Шәкәрiм атындағы Семей Мемлекеттiк университетi
|
3-деңгейлi АӘК құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-11.1.20.92/01-2013
|
ПОӘК
«Қолданбалы графикалық жүйелер» пәнінен жұмыс-оқу бағдарламасы | №1 баспа
26.08.2013 ж.
|
«ҚОЛДАНБАЛЫ ГРАФИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР»
ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
5В070400 «Есептеу техникасы және программалық қамсыздандыру» мамандығы үшiн
Семей
2013
мазмұны
1. Глоссарий
2. Дәрістер
3. Практикалық сабақтар
4. Студенттің өздік жұмысы
1. глоссарий
ЭЕМ архитектурасы - ЭЕМ-ң құрылымдық, схемотехникалық, логикалық ұйымдастырылуын көрсететiн абстрактiлi көрсетiлуi.
Жадының сызықтық кеңiстiгi – адрес номерлерi тiзбектi түрде тағайындалатын жады ұяшықтарының жиынтығы.
Басқару құрылғысы - команда кодтарын дешифрациялап, қажеттi басқару сигналдарын таратады.
Арифметикалық-логикалық құрылғы мәлiметтердiң қажеттi арифметикалық және логикалық түрлендiрулерiн жүргiзедi.
Регистрлер басқарушы ақпаратты, яғни адрестер мен мәлiметтердi сақтауға арналған.
Байт ЭЕМ-ң негiзгi жадысының минималды адрестелетiн бiрлiгi.
Сегменттер програмалар мен мәлiметтердi негiзгi жадыда орналастыруға арналған арнайы облыстар.
Стек мәлiметтер мен адрестердi уақытша сақтауға арналған жадының арнайы ұйымдастырылған облысы.
Сөз – тiзбектi адресi бар екi байттан тұратын тiзбек.
Қос сөз – тiзбектi адрестер бойынша орналасқан төрт байттан (32бит) тұратын тiзбек.
Төрттiк сөз - тiзбектi адрестер бойынша орналасқан сегiз байттан (64 бит) тұратын тiзбек.
2. Дәрістер
Тақырып 1. Пәннің мақсаты мен міндеттері. Кіріспе. Векторлық және растрлық графика негіздері
Компьютер бейнелерді өңдеу үшін олар сандық түрде көрсетілуі керек, яғни кодталған болуы тиісті. Суретті кодтау үшін оны пиксел (Pixel) деп аталатын кішкентай біртекті бөліктерге бөледі. Суреттегі барлық түстер нөмірленеді және әрбір бөлік үшін оның нөмірі көрсетіледі. Осындай тәсілмен кодталған суреттер растрлық бейнелер (растр, bitmap – карта бит) деп аталады. Ақ-кара суретте әрбір пикселді көрсету үшін 1-бит жеткілікті. Түсті суреттерде бейнелеу үшін түстер саны 2N –дәрежесі болады, мұндағы N – пикселдің (нүктенің) түсі туралы ақпарат сақтайтың биттер саны. 8–биттік бейнеде 256 түс бар, 24 – биттік бейнеде 16000000-нан астам түсті көрсетуге болады.
Пикселдің түсін анықтайтын ақпараттың көлемі түстің тереңдігін (глубина цвета) анықтайды. Кодталған берілгендер негізінде бейнені құру үшін пикселдің көлемін анықтау керек. Тәжірибе жүзінде пикселдің көлемі орнына басқа екі шама қолданады: бейненің көлемі және оның шешілуі.
Шешілу (разрешение, resolution) - бейнені құрайтын пикселдердің орналасу тығыздығы, яғни, бір аудан бірлігіндегі орналасқан пикселдер саны.
Шешілуді әр түрлі құрылғыларға байланысты қарастыруға болғандықтан, шешілу өлшенеді:
1. бір дюймде орналасқан нүктелер санымен – dpi (dots Per Inch).
2. бір дюймде орналасқан пикселдер санымен – ppi (pixels per inch)
3. бір дюймде орналасқан сызықтар санымен (линеатура) – lpi (lines per inch)
Мониторда суреттерді бейнелеу үшін 72 dpi-120 dpi аралығында, ал қағазға 300 dpi болып шығады. Өте жоғары, сапалы бейнелерді түсті принтерде шығару үшін бұдан да жоғары шешу (разрешение) қолданылады.
Растрлық бейнелер есептеу техникасында кең қолданылады: фотосуреттер, интернеттегі суреттер.
Растрлық бейнелердің кемшіліктері:
-
Оларды үлкейту немесе кішірейту яғни, масштабтау қиынға түседі;
-
Жадта және дискіде көп орын алады.
Осы кемшіліктерден айырылу үшін бейнелерді кодтаудың векторлық тәсілін қолданады.
Кодтаудың векторлық тәсілінде суретті құрайтын геометриялық фигуралар: қисықтар, түзу сызықтар. Компьютер жадында математикалық фигуралар: дөңгелек, квадрат, эллипс, т.с.с. фигуралар, геометриялық абстракциялар түрінде сақталады. Мысалы, дөңгелекті кодтау үшін оны жеке пикселдерге бөлу қажеті жоқ, тек оның радиусын, ортасының координатасын, түсін сақтауға жеткілікті. Векторлық форматтағы бейне бір-біріне тәуелсіз өңдеуге болатын бөліктер жиынынан тұрады. Бұл бөліктер объекттер деп аталады. Бірнеше бөліктен жаңа объект құруға болады. Сондықтан объекттер түрі күрделі болуы мүмкін. Әрбір объект үшін оның көлемі, орналасуы сандық коэффициенттер түрінде сақталады. Сондықтан бейнені масштабтау қарапайым математикалық операциялар (графикалық элементтінің параметрін масштабтау коэффициенттеріне көбейту) көмегімен жүзеге асады. Ал бейненің сапасы өзгеріссіз қалады.
Векторлық графикамен жұмыстың кемшіліктері:
-
Нақты бейненің моделін құру күрделі.
Векторлық бейнені растрлық мониторда көреміз және растрлық принтерде шығарамыз. Сондықтан векторлық бейне экранға шығарылғанда растр түріне келтіріледі.
Векторлық графиканы растрге айналдыру дискретизация деп аталады. Ол үшін арнайы алгоритмдер қолданылады.
Жоғарыда айтылғандай растрлық бейненің әрбір нүктесі түс туралы ақпаратты сақтайды. Векторлық объектте оның контуры және боялған аймақтың түсі туралы ақпаратты сақталады. Түстің тереңдігіне байланысты бұл ақпарат 1 – 32 биттен тұрады. Миллионнан астам түсті бейнені кодтау үшін түстерді номерлеу қолайсыз болады. Түсті бейнелерді бейнелеу үшін кез-келген түсті бірыңғай анықтау үшін түсті көрсетудің бірнеше түсті көрсету модельдері (цветовые модели) құрылған. Физика курсынан күннің сәулесін әр-түрлі түстерге бөлуінің болатынын білеміз. Сонымен қатар, әр түсті сәулелерді керекті қатынаста жинап, ақ түсті алуға болады. Сол сияқты қатынастарды кішкене өзгертіп, кез-келген түсті алуға болады. Теледидар және мониторлар люминафорынан көк, қызыл және жасыл түс шығады. Осы үш түсті араластырып көптеген түстер алуға болады. RGB-түсті көрсету моделі осыған негізделген (R-red, G-green, B-blue). Бұл модельде кез-келген түс құрамын сипаттайтын үш санмен беріледі. Компьютерлік құрылғылардың көбісі осы модельді қолданылады. Осы үш түсті алғашқы (негізгі, аддитивті, І-ретті) түстер деп атайды. Оларды жұптап араластырса көгілдір Cyan, Magenta, Yellow (циан, пурпурлы, сары) субтрактивті (ІІ-ретті) түстер пайда болады. І-ретті және ІІ-ретті түстер базалық түстерді құрайды.
Өкінішке орай, RGB моделінде кейбір түстерді алуға болмайды. Бейнені принтерден шығарғанда қағазға тек белгілі түсті көрсететін түсті бояу жағылады. Барлық қалған түстер сіңіп кетеді немесе күн сәулесі әсерінен жойылады. Түстердің шегеруінің негізінде CMYK түсті көрсету моделі құрылған (C-Cyan-циан, M-Magenta-пурпурлы, Y-Yellow – сары, K-Black-қара). Бұл модель полиграфияда көп қолданылады.
RGB және CMYK модельдері нақты құрылғылармен нақты жұмыс істеуге ыңғайлы да, адамның көзі қабылдауға қолайсыз. Қолданылатын техникалық құралдарға тәуелсіз түсті көрсетудің бірнеше модельдері бар.
-
HSB – бұл модельде әрбір түс түстің тонымен hue- түстің шымқайлығымен (насышенность) Saturation және түстің ашықтығымен (яркость) Brightness анықталады. Бұл модельмен программалар жұмыс істейді. Түстер әрі қарай экранға немесе принтерге шығару үшін RGB немесе CMYK моделіне келтіріледі.
-
HBW – бұл модельді ең қарапайым және түсінікті деп саналады. Бұл модель түстің тоның тандап - (hue), оған немесе ақшылдық (Whiteness) немесе қаралық (Blackness) қосуға негізделген.
Көбінесе түстерді сипаттау үшін бекітілген палитралар, яғни берілген түстер тізімі қолданылады. Палитралардың жиыны өте көп. Ең көп пайдаланылатыны, кең таралғаны PANTONE палитрасы. Палитраны қолдану жұмыс істеуді жеңілдетеді.
Негізгі әдебиет: [14, 9]
Қосымша әдебиет: [12, 15]
Тақырып 2. AdobeFlash редакторымен танысу. Қолданушы интерфейсі
Windows стандартына сәйкес тақырыпта жолының астында меню жолы орналасады. Оның астында стандартты саймандар панелі (toolbar) орналасады. Оның астында (Property bar) атрибуттар панелі орналасады. Терезенің сол жағында саймандар панелі (tollbox), он жағында түстер палитрасы (Color palette), төменгі жағында қалып-күй жолы (Status Bar) орналасады ( жоғары жағында орналасуы да мүмкін).
Қалып-күй жолын баптау. Экранда қалып-күй жолын әдістің біреуімен баптауға болады:
-
Тышқанның көмегімен
-
Қалып-күй жолында тышқанның он жақ батырмасын шертіп, Customize > Status Bar > Position > Top (Bottom) командасы көмегімен
Қалып-күй жолының енін өзгерту үшін Customize > Status Bar > Size > One line (Two lines) командасын ың керектісін орындау қажет. One line – ені бір жол, ал Two lines – ені екі жол.
-
Options cұхбат терезесінде Workspase > Customization > Command Bar бетінде Status Bar Property параметрлер тобында керекті түрін таңдау керек.
Қалып-күй жолын алып тастау үшін: келесі әрекеттердің біреуін орындау керек (сәйкесінше қалып-күй жолын экранға шығару үшін).
-
Жұмыс аймағының контекстік менюінің View > Status Bar жолының қасына туды орнату немесе алып тастау.
-
Options cұхбат терезесінде Workspase > Customization > Command Bars бетінде сәйкес туды алып тастау.
Қалып-күй жолының элементтерін көрсету/жою үшін Workspase > Customization > Commands бетінің жоғарғы бөліктегі тізімінен Status Bar жолын таңдаймыз. Қалып-күй жолына жаңа өріс қосу үшін оны сұхбат терезесінен Қалып-күй жолына алып қоямыз. Қалып-күй жолынан өрісті жою үшін оны сұхбат терезесіне кері апарып қоямыз немесе қалып-күй жолының контекстік менюынан Customize > Status Item > Delete командасын орындаймыз.
Қалып-күй жолында көрсетілетін ақпараттар:
-
Mouse Position –тышқан көрсеткішінің ағымдағы координаталары.
-
Info line – қолданушы орындаған әрекеттерге сәйкес орындауға мүмкін болатын түрлендірулер туралы түсініктеме.
-
Object Detales – ерекшеленген объект туралы толық ақпарат.
-
Object Information – ерекшеленген объект туралы жалпы ақпарат.
-
Time – ағымдағы уақыт.
-
Date – ағымдағы мерзім және аптаның күні.
-
Outline – объект контурының түрі, түсі және қалыңдығы.
-
Fill – құюдың түрі.
-
CAPS, NUM және SCRООL – индикаторларын өшіру немесе қосу.
-
Memory Allocated – қосымша қолданылған жадтың көлемі.
-
Swap Remaining – AdobeFlash – қа қажет болып қалатын жадтың көлемі.
-
SnapStatus – ағымдағы байланыс түрінің атауы.
Сызғыштар. Сызғыштарды көрсету және алып тастау үшін View > Rules командасын немесе жұмыс аймағының контекстік менюнан View > Rules командасын орындау керек.Үнсіз келісім бойынша координатаның басы AdobeFlash терезесінің төменгі сол жақ бұрышында болады. Координаттар басының орнын өзгерту үшін сызықтардың қиылысуында орналасқан батырманы шертіп, тышқанның сол жақ батырмасын жібермей керекті жерге апару керек. Сызықтардың орның өзгерту үшін Shift клавишасымен қоса сызғыштарды жаңа орынға орналастыру керек.
Үнсіз келісім бойынша өлшеу дюймде жүргізіледі. Өлшеу бірлігін өзгерту үшін Esc пернесін шертіп, қасиеттер панеліндегі Drawing Units тізімінде керекті өлшем бірлігін таңдау керек.
AdobeFlash –ның менюін баптау. Менюді баптау Options cұхбат терезесінде жүргізіледі. Options cұхбат терезесін экранға шығару үшін келесі әрекеттердің біреуін орындау керек:
-
Tools > Options командасын
-
Ctrl + I пернелер комбинациясын шерту
-
Property Bar панеліндегі Options батырмасын шерту
Docker – терезелері. Docker – терезелер жұмыс істеу кезіңде объектінің параметрлерің динамикалық өзгертуге арналған. Сұхбат терезелеріне қарағанда Docker терезелері модальді емес яғни олар ашық тұрып қолданушыға кез келген әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Docker терезені экранға шығару үшін келесі әрекеттерді біреуін орындау керек.
-
Window > Docker
-
Тағайындалған сәйкес перненің көмегімен
-
Жиі қолданылатын Docker терезесі меню командасымен шығарылады. Docker терезелер экранның соңғы рет орналасқан орнында тұрады.
Жиі қолданылатын терезелер: Transformation, Scrapbook
Негізгі әдебиет:[ 5, 7]
Қосымша әдебиет:[1, 2, 3]
Макет құру
Макет құру – бұл дизайнердің ойын жүзеге асыру үшін беттің және макет элементтерінің (мәтіннің, растрлік және векторлық бейнелердің) орналасу параметрлерін баптау. Жаңа құжат құрғанда AdobeFlash автоматты түрде А4 (210х297 мм) форматын орнатады. Форматты өзгерту керек болса, ашылатын форматтар тізімінен керекті форматты таңдау керек немесе қасиеттер палитрасында тиісті өріске қажетті көлемді орнату керек. Беттің макетің толық баптау үшін Tools > Options командасын орындап, Document > Page бетін ашамыз. Бұл бетте 4 пункт бар:
-
Size (көлем) – бұл пункте беттің параметрін баптауға болады. Алдын ала көру терезесінде енгізілген өзгертулерді байқауға болады.
-
Logout (макет) – бұл пункте ашылатын Logout тізім көмегімен 6 шаблонның біреуін таңдауға болады :
-
Full Page (толық бет)
-
Book (кітап)
-
Book Let (буклет)
-
Tent Card (Открытка)
-
Side Fold (карточка с боковым сгибом)
-
Top Fold Card (карточка с верхним сгибом)
Макеттің өзгеруі алдын ала көру терезесінде бейнеленеді. Facing Page (айналық беттер) туын екі жақты басылым үшін қолданады.
Start on тізімі (начать с ...) бірінші беттің номері жұп немесе тақ болатынын анықтайды.
3. Label (наклейки) компакт дискімен бірге болатын 800 – ден астам стандартты наклейкалар пакетінен наклейканы таңдауға мүмкіндік береді. Егер де керекті нұсқа жоқ болса, Customize Label бөлуді баптау батырмасына шертіп, ашылған сұхбат терезесінде бөлу параметрлерін болады.
4. Background (фон) – бұл пункт беттің фонын таңдауға мүмкіндік береді. Ауыстырғыштар көмегімен 3 нұсқаны таңдауға болады.
-
No Background (фон жоқ)
-
Solid (бір түсті фон)
-
Bitmap (растрлік форматтағы бейне).
Print and Export Background туы фонды экспорттауға және қағазға шығаруға мүмкіндік береді. Егер ту орналатылмаса, онда фон экранда көрінеді де, қағазға басылмайды және экспорттағанда сақталмайды.
Object Manager (объектілер диспетчері) терезесін қолдану. Күрделі құжаттармен жұмыс істегенде объектілер арасында ыңғайлы түрде ауысу үшін Object Manager терезесі қолданылады. Бұл терезеде иерархия түрінде құжаттағы бар барлық беттер, қабаттар және объектілер орналасады. Бұл терезе көмегімен қабаттағы объектілердің орналасуын өзгертуге болады. Объектілерді ерекшелеуге, топтастыруға, көшірмесін алуға және де контурдың түсін өзгертуге мүмкіндік бар. Бұл терезені ашу үшін Window > Docker > Object Manager командасын орындау керек. Object Manager терезесінде ерекшеленген объект жұмыс аймағында да ерекшеленеді. Үнсіз келісім бойынша әрбір қабат (Laуer) реттік номер жазуымен белгіленеді. Қолданушы қабаттың атауын өзгерте алады. Ол үшін қабаттың атауының үстінен екі рет шерту керек.
Қабаттың атауының сол жағындағы көздің белгішесі осы қабаттағы орналасқан объектілерді көрінбеуіне әсер етеді. Принтер белгішесі осы қабатта орналасқан объектілерді қағазға басуға рұхсат етеді немесе тыйым салады. Қарындаш белгісі осы қабатта орналасқан объектілерді өңдеуге рұхсат етеді немесе тыйым салады. Терезеде құжат туралы қандай ақпарат көрсетілетінің анықтау үшін және құжатты өңдеу үшін келесі басқару элементтері қолданылады.
Show Object Property (объектінің қасиетің көрсету) - объектінің атауының қасында объект туралы ақпарат жазылады (контурдың түсі және қалыңдығы, құюдың түсі).
Edit Across Layer қабаттар арасында өңдеу, терезеде қай қабат ерекшеленгеніне байланыссыз кез – келген қабаттағы объектіні өңдеуге мүмкіндік береді.
Layer Manager View (түрлер диспетчері) – бұл режимді қолданғанда терезеде тек қабаттар ғана көрсетіледі.
New Layer - жаңа бос қабат құрады
New Master Layer - бұл жаңа шаблон бет құрайды.
Delete – ерекшеленген қабат, объект немесе объектілер тобын жояды.
Объектіні бір қабаттан екінші қабатқа ауыстыру немесе көшірмесін алу үшін терезе менюінің Move to Layer немесе Copy to Layer командаларын орындауға болады.
Объектілерді туралау және бекіту. Snap to Grid кнопкасы бойынша объектілерді тор бойынша туралау режимі іске қосылады. Тордың параметрлерін баптау үшін Tools > Options командасын орындап, Document Grid терезесінде баптауға болады. Freguency (жиілік, частота) – көлденеңінен және тігінен өлшем бірлігіне келетін тор сызықтарының жиілігін орнатады. Spacing (арақашықтық) – тордың қадамы. Show Grid (торды көрсету) – торды көрсету немесе алып тастау. Snap to Grid (торды бекіту) – торды сызықтарға бекіту. Show Grid as Lines ( тор сызықтарын пунктермен көрсету). Show Grid Dots (тор сызықтарын нүктемен көрсету)
Жоғары сапалы құжат құру үшін, жұмысты тез және жоғары деңгейде жүргізу үшін белгілі ережелерді сақтау керек. Күрделі құжаттардың макетін құру үшін келесі кеңестерді орындаған жөн.
-
Құжатты жоспарлау – яғни, бейне қай мақсатпен құрылады және соңғы нәтиже қандай болады екенін анықтау.
-
Эскиз құру – жұмыстың алдында қағазға графиканың және мәтін элементтерінің орналасуын көрсетіп алу.
-
Шаблон дауындау – бұл объектілерді туралауды жеңілдету.
-
Құжатты құру.
-
Алдын ала қағазға шығарып, нәтижені көру.
-
Құжатты қағазға немесе плёнкаға шығару.
Негізгі әдебиет:[ 5, 7]
Қосымша әдебиет:[1, 2, 3]
Бірнеше объектілермен жұмыс
Объектілердің орналасу ретін өзгерту үшін керекті объектіні ерекшелеп, менюден Arrange (туралау) > Order (реті) командасын орындау керек.
-
To Front - таңдалған объект алдында тұрады.
-
To Back - таңдалған объектіні артына орналастыру.
-
Forward One – таңдалған объектіні бір обьекке алдыға орналастырады.
-
Back One - таңдалған объектіні бір объектке артқа орналастыру.
-
In Frond Of - қай объектінің алдына орналастыру керек екенін көрсетеді.
-
Behind - қай объектінің артына орналастыру керек екенін көрсетеді.
-
Reverse Order – ерекшеленген объектінің өзара орналасуын көрсетеді.
Объектілерді құрастыру (комбинирование). Комбинирова–ние – бірнеше объекттерден жаңа объект құру. Объекттерден жаңа объект құрастыру үшін алдымен керекті объекттерді ерекшелеп алу керек. Сонан соң қасиеттер палитрасында батырмасын немесе Ctrl+L пернелер комбинациясын шерту немесе Arrange > Combine командасын орындау керек.
Объектілерге қолданылатын бульдік ( логикалық ) операциялар.
-
Weld (обьединение) – біріктіру. Байланыссыз біріктіру нәтижесінде объектінің контуры және құю соңғы ерекшеленген объектінікіндей болады. Егер объектілер рамка көмегімен ерекшеленсе, онда соңғы объект ретінде ең төменгі объектінің контуры мен құюы алынады.
-
Trim – айырым алу. Соңғы ерекшеленген объектіден басқа объектілермен ортақ бөлігін алу нәтижесінде жаңа объект құру үшін қолданылады. Егер объектілер рамка көмегімен ерекшеленсе, онда соңғы объект ретінде ең төменгі объектіден шегеріледі.
-
Intersect – қиылысу. Соңғы ерекшеленген объект негізінде объектілердің қиылыспайтын бөліктерін алып тастау нәтижесінде жаңа объект құруға мүмкіндік береді. Егер объектілер рамка көмегімен ерекшеленсе, онда соңғы объект ретінде ең төменгі объект алынады.
Объектілерді туралау. Объектілерді өзара туралау және белгілі ретпен орналастыру үшін Align and Distribute командасы қолданылады. Команданың орындау нәтижесінде екі бетпарақтан тұратын сұхбат терезесі шығады.
Align Top - ерекшеленген объектілер жоғарыдан тураланады
Center - объектілердің көлденең ортасынан тураланады.
Botton - ерекшеленген объектілер төменнен тураланады.
Left - ерекшеленген объектілер сол жағынан тураланады.
Center - ерекшеленген объектілер тігінен тураланады.
Right – объектілер он жағы бойынша тураланады.
Edge to Page - парақ бойынша туралау
Center of page – ерекшеленген объектілер беттін дәл ортасында орналасады.
Align to Grid - ерекшеленген объектілер тор түйіндеріне бекітіледі.
-
Distribute – бұл бетпарақтағы тулар көмегімен бет көлемінде және қандайда бір объект бойынша объектілерді бір – бірлерімен бірдей арақашықтықта орналастыруға болады. Орналастыруын көрсету үшін Distribute of тобының тулары қолданылады.
Extent of Selection - ерекшеленген объектілер бойынша.
Extent of Page – бет бойынша
Preview батырмасы көмегімен құжат терезесінде өзгерістерді көруге мүмкіндік береді.
Reset батырмасы барлық туралау және орналастыру командаларын болдырмайды. Объектілерді немесе объектілер тобын туралағаннан соң байқаусыз өзгерістерден сақтау үшін объектілерді бекітіп қойған жөн. Ол үшін: Arrang > Lock Object командасын орындау керек. Нәтижесінде объектке ешқандай операциялар қолдануға болмайды. Блокты алып тастау үшін Arrange > Unlock Object командасын орындау керек.
Объектілерді көбейту (көшірмесін алу). Объектілерді көбейту үшін Duplicat және Clone командалары қолданылады.
Duplicate – операциясының нәтижесінде объектінің дәлме-дәл көшірмесі алынады да көшірме жеке объект болып табылады. Бұл команданы орындау үшін Ctrl+D комбинациясын және «+» пернесін басу керек.
Edit Clone командасының нәтижесінде құрылған объект бастапқы объектке тәуелді болады. Егер оригинал объектіге қандай да өзгерістер енгізсек, ол автоматты түрде оның барлық клондарында пайда болады. Ал клондағы өзгерістер оригинал объектіге әсер етпейді.
Негізгі әдебиет:[ 5, 7]
Қосымша әдебиет:[1, 2, 3]
Объектінің формасын өзгерту. Контурды және құюды өңдеу
AdobeFlash –да әрбір объектің екі негізгі атрибуты бар: Outline (контур), Fill (құю). Контур немесе абрис деп объектінің формасын анықтайтын сызықты атайды. Құю контурмен шектелген аймақтын түстік параметрлерін анықтайды. Құю тек тұйық объектілерде болады.
Контурдың параметрлерін баптау -Outline Pen батырмасы көмегімен ашылатын Outline Pen сұхбат терезесінде жүргізіледі
Контурдың параметрлері:
Color – контурдың түсі
Width – контур сызығының қалыңдығы
Style – контурдың стилі
Edit Style – сызықтар үшін меншікті стиль құру
Corners – бүгілген жерлердегі контурдың түрі
Line caps – сызықтар ұштарының түрі
Arrows – бағыттаушылар (стрелкалар)
Calligraphy – каллиграфия (қаламмен немесе қылқаламмен сызылған сызықты баптау)
Behind Fill - контур құюдың үстіне салынады ма екені анықталады. Контур құю үстінде болса, онда контурдың қалыңдығы екі есе кішірейеді
Scale with image - объектпен қоса масштабтау
Құюларды қолдану. Объектінің құю параметрлерін орнату үшін Fill палитрасы қолданылады.
1. Uniform Fill – біртүсті құю (однородная заливка).
2. Fountain Fill Dialog – градиентті құю.
Градиентті құюдың параметрлері:
-
Type – градиенттік құюдың түрін анықтайды: Linear (сызықтық), Radial (радиальдық), conical (конустық), sguare (квадраттық).
-
Center Offat – градиент ортасының ауытқуы.
-
Angle – градиенттің бастапқы бұрышын анықтау.
-
Steps - (шар) қадам саны 256 max
-
Edge pad – объектінің шетінен шегініс.
Түсті араластыру екі режимде жүргізіледі:
-
Two Color (екі түсті)
-
Custom (қолданушылық)
Two Color режимінде екі түс қолданылады.
Mid Point (орта нүкте) – түстік ауысудың шекарасын анықтайды.
Custom – режимінде градиенттік құю үшін түстің шексіз саның қатыстыруға болады.
Fountain Fill Dialog – сұхбат терезесінің төменгі жағында AdobeFlash пакетімен бірге орнатылатын градиенттер: «+» тізімі орналасқан батырмасы көмегімен қолданушы құрған градиенттік тізімді құруға болады. « - » белгісі тізімнен жояды.
3. Pattern Fill Dialog (заливка текстуры) – оюмен құю.
Параметрлері:
-
Оюдың түрі:
-
Two Color – екі түсті.
-
Full Color – толық түсті.
-
Bitmap – растрлік.
-
Origin – ауытқуы. Объектінің ортасы бойынша оюдың ауытқуын анықтайды.
-
Size – оюдың көлемі.
-
Skew – оюдың наклоны.
-
Rotate – оюды айналдыру.
-
Transform fill with object - оюды объектімен қоса өзгерту.
Load – батырмасы көмегімен оюды файлдан жіктеуге болады. Create – батырмасы көмегімен оюды құруға болады.
4. Texture Fill Dialog – текстурамен құю.
Параметрлері:
-
Texture library – текстуралардың әр-түрлі кітапханаларын таңдау үшін арналған тізім.
-
Style – текстураның сыртқы түрін өзгерту параметрлер тобы.
-
Preview –алдын - ала көру.
-
Tiling – наложение.
-
Options – көмегімен текстураны растрилизациялау параметрлерін орнатуға болады.
-
Bitmap resolution – растрлік оюдың шешілуі.
-
Maximum file width – пикселдер саны көрсетіледі.
ЕСКЕРТУ: Текстуралық құюларды қолдану, бейнені экранға шығару және қағазға басуын баяулатады.
5. Post Script Fill Dialog – құюдың бұл түрі текстураға ұқсас бірақ қағазға шығару процесінде ол растрлік бейнеге түрлендірілмейді. Бұл жағдайда принтер Post Script (беттерді сипаттау) тілін қолдануы қажет.
Негізгі әдебиет:[ 5, 7]
Қосымша әдебиет:[1, 2, 3]
Тақырып 3. ACTIONSCRIPT ТАНЫСУ
AdobeFlash мәтіннің екі түрін қолдануға мүмкіндік береді.
-
Artistic text – фигуралық мәтін
-
Paragraph text – қарапайым мәтін
Фигуралық мәтін объект деп есептеледі. Сондықтан оған контурдың және құюдың жалпы қасиеттерін және арнайы эффектерді қолдануға болады. Фигуралық мәтіннің формасын (Shape инструменті көмегімен) өзгертуге болады.
Қарапайым мәтін арнайы мәтіндік блокта орналасады және оған мәтіндік процессорларда қолданылатың параметрлерін (өрістер, абзацтық шегіністер, тасымалдау және т.б.) орнатуға болады. Қажет болған жағдайда фигуралық мәтінді қарапайым мәтінге және керісінше түрлендіруге болады. Ол үшін: Text > Convert to Paragraph (Artistic) text немесе Ctrl + F8 командаларын орындау керек.
Қарапайым және фигуралық мәтінді құру үшін: Text - инструментін қолдану керек.
Фигуралық мәтінді құру үшін: жұмыс аймағының кез-келген жерінен шертіп, мәтінді енгізу керек.
Қарапайым мәтінді құру үшін: рамка сызып, мәтінді енгізу керек.
Мәтінді өңдеу үшін қолданылатын сұхбат терезе Ctrl + Shift+T пернелер комбинациясымен шақырылады. Мәтіннің параметрлерін толық баптау үшін F-батырмасы көмегімен Format text сұхбат терезесі шақырылады. Бұл терезенің 5 – бет парағы бар.
-
Character - cимволдар
-
Paragraph - абзацтар
-
Tabs - табуляция
-
Columns - колонкалар
-
Effects – маркерлердің түрі таңдалады. Сол маркердің көлемі, буквицаның түрі осы жерде таңдалады.
Мәтіндік блоктарды байланыстыру. Бұрынғы мәтіндік блокпен байланысқан жаңа блок құру үшін мәтіндік блоктың төменгі-ортанғы маркеріне шерту керек. Сонан соң мәтіндік блоктың рамкасын салу керек. Егер мәтін бірінші блокқа толық симасы маркер стрелка тәрізді болады. Екі блокты бір-бірімен байланыстыру үшін алдымен бірінші блоктың ортанғы – төменгі маркерлеріне шертіп, сонан соң екінші блокқа шерту керек. Байланыс көк түсті болады.
Негізгі әдебиет:[ 5, 7]
Қосымша әдебиет:[1, 2, 3]
Негізгі түсініктер
Құжаттың тақырыпшасында құжат атауы, бейненің масштабы, ағымдағы қабаттың атауы немесе Background (Фон) идентификаторы және бейненің режимі туралы ақпарат көрсетіледі.
Экранда сызғыштарды шығару үшін View > Show Rulers командасы қолданылады. Сызғыш үшін өлшем бірлігі Edit > Preferences > Units&Rulers сұхбат терезесінде көрсетіледі.
Программада 13 палитра бар. Оларды экран бойынша жылжытуға, топтастыруға болады.
Саймандар панелін және барлық ашық палитраларды шығару/жасыру үшін Tab пернесін шерту қажет.
Қалып-күй жолында келесі параметрлердің мәндері көрсетіледі: Document Size (құжат көлемі), Document Profile (құжат профилі), Scratch Sizes – AdobeFlash программасына осы сәтте пайдалануға болатын жедел жад көлемі. программы, Efficiency (Эффективность) – қолданылып тұрған жедел жад үлесі, Timing (уақыт) және Current Tool – ағымдағы сайман атауы.
Меню.
File меню командалары бейнелерді құру, ашу, орналастыру, жабу, сақтау, сканерлеу, импорттау немесе экспорттау, қағазға басу, файлдарды желі бойынша жіберу кейбір операцияларды автоматтандыру және AdobeFlash программасынан шығу үшін қолданылады. File > Jump to (Файл > Перейти в) командасын ImageReady немесе GoLive көмекші қосымшаларға көшу үшін қолданады.
Edit менюында бейнені өңдеу командалары орналасқан: көшірме алу, трансформациялау, кірістіру, белгілі көлемді және формалы қылқалам, әр түлі оюлар құру. Fade (Ослабить) ішменю командалары көптеген операциялардың эффектісін әлсіздетуге арналған. Purge (Очистить) ішменю командалары жадты босатады. Сонымен қатар, Edit менюі көмегімен Color Settings (Характеристики цвета), Preset Manager (Менеджер настроек) және Preferences (Установки) сұхбат терезелерін ашуға болады.
Image менюінің Mode (Режим) ішменю көмегімен бейне түрлендіріледі. Adjustments (Корректировки) ішменю командалары бейненің тонын, ашықтылығын өзгертеді. Image Size (Размер изображения) командасы көмегімен бейненің көлемін немесе шешілуін өзгертуге болады. Canvas Size (Размер холста) сұхбат терезесі жұмыс кеңістігінің көлемін өзгертеді.
Layer менюінің командалары қабаттарды қосуға, көшірмесін алуға, жоюға, өзгертуге, топтастыруға, біріктіруге арналған.
Select менюінің Select (Выделить) ішменюінің All (Все) командасы қабатты толық ерекшелейді. Deselect (Снять выделение) командасы керісінше ерекшелеуді алып тастайды. Reselect (Восстановить выделение) командасы соңғы Deselect командасы қолданылған аймақты қайрадан ерекшелейді. Color Range (Диапазон цветов) командасы түске байланысты ерекшелейді.
Filter менюінің командалары фильтрлерден құралады.
View менюінің командалары экранда не көрсетілетінін, ал не көрсетілмейтінін анықтайды. Gamut Warning (Предупреждение о гамме) омандасы қағазға шығарыла алмайтын түстерді ерекшелейді. Proof Setup (Установки пробного отпечатка) ішменю командалары бейне әр түрлі режимде қағазға шығарғандағы түрін көрсетеді.
Window менюінің командалары палитралардың экранға шығарылуын/жасыруын және бейне терезелерінің өз ара орналасуын басқарады.
Help менюі командалары интерактивті режимде AdobeFlash программасының анықтамалық жүйесіне қатысуды қамтамасыз етеді.
Палитралар. Керекті палитраны ашу үшін Window (Окно) командасын қолданыңыз. Shift+Tab пернелер комбинациясы саймандар панелінен өзге барлық ашық палитраларды көрсетеді/жасырады.
Егер Edit > Preferences > General (Правка > Установки > Общие) сұхбат терезесінде Save Palette Locations (Сохранять расположение палитр) туы орнатылған болса, AdobeFlash программасынан соңғы рет шыққан кезде ашылылып тұрған палитралар программаны іске қосқан сол орындарында орналасады. Үнсіз келісім бойынша палитралардың топтастыруын қалпына келтіру үшін Window > Workspace > Reset Palette Locations (Окно > Рабочее поле > Восстановить расположение палитр) командасын орындау қажет.
Бейнелерді өңдеу
Холст көлемін өзгерту. Холст көлемін өзгерту үшін: Image / Canvas Size командасын орындау керек. Холстың көлемін өзгерту бейненің көлеміне әсер етпейді. Сәйкес сұхбат терезесінің астында жаңа жаңа холстта бейне орналасатын орынды көрсету қажет (холстты үлкейткенде). Холстты кішірейткен жағдайда холстың бүтін болып қалатын бөлігін таңдау керек.
Бейненің көлемін және шешілуін өзгерту. Ол үшін: Image / Image Size командаларын орындау керек. Pixel Dimensions тобында бейненің пикселдегі көлемін көруге болады. Ал Document Size тобында енімен биіктігі және өлшем бірлігін таңдауға болады. Өлшем бірлігі ретінде процент көрсетуге болады. Resample Image (интерполяция) туы бейненің көлемін өзгерткенде пикселдер санын өзгеруін, өзгермеуін анықтайды. Егер бұл ту орнатылса, онда артық пикселдер жойылады немесе жаңа пикселдер қосылады.Constrain Proportions туы орнатылса бейненің пропорциясы сақталады.
Пикселдер санын азайтқан кезде бейненің сапасы аса көп бұзылмайды. Себебі пикселдер белгілі алгоритм бойынша жойылады. Өте аз өзгерістер пикселдер санын 25-50 және 70% азайтқанда болады. Яғни, әрбір 4 пикселдің 25% біреуі, 50% болғанда екеуі, 75% болса үшеуі жойылып тастайды. Бейнедегі пикселдер санын көбейткенде, яғни жаңа пикселдер қосқанда үш әдіс қолданылады.
-
Bicubic (бикубический) – бұл режимде көршілес 8 пикселдің түсі орташаланып алынады. Бұл әдіс өте баяу. Бірақ ең сенімдісі.
-
Bilinear (билинейный) – көршілес 4 пикселдің түсі орташаланылады. Тезірек жұмыс істегенмен нәтижесі төменірек.
-
Nearest Neighber (ближайший сосед) – пикселге көршілес 1 пикселдің мәні беріледі. Ең жылдам әдіс бірақ сапасы төмен.
Негізгі әдебиет: [4, 9]
Қосымша әдебиет: [6]
Түстік модельдер және режимдер
Бейнені бір палитрадан басқаға ауыстыру үшін Image > Mode командасын орындау керек. Түстік палитралар:
Bitmap –черно-белая,
Gray Scale –полутоновая или оттенки серего.
Duptone – полутондық + 1түс.
Indexed Color – индекстелген палитра
RGB - палитрасы
CMYK - палитрасы
Lab Color – палитрасы
Multichannel (многоканальное) – бұл режимде 1 палитрадан 2-ші палитраға жеке каналдарды қарастырмай аралық канал ретінде қолданылады.
Ескерту: Басқа палитраға ауысқанда түс туралы ақпараттың бөлігі жойылып қалуы мүмкін. Сондықтан алдымен бейненің резервті көшірмесін сақтап қойған жөн болады. Түрлендірудің алдында барлық қабаттарды бір қабатқа біріктірген жөн. RGB / Lab және Lab / RGB түс туралы ақпарат жойылмайды. RGB – дан CMYK және Lab -н CMYK – ға ауыстырғанда ақпарат жоғалады. Түрлендіргенде қандай өзгереді екенін View > Camut Varning командасын орындау керек немесе Shift +Ctrl Y пернелер комбинациясын шерту керек. Өзгеретін түстер сұр түспен көрсетіледі.
Палитраның түрлері
Палитраның түрі Palette терезесінде таңдалады. Палитралар түрлері:
-
Uniform - біркелкі палитра. Өте сирек қолданылады.
-
Exact (точная) – тура немесе дәл
-
System – жүйелік
-
Web – интернеттікі
-
Local – локальді. Жоғарыда айтылған алгоритмдердің бірімен құрылған индивидуальді палитра.
-
Master . Image Ready программасында құрылған индивидуальды палитра.
-
Custom - қолданушылық. Бұл палитраны Color Table cұхбат терезесінде құруға болады.
Бейнені индекстелген палитраға аударғанда Table терезесінде стандартты индекстелген палитраның біреуін таңдауға болады:
-
GrayScale – сұр шкала.
-
Spectrum – спектр. Күн түсінің спектрі.
-
System – жүйелік. Windows және Macintosh үшін 2 стандартты жүйелік шкала.
-
Custom –қолданушылық. Палитрадағы түсті өзгерту үшін: Color Picker терезесіндегі керекті түсті таңдап OK батырмасын шерту керек. Егер Preview туы орнатылса бастапқы түсті нүктелер таңдалған түске түсін өзгертеді.
Eyedropper (пипетка) – сайманың таңдап сұхбат терезкде мөлдірлікті қолдайтын форматқа ауыстырғанда,мөлдір болатын түсті көрсетуге болады. Палитраны өңдеген соң Sev батырмасын шертіп, сақтаймыз. Load батырмасы алдынғы сақталған қолданушылық палитраны жүктеуге мүмкіндік береді.
Қосымша түстер және мөлдірлікті қосу. Forced терезесінде түстер кестесіне бейнеде жоқ түстерді қосуға болады:
-
Black and Blue
-
Primaries - базалық
-
Web – 216 қауыпсыз түстер
-
Custom – бейнеде жоқ түстерді қосамыз.
Transparency (мөлдірлік ) – туын орнатып, бейнені GIF және PNG форматында
Мөлдір болатын түсті таңдауға болады. Ал ту орнатылмаса, онда мөлдір аймақтар Matte свитогында таңдалған фонның түсімен көрсетіледі.
Түсті растр. Dither (растрлеу) – терезесінде түстердің растрлеу режимі таңдалады. Яғни, палитрадағы жоқ түстерді бар түстермен алмастыру режимі.
None – режимін қолданылғанда бейнеде түстердің ауысуы жағымсыз (резкий) болады.
Pattern (ою) – режимінде жоқ түстер жақын түстерден құралған қайталанатын ою арқылы көрсетіледі. Жақын түстерден құрылған ою түстік растр деп аталады. Қайталануды жасыру үшін diffusion немесе noise режимдері қолданылады. Amount өрісінде растрлеу шамасы беріледі. Ол неғұрлым үлкен болса, индекстелген бейнеде солғұрлым көп түстер қолданылады.
Бейнені монохромды бейнеге аудару
Монохромды бейненің артықшылықтары:
-
Файлдың көлемі кіші болады.
-
Қағазға басқанда сұр түстер тек қара бояумен шығарылады.
Барлық бейне квадратты бірнеше пикселден тұратын растрлік ұяшықтарға бөлінеді. Тон неғұрлым қара болса, солғұрлым растрлік ұяшықта қара пикселдер көп болған және керісінше ұяшықтар қандайда бір бұрышпен орналасқан сызық құрайды. Бұл сызықтар растрлік сызықтар деп аталады. Ұяшықтың ішіндегі қара нүктелер, сызықтар, дөңгелектер, ромбтар түрінде топтасып растрлік нүктені құрайды.Растрлік нүктенің түрін Shape терезесінде таңдауға болады. Сұр бейнені қағазға шығарғанда ол автоматты түрде растрленеді.
Негізгі әдебиет: [4, 9]
Қосымша әдебиет: [6]
ТАҚЫРЫП 4. МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ФИЗИКА
Ерекшелеу режимдері. Режимдер саймандар панеліндегі Style өрісінде орнатылады. Үнсіз келісім бойынша оның мәні Normal.
Constained Aspect Ratio – процедураларды сақтау режимін таңдап, тіктөртбұрыштың қабырғаларының немесе эллипстің осьтерінің қатынастарын беруге болады.
Fixed Size (фиксированный размер). Көлемі бірдей аймақтарды ерекшелеуге мүмкіндік береді
Аймақтарға қолданылатын логикалық операциялар.
-
Инверсия - ерекшеленгенді ерекшелену, ерекшеленбегенді ерекшелеу. Инверсиялау үшін Select > Inverse командасын орындау керек. Бұл операциялардың біртекті фонда бірнеше түсті объектілерді ерекшелеу үшін немесе фонмен қандай да бір операциялар жасау үшін қолданылады.
-
Аймақтарды қосу. Бірнеше аймақты ерекшелеу үшін Shift батырмасын қолдануға немесе басқару панелінде Add to Selection батырмасын шерту керек. Бұрынғы режимге қайту үшін New Selection батырмасын шерту қажет.
-
Аймақтардың айырымын алу. Ол үшін Subtract from Selection батырмасын шерту керек. Alt клавишасын ұстап тұрып ерекшелеуге де болады. Бұл режим көрсеткіштің жанында « - » көрсетіледі.
-
Аймақтардың қиылысуы. Бұл жағдайда Interfect with Selection батырмасын шерту керек немесе екінші аймақты Alt+Shift басып тұрып, ерекшелеу керек.
Ерекшеленген аймақтардың орнын ауыстыру және көшірмесін алу.
Аймақтың орнын ауыстыру үшін Move сайманы қолданылады. Ерекшеленген аймақ тек көлденеңінен немесе тігінен не 450 бойынша орнын ауыстыру үшін Shift клавишасын ұстап тұру керек. Ерекшеленген аймақты кіші аралыққа жылжыту үшін клавиатураны қолданған ыңғайлы. Клавиатурағы стрелка лар көмегімен ерекшеленген аймақты 1 пикселге жылжытуға болады. Егер де Shift –ті басып тұрып жылжытсақ, онда аймақ 10 пикселге ауысады.
Аймақтың көшірмесін алу. Аймақтың орнын ауыстырғанда аймақтың бұрынғы орны фонның түсімен боялынады. Бұны болдырмау үшін аймақты емес оның көшірмесін жылжыту керек. Ол үшін жылжыту кезінде Alt пернесін басып тұру қажет. Ал егер 1 құжаттан басқа құжатқа ауыстырғанда Alt – ты басуы қажет емес. Бір құжаттан екінші құжатқа аймақты кірістіргенде автоматты түрде жаңа қабат құрылады.
Негізгі әдебиет: [4, 9]
Қосымша әдебиет: [6]
Түспен жұмыс істеу
Түсті таңдау. Түсті саймандар панеліндегі екпінді түсті индекаторы көмегімен таңдауға болады. Мұндағы негізгі түс Penclе, Paint Brush, Paint Backet және т.б саймандарды қолданылғанда пайдаланылатын түс.
Бейненің қандай да бір бөлігін ерекшелеп, оны Edit > Fill командасы көмегімен негізгі түспен құюға немесе Edit > Stroce командасы көмегімен контурын сызуға болады. Градиентті құюлар негізгі түспен басталып, фонның түсімен аяқталады.
Фонның түсі – бұл түспен Eraser инструментін қолданған соң бейненің өшірілген бөлігі боялады. Ерекшеленген аймақты осы түспен бояу үшін Ctrl+Backspace пернелерін шерту керек.
Пипетка (Eyedropper). Бұл сайман көбінесе фотосуреттермен жұмыс істеуге арналған. Фотосуреттерді өңдеу үшін екпінді түстерді осы инструмент көмегімен таңдаған ыңғайлы. Сайманды таңдап бейненің керекті түсті жерінде шертеміз. Alt клавишасын басып тұрып фонның түсін өзгертеміз. Әрі қарай сол жақ батырманы басып тұрып керекті орында шертеміз. Фотобейнеде біртекті бөліктер сирек кездеседі. Сондықтан түсті орташалауға болады. Ол үшін саймандар панеліндегі Sample Size өрісінде орташалау режимін таңдаймыз (3 х 3 пиксел немесе 5 х 5 пиксел. Үнсіз келісім бойынша Paint Sample режимі орнатылған)
Color Picker (түсті таңдау) терезесінде төменгі оң жағында кез-келген үш каналды моделді таңдауға болады. Шкаланың оң жағында тіктөртбұрыш қасында белгішелер пайда болуы мүмкін. таңдалған түс СMYK палитрадан шығып кеткенін білдіреді. Яғни, бұл түсті қағазға дұрыс шығару мүмкін емес. Ал қасында төртбұрышта СMYK палитрасының осы түске ұқсас түсті көруге болады. таңдалған түс Web қауыпсіз түске жатпайтының білдіреді және броузерде дұрыс көрсетпейді. Қасында төртбұрышта осы түске ұқсас түс көрсетіледі.
Color палитрасы. Түсті таңдаудың ең қарапайым әдісі – түстік шкалада керекті жерде шерту. Әрі қарай түсті дәлдеу үшін сәйкес сырғытпаны қолданамыз. Екінші тәсіл сырғытпаның жанындағы өрістерге түстің сандық мәнің енгізу. (0 мен 255)
Түстік модельді өзгерту үшін палитраның менюін ашып керекті модельді таңдауға болады.
Swatches палитрасы. Бұл палитрада жиі қолданылатын түстердің жиыны бар. Негізгі түсті таңдау үшін оны шерту керек. Ал түсті фондық түс ретінде қолдану үшін Alt пернесімен қоса шерту керек.
Аймақтарды құю (заливка областей). Құю – бұл аймақтың ішкі облысын құю. Ал обводка ол аймақтың сыртқы түсті сызығы. Аймақты құю үшін Edit > Fill командасы орындалады немесе Paint Bucket саймандары қолданылады. Fill командасы көмегімен ерекшеленген аймақты негізгі түспен, фон түсімен немесе оюмен құюға болады. Foreground Color (негізгі түс), Background Color (фондық түс), Pattern (ою), Black (қар түс), 50 % Gray (сұр), Write (ақ).
Opacity - өрісінде мөлдірлікті орнатуға болады.
Түстерді араластыру режимдері. Мөлдірлік эффектісін құру үшін (жаңа және ескі түстер) әртүрлі түстер араласуы мүмкін. Араласу режимдері әртүрлі қызықты эффектілер алуға мүмкіндік береді. Араластыру режимдерін Mode өрісінде таңдауға болады.Араластыру режимдері:
-
Normal – жаңа және ескі түс арасындағы аралық түс.
-
Dissolve – мөлдірлік эффектісі ескі емес түстерді сақтау арқылы құрылады. Мөлдірлік мәні неғұрлым аз болса, соғұрлым аз пикселдер түсін өзгертеді.
-
Behind – бұл режим мөлдір фонды көп қабатты бейнелер үшін қолданылады. Түс тек қабаттың мөлдір бөлігінде ауысады.
-
Clear – ерекшеленген аймақтың барлық пикселдері мөлдір болады. Тек көп қабатты құжаттарда қолданылады.
-
Multipey – көлеңкелер құру үшін қолданылады.
-
Screen – алдынғыға қарама-қарсы свечение құру үшін қолданылады.
-
Overlay – бейненің ерекшеленген аймағында контрастность және шыңқайлылығын (насыщенность) көбейтеді.
-
Soft Light – жұмсақ, жарық.
-
Hard Light - қатты жарық және т.б.
Paint Bucket сайманы. Бастауына байланысты белгілі түсті пикселдердің барлығын немесе таңдалған пиксел түсіне байланысты сыбайлас аймақты бояйды.
Градиенттік құю. Градиенттік ауысу градиент сайманымен градиент векторы көрсеткен бағытта жүргізіледі. Градиент векторын жүргізу үшін ауыстырудың бастапқы нүктесінде шертіп, көрсеткішті соңғы нүктесіне тарту керек. Вектордың бағыты стрелкалар арқылы көрсетіледі.
Градиент түрлері:
-
Сызықты градиент – ауысу жолақтары градиент векторына перпендикуляр.
-
Радиалды градиент – ауысу жолақтары қабаттасқан шеңберлер құрайды.
-
Бұрыштық градиент – түс сағат тілімен бағыттас өзгереді.
-
Шағылысқан градиент – алдымен сызықтық градиент құрылады, сонан соң оның айналық бейнесі құрылады.
-
Ромбтық градиент – градиент векторы ромб диоганалінің бағытын көрсетеді.
Аймақтарды көркемдеп басу (Обводка областей). Аймақтың контурын сызу Edit > Stroke немесе Border командалар көмегімен құрылады.Ол үшін аймақты ерекшелеп, Edit > Stroke командасын орындап , ашылған сұхбат терезеде Widht өрісінде қалындықтың мәнін енгіземіз. Color өрісінде контурдың түсін таңдаймыз. Үнсіз келісім бойынша негізгі түс орнатылған.
Blending (араластыру) тобында мөлдірлік параметрін және араластыру режимін таңдауға болады.
Location тобында ерекшеленген аймақтың шекарасына байланысты контур қалай орналасқанын таңдауға болады.
Орналасу режимдері:
-
Inside – контур ерекшеленген аймақтың ішінде орналасады.
-
Center – аймақтың шекарасы контурдың центрі бойынша орналасады.
-
Outside – сыртында.
Сызықтарды салу. Сызықтарды сызу үшін үш инструмент қолданылады.
-
Pencil (карандаш)
-
Paint Brush (қылқалам)
-
Air Brush (аэрограф)
Салу кезінде бұлар негізгі түсті қолданады, бірақ та әртүрлі сызықтар сызады. Көлденең және тік сызық сызу үшін Shift клавишасын қоса басу керек.
Қылқаламның түрлері:
Hard (қатты)
Soft (жұмсақ) бұлар сол жағында, ал
Chalk (мел)
Spatter (брызгш)
Star (жұлдызша) оң жағында таңдалады.
Сол жақтағы сұхбат терезеде қылқаламның келесі параметрлерін орнатуға болады.
-
Diametr – егер қылқаламның формасы элипс тәрізді болса, онда диаметр үлкен осьнда анықталады.
-
Hardness - қаттылығы
-
Spacing – (интервал) сызықты сызған кезде бір-бірінен белгілі ара қашықтықта орналасады. Егер Spacing туын алып тастаса, онда іздер бірдей уақыт ара қашықтықта пайда болады. Ал олардың жиілігі көрсеткішті қандай жылдамдықпен жүргізгенге байланысты.
-
Angle – элипстің көлбеу бұрышы.
-
Roundless – егер 100% болса,
Бұл параметрлерді сандық мәндер енгізіп немесе сырғытпа көмегімен орнатуға болады. Әр инструменттің өз индивидуальді параметрі бар. Қылқаламның Wet Edges параметрі, аэрографта Pressure параметрі, қарындашта Auto – Erase. Егер ту орнатылса, онда ағымдағы негізгі түспен сызылған сызықтар бойынша қарындашпен жүргізгенде қарандаш фон түсімен жүргізеді.
Бейненің фрагменттерін жою және бейнені қалпына келтіру. Бейненің фрагменттерін жою үшін үш ластик инструменті қолданылады.
-
Eraser (ластик) – бір қабатты бейнеде фон түсімен салады. Фон қабатында немесе мөлдірлікке тыйым салынған қабатта да фон түсімен салады. Басқа қабаттарда пикселдерді мөлдірлетеді.
-
Background Eraser (фоновый ластик) – пикселдерді мөлдірлетеді. Негізгі түс өзгермейтін режимді орнатуға болады.
-
Magic Eraser (волшебный ластик) – берілген түсті пикселдердің барлығын мөлдірлетеді немесе егер де қабатта мөлдірлікке тыйым салынса, фон түсімен бояйды.
Басқа түспен боялған немесе жойылған фрагментті қалпына келтіру үшін Арнайы қылқаламдар қолданылады.
-
History Brush – пикселдерге протоколдағы таңдалған жазба түстерін қайтарады.
-
Art History Brush – жоғарығындай әрекет жасайды. Сонымен қатар әртүрлі бейнелеу элементтерін қосады. Бейнелеу элементі Stace терезесінде таңдауға болады. Сонымен қатар келесідей параметрлер орнатуға болады. fidetity - протоколда көрсеткен түспен ауытқуы. Неғұрлым мән аз болса, соғұрлым протоколдағы түстерде өзгеріс көп болады.
Area – көлем неғұрлым үлкен болса, соғұрлым бейнелеу элементі көп болады.
Бейненің фрагменттерін жою және бейнені қалпына келтіру. Бейненің фрагменттерін жою үшін үш ластик инструменті қолданылады.
-
Eraser (ластик) – бір қабатты бейнеде фон түсімен салады. Фон қабатында немесе мөлдірлікке тыйым салынған қабатта да фон түсімен салады. Басқа қабаттарда пикселдерді мөлдірлетеді.
-
Background Eraser (фоновый ластик) – пикселдерді мөлдірлетеді. Негізгі түс өзгермейтін режимді орнатуға болады.
-
Magic Eraser (волшебный ластик) – берілген түсті пикселдердің барлығын мөлдірлетеді немесе егер де қабатта мөлдірлікке тыйым салынса, фон түсімен бояйды.
Басқа түспен боялған немесе жойылған фрагментті қалпына келтіру үшін Арнайы қылқаламдар қолданылады.
History Brush – пикселдерге протоколдағы таңдалған жазба түстерін қайтарады.
Art History Brush – жоғарығындай әрекет жасайды. Сонымен қатар әртүрлі бейнелеу элементтерін қосады. Бейнелеу элементі Stace терезесінде таңдауға болады. Сонымен қатар келесідей параметрлер орнатуға болады. fidetity - протоколда көрсеткен түспен ауытқуы. Неғұрлым мән аз болса, соғұрлым протоколдағы түстерде өзгеріс көп болады.
Area – көлем неғұрлым үлкен болса, соғұрлым бейнелеу элементі көп болады.
Негізгі әдебиет: [4, 9]
Қосымша әдебиет: [6]
Түсті және жарты тонды бейнелерді өңдеу.
Тонды өңдеудің мақсаты пикселдер арасындағы жарықты және көлеңкені бөліп орналастыру. Яғни, бейненің ашықтылығын және контрактілігін баптау. Жарты тонды бейненің сапасы туралы обьективті бағаны ашықтылық, гистограмма көмегімен беруге болады. Жарты тонды бейне тек бір түстің оттеноктарынан тұратындығынан оның пикселдері бір-бірімен тек ашықтылығымен ажыратылады. Бейненің гистограммасы – бұл көлденең ось бойынша 0 – 255-ке дейінгі ашықтылық деңгейі, ал тік ось бойынша осы ашықтыққа ие болатын бейненің пикселдер саны көрсетілген график. Бейнеде қолданылатын диапазонның бөлігі оның тондық диапазоны деп аталады. Тондық диапазон неғұрлым көп болса, бейненің сапасы соғұрлым жоғары болады. Тондық диапазонды үш бөлікке бөледі:
-
Сол жақ бөлігі – бейненің қара жерлеріне сәйкес.
-
Оң жақ бөлігі – ашық жерлеріне сәйкес.
-
Орта тондар – олардың арасында.
-
Ең үлкені
Идеалды бейнеде барлық оттеноктардың пикселдері бар болады.
Ашық тондары көп бейне жоғары кілттегі бейнелер деп аталады. Ал қара тондары көп бейне, төменгі кілттегі бейне деп аталады.
Бейненің гистограммасын көру үшін және тондық диапазонды өңдеу үшін Image > Histogram командалары орындалуы тиіс.
Channel (канал) терезесінде каналдың атауын таңдау керек. Канал – бұл түстік моделді құрайтын түстердің диапазоны.
Diminosity (освещенность) – мәнін таңдағанда көлденең ось бойынша барлық каналдардың қасында екпінділігі көрсетіледі. Гистограмманың астында келесідей ақпарат шығарылады.
Mean – қашықтықтың орташа мәні.
Standart Deviation – орташа мәннен орташа ауытқу.
Median - бейненің тондық диапазонының орташа.
Pixel – гистограмма құру үшін ескерілген пикселдер саны. Гистограмманың оң жағында көрсеткіш тұрған орын туралы келесідей ақпарат.
Livel (деңгей) – ашықтылықтың деңгейі.
Count (саны) – ашықтылыққа ие болған пикселдер саны келесі Percentile (процент) %-н берілген ағымдағы ашықтылық деңгейінен артық емес деңгейдегі пикселдер саны.
Тондық диапазонды өңдеу үшін: image > Adjast > Levels командаларын орындау керек немесе ctrl + L пернелерін шерту керек. Ашылған терезеден Channel өрісінде керекті каналды таңдау керек.
Тондық диапазонды автоматты түрде өңдеу үшін: Image > Adjast > Auto levels командасын орындау керек. Үнсіз келісім бойынша пикселдердің саны 0,5 % - н кіші тондар екі жақтан алып тасталады. Егер осыдан кіші немесе көп алып тастау қажет болса, Alt клавишасын басу керек және де Black Clip және White Clip өрістеріне керекті мәндер енгізіп, OK батырмасын шертеміз.
Input Levels мәндері тондық диапазонда кеңейту үшін қолданады. Output levels тондық диапазонды кішірейту үшін қолданылады.
Тондық қисықты өңдеу. Тондық қисықты өңдеу үшін Image > Adjest > Curves командасымен немесе Ctrl+M пернелерін шерту керек. Тондық қисық орналасқан Curves сұхбат терезесі ашылады. Көлденең ось бойынша ашықтылықтың бастапқы деңгейлері, ал тік ось бойынша өңдегеннен кейінгі ашықтылықтың деңгейі орналасқан. Үнсіз келісім бойынша график х = y түзуі болады. Қисықтың астында ашықтылықтың шкаласы орналасқан. RGB моделі үшін қара тондар астынғы сол жағында, ал ашық тондар жоғары оң жағында орналасқан. CMYK моделі үшін керісінше.
Ашықтылықты және контрасттылықты интервалда өңдеу. Бұл үшін қисықтың жеке нүктелерін қозғалту керек. Мұны екі режимде орнатуға болады.
-
Режим гладкой кривой кривой – жеке нүктелерді жылжытқанда қисық автоматты түрде дөңестеледі.
-
Режим рисование кривой от руки – бұл жағдайда қисық карандаш көмегімен сызылады.
Контрасттылықты өзгерту үшін қандай да бір тондық интервалдың ұштарын белгілейтін нүктелер салу керек. Нүктелердің біреуін немесе екеуін де қарама – қарсы бағытта жылжытып контрасттілікті өзгертуге болады. Қисықта барлығы 16 нүкте құруға болады. Құрылған нүкте қара түсті екпінді болады. басқа нүктелер шаршы түрінде белгіленеді. Ашықтылықты өзгерту үшін қисықтың керекті нүктесінде шертіп, жоғары немесе төмен жылжытқан жеткілікті. Керекті нүктені ерекшелеу үшін нүктелерді Ctrl + Tab (солдан оңға қарай) және Shift + Ctrl +Tab (оңнан солға қарай) пернелер көмегімен ерекшелейміз. Нүктені жоғары дәлдікпен жылжыту үшін Output және Input өрістеріне мәндер енгізіп жылжытуға болады.
Ескерту: Тондық қисықтың ұштарындағы нүктелерді жоюға болмайды.
Ашықтылықты баптаудың жылдам әдісі.
-
Brightness > contrast командасы көмегімен. Image > Adjust – менюінен таңдалады. Шектік мәндер -100-ден +100-ге дейін. Өзгерісті көру үшін Preview туын орнатуға болады.
-
Image > Adjust > Avto levels және Image >Adjust > Auto Contrast командалар көмегімен.
Арнайы түстік эффектілер.
Түстік эффектілерді әдетте өңдеу жүргізілген соң қолданады және тек ерекшеленген аймақтарға қолданады.
Эффектілер:
-
Шымқайлылықты кеміту (Умыншение насыщенности)
Image > Adjust Desaturate (обесцветить) командасы түсті RGB бейнені жарты тонды бейнеге келтіреді. Бұл жағдайда пикселдердің ашықтылығы өзгермейді. Көп қабатты бейнеде бұл команда тек екпінді қабатқа әсер етеді. Бұл команданы Ctrl+Shift +U көмегіменде орындауға болады.
-
Инвертирование (қарама – қарсы күйге келтіру). Image > Adjust Invert командасы көмегімен немесе Ctrl+ I көмегімен орындалады. Нәтижесінде түстер қарама-қарсы түске ауысады.
Қызыл – көгілдірге,
Ақ - қараға,
Қара – аққа,
Қарама – қарсы түске келтіру әртүрлі модельдерде әртүрлі болады.
-
Ашықтылықты тегістеу. Image > Adjust Equalize командасы көмегімен орындалады. Ерекшеленген аймақтағы ең ашық пикселдерді ақ-түске айналдырады. Қалған пикселдерді барлық ашықтылық диапазонын біркелкі толтыратындай етіп ауыстырады. Түрлендіруден кейін бейне ашықтылығы және контрастілігі жоғалмайды.
-
Ақ-қара бейнеге түрлендіру (Пороговое преобразование в черно-белое изображение) Image > Adjust Thresholt командасы көмегімен орындалады.Шектік ашықтыққа байланысты кез-келген түстерді аққа немесе қараға айналдырады. Шектік мәннен ашық түстердің барлығы аққа айналады, қалғандары қара түске айналдырылады.
-
Плакаттар. Image > Adjust Posterize командасы көмегімен орындалады. Алдынғы команда сияқты әрекеттер жасайды. Тек қанша түс керек сонша түс қалдырылады.
Өңдеуді орындау реті.
-
Гигтограмма көмегімен бейненің сапасын бағалау.
-
Levels немесе threshold командасы көмегімен бейненің ақ және қара нүктелерін табу керек.
-
Curves терезесінде тондық диапазонды өңдеу.
-
Түсті өңдеу.
-
Бейненің насыщенностын баптау.
-
арнайы түстік эффектілер қолдану.
-
Unsharp Mask – нереская маска фильтрін қолдану.
Өңдеудің нәтижесін әлсірету. Өңдеудің нәтижесін әлсірету үшін аймақ ерекшеленген болса, ерекшелеуді алып тастамай тұрып Edit > Fade командаларын орындау немесе Shift+ Ctrl +F пернелерін шерту керек. Opasiti сырғытпасы көмегімен колекцияны керекті деңгейге орнату керек.
Негізгі әдебиет: [4, 9]
Қосымша әдебиет: [6]
Маскалар және каналдар.
Бейнеге қолданылатын барлық операциялар тек ерекшеленген аймақтын ішінде жүргізіледі. Бейненің қалған аймақтары өңдеуден қорғалған яғни, «маскаланған». Ерекшеленген аймақ және маска жақын түсініктер. Ерекшеленген аймақ оны сақтағанда маскаға аймақтарды маскалар альфа - каналдарда сақталады. альфа -канал бұл ерекшеленген аймақтарды сақтау үшін құрылатын арнайы каналдар.
Масканы сақтау. Маскалар ерекшеленген аймақ ақ түс болатын, маскаланған аймақ қара түс болатын жарты тонды бейне түрінде сақталады.Ерекшеленген аймақты жаңа альфа -каналдарында сақтау үшін Save Selection as Channel батырмасын шерту керек. Үнсіз келісім бойынша жаңа каналға Alpha1 атауы беріледі. Ерекшеленген аймақты бұрын құрылған Alpha каналда сақтау үшін select >save Selection командасын орындау керек. Ашылған терезеде құжаттың атын, каналдың атын таңдау керек.
Сонан соң жазу тәсілін таңдау керек.
-
Replase Channel
-
Ed to Channel
-
Sabtrapt rom Channel
Альфа -каналдарының параметрі. Егер де бірнеше альфа -каналдары сақталған болса, оларды әртүрлі болу үшін канал атауында екі рет шерту керек. Ашылған сұхбат терезеде қызыл шаршыны екі рет шертіп, Corel Picker терезесінде керекті түсті таңдау керек. Оpasity өрісінде де түстің мөлдірлігін өзгертуге болады. Мөлдірлік тек AdobeFlash – та көргенде көрінеді, бейнеге әсерін тигізбейді. Үнсіз келісім бойынша таңдалған түспен бейненің маскаланған бөлігі боялады. Керісінше таңдалған түспен ерекшеленген аймақты бояу үшін selected areas батырмасын қосу керек.
Альфа -каналда ерекшелеуді жүктеу. Ол үшін керекті альфа - каналда ерекшелеп, Load Channel as Selection батырмасын шерту керек. Жұмыстың бұрынғы режиміне көшу үшін каналдар палитрасының жоғарғы жолында шерту керек немесе керекті альфа -каналды. Ctrl пернесін қоса шерту керек.
Бос альфа -канал құру: Ол үшін Create New Channel (создать новый канал) батырмасын шерту керек. Альфа -каналды жою үшін оны ерекшелеп delete батырмасын шертіп, Carrent Channel сұранысқа иә немесе жоқ деп жауап беріп, альфа -каналды жоямыз.
Дайын каналдар (Плашечные каналы). Дайын түстер (Плашечные цвета) – бұл дайын, қағазға түсірілетін араластырылған бояулар, әрбір плашечный түс үшін жеке канал құрылады. Жаңа плашечный канал құру үшін плашечный түспен бояу керек. Аймақтарды ерекшелеп немесе ерекшелеуді альфа -каналдан жүктеп палитра менюінен New Spot Channel батырмасын шерту керек Түстерді таңдау әдеттегідей жүргізіледі.
Solidity параметрі көмегімен бояудың мөлдірлік дәрежесі таңдалады. Егер мөлдірлік қажет болмаса, параметрдің мәні 100-ге тең болуы керек, сәйкесінше мөлдір бояу алу үшін параметрдың мәні 0-ге тең болуы тиіс. Бұл параметр қағазға басқаннан кейін бейне туралы дұрыс мәлімет алу үшін қажет.
Альфа -каналды плашечный каналға түрлендіру үшін каналдар палитрасында альфа -канал атауында екі рет шертіп, ашылған сұхбат терезеде Spot Color ауыстырғыш орнатып, түсті таңдау керек. Түрлендіруден кейін альфа -каналдарының маскаланған аймақтары таңдалған түспен боялады, керісінше ерекшеленген аймақтарды таңдалған түспен бояу үшін Image Adjust invert командасын орындау керек. Егер де плашечный каналдағы түсті сақтап қалу керек болса, бірақ оны әрі қолданбасақ, онда оны түстік каналдармен біріктіру керек. Ол үшін Merge Spot Channel командасын орындау керек.
Каналдар палитрасында әрқашан алдымен стандартты түстік каналдары, сонан соң плашечный каналдары, ең соңында альфа -каналдары орналасқан.Түстік және альфа - каналдары үшін олардың орналасуы маңызды емес. Плашечный түстер қағазға палитрада орналасқан ретпен түседі.ал палитрада олар жоғарыдан төмен плашечный каналдардың орналасу ретін өзгерту үшін, оны шертіп, төменге қарай тарту керек.
Каналдардың көшірмесін алу. Плашечный немесе альфа -каналды өңдеу алдында оның копиясын жасап алған жөн болады. Көшірмесін алу үшін каналды ерекшелеп палитра менюінен Dublicate channel командасын орындау керек. Ашылған сұхбат терезеде каналға ат беріп OK шертеміз.
Негізгі әдебиет: [4, 9]
Қосымша әдебиет: [6]
ТАҚЫРЫП 5. СЫРТҚЫ ФАЙЛДАР ЖӘНЕ ВИДЕО
Интерлиньяж
Интерлиньяж – жолдардың арасындағы арақашықтық. Дәлірек айтқанда әріптердің биіктігі + жолдың арасындағы бос орынның биіктігі.
Әртүрлі символдары үшін интерлиньяждың әртүрлі мәндерін орнатуға болады. Бірақ солардың ең үлкен анықтауышы интерменьяж болады. Auto мәнін таңдағанда интерменьяж мәні жолдың ең үлкен размері бойынша %-н есептеледі.Үнсіз келісім бойынша 120%-ке тең.
Трекинг және кернинг.
Трекинг – символдар кепіліне байланысты мәтіндегі символдар арасындағы арақашықтықты корректировкалау.
Кернинг – екі нақты символдар арасындағы арақашықтықты орнату. Кернингті орнату үшін курсорды керекті символдар арасына орнатып, символдар палитрасының кернинг өрісінде кернинг шамасын беру керек. Тренингті өзгерту үшін мәтінді ерекшелеп, tracking өрісінде керекті мәнді енгізу керек.Егер символдарды ажырату керек болса, кернингтің оң болуы тиіс. Ал символдарды жақындату үшін кернингтің мәні теріс болуы керек.
Базалық сызықты жылжыту.
Жылжытуды орындау үшін символдар палитрасының baseline Shift өрісінде жылжыту мәнін енгізу керек.
Мәтіндік қабатты растеризациялау.
Ол үшін қабаттар палитрасында осы қабатты ерекшелеп Layer > Rasterize > Type командасын орындау керек. Растрленген мәтін кәдімгі пикселдерден тұратын мәтінге айналады, оған фильтрлерді қолдануға болады.
Негізгі әдебиет: [4, 9]
Қосымша әдебиет: [6]
Достарыңызбен бөлісу: |