Қой сүтінің минералдық ҚҰрамын зерттеу



Дата12.05.2023
өлшемі58.57 Kb.
#473622
түріҚұрамы
СТАТЬЯ ҚОЙ СҮТІНІҢ МИНЕРАЛДЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ


ОӘЖ 637.12

ҚОЙ СҮТІНІҢ МИНЕРАЛДЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ.


Түйіндеме


Бұл мақалада Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағындағы қой сүттерінің минералдық құрамының салыстырмалы нәтижелері көрсетілген.


Кілтік сөздер: Қой сүті, минералды заттар, сүт құрамы, казеин


Кіріспе

Зерттелген қой сүттерінің минералды құрамы – кальций, натрий, калий, магний және екі қышқыл қалдығы – тұзды және фосфор және құрамына күкірт кіретін, ақуызды қосылыстардан жағуы кезінде түзілетін, күкірт қышқылының аздаған мөлшері кіреді. Форфос ангидридінің бөлігі осы элементті құрайтын казеиннен, ал екінші бөлігі – фосфор қышқылды тұздардан шығады.


Тәжірибелік бөлім


Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағындағы макроэлементтердің құрамын анықтау нәтижелері 1- суретте келтірілген.



Сурет 1. Алматы және ОҚО аумағындағы микроэлементтердің құрамы





Сурет 2. Алматы және ОҚО сүт құрамындағы микроэлементтер
Фосфор бойынша салыстырмалы талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай, Оңтүстік Қазақстан облысының қой сүтіндегі оның құрамы 1,66 есе жоғары Алматы облысымен салыстырғанда, және Y.W. Park и Скурихина И.М. мәліметтерімен салыстырғанда орташа 1,45 есе аз. Макроэлементтердің ішінде Алматы облысының қойының сүтінде магнидің құрамы аз болды. Оның құрамы Алматы облысының қой сүтімен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан облысында 1,65 есе, Y.W. Park мәліметтері бойынша 2,43 есе және Скурихина И.М. мәліметтері бойынша 1,49 есе жоғары. Макроэлементтердің құрамы бойынша Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының қой сүтінің үлгілерін зерттеуде Y.W. Park және Скурихина И.М. мәліметтері бойынша калий макроэлементінің құрамы да аз болды. Мысалы, егер Y.W. Park зерттеулерінің нәтижесі бойынша 11,63 есе және Скурихина И.М. зерттеулері бойынша 16,78 есе калийдің құрамы Оңтүстік Қазақстан облысының қой сүтінде жоғары болатын болса, онда Алматы облысының қой сүтінде оның құрамы Y.W. Park зерттеуінің нәтижесі бойынша 1,9 есе және Скурихина И.М. зерттеулерінің нәтижесі бойынша 2,77 есе аз екендігі байқалады.Ұқсас жағдай натрий макроэлементінің құрамымен салыстыру кезінде байқалады. Оның Алматы облысының сүтінің құрамында Y.W. Park мәліметтермен салыстыру кезінде 1,88 есе аз болды және Скурихина И.М. зерттеу мәліметтерімен салыстыру кезінде 1,11 есе аз болады, ал Оңтүстік Қазақстан облысының қой сүтінде оның құрамы тіпті аз мысалы Y.W. Park мәліметтерімен салыстыру кезінде 2,16 есе ал Скурихин И.М. мәліметтерімен салыстыру кезінде 1,26 есе аз.
Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының сүттерінің құрамындағы микроэлементтерінің құрамын зерттеу нәтижелері, 3 суретте көрсетілген.



Сурет 3. Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының құрамындағы макроэлементтердің құрамы


3-суретте көрсетілгендей, мәліметтерді талдауда байқағанымыздай, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының сүтінің құрамында микроэлементтерден күкірт, темір және селен көптеп кездеседі. Мысалы, Оңтүстік қазақстан облысының зерттелген сүтінде Алматы облысының сүтімен салыстырғанда күкірт микроэлементінің құрамы 2,1 есе көп, және Y.W. Park мәліметтерімен салыстыру кезінде 2,31 есе көп. Селеннің құрамы бойынша салыстырмалы талдаудан да байқағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысының сүтіндегі оның құрамы, сәйкесінше Алматы облысының және Y.W. Parkа сүттерімен салыстыру кезінде 5,27 және 2,9 есе жоғары. Оңтүстік Қазақстан облысының қой сүтінде сонымен бірге темір макроэлементі жоғары болып шықты. Мысалы, Алматы облысының қой сүтімен салыстырғанда 1,52 есе, Y.W. Parkа және Скурихина И.М. мәліметтерімен салыстырғанда сәйкесінше 16,13 және 1,4 есе жоғары. Қалған микроэлементтер бойынша (мырыш және алюминий) Y.W. Parkа және Скурихина И.М. мәліметтері бойынша сүт өнімдерінің зерттеулерімен салыстыру кезінде төмен деп бекітуге болады.
Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының сүтінің құрамындағы микроэлементтерінің құрамының салыстырмалы талдау нәтижелері 4-суретте көрсетілген.



Сурет 4. Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының сүттерінің құрамындағы микроэлементтердің құрамы


Мәліметтердің салыстырмалы сараптамасы, 4-суретте көрсетілгендей, Оңтүстік Қазақстан облысының қой сүтінің құрамындағы мыс (Cu) микроэлементінің құрамы Алматы облысының сүтімен салыстырғанда 20,51% аз, және Y.W. Parkа мәліметтерімен салыстыру кезінде 22,50%, ал Скурихина И.М. и Y.W. Parkа мәліметтерін салыстыру кезінде соңғысында мыстың құрамы 67,50% жоғары екендігін көрсетеді. Марганец (Mn) микроэлементінің салыстырмалы талдауы көрсетіп отырғандай, оның құрамы Алматы облысының қой сүтінде жоғары. Оның құрамы Алматы облысының қой сүтінде Оңтүстік Қазақстан облысының қой сүтінен 4,07 есе жоғары, және Y.W. Parkа мәліметтерімен салыстыру кезінде 1,13 есе және Скурихина И.М. мәліметтерімен салыстыру кезінде 7,9 есе жоғары.

Қорытынды


2, 3 және 4 суреттердің сараптамаларын салыстыру кезінде байқағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының қой сүтінің зерттелген үлгілерінде кальций, мыс, селен құрамы бойынша алдыңғы орында екендігін көрсетуде, олар адам организмі үшін маңызды химиялық элементтер болып табылады.


Осылайшы, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының қой сүттерінің минералды құрамына зерттеу жүргізу барысында мынадай қорытынды жасауға болады, олардың құрамы басқа қой сүттерінің микро- және макроэлементтерінің құрамы бойынша ешқайсысынан қалыспайды, және жаппай тұтынуға арналған жаңа сүт өнімдерінің өндірісіне арналған шикізат ретінде қолдануға болады

Әдебиеттер тізімі



  1. Y.W. Park, M. Juarez, M. Ramos, G.F.W. HaenleinPhysico-chemical characteristics of goat and sheep milk/ Small Ruminant Research 68 (2007) p. 88-113.

  2. Скурихин И.М. и др. Химический состав российских пищевых продуктов: Справочник / Под ред. член-корр. МАИ, проф. И. М. Скурихина и академика РАМН, проф. В. А. Тутельяна. –М.:ДеЛипринт, 2002. –236с. ISBN 5-94343-028-8.

  3. Технология молока и молочных продуктов. //Учебник для вузов –М: Агропромиздат, 2001.

Аннотация


В данной статье приведены результаты сравнения, минеральный состав овечьего молока ЮКО и Алматинских областей
Abstract
This article presents the results of comparison, the mineral composition of sheep milk SKO and Almaty regions

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет