Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Физика-техникалық факультеті
Физика және нанотехнологиялар кафедрасы
«ФИЗИКА»
пәні бойынша
6B05101– «Биология»
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (syllabus)
Курс: 1 (3)
Оқу мерзімі: 4ж.
Семестр: 1 (5)
Қарағанды 2021
Құрастырғандар:
Омарова Гульден Сериковна – магистр, физика және нанотехнологиялар кафедрасының аға оқытушысы.
Оқу жұмыс бағдарламасы несиелік жүйе бойынша физика-техникалық факультетінде 6B05101– «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттерге арналған.
Оқу жұмыс бағдарламасында: курстың тақырыптық жоспарын, лекциялар тезистері, семинар сабақтардың тақырыптары, студенттердің өздік жұмыстарының тапсырмалар жүйесін біріктіреді.
«Физика» пәні бойынша 6B05101– «Биология» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған оқу жұмыс бағдарламасы/ Құраст. Омарова Г.С. – Қарағанды: ҚарУ баспасы, 2021. – 18 бет.
©
Қарағанды мемлекеттік университеті, 2021
1. Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
Күндізгі оқу бөлімі (4 жыл)
№
|
Тақырып атауы
|
Дәрістер
|
Практикалық
|
Зертханалық
|
ОСӨЖ
|
СӨЖ
|
АБ
|
1
|
Механика
|
6
|
3
|
-
|
3
|
18
|
1
|
2
|
Статистикалық физика және термодинамика
|
6
|
3
|
-
|
3
|
18
|
1
|
3
|
Электродинамика
|
6
|
3
|
-
|
3
|
18
|
1
|
4
|
Оптика. Сәулеленудің кванттық табиғаты
|
6
|
3
|
-
|
3
|
18
|
1
|
5
|
Кванттық физика және атом ядросының физикасы
|
6
|
3
|
-
|
3
|
18
|
1
|
|
Барлығы (сағат):
|
30
|
15
|
-
|
15
|
90
|
5
|
Оқытушылар туралы мәліметтер:
Омарова Гульден Сериковна, кафедрада болу уақыты оқу сабақтарының кестесімен анықталады.
3 Пререквизиттері: пәнді оқып игеру үшін студенттер мектеп физика курсы, элементар математика, химия, жоғарғы математиканың элементтері пәңдеріне сүйенеді
4 Постреквизиттері: пәнді игеру барысында жалпы физика курсының іргелі заңдарын игереді.
Оқу нәтижелері:
білім және түсіну: физиканың түбегейлі принциптерін және заңдарын, физикалық құбылыстар мен процестерді бақылау және тәжірибелік зерттеу әдістерін игеру.
білім мен түсінгенін қолдану: физика саласындағы теориялық білімді болашақ мамандық бойынша арнаулы пәндерді меңгере отырып қызмет барысында практикалық есептерді шешуге қолдана білу.
пікір айтуды қалыптастыру: физикалық ойды физика ғылымының негіздері және әдістерімен таныстыру, физиканың принциптері мен заңдарын қарапайым, сонымен қатар жалпылама емес физикалық есептерді шығару барысында өз ойларын ортаға салу арқылы шеше білуге қалыптастыру.
коммуникативтік мүмкіндіктер: ақпараттық технологияны пайдалану арқылы студенттер мен оқушылардың танымдық кoммуникaтивтiк құзыреттілігін қалыптастыру
оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік: түбегейлі принциптер мен негізгі заңдылықтарды үйрене отырып, олардың математикалық өрнектерін негізгі эксперименталдық әдістер мен өлшеулер нәтижелерін өндеу жолдарына, есептер шығаруға қолдана отырып дағдылану.
5 Пәннің қысқаша мазмұны:
Пәнді оқыту мақсаты: осы замандағы әлемнің жаратылыстану-ғылымдарының суреттемесі туралы түсінік қалыптастыру, физика саласындағы теориялық білімді болашақ мамандық бойынша арнаулы пәндерді меңгеру мен қызмет барысында практикалық есептерді шешуге қолдана білуге үйрету.
Пәнді оқытудың міндеттері: студенттерді физиканың түбегейлі принциптері және заңдарымен, физикалық құбылыстар мен процестерді бақылау және тәжірибелік зерттеу әдістерімен таныстыру; физикалық шамаларды өлшеу әдістерімен, физикалық экспериментті автоматтандыру принциптеріне, өлшеуіш құралдармен жұмыс істеуге, зерттеулер нәтижелерін өндеуге үйрету; таңдап алынған модельдердің қолдану шектерін анықтай білу, нақты процестерді модельдеу принциптерін білу; студенттердің ғылыми-теориялық ойлауын, ғылыми жұмысқа ынталы болуға тәрбиелеу.
Студенттердің міндеттері: Физика пәнін оқу нәтижесінде студенттер: қоршап тұрған дүниенің физикалық суреттемесін, физикалық құбылыстардың жүру барысындағы негізгі заңдылықтарды; түбегейлі принциптер мен заңдарды, олардың математикалық өрнектерін негізгі эксперименталдық әдістер мен өлшеулер нәтижелерін өндеу жолдарын білулері керек.
Достарыңызбен бөлісу: |