Қойнауларында органикалық заттардың



Дата09.11.2023
өлшемі20.15 Kb.
#482736

Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.
Табиғи газ пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жер қойнауларында) орналасқанда газтәрізді күйде - жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немесе мұнай-газ кенорындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка) ретінде немесе мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи газ тек газтәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды.
Химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрғысынан сан түрлі болып келетін, әртүрлі геологиялық және геохимиялық жағдайларда ұшырасатын газ жатындарының жалпылама атауы. Олар бірнеше түрлерге жіктеледі:
табиғатта кездесу жағдайына орай: "атмосфера газдары", "литосфера газдары", "гидросфера газдары" және "органикалық әлем газдары" болып төрт түрге;
көрініс беру пішіндеріне орай: "газогендік газдар", "газтүзілім газдары", "айналым (ауа) газдары" және "аралас газдар" болып төрт түрге;
химиялық құрамына орай: "көмірсутекті газдар", "көмірқышқыл газдары" және "азот газдары" болып үш түрге;
жаралу табиғатына (тегіне) орай: "биохимиялық газдар", "литохимиялық газдар", "радиоактивтілік газдары", "ауа газдары" және "ғарыш газдары" болып бес түрге бөлінеді. Бұл газдар, сайып келгенде, әр түрлі агрегаттық жағдайдағы күрделі табиғи жүйелер құрамынан бөлініп дараланған заттар қоспасы (ерітіндісі) болып табылады, олар қалыпты (атмосфералық) жағдайда газ түріңде ұшырасады. Табиғи газдардың сан түрлілігі олар туындайтын табиғи жүйелер сипатымен және олардың газдарды бөліп шығару жағдайларымен анықталады. Өздері туындайтын табиғи жүйелер сипатына орай табиғи газдар "тау жынысы газдары", "газгидраттар газы", "мұнай газы", "табиғи су газдары" және "жерасты газдары" болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Табиғи жүйелердің газ бөліп шығару жағдайына орай табиғи газдар "өздігінен бөлініп шыққан" газдар және "әдейілеп өндірілген газдар" болып екі топқа жіктеледі.
Табиғи газға жататындар
Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды — 92-ден 98 %-ке дейін. Табиғи газдың құрамына ауырырақ көмірсутектер - метанның гомологтары кіре алады.:
этан (C2H6),
пропан (C3H8),
бутан (C4H10).
Сондай-ақ басқа да көмірсутек емес заттар да кездесіп жатады:
сутек (H2),
күкіртсутек (H2S),
көміртек диоксиді (СО2),
азот (N2),
гелий (Не).
Газ өнеркәсібі – табиғи газ кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай, көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді, өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің бір саласы. Газ өнеркәсібі әсіресе, АҚШ-та, Канадада, Мексикада ерте кезден дамыған. Англия, Франция, Бельгия, т.б. елдер 18 ғасырдың соңында тас көмірден жасанды газ өндіру ісін жолға қойды. Ресей мен Қазақстанда 20 ғасырдың алғашқы жартысына дейін табиғи газ өндірілген жоқ, тек мұнай кәсіпшіліктерінен аздаған газ алынып тұрды.
Газ - калориясы жоғары, тасымалдануы жеңіл, бағалы химиялық шикізат. Өндірісте пластмасса, химия талшықтарын, синтетикалық каучук, азот тыңайткыштарын алуда қолданылады. Газ өндіру (1920 жылында) жекелеген сала ретінде Маңғыстау алабын игер- ген кезде пайда болды. Оның серпіліп, кең көлемде өндірілуі Қарашығанақ кен орнын игеруімен байланысты болды.
Қазіргі кезде республикамызда 100-ге жуық газ қоры барланды. Бірақ оның 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына - Қашаған, Теңіз, Жаңажол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұнай-газ кен орындарында мүнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу-Сарысу газ алабы біртіндеп колға алынып, игеріле бастады.[1]
Республикада табиғи газ 1960 жылы «Өзен» (Маңғыстау облысы) кен орнында өндірілді. Қазақстанның газ өнеркәсібі мұнай өңдеу өнеркәсібімен тығыз байланысты. «Маңғышлақмұнай», «Қазақгаз» кәсіпорындарын өнеркәсіптік мақсатқа пайдалану 1966 жылдан басталды.
1973 жылы табиғи және ілеспе газ өңдеумен, газ конденсатын сұйылтатын және құрғақ газ, газ бензинін алумен айналысатын Қазақ газ өңдеу зауыты (Жаңаөзен қ.) іске қосылды.
Қазір Қазақстанда 4 газ өңдеу зауыты істейді Олар:
Қазақ газ өңдеу зауыты
Теңіз газ өңдеу зауыты
Жаңажол газ өңдеу зауыты
Қарашығанақ өңдеу кешені.
Қазақстан газ өнеркәсібіне республикалқы аумағы арқылы өтетін Бұхара – Орал – Орта Азия – Мәскеу, Бұхара – Шымкент – Тараз – Бішкек – Алматы магистральды газ құбырлары, сонымен бірге газ пайдалану бірлестігін реттеп отыратын Бозой, Полторацкий және Ақыртөбе жер асты газ сақтау қоймасы кіреді. Сондай-ақ республикада жекеленген газ құбырларымен газ тасымдалдап, жеткізу жұмыстарын «Қазтрансгаз», «Қазтрансойл», т.б. компанияларының бөлімшелері атқаруда (2006). Қазақстан uаз өнеркәсібінің дамуы 1991 жылдан жаңа деңгейге көтерілді. Сол жылы «Қазақгазөнеркәсіп» мемлекеттік газ концерні құрылды, кейін ол «Қазресгаз» ұлттық газ компаниясы деп аталды. Қазақстан жері газға бай. Каспий, Мойынқұм, Шу – Сарысу ойпаттарында, Қарашығанақ пен Теңізде газдың мол қоры бар. Барланған табиғи газ қоры 4,0 трлн. м3 болса, жасанды газ қоры 1,2 млрд. м3. Қазақстандық Каспий т. секторы мен құрлықтағы газдың жобалық ресурстары табиғи газ бойынша 6 трлн. м3, ал жасанды газ қоры 2,2 млрд. м3.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет