Өлшеуіштік ток трансформаторлары Кіріспе



бет1/2
Дата14.05.2024
өлшемі46.36 Kb.
#501059
  1   2
BAGA MOL


Өлшеуіштік ток трансформаторлары
Кіріспе:
Зертханалық жұмысты орындауға, қауіпсіздік техникасынан нұсқау алған, сынақты тапсырған және арнайы кітапшада белгіленген студенттер жіберіледі.

Зертханалық жұмыстарды орындау процесінде студенттер осы әдістемелікті және оқытушының тікелей беретін жоспарларын жетекшілікке алуы керек.


Есеп берудің мазмұны келесідей:


- жұмыстың атауы;


- жұмыстың мақсаты;


- ток және кернеу трансформаторларының негізгі мәліметтері;


- негізгі жабдықтары белгіленген қондырғының сұлбасы;


- эксперименттік және есептелінген деректердің кестесі;


- есептелінетін формула мен алынған графиктердің бір-бірімен байланыстылығы.


Зертханалық жұмыстарды қорғау үшін, студенттер бақылау сұрақтарына және ұсынылған әдебиеттерге сәйкес тиянақты дайындалулары керек.


Өлшеуіштік трансформаторлар туралы жалпы теориялық мәлімдемелер
Өлшеуіштік ток (ӨТТ) және кернеу (ӨКТ) трансформаторлары жоғары кернеу және үлкен токты электр қондырғыларында (айнымалы токты) пайдаланады. Себебі бұндай электр тізбекке тікелей бақылау - өлшеуіштік құралдарды, релелерді және автомат құралдарын қосуға техникалық жағынан да және ұтымдылық жағынан да мүмкін емес.


Өлшеуіштік ток трансформаторы құрамы:

- бірнеше болат табақшадан немесе бірнеше таспалық болаттан тұрады;


- екі орамадан – бірінші және екінші реттік орамдардан; орамддары оқшауламаланған;


- қондырғының түріне байланысты құралымы тіректі немесе тасымалдаушы болады.


Өлшеуіштік кернеу трансформаторларының бірінші реттік орамы жоғары кернеулі тізбекке параллельді қосылады. Екінші реттік орамына құралдар параллельді қосылады (1 суретті қара). Бірінші реттік орамының және кіріс оқшауламалары бірінші реттік тізбектің кернеуінің мөлшерімен таңдалынады. Екінші реттік ораманың номиналды кернеуі әдетте , кейде , ал немесе болып өте сирек орындалады.


Кернеу трансформаторларының бірінші және екінші реттік орамдарының қимасы үлкен емес, олар трансформаторлардың қуатына байланысты, көбінесе рұқсат етілетін ең кішкентай механикалық төзімділікке байланысты таңдалынып алынады.

Өлшеуіштік трансформаторлар тарату құрылғыларында орналастырылады. Олар, арнайы орталық бөлімдегі қалқандардың панелінде, немесе жергілікті басқару пультінде, машиналық залда орналастырылған құралдармен бақылау кабельдері арқылы қосылады.


Өлшеуіштік ток және кернеу трансформаторлары аз көлемді, жеңіл және жетілдірілген аппараттармен электр қондырғыларында сенімді жұмыс істеуге есептелінуі керек. Жоғары дәлдікті алу үшін, пайдаланылатын құралымда қателіктер ең төменгі деңгейде болуы тиіс.


Екінші реттік тізбекте оқшаулама тесілген мезгілде кернеудің деңгейін төмендету үшін өлшеуіштік трансформаторлардың екінші реттік тізбектерін міндетті түрде жерлендіргішке қосу қажет. Бұл жағдай екінші реттік тізбектегі құрылғыларды тесілуден сақтайды және пайдалануда қауіпсіздікті қамтамасыздандырады.


Өлшеуіштік трансформаторларға қосылған құралдардың шкалалары бірінші тізбектегі шама бірлігімен өлшенеді: кернеу трансформаторларында бірінші реттік кернеудің деңгейімен, ал ток трансформаторларында бірінші реттік токтың деңгейімен орындалады. Бірінші тізбектегі ток номиналды токпен салыстырғанда өзгерсе, онда екінші тізбектегі токтың деңгейі 5А салыстырғанда өлшемдес (пропорционалды) өзгереді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет