Кейстердің бастаулары:
Кейс оқытушы қызметінің бейнелік нәтижесі болып табылады. Интеллектуалды азық ретінде оның өзінің бастаулары бар. Кейстердің бастауы — өмір деген тезис біреуге күмән келтіруі мүмкін емес. Қоғамдық өмір өзінің әртүрлілігімен кейстің сюжетінің, түйінді мәселесінің және деректік базасының бастауы болады.
Білім келесі бастау болып табылады. Ол кейс — әдіске үйлескен басқа оқыту мен тәрбие әдістерінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды.
Ғылым – бұл бейнелік кешен ретіндегі кейстің үшінші бастауы. Ол аналитикалық іс-әрекетпен және жүйелік жақындасумен, сонымен қатар, кейске және оны талдау үрдісіне үйлестірілген көптеген басқа ғылыми әдістермен, екі негізгі әдістемелерді ұсынады.
Кейстің негізгі детерминация бастауларының ара қатынасы әр түрлі болуы мүмкін. Кейстерді құраудың шынайы тәжірибесінде әдетте бастаулардың біреуі басым болуы байқалады. Осылай қарастыру негізгі бастауларының әсер ету дәрежесіне қарай кейстерді топтауға негіз болуы мүмкін. Бұл жерде даусыз шынайы өмір жағдайларын бейнелейтін, тәжірибелік кейстерді, негізгі міндеті оқыту болып табылатын оқыту кейстерін, зерттеулік іс-әрекетті іске асыруға бағытталған ғылыми-зерттеулік кейстерді ерекшелеуге болады.
Кейстің құрылымы:
Кейстердің көптүрлілігіне қарамастан олардың барлығының типтік құрылымы болады.
Ережеге сәйкес кейс келесілерден тұрады:
— Жағдайлар – кездейсоқ жағдай, түйінді мәселе, шынайы өмірден оқиға.
— Жағдайдың контексті — хронологиялық, тарихи, орын контексті. әрекеттердің немесе жағдайға қатысушылардың ерекшеліктері.
— Автор ұсынған жағдайға түсініктеме беру.
— Кейспен жұмыс істеуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар.
— Қосымшалар.
Кейсті құрастыру сатысы:
Білім мақсаттары жүйесінде кейстің орнын анықтау.
Кейс тақырыбына тікелей қатысы бар институциалды жүйені іздеу.
— Жағдай моделін құру немесе таңдау.
— Сипаттауды құру.
— Қосымша ақпараттарды жинау.
— Ақырғы мәтінді даярлау.
— Кейстің тұсаукесері, талқылауды ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |