Ойын терапиясы


Бастауыш сынып жасындағы балалардың қарым-қатынас қабілетінің даму деңгейін диагностикалау



бет39/93
Дата24.01.2024
өлшемі0.74 Mb.
#489632
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   93
САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ НА ДОМУ(1)

Бастауыш сынып жасындағы балалардың қарым-қатынас қабілетінің даму деңгейін диагностикалау


І. Баланың сөйлеу тілі емес тәртібін бақылау.
Қарым-қатынас жағында проблемалары бар балалар: 1) сөйлескен адамның көзіне тура қараудан қашқақтайды (жоғары алаңдаушылық); 2) жабысқақ қимылдар, тырнағын мүжу (өзіне қанағаттандай – «өзін өзі жеуі»); 3) иығы түскен (басқалардың балаға оның шамасы келмейтін талаптарды қоюына реакция ретіндегі баланың жауапкершілігі); 4) үнемі жұдырығын түйіп жүреді (басылыңқы агрессия); 5) кірпігін жиі қағу, жөтелу, қимылындағы еркіндіктің болмауы «бұлшық ет сауыты» (жоғары күштену).
Бұлар психологиялық жайғдайсыздықтың белгілері. Оларды дер кезінде байқап, оларды абайлап жоюға жағдай жасау, мысалы, ойындық түзету бағдарламасына енген ойындардың көмегімен («Қатып қал – қалпыңа кел», «Теңіз толқиды», «Күн мен түн» және т.б.).
ІІ. Ойын кезіндегі баланың тәртібін бақылау.

  1. Ойын кезіндегі балалардың өзара қарым-қатынасы (конструктивтік, жанжалдық және т.б.).

  2. Ұйымдастыру қабілетінің даму деңгейі, балалардың ұстанымы (енжар-белсенді, басыңқы, жетекші-жетектегі).

  3. Ойындардың тақырыбы, мазмұны, оқиғасы.

  4. Ойын кезіндегі балалардың эмоциялық жағдайы.

ІІІ. Өзін өзі бақылауды дамыту тестері.
Балаға 4 суретті кезекпен ұсыныңыз. Суретте бейнеленген оқиғалардың шешімін таба отырып, оқиғаны сипаттауды өтініңіз (баланың орындықтан, әткеншектен құлауы, бояу төгілгендіктен былғанып қалған сурет, шанадан құлап қалған бала және оның жанында күліп тұрған бала).
Нәтижесі: Егер бала сәттсіздіктің кейіпкерге тәуелді болмай, сәтсіздікке орындықты, шананы, бояуды және т.б. кінәлі деп түсіндірсе, онда бала өзін бағалай да және өзінің іс-әрекетін бақылай да алмайды. Егер сәтсіздікке кейіпкерлердің өздері кінәлі деп, оларға өсуді, көмекке шақыруды ұсынса, онда оның өзін бақылауы және өзін бағалауы жоғары дамыған. Егер бала сәтсіздікке кейіпкерлер де, объектілер де кінәлі деп санаса, онда оның жағдайды жан-жақты талдауға деген қабілетінің жақсы екенін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет