Өмір жалғасады Касенов Мухтар Маулетханұлы Өмір жалғасады



Дата17.01.2024
өлшемі19.54 Kb.
#489259
Өмір жалғасады. Автор- Касенов М.М


Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Қайыңды ауылы

Өмір жалғасады...
Касенов Мухтар Маулетханұлы


Өмір жалғасады...

Тағы да таң. Тағы да бір күн келді. Аспан ала көлеңке тартып, жер беті боп-боз болып, күннің сәулелері қара түнді қақ жарып, қап-қара түнекті ығыстырып келеді. Таң атқанына құстарда қуана ән қосып, әрбір жерден шыққан торғайлардың дауысы тып-тыныш даланы ерекше бір әсерге бөлеп, алып өлкені ұйқысынан ояту үшін маза бермей шырылдап жүргендей. Ауылдың иттері үріп, әтештері шулай берген сәтте Абзал ұзақ ойдан селк етіп оянды. Ол бұл түнді тағы ұйқысыз өткізді. Терең ойға шомылып кеткендіктен бе таң атқанын да сол сәтте ғана аңғарғандай. Отырған орнындағы жер де тоңданып, шөптер де жан-жаққа жамырай құлап жатыр. Ол сол кезде ғана аяғының ұйып, өне бойының құрысып қалғанын сезді. Не шара, таң да атты, ауылға қарай апаратын жалғыз аяқ жолмен жай басып, үйіне қарай аяңдады.


Абзалдың ұйқысы қашып жүргелі жылға тақады. Бір жағынан жанын жегідей жеген уайым, бір жағынан денсаулығы да сыр беріп жүргендіктен бе әйтеуір ел ұқсап түнде ұйықтай алмайтын болды. Ұйықтайын деп жатып қалғанның өзінде қырсық ойға нелер келіп, нелер кетіп, бір жағынан арқасы сыздап ұйқысын алып қашатын.
Оның ойлай беретіні әйелімен қалған кішкентай қызы. Соны ойласа болды барлық әлемі сол жаққа ауып кете береді. Осыдан бернеше жыл бұрын Өскемен қаласында әйелімен танысып, отбасын құрып, кішкентай көзайымы дүниеге келгенде жер мен көкке сыймай қуанып еді... . Тағдырдың жазғаны болар Абзал қатты науқастанып, төсек тартып жатып қаланда жүзікпен емес жүрегімен бірге болар деген жары тастап кетіп қалған. Өзі ғана кетпеді, көзінің нұрына айналған қызын да ала кетті. Сол кезде ол енді ешкімді сүйе де, ешкіге сене де алмастай көңілі қалған. Барлық дүние оған бөтен сезілетін.
Қаланы тастап аулылға келгелі біраз болсын бойын да, ойын да сергіткен. Қасиетті қарағайлы Катонның табиғаты оған жаңадан бір дем бергендей көрінетін. Туған туысқандары да жанында, саумалын ішкізіп сауқтырып аламыз деп безек қағып жүреді. Барлығы көңілін табуға тырысады, бірақ оған мұның бәрі ерсі көрінеді, ешкімге масыл болғысы келмейді.
Абзал таң атқан соң кеш батқанын күтетін. Өйткені күндіз ауылдың алып-қашпа өсегі оны мезі қылатын. Ал түнде ол табиғатпен жеке сырласатын. Сырын табиғатпен бөлісетін. Жан достарына айтпаған сырын, ішкі толғанысын Бұқтырмасымен, Алтайымен бөлісетін. Бір тылсым күш оған үнсіз жауап беріп, самал боп маңдайынан сипап өткенде, сыздаған жүрегі сабырға толып, өмірге деген құштарлығын оята түсетін.
Тамыздың аптабнан кейін кеш батса да дала қапырық ауасымен тұншықтырып тұрады. Өрістен қайтқан малдардың тұяғынан көтерілген шаң ауылдың үстінде не заматқа дейін халықтап, тұман тәріздес болып шөгіп жатып алатын. Түн ортасы болғанша ауыл-іші азан-қазан, уда-шу болып, шабындықтан қайтқан техниканың гүрілімен жағаласып барып тына қалатын.
Бүгін тағы ұйқысыз ұзақ түндердің бірі. Бұрынғыдай емес Абзалдың ауыруы бәсең, көңілі де орнына түсендей.Абзал төсегінде әрі де аунады, бері де аунады, бірақ ұйқы құрығыр келетін емес. Терезедегі перденің жабылмай қалған жыртығынан ай сәулесі бөлмеге болар болмас жарық беріп тұр. Теріс қарап ұйықтайын деп еді, бір тылсым күш сыртқа шақырып тұрғандай болды. Үйдегі қалғандарын оятып алмайын деген оймен киімдерін іле-іле сала, аяғының ұшымен тысқа шықты. Төңірек тым- тырыс. Тек ауылдың әр бұрышынан көліктердің зуылдап өткен дауысымен үй іргесінен шегірткенің дауысы ғана естіледі. Далада таза ауамен терең демалып, құлағын түріп табиғаттың тылсым дыбыстарына сүйсініп біраз тұрды. Алыстан Бұқтырманың жағаны соққылап, шулап аққан дауысы құлағана келді. Жаздың ыстық күніне қарамастан басынан қар кетпеген, тарамс-тарамыс жылғалары қарт адамның әжіміндей болып, қарт Алтай ауылдың үстінен телміріп тұр. Бейне бір Алтай тауы ауылдың тыныш ұйқысын күзетіп, Бұқтырма өзені бесік жырымен әлдилеп жатқандай сезіледі.
Абзал Бұқтырма жағасына келіп күндегі орнына отырды. Бұл жерді ол көзін жұмса да тауып алатындай. Жағаны сылп-сылп ұрғылаған толқын, толқынды-толқын қуалап аққан өзен арнасының үстінде ай сәулесі ғана ойнап тұр. Анда –санда бір жылы жел өп етіп зым-зия жоқ боп кетеді. Бүгін ол бұл жерге соңғы рет келіп отырғаны, өйткені жүрегі жанына жақын жан керек, өмір болған соң тірлік жасау керек, басқа жаққа кетпекші Абзал үн-түнсіз отырды. Табиғатынан көп сөйлемейтін адам, табиғатымен іштей сырласты.

  • «Өмір жалғасады...» , - деді күбірлеп. Үйленгенде таққан қолындағы алтын сақинансын шешті де, соңғы рет бір қарады да Бұқтырмаға лақтырып кеп жібеді...


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет