Өмір бойы оқу-жетістікке жетудің жолы «Өмір бойы білім алу»



Pdf көрінісі
Дата28.05.2024
өлшемі205.87 Kb.
#501994
Эссе



ӨМІР БОЙЫ ОҚУ-ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ЖОЛЫ  
«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы 
тиіс», деп бекер айтпаған да болар. Осыған байланысты қазіргі таңда 
еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар 
мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа 
идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың жолдауында 
айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, 
заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына 
жеткізетін – білім.
Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика 
ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. 
Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Қай кезеңде, қай қоғамда болсын 
жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі 
өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, 
жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-
ұстаздың қолында.
Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль 
арқылы ұсынады. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. Сыни 
тұрғыдан ойлауға үйрету. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. Білім 
беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. Талантты 
және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 
білім беру және оқыту. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық. 
Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа 
әдіс-тәсілдерін меңгеріп, іс-тәжірибесінде үнемі қолдану. 
Сонымен қатар мұғалімдер өздерінің оқыту қызметі білім беру 
бағдарламасының іске асырылуына қолдау көрсететінін, ал бағалау тәсілдері 
оқушыларға қажетті ақпаратты жеткізуге және олардың жетістіктеріне 
қолдау көрсетуге көмектесетіні не сенімді болуы керек.. Кез келген оқыту 
белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы 
болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен 
оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже 
бермейді.
Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. 
Міне, біз бүгін танысып отырған «Қазақстан Республикасынның орта білім 
мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі 
бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін 


арттыру курсының білім беру бағдарламасы» осы жоғарыда айтылған 
ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал 
мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Осы бағдарламаның мақсаты «Бастауыш 
сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және енгізу 
тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру». Жаңа 
бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой 
еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім 
қабылдауға дағдыландыру және критериалды бағалау жүйесін енгізді.
Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготский: «Дәстүрлі оқыту — бала дамуына тек 
қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында 
жүрсе», жаңаша оқыту — «дамытуды өзімен бірге ала жүреді», — деген 
болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, мұғалім 
әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын 
қарастырып отыруы тиіс. Жаңа стандарт оқуын өз бетімен құруға қабілетті, 
өмір бойы білім алуға ұмтылатын оқушы тұлғасын дамытуды көздейді. 
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында біліктілікті арттыру курсы 
жаңа стандартпен оқыту әдістемесін үйретумен қатар, функционалды 
сауатты, сыни тұрғысынан ойлай алатын мұғалімдер қатарын көбейтуде. 
Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін 
емес.
Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық 
арожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл 
мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады», — 
деген қағиданың шынайылығына күнделікті өзіміз қолданған әдістерден, 
оларды оқушылардың жас, жеке ерекшелігіне сай пайдалану қажеттілігінен 
туындайтынына тағы бір көз жеткіздік. Қорыта келгенде, қоғамымызда 
балалардың білімде де, білікті болуы үшін әрқайсысының жас ерекшелігін, 
физикалық, психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қарым-
қатынас ұйымдастыру арқылы оның дамуына қол жеткізуге болады. Олардың 
ерешеліктерін ерте анықтауға ата-ана, мұғалім, психолог, дәрігер, мектеп 
медбикесі бірлесіп ат салысуы тиіс. Бала дүниеге қандай жағдайда келсе де 
оның тағдырына, болашағына, өмірден өз орнын табуына баршамыз 
жауаптымыз. Жүрек қалауымен атқарып жүрген жұмыстарымызға сәттілік 
тілеймін. 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет