33-34-тақырыптар. Менің болашағым
Білім, икемділіктер, дағдылар: өзінің болашағы туралы түсінікті, оқу жылы бойы алынған икемділіктер мен дағдыларды бекіте отырып, танымдық аясын, армандай білуді дамытуды жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Тыныштық минуты (музыкамен).
Әңгімелесу: «Еске түсіріңдерші, бірінші сабақта қандай болып едіңдер, енді қандай болдыңдар. Не өзгерді?»
Ойын, тапсырмалар, жағдаяттар ұсынылатын «Білім еліне» ойын саяхат, тесттер: «Автопортрет», «Менің жанұям», «Не өзгерді?», «Алуан түсті ленталар», «Шарлар», «Мерекелік отшашу», «Сөзді тап», «Сөзді ойлап тап», «Жұбын тап», «Ертегіні бейнеле» және т.б.
Жағдаятты-рөлдік ойындар: «Мамандықтар» (таңдау бойынша), «Роботтар», «Менің жанұям».
Тапсырмалар: 1) Кім болғың келеді, суретін сал (суреттер вернисажы); 2) Талқылай отырып, «Мен және менің болашағым» тақырыбына шағын шығарма жаз.
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(көмекші мектептің 6-сыныбына арналған)
№
|
Бөлімдер
|
Тақырыптар
|
Сағаты
|
І
|
Қарым-қатынас дағдылары мен жеке тұлғалық адамгершілік-ерік қасиеттері
|
Мен кіммін?
Мен қандаймын?
Табиғатпен қатынас
Менің жанұям
Ұл балалар мен қыз балалардың достығы
Тәртіп ережелері
|
1
1
1
1
1
1
|
ІІ
|
Сенсорлық даму
|
Түс және пішін
Көлем
Кеңістіктік түсініктер және қатысы
Тактильді-қимыл қабылдау
Қабылдау қасиеттері
|
1
1
2
1
2
|
ІІІ
|
Зейін және есте сақтау
|
Ерікті зейін
Зейін қасиеттері, сапасы
Есте сақтау үдерісі: есте сақтау, сақтау, еске түсіру.
Есте сақтау түрлері: моторлы-қозғалғыштық, бейнелік, эмоциялық.
Есте сақтаудың жеке ерекшеліктері.
|
2
2
2
1
1
|
І V
|
Ойлау және елестету элементтері.
|
Көрнекі-бейнелік ойлау.
Сөздік-логикалық ойлау.
Ойлау операциясы: талдау, жинақтау, салыстыру, жіктеу, абстракция.
Ойлау түрлері: түсіну, талқылау, тұжырымдау.
Ойлаудың жеке ерекшеліктері.
Елестету. Еріксіз елестету: қиял (фантазия), түс көру, қиялдану.
Ерікті елестету: туынды Шығармашылық елестету: арман
Менің болашағым.
|
1
2
2
2
1
1
1
1
2
|
|
|
Барлығы:
|
34
|
КӨМЕКШІ МЕКТЕПТІҢ 6-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ АЯСЫН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ МАЗМҰНЫ
Достарыңызбен бөлісу: |