Оқыту әдістері - мұғалімнің оқушыға жаңа білім, білік пен дағдыларды меңгертуге, сонымен қатар олардың дүниетанымын қалыптастыруға және танымдық күштерін дамытуға қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыстың әдіс-тәсілі.
Дидактика мен жеке әдістерде оқытудың әдістерінің әртүрлі жіктелінуі бар. Қазіргі уақытта дидактикада біршама қабыл- данған топтастырулардың бірі - И.Я.Лернер ұсынған танымдық іс-әрекет сипаты бойынша әдістерді топтастыру болып табылады.
Мұнда оқытудың бес әдісі бөлініп көрсетіледі:
1) Түсіндермелік-иллюстративтік;
2) Репродуктивтік;
3) Проблемалық оқыту әдісі;
4) Эвристикалық;
5) Зерттеушілік.
Көрсетілген оқытудың жалпы дидактикалық әдістерін екі топқа жіктеуге болады:
1. репродуктивтік (1-ші және 2-ші әдістер) бұл әдістерде оқушы білімді меңгеріп, оны таныс іс әрекеттер арқылы қайталап береді.
2. Продуктивтік(өнімді) (4-ші және 5-ші әдістер)бұл әдісте оқушы жаңа білімді өз бетімен ізденісте шығармашылық іс әрекеттер нәтижесінде меңгереді. Проблематылық оқытуда әзір ақпаратты меңгерумен қатар шығармашылық іс әрекеттің элементтеріде жатады. Сондықтан бұл әдіс екі топқада жатады.
Оқу-педагогикалық қызметтегі іс-әркет тұрғысы негізінде Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін үш топқа бөледі:
1. оқу-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың әдістері;
2. оқу іс-әрекетін ынталандыру әдістері;
3. іс-әрекетті бақылау әдістері.
Әдістердің бірінші тобына сөздік, көрнекілік және практи- калық әдістер енеді. Ынталандыру әдістерінің тобына осы топқа тән әдістер: танымдық ойындар, пікірталас, мадақтау т.б. енеді.
Бақылау әдістері тобына ауызша және жазбаша тексерудің әралуан әдістері – жеке және фронтальды сұрау, бақылау жұмыс- тары, диктанттар, рефераттар, дидактикалық карточкалармен жұмыс т.б. жатады.
Танымдық іс-әрекет сипаты, білім көзі, оқу-педагогикалық іс-әрекетті, ғылымның әдіснамалық тұрғыларының негізінде оқыту әдістерін 5-кестеден көрсетілгендей топтастыруға болады:
Әдіс түрлері:
1) Түсіндірмелі-иллюстрациялы әдіс
2) Көрнекілік арқылы оқыту әдісі
3) Практикалық жұмыстар арқылы оқыту әдісі
4) Проблемалық ізденулер әдісі
5) Эндуктивтік әдіс (жалқыдан жалпыға)
6) Дедуктивтік әдіс (жалпыдан жалқыға)
7) Эвристикалық әдіс
8) Программалап оқыту әдісі
9) Модельдік оқыту әдісі
10) Интерактивті оқыту әдісі
11) Демонстрация әдісі
12) Репродуктивтік әдіс
13) Жаттықтырушы әдіс
14) Қайта жаңғырту әдісі
Достарыңызбен бөлісу: |