекет етеді», түйесі – түйе, жылқысы – жылқы, сөйте тұра солардың әрекетіне имандай ұйып сенесің, иланасың. Романның өзі баяндау бағытында жазылған. Бүгінгі қолданыстан шығып қалған «модағай, қаптағай, дең, шеріп» сияқты тағы басқа көне ұғым атауларын шығармадан байқауға болады.Асқар Алтай романының көркемдігі мен танымдығы қандай екенін шығарманы идеялық-көркемдік жағынан талдау барысында көз жеткізуге болады. Романда аңшы Ұлар, Бұлабике, Айқоңыр аю бейнелері бастан-аяқ бір-бірімен өріліп,байланысып ,шарықтап отырады. Шығарма басында Ұлар Бұлабикені Айқоңырдан тірідей құтқарса, шығарма соңында қыздың өлі денесін аюдың қорлауынан арашалайды. Ұларды ұнатып, ұзатылайын деп отырған жерінен оң жақта бала тапқаны үшін Бұлабике у беріліп өлтіріледі. Қыздың денесін аюдан құтқарам деп Ұлар мерт болады. Ұлардың қолынан Айқоңыр да тірі қалмайды. Шығарма соңы осылай үшеуінің өлімімен аяқталады. Бұдан басқа шығармадағы Алтай тауының құнарлы өлкесі, ағашы, суы, басқа да тіршілікті байқауға болады. Романдағы бас кейіпкер Ұлар өр Алтайда өзі би, өзі қожа болып еркін жүрген адам. Үстіндегі киімінің бәрі сол Алтайдың аңдарының терісінен.Ұлар – саяқ тіршілік иесі. Өйткені ес білгелі көргені Алтай табиғаты. Табиғат бесігінде тербеліп өскендей. Шыр етіп жерге түсіп, кіндігі кесілгенде дүниеге жалғыз келгенін сезінгендей, бұл жалғыздықтан қорыққан емес. Жалғыздық жанына жаққан. Жалғыз-жарым тірліктің құлы бұл. Ұлар жолы – жалғыз ғұмыр кешу. Бар мұраты – мұңлы болса да ерікті өмір.
Нәзік жүректі, адал сезімді, ішкі сырды түсініп, әйел жанының жыршысы атанған жазушы – Бексұлтан Нұржекеев. Жазушының «Ерлі-зайыптылар» романын оқыған әрбір оқырманның ойы биіктеп қалады-ау! Шығарманың басты тақырыбы – әйел жаны. Оның артында қоғам жаны тұр. Себебі, Бексұлтан қоғамды әйел жаны арқылы түсіндіреді. Роман толығымен басты үш кейіпкер – Ілескүл, Мұқан, Зеріптің сыр бермес сырларымен құрылады. Автор өзін араластырмай тек кейіпкерлері арқылы ғана ерлі-зайыптылардың арасындағы маңызды мәселелерді әр оқырманның жүрегіне жеткізе білді. Осы үш кейіпкер арқылы әйел затының әркімге айтыла бермес жан сыры болатынын ішкі иіріммен суреттеп шығады. Осындай отбасылық өмірдің бүгі-шігін тереңінен толғап, сүйіспеншілік, сыйластық, адалдық, ғашықтық, зұлымдық сынды адам баласына тән қасиеттері әдемі әдіптелген.
Оқырман ретінде осы шығарманы оқи отыра жазушының жан байлығына, ақыл-парасатына дән риза болдым. Осы ойымды дәлелдеу үшін романнан алған шағын үзінділермен бөлісейін: «Ақылы жоқ адам қанша жақсы сөз естісе де жамандығын жасай береді, ақылды адам жаман сөзден басқаны естімесе де жақсылығынан жазбайды. Соған қарағанда бар гәп адамның өзінде, яғни негізінде». «Сүйіспеншілік, махаббат дейтін асыл сезімдердің де ең арғы өрбитін жері сол – өзгені сыйлау! Өзгені сыйламайтын адам жар сүйе алмайды. Сүймегеніңді сыйлай аласың, ал сыйламайтыныңды ешқашан сүйе алмайсың». «Күшті махаббат күштілігінен кешіре алмайтын тәрізді: өзі таза адам ғашығынан да сондай тазалықты талап етпей ме, ал әлсіз махаббат ондай талап қоя алмай, өз әлсіздігінен қорынып, шарасыздық жасайтын көрінеді. Махаббатта мың тарам жол, миллион түрлі тағдыр болады екен». «Мен бүйткенде, ол неге өйтпейді?» - деп есептесетіндер – есемді қайырам деп жүріп есесін кетіретіндер». Міне жазушының осы бір біршама өзіндік ойлары кез келген оқырманның ойын ой салып, санасын биіктетіп жібереді. Қарымды қаламгердің біршама шығармасы әйел затына арналғандай. Сол үшін де Бексұлтандай әйел жанын түсінетін еркек жоқ деген ойға қаласың. Әлемдік деңгейдегі бестселлер «Думай как мужчина, поступай как женщина» атты Стив Харвидің туындысы да Б.Нұржекеевтың «Ерлі-зайыптыларымен» бірдей десем артық етпейді. Екі жазушы да ер мен әйел арасындағы сырларды бүкпесіз баяндап береді. Екі шығарманың да беретіні көп. Ол жақта айтылған сырлар мен құнды дүниелер қазіргі қоғамда бірі айтылса, бірі айтылмай жатады. Мында тек бір ғана айырмашылық: Стив құпяларын кейіпкерсіз, тікелей өзі арқылы баяндаса, Бексұлтан кейіпкерлер арқылы жеткізеді.
Біздің қоғамда не көп? Ажырасу, отбасын ұстай алмау, анасыз немесе әкесіз қалған жас сәбилер... Осыншама келеңсіз жағдайлардың барлығы тікелей ана мен әкеге, яғни отау құрған ерлі-зайыптыларға байланысты. Бексұлтан шығармасының қамтитын аудиториясы елдің ертеңін құратын жастарды қамтыса екен деп тілеймін. Себебі, расымен оқыған адамға керек дүние өте көп. Махаббаттан бастап, отбасылық өмірдің қыр-сырын ұғасың. Осы мақаланы мына бір үзіндімен аяқтайын: «Өзегі мықты тәрбие қателікке ұрынсаң да құлатпайды».
Мұхтар Мағауиннің соңғы жылдарда шыққан ең үздік романдарының бірі – «Жармақ». «Жармақ» сөзі,яғни атауы қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде заттың екінші бейнесі,бөлшегі мағынасын білдіреді. Романдағы «Жармақ»-бүтіннің бөлшегі,екінші жарымы. Кіріспесі-автордікі, Иман Қазақбайдікі. Жарты сандыққа жуық қолжазбаны, баларына әкеліп беруі, қадіріне жетпеген ұрпақтарының бұны қайдан түсінуі? Ас бөлмесінде шәй ішіп отырған Мұрат Бейсенұлының келеңсіздікке ұшырауы. Қандай келеңсіздік дейсіз ғой? Шамның өшуі,қараңғылықтың қара түнекке айналуы, ешнәрсе көрінбейді қараңғы есік, қабырғалар. Үйде бір өзі, үш қызы болған, олар күйеуде, әйелі бар ажырасқан. Табыс тауып отырған әйелге,табыссыз еркек керек емес екен. Не ғалым бол? Не саудагер бол? Кітап атаулысын өзіне қалдырған, әйелінің пейіліне разы. Аяқ астындағы линолеум тасқа айналуда. Шам жарқ етеді, жалғыз шам емес, саны жоқ шам сарай босағасында сақшы, өзінің үйінде жүргенін айтады. Марат Бейсенович, бизнесмен, саясаткер, тоқалы бар, Мұрат Бейсенұлы, бір адам бейнесі. Романның басты кейіпкері мән-жайды ұғып үлгере алмайды. Өзі босаға алдында. Және де өзі дастархан төрінде. Еш нәрсеге түсіне алмай әуре. Мұрат Бейсенұлы салтанатты сарайда көргендерінің бәрін де түсім деп ойлайды. Бірақ ол өңі болатұғын. Босағада отырса да, Мұрат Бейсенұлы төрдегі өзін көріп, риза болады. Өзін бай сипатында аңғарады. Ақ арақтан да өмірі ішпесе де, төрт-бес рюмкасын қағып салады. Бірақ өзін сабырлы болуға шақырады. Жарықты өшіреді. Ғайыптан келген орнына барып тұрады. Бірақ ешнәрсе өзгермейді. Бәрі баз-баяғы. Салтанат сарайының есігі ашылмайды. Жарқ-жұрқ еткен люстралар көзге көрінбейді. Одан кейін роман түс көрумен жалғасады, түсінде махаббааты Балжанды көреді. Университеттен кетіп, академияға бармақ болады. Бірақ Балжанға ғашық болуы, үйленбек болғаны, көп мәселелерді шешуге ойландырады. Аз ғана жалақымен екеуінің күн көрісі қалай болар екен дейді. Қазақ бөлімін бітірген Балжанға орыс тілді Алматыдан жұмыс табу да оңай емес-ті. Мұрат ауылға кетіп, қор жинап қайтуды да ойлайды. Ауылда қарайып қалмаймын ба деген ой да келеді. Ойы онға, санасы санға бөлінсе де, Балжан бәріне көнетіндігін білдіреді. Алайда. өмір ағысы олардың қашанда бірге боламыз деген армандарын екі арнаға бөліп жібереді. Балжан әл-ауқаты жақсы жерден шыққан. Әкесі – аудандық тұтынушылар одағының бастығы. Мұрат та ауылдан шыққан. Бірақ, әке-шешесі университет бітірер алдында бірінен соң бірі бақилық болған. Ауылы атом полигонының астында қалған. Ет жақыны да жоқ жігіт. Сонда да болса, туған жеріне барып қызмет етуді жөн көреді. Диплом алған Балжанды өзімен бірге поездбен алып кетпек болады. Екеуі билет алып, киім – кешектерін буып, түйіп, ертесіне жолға шығуға бел буады. Жазушы Мұхтар Мағауиннің “Жармақ” романы қазақ әдебиеті үдерісіндегі жаңа әрі соны көркем туынды.Бүгінгі көркемдік- шығармашылық тәсіл тұрғысынан қарағанда философиялық , психологиялық реализм фантастикамен,қиялмен, түс көрумен,мифпен ұштасқан. Әлемдік әдебиеттегі осынау постмодернистік бағытта жазылған Мұхтар Мағауиннің “Жармақ” романы қазақ әдебиетіндегі соңғы жылдар ішінде дүниеге келген біртұтас көркем туындылардың ішіндегі алғашқы қарлығашы деуімізге болады. Жазушы өмір сүрген дәуір өзінің әлеуметтік сипаты жағынан біртекті, таптық сипаты жойылған, қалың көпшілікке арнап теңдік орнаған заман еді. Сөйтсе де оның кейіпкерлері де, өзі де заманының сол бір азғана күндік науқандық ауруларынан таза күйінде қалады. Әсіресе теңшілдік, науқаншылдық, мансапқорлық, саясатшылдық сияқты өз заманының жат қасиеттеріне суреткер халық өмірінің шынайы болмысын суреттеу арқылы өлтіре соққы берді десе де болады. Өйткені оның суреттеген оқиғаларындағы небір жойқын қылықтар жасап жүрген кейіпкерлерде де іштей өз әділетсіздігін іштей сезеді. Соның жазасын тартып бақытсыздыққа душар болады. Өзінің болмысындағы осалдықтар мен істеген жат қылығының зардабын шегеді. Ақыр соңында өз істері мен жасаған әрекеттерімен ерте ме, кеш пе бірге қалып отырады.
Қаламгер дара тұлғалардың тағдырын жіті зерделі таныта отырып, мұқым қазақ қоғамның тұрмыс –тіршілігіне адамгершілік, пәлсапалық түйін дарытады. Дәуір мен нәсіл, замана мен адам арасындағы адам арсындағы ажырамас үздіксіз қарым – қатынасты психологиялық, нәзік сыршылдық, пәлсапалық беліглер турасында бағалап, екшеуі жазушыға қойылар талап биігінен табылуға ықпал етеді. Бұдан шығатын түйін қазақ прозашылары шығармашылық мұра – мирасында әлеуметтік меселелерді өткер көтеріп, қозғайды, өмірлік - адами тақырыптар терең, жан – жақты сөз етіледі; кейіпкердің өмір – тағдыры, кескін – келбеті уақыт сырына қарай суреттеледі.
Дарын мен даналықты тұлғасына тоғыстырған сыршылдық пен сыншылдықты суреткерлік шеберлігінде шендестірген қазақ қаламгерлері шырқау биікте тұрды десек артық айтқандық емес. Олар өз романдарында әлеуметтік, тұрмыстық, өмірлік мәселелерді тақырыптық арқау етіп, оны көркемдік және шынайылық ерекшеліктер аясында жарасымды үйлестіре білген. Халық мұрасын, қоғам игілігін тоғыстырған қазақ әдебиетінің қарқынды қарыштауына талмай еңбек етуді мақсат тұтқан сөз майталманы, ұлы суреткер өзінің туындыларында көркемдік деген шешім мен шынайылық деген талаптық мүддесінен шыға білген.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі қазақ қаламгерлерінің жазушылық тәсілі, дарын қуаты, суреткерлік қырағылығы, кімге болса да түсінікті, көркем де қарапайым, тілі шым – шымдап үйіріп әкетіп, ала – күлең көңіліңді алабұртып тарта береді. Ең алдымен олар – ұлттық идеяны ту етіп көтерушілер, ұлттық таным мен халықтық болмыс-бітімді негізге ала отырып, шығармаларына арқау етіп қана қоймай, дүниетаным, мінез, философия, психология, этнография секілді теориялық ұғымдармен қарулана отырып, қазақ прозасын ұлттық әдебиеттен әлемдік деңгейге көтеруге бағытталған қоғам жыршылары. Қара сөзбен халық болмысын, ұлт тағдырын, танымын, көкжиегін, қазақы мінез бен колоритті, ауыл тағдырын, ондағы адамдар тағдырын сергек ой, терең зерделілікпен, ең негізгісі туған елге деген перзенттік сүйіспеншілікпен жан – жүрегі, іші – бауыры елжіреп отырып, әсірелемей, шынай қалпын, шығармаларындағы образдар арқылы ашып көрсетеді.
Шығармаларының негізгі кейіпкерлері қарапайым адамдар, ауыл адамдары, олардың күнкөріс әрекеттері, күйзелген щаруашылықты түзеуге жұмылы кіріскені, олардың қуанышы мен кейістік күйі, адамгершілігі, қиыс-қыңыр, сотқарлық мінездері әрқайсысының өзіне тән образдары арқылы ашып көрсеткен. Қазақ қаламгерлері қаламынан туған шығармалар өзінің сыршылдығымен, шұрайлы тілімен, әдемі айшықты өрнегімен көңілге қонып, көкірекке ұялайды. Қарапайым адамдардың бейнесі, солардың күйініш-сүйініші, адамгершілік қабілеті – жазушы қаламынан туған шынайы еңбектердің негізгі арқауы. Туған жер, өскен ел алдындағы парыз да суреткер назарынан тыс қалмаған. Жан дүниесі бай, өз басының қадірін басқаға керектігімен өлшейтін ол жасаған өміршең кейіпкерлер туған әдебиетімізде өзіндік кескін-келбетімен ерекшеленеді. Ауыл өмірі дегенде қазақ прозашылары еңбектерінде кейіпкерлер өмірден артта қалушы, немесе қалаға кете алмағандықтан ауылда тұрып жатқан жандар емес. Олар өз туған жерін шексіз сүйе білетін, отаншыл, бұрынғы ата дәстүрін сақтай алған, ертелі-кеш туған жер байлығын көтере түсу үшін еңбек еткен жандар. Біз бұдан олардың әрдайым өзін толғандыратын мәселелермен бірге елді алаңдатқан, жас ұрпақтың көкейінде тұрған ойларды да батыл қозғай алғандығын байқаймыз. Көп шығармалардағы ауыл адамдарының бойындағы іскерлік, еңбекті сүйе білу, адамдар арысндағы қарым-қатынаста әрдайым сақ та қайырымды бола білу өнерін халқымыздың осы күнге дейін жоғалтпай сақтап келгені ұрпақтар арысндағы жарасымды жалғастықта, салтдәстүрдің бұзылмай келунен екенін ұққандай боламыз.
Қаламгерлер белгілі бір тақырыпты ғана өзіне таңдап алу арқылы көптеген өз замынының адамгершілік, отбасылық, моральдық проблемеларын осыған сыйғызып жаза білсе, онда көркем туындының оқырманды жалықтырмай алға жетелей білетін көркемдік кілті табылды деген сөз. Өз уағында көркемдік мол сипатымен танылған осы шығармаларға бүгінгі күн тұрғысынан қарайтын болсақ оның қанша заман өтсе де ескірмегенін, қайта оқырманға ыстық тартып жақындай түскенін көреміз. Кейбір ортамыздан алыстап жоғалып бара жатқан салтымыз бен дәстүріміздің қайталанбас қасиеттері жаңа қырынан ашыла түскендей болады.
Қазір қазақ әдебиетіндегі ұлттық таным, халықтық идея, болмыс-бітім, мінез, адами құндылықтар, адамгершілік мұраттар – әдебиеттің бас қағидаты, арқау етер қазығы. Бүгінгі қазақ прозасы өз алдына бір таңғажайып құбылыс деп білеміз. Жазушылардың қазіргі қазақ прозасының идеялық негізі, ұлттық бояуды арқау етуі, көркем ерекшелігі жайында ойын, зергерлігін, заманға байланысты адамдар тағдырын ашқанына куә болдық. Қазіргі қазақ көркем прозасындағы адамгершілік, ұлт тәрбиесін жазушы туындыларының көптеген шығармаларынан тәрбиелік, адамгершілік мәні бар жетістігін қарастырдық. Әр жылдың жазушыларының туындыларында ұлттық болмысқа, танымға, мінезге, халықтық дүниетанымға, ой-танымға деген көзқарастары ерекше екенін аңғардық. Бүгінгі қазақ прозасындағы қаламгерлердің туындыларынан табиғат көрінісінің шеберлігін қарастырдық. Табиғат пен портрет жасау шеберлігін астарластырып суреттегенін көрдік.
Қаламгерлердің нағыз суретші, сөз құдыретінің шебері, тілмен емес, жүрекпен жеткізгенін көкейімізге қонымды, жанымызға жақын қауыштырдық деп ұғынып, сөзімізді қорытындылаймыз. Алға қойылған негізгі мақсат міндеттер бойынша қазіргі қазақ прозасының өзектілігі мен нысаны ашылып талданды, оқырманға берер тәрбиесі мол. Шығармаларының астарында мән-мағына, шебер ой жатыр, өз заманындағы өмір сүрген адамдардың тағдырын, тұрмыс-тіршілігін құлшына суреттегенін аңғардық, заман ағымына байланысты психологиялық, философиялық тұрғыда жазылған тәрбие берерлік шығармаларын қарастырдық, еңбектеріндегі адам өмірінің тағдырын аша білген. Олар өз кейіпкерлер өмірінің терең қабаттарын ақтара-төңкере бейнелеп ашқан, өмірдің әр алуан саласын байыппен бейнелеген.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қаратаев М. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3-том, 2-кітап. – Алматы: Ғылым, 1967.
2 Бердібаев Р. Қазақ прозасындағы замандас тұлғасы.– Алматы: Қазақстан, 1968.
3 Уахатов Б.Көркемдік ізденістер. – Алматы: Жазушы, 1991.
4 Қирабаев С. Алыстағы аудан өмірінен очерктер // Өрлеу жолында.– Алматы: ҚМКӘБ, 1960.
5 Ғабдуллин Н. Қаһарманның адамгершілік әлемі // Замандас келбеті. – Алматы: Жазушы, 1972.
6 Елеукенов Ш. Адам деп ат қойған соң... // Замандас парасаты. – Алматы: Жазушы, 1977.
7 Ерлікке жаралған ұрпақ жазушысы //«Қазақ әдебиеті». 1992, 4-желтоқсан.
8 Сахариев Б. Жастықтың өзі – жайсаң жыр // Күрескер тұлғасы. – Алматы: Жазушы, 1979.
9 Дәдебаев Ж. Ақиқат пен аңыз арасы // Шымырлап бойға жайылған. – Алматы: Жазушы, 1988.
10 Қазбеков Н. Ақиқаты – аңыз, аңызы – ақиқат // Ой таразысы. – Алматы: Жазушы, 1991.
11 Кәкішев Т. Шынайы өмір жыршысы // «Қазақ әдебиеті», 1992, 4-желтоқсан.
12 Қаратаев М. Эпостан эпопеяға. – Алматы: Жазушы, 1987. – 396 б.
13 Ысмайылов Е. Сын және шығарма. – Алматы: ҚМКӘБ, 1960. – 368 б.
14 Гараджи, В.А. После времени. Французские философы постсовременности // Иностранная литература. - 1994. - №1. - 358.б.
15 Мамардашвили, М.К. Категория социального бытия и метод его анализа в философии Сартра // http://www.philosophy.ru/library/mxnk/sartre.html
16 Долженко, О. Очерки по философии образования. - М., 1995. - 416 б.
17 Юнг, К.-Г. Структура психики и процесс индивидуации. - М., 1996. – 368 б.
18 Жюльен, Н. Словарь символов. Иллюстрированный справочник. - Урал ЛТД., 2000. – 412 б.
19 Современный философский энциклопедический словарь // http/www.ichtik.ru/archetip.
20 Бегбедер, Ф. Windows on the world //Иностранная литература. - 2004. - №9. - 216 б.
21 Фрай, Н. «Анатомия критики» // http://psylib.org.ua/books/gritz01/index.html
22 Философиялық энциклопедиялық сөздік. - М., 2003. - 539 б.
23 Бердяев, Н. А. Самопознание: Опыт философской автобиографии. - М., 1991. -182 б.
24 Шестов, Л. Апофеоз беспочвенности. - М., 1995. - 345 б.
25 Бердяев, H.A. Самопознание: Опыт философской автобиографии. -М., 1991. - 256 б.
26 Бердяев, H.A. Царство Духа и Царство Кесаря. - М., 1988. - 259 б
27 Бубер, М. Я и ты //http://lib.ru/FILOSOF/BUBER7ihunddu2.txt
28 Хайдеггер, М.Проселок// http://www.lib.ru/HEroEGGER/bypath.txt
29 Хайдеггер, М. Бытие и время // http://www.lib.ru/HEIDEGGER/bytie.txt
30 Ортега-и-Гассет, X. Что такое философия? /Гл. ред. М.А. Киссель. - Благовещенск, 1998. - 283 б.
31 Бөкей Оралхан. «Қайдасың қасқа құлыным» Әңгімелер мен повестер. Әңгімелері : «Кербұғы» , «Ардақ» , Астана: Елорда баспасы 1999.
32 Рахымбек Смағұл. «Ару мен Арлан» Деректі әңгімелер. Әңгімесі: «Елім деген есіл ер», Алматы:Қайнар 2005.
33 Қанатпаев Болат. «Теңізден ескен жел» Повестер мен әңгімелер. - Алматы:Ана тілі,2001.
34 Ысқақұлы Д. Сын жанрлары. – Алматы, 1999.
35 Жарылғапов Ж.Ж., Такиров С.У., Әдебиет теориясы. Оқу құралы. – Алматы: «Отан» баспасы, 2018.- 172 б.
36 Большакова А. Ю. Литературный архетип // Литературная учёба. — 2001. — № 6. 398 б.
37 Поспелов Г.Н. Лирика. – Москва: МГУ, 1976. Головенченко Ф.М. Введение в литераутроведение. – Москва: Высшая школа, 1964. – 261 с.
38 Кожинов В.В. Как пишут стихи. – Москва: Просвещение, 1970. – 60 с.
39 Гегель Г.В. Лекции по эстетике. Соч., Т.12. – Москва, 1938.
40 Чернышевский Н.Г. Соч., Т.1. – Москва – Ленинград, 1930. – 269 с.
41 Выходцев П.С. Национальное и интернациональное в эстетике социалистического реализма // «Курс лекций по теории социалистического реализма. – Москва: Высшая школа, 1973. – 100 с.
42 Айсанқызы Қ. Жазушы туралы естелік // Ақ желкен №11, 2010, 50-53 б.
43 Мұртаза Шерхан. «Мылтықсыз майдан». Повестер мен әңгімелер. -Алматы: Жазушы, 2000.
44 Түменбай Қуандық. «Ағаш ескерткіш» хикаяттар мен әңгімелер. – Алматы: Жазушы, 2008.
45 Әлпейісов Тұрсынғазы. «Көкшұбардың тұяғы» Повестер мен әңгімелер. – Алматы: Жазушы, 2008.
46 Рамазан Думан. «Алланың әмірі». Әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 2010.
47 Амантай Дидар. «Гүлдер мен кітаптар». Роман. Алматы:2003.
48 Кемелбаева Айгүл. «Жетінші құрлыққа саяхат» Повесть. Алматы 1986.
49 Мыңжасарова Сара . «Өмір көріністері». Әңгімелер мен повестер. -Алматы: Өлке 2002.
50 Жиенбай Қуаныш. «Жиделі Тоғайдағы жеті күн.» Роман, әңгімелер. - Алматы:Ұмай2007.
51 Әшімханұлы Дидахмет. «Сары самауыр» Әңгімелер мен хикаяттар. - Алматы:Раритет2006.
52 Әубәкіров Оспанхан. «Бір дорба ән» 1-том. - Алматы: Қазығұрт 2003.
53 Нұрмағамбетов Тынымбай. «Ауғандық құстар» Әңгімелер. - Алматы:Жазушы2008.
54 Сарыбай Б. Мейірім. – Астана: Фолиант, 2014.
55 Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері. –Алматы:Алаш, 2003. – 328 б.
56 Исмакова А.С. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль (начало ХХ века и современность). – Алматы: Ғылым, 1998. – 394 с.
57 Орда Г. «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгімелерінің көркемдік көк - жиегі»//Ақиқат. 29.11. 2011 ж
58 Құралқанова Б.Ш. Қазіргі қазақ повестері: Филол.ғыл.канд.автореф.:
– Алматы, 2007. – 30 б.
59 Сыдықов Т. Қазақ тарихи романы. – Алматы,1996. – 178 б.
60 Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары: Зерттеу. – Астана: Елорда, 2001. – 312б.
Достарыңызбен бөлісу: |