Өлкетану бөлімі Ө Ө л л к


«Шайтанкөл» деп атапты.  Нұра ауданы



Pdf көрінісі
бет32/51
Дата23.01.2023
өлшемі0.79 Mb.
#468619
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
toponimkaz

«Шайтанкөл» деп атапты. 
Нұра ауданы 
Айсакөл – Қарағанды облысы, Нұра ауданындағы көл. Атау қазақ тіліне арабтардан 
ауысқан. Айса<Иса атауының арғы шығу тегі (Иссус) көне еврей сөзімен байланысты. 
Алабас – көл, Кенжарық селосының солтүстік-шығыснан 9 км. жерде орналасқан. 
Қаз. этникалық топ атымен қойылған атау. 
Алаботалы – көл, Изенді селосының солтүстік батысынан 3 км. жерде орналасқан. 
Көне түр. ала + бота – бот. «биік бұта» мәніндегі атауы. 
Алакөл – көл, Кенжарық селосының оңтүстік-батысынан 21 км. жерде орналасқан. 
Халық ұғымында «көл бетінің алабарқын түсіне, жағалауына» қарата қойылған атау. 
Амантау – тау, Амантау атындағы ауылдың орталық мекені. Көне түрйаман немесе 
йемэн сөзіне тау сыңары қосылған атау. «Жаман тау» мәніндегі атау. Немесе мал-жанға 
пана болған таулы бөктерлерді халық «Аман-тау» деп атаған. 
Арықты – Нұра ауданының солтүстігінде Арықты деп аталатын көл бар. Ұзындығы 
– 1,8 км., ені – 1,3 км. Көлдің суы ертеректе одан тартылған арықтар арқылы жер суғаруға 
пайдалынылған, содан Арықты аталған. 
Аршалы – өзен. Қаз. арша + лы, «арша өсетін жер» деген мағынаны білдіреді. 
Ахмет ауыл – елді мекен. «Төре» тұқымынан тараған Ахмет бай атымен аталған. 
Қазір «Энтузиаст» ауылында оның ұрпағы тұрады. Ахмет бай өте бай адам болған. Оны 
1934 жылы Петропавловск қаласына жер аударып жіберген. Ауылда 200 адам тұрған. 


34 
Мұнда кітапхана, ұстахана, лавкалар болған. Біртіндеп Ахмет ауыл үлкен село болып
1954 жылы «Энтузиаст» ауылы деп қайта аталған. 
Ащысор – көл. Киевский ауылының батысында 27 км. жерде орналасқан. Атау «суы 
ащы, топырағы сорлы жер» деген мағынаны білдіреді. 
Байтуған – «Путь Ленина» совхозының қазіргі аты. Атау өзінің тіке мағынасында. 
Бай + туған компоненттерінен құралған атау немесе «бай бұлақ» деген мағынаны 
білдіреді. 
Балақұндызды – Үлкенқұндызды өзенінің саласы. Қаз. бала және құндыз сөздеріне 
ды жұрнағы тіркескен атау: «Кіші өзен» мәніндегі атау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет